жеке адамның қауіпсіздігі, қоғамның қауіпсіздігі және мемлекеттің қауіпсіздігі. Олардың
өзара байланысы қозғалмалы және қоғамдық қатынастардың сипатымен, саяси және
экономикалық құрылымдармен, құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның даму
деңгейімен анықталады. Ұлттық қауіпсіздіктің мемлекет пен қоғам қауіпсіздігі өзіндік
мақсат емес, жеке адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметіне айналған жағдайда
толық жүзеге асырылады. Сыртқы ұлттық қауіпсіздік - ұлттық мүдделердің, ұлттық
құндылықтардың, байлықтың және өмір салтының сырттан келетін қауіп-қатерден
қорғалуы. Ұлттық қауіпсіздік әскери жолмен де, басқа да әдістермен бұзылуы мүмкін,
мыс., шекара арқылы заңсыз шикізат, ресурстар, валюта, көркем және өзге құндылықтар-
ды енгізу, алып өту, өнеркәсіптік немесе өзге де тыңшылық, рухани басакөктеу, іріткілік
ақпарат тарату және тағы басқа. Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігі халықаралық құқықтың
негізгі қағидаттарын мойындап, қорғауға негізделеді және белсенді сыртқы саяси және
өзге де әрекеттермен жүзеге асырылады. ішкі ұлттық қауіпсіздік жеке тұлғаның,
қоғамның, мемлекеттің тұрақты қызмет етіп, дамуына эсер ететін қауіпқатерден қорғануы.
Достарыңызбен бөлісу: