1. Саясаттану ғылым ретінде


 Терроризм мемлекеттің саяси қауіпсіздігінің қаупі ретеніде



Pdf көрінісі
бет31/34
Дата29.11.2022
өлшемі473,38 Kb.
#53425
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
Саясаттану ылым ретінде

 
37. Терроризм мемлекеттің саяси қауіпсіздігінің қаупі ретеніде
Бейбітшілік пен татулықты арқау еткен мемлекеттің билігін күйретуге әсер ететін бүгінгі 
таңда бүкіл әлем бойынша жаһандық мәселе -терроризм. Қазіргі уақытта, терроризм мен 
эктремизмнің таралу қаупі еліміздің қауіпсіздігіне төнетін шынайы қауіпке айналып от 
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 416-І Заңының түсіндіріліміне 
сәйкес терроризм - күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты 
және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және 
(немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен 
мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық 
ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы, ал терроризм актісі - адамдардың 
қаза табу қаупін төндіру, едәуір мүліктік залал келтіру не қоғамға қауіпті өзге де 
салдарлардың туындау қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-
әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер бұл іс-әрекеттер қоғамдық 
қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік 
органдарының, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешімдер 
қабылдауына әсер ету мақсатында жасалса, сондай-ақ нақ сол мақсаттарда адам өміріне 
қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің мемлекеттік немесе 
өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында оның өміріне 
қастандық жасау саналады. 
«Террор» сөзінің мағынасы латын тілінен аударғанда, қорқыныш, үрей деген ұғымды 
білдіреді. 
Терроризмнің обьектісі қоғамның қауіпсіздігі болып табылады. Қосымша обьектісі 
адамдардың өмірі мен денсаулығы. Сондықтан, терроризмді көп обьектілі қылмыс түріне 
жатқызады. Қылмыстың обьективтік жағы - жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың 
қаза болуы,елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті өзге де зардаптардың туындау 
қауіпін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау. Субъективтік жағынан терроризм тек қана 
тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам заңда көрсетілген әрекеттерді істеу 
арқылы зардаптардың болу қаупін туғызғанын немесе соны жасаймын деп қорқытудың 
қоғамға қауіптілігін сезеді және соны жүзеге асырады. Бұл қылмыстың субьектісі болып 
14 жасқа толған, ақыл есі дұрыс адам саналады, ал объектісі болып қоғамдық қауіпсіздікті 
қамтамасыз ететін, реттейтін қоғамдық қатынастар, азаматтардың өмірі, денсаулығы, 
меншігі, мүліктік немесе сезім мүдделері болып табылады. 


Терроризм мен экстремизм үшін қылмыстық жауаптылық ҚР ҚК-нің 255-260 баптарында 
көзделген, соның ішінде терроризм актісін жасау, терроризмді насихаттау немесе 
терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру, террористік топ құру, оған басшылық ету 
және оның әрекетіне қатысу, экстремистік немесе террористік әрекетті қаржыландыру 
және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік, террористік не экстремистік 
әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды азғырып көндіру немесе даярлау не 
қаруландыру, террористік немесе экстремистік даярлықтан өту үшін қылмыстық 
жауаптылықтар заңмен қарастырылған. Мысалы, террористік топ құру, оған басшылық 
ету және оның әрекетіне қатысу үшін ең қатаң жазасы - он бес жылға дейін бас 
бостандығынан айыру көзделсе, терроризм актісін жасаған үшін он бес жылдан жиырма 
жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не өмір бойына бас бостандығынан 
айыруға не өлім жазасына жазалануы көзделген. 
Мысалы Ақтөбе қаласында 05 маусым 2016 жылы орын алған террорлық акт қылмыстық 
оқиғасы бейбіт халықтың тыныштығын бұзып, жұртшылықты дүр сілкіндергені баршаға 
мәлім. Күтпеген жағдай... 
Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 
аталған қылмыс бойынша 29 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қаралып, 28 қараша 2016 
жылы шешімін тапты. 
Террористік топтың құрамында террорлық акт жасауға қатысқан қылмыстық топтың бел 
мүшесі - 7 тұлға өмір бойына бас бостандықтарынан айырылып, 2 тұлға ұзақ мерзімдерге 
қоғамнан оқшауланды. 18 тұлға террорлық шабуылдың болатыны жөнінде анық біле тұра, 
құқық қорғау органына хабарламағаны үшін түрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан 
айырылды. Сондай-ақ, қылмыскерлерді, аса ауыр қылмысты күні бұрын уәделеспей 
жасырғаны үшін 2 тұлға жауапқа тартылып, жазаларын алды. 
Сонымен қатар заңмен кейбір жағдайлар бойынша қылмыстық жауаптылықтан 
босатылатын мән-жайлар көзделген. Терроризм актісін дайындауға қатысқан адам, егер ол 
мемлекеттік органдарға дер кезінде ескертуімен немесе өзге тәсілмен терроризм актісін 
болғызбауға септігін тигізсе және егер оның іс-әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, 
қылмыстық жауаптылықтан босатылады. 
Біздер Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде осы террористік, экстремистік 
әрекеттердің алдын-алуға үлес қосуымыз керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет