1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. Ең алғаш саясат


Антидемократиялық тәртіп тоталитарлық және авторитарлық болып бөлінеді



бет40/68
Дата15.04.2023
өлшемі128 Kb.
#83180
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68
Антидемократиялық тәртіп тоталитарлық және авторитарлық болып бөлінеді.
Тоталитарлық (латынның бүтіндей, тұтас, жалпы деген сөзінен) тәртіп деп қоғам, адам өмірінің барлық салалары тұтасымен мемлекеттік бақылауға алынілу мемлекеттік-саяси құрылымды айтады.Онда өндіріс,экономика, бұқаралық акпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі жәнет.б. бәрі тегіс бақылаудың астында болады. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына, демократиялық ұйымдардың жұмыстарына тыйым салынады, жазалау, куғын сүргін күшейеді, террорлық полициялық бақылау орнайды. Тоталитарлық тәртіпте жалғыз көпшілік партия калыптасады. Билікті сол жүргізеді. Ол партия оған кірген мүшелердің өз еркімен және демократиялық жолмен ұйымдаспайды. Көсемнің ырқымен, соның айналасында (Гитлер, Сталин) кұрылады.Ондай қоғамда идеологияның рөлі үстемдік етеді. Ол барлық бұқара ақпарат құралдарын пайдаланады. Солардың күшімен жұртшылыкты өз теориясының "шындығына" сендіруге тырысады. Идеологияны көсем аныктайды. Ол өз әрекеттерін биік бір арман, мұратқа жету максатымен бүркемелейді. Ол Гитлердің айтканындай, баскалармен салыстырғанда бір нәсіл не ұлттың (немістердің) пешенесіне жазылған артықшылығы, Франконың христиандық қоғамы, Сталиннің бұрмаланған социализм идеяларысияқты болуы мүмкін. Басқаша ойлауға мүмкіндік бермейді.
Авторитарлық тәртіп деп күштеуге, жеке адамның билігіне негізделген мемлекеттік-саяси құрылысты айтады. Мұнда атқарушы билік үстемдік етеді. Парламент жойылмайды, дегенмен, ол кенесші органға айналады. Тоталитарлықпен салыстырғанда авторитарлык тәртіпте бірыңғай идеология, көпшілік партия болмайды. Экономика қатал бақылауға алынбайды, күштеу әдістері де азырақ қолданылады. Әдетте, ол саяси процеске белсенді араласатын әскер күшіне сүйенеді. Азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың саяси құқықтары мен бостандықтары шектеледі, оппозицияға тыйым салынады.Сайланбалы мемлекет органдары азаяды. Олардың жұмыстары мемлекет басшысының ыркына бейімделеді. Авторитарлық тәртіпке, мысалы, Пиночет кезіндегі Чилиді, Франко кезіндегі Испанияны, қазіргі Иорданияны, Индонезияны, Морокко, Кувейтті, Сауд Аравиясын және т.б. жатқызуға болады. Мұндай тәртіп, әсіресе, Латын Америкасында жиі кездеседі.Тоталитарлық және авторитарлық саяси тәртіппен демократиялық тәртіпке көшу әр елде әртүрлі өтеді. Екін чі дүниежүзілік соғыстан кейін Германия, Италия, Жапонияда буржуазиялык-демократиялық тәртіп АҚШ-тың әскери күшінің көмегінің арқасында орнады. Португалия, Испания, Грецияда мұндай ауысу дамыған капиталистік елдердің қаржылық-экономикалық,саяси және моральдық-психологиялық қолдауының, сүйемелдеуінің аркасында жүзеге асты. Қазір Шығыс Еуропа елдері мен бұрынғы Кеңес Одағы республикаларының демократиялык тәртіпке өту барысында Батыстың көмегіне сенуге болады. Бірак ол үшін бұл елдер Батыстың талабына сәйкес дамуы шарт. Сол елдердің қатарына біздің Қазақстан да қосылады. Біз үшін либералдық демократияға өту қосымша қиындықтар тудырады.Себебі, бізде нарықтық экономика айтарлықтай қалыптаспаған.Оның үстіне, еліміздің саяси мәдениеті әлі жеткілікті дамымаған. Сондықтан демократиялық жолға түсу ұзақ та күрделі болмақ.Сайып келгенде, саяси жүйе қоғамның күрделі, сан қырлы құрылымы болып табылады. Ол орасан зор үйлестіру және жинақтау қызметін аткарады. Жалпы қоғамның және оның әлеуметтік топтары мен жеке адамдарының өміршең, тұрақты дамуы саяси жүйенің қаншалықты орнықты, жақсы жұмыс істеуіне байланысты. Оны толық түсіну үшін саяси жүйенің құрамдас элементтерін, әсіресе мемлекетті оқып білу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет