1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. Ең алғаш саясат


Авторитарлық саяси режим және оның формалары



бет41/68
Дата15.04.2023
өлшемі128 Kb.
#83180
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68
5. Авторитарлық саяси режим және оның формалары.
Авторитаризм — билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауымдастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік саяси факторлар тән ерекше саяси режим. Сол себепті авторитарлық режим өз бетінше қызмет етеді, онда билік үшін ашық күрес жок.
Авторитарлық саяси режимнің белгілері:
-Саясаттан басқаның барлығына рұқсат
-Билікті ұстаушы бір адам немесе бір топ
-Билік күшке негізделеді
-Оппазиция болады,бірақ әлсіз
-Саяси құқықтармен еркіндіктердің шектелуі.
Авторитарлық режимнің формалары:

  • Дәстүрлі авторитарлық режим;

  • Этатистік идеократтық авторитарлық режим;

  • Бәсекелесуші олигархияның авторитарлық режим;

  • Авторитарлық бюрократиялық режим;

  • Авторитарлық әскери режим;

  • Тоталитаризм.

Дәстүрлі авторитарлық режим.
Табиғи-тарихи дамудың негізінде барлығы осы баспалдақ арқылы өтті. Мұндай авторитарлық режимдер саяси тұйықтық пен оқшаулану жағдайында қалыптасып, қызмет етеді. Дәстүрлі авторитарлық режимді жабық қоғамға тән кесел – саяси оқшаулану жағдайына бейімделу деп есептеуге болады. Осы саяси жүйенің тұрақтылығын тұйықтық, сыртқы әсерлердің өте төмен деңгейі қамтамасыз етеді. Бұл режимдер пайда болудың әр түрлі негіздеріне ие және әртүрлі кезеңдерде өмір сүруі мүмкін.
Көптеген партиархалды-феодалдық, феодалдық мемлекеттердің дамуының бастапқы кезеңдері үшін дәстүрлі саяси режим ғана тән болды. Құқықтық мәдениет мүлдем болмады. Билік құрушы субъект өз ережелеріне сүйеніп басқарды, билік күшпен тартылып алынды, кейіннен тақты біртіндеп мұраға қалдыру қалыптаса бастады. Мұндай режимдер салыстырмалы тұрақтылығымен ерекшеленеді, себебі олар модернизацияға жеңіл ұшырайды.
2. Этатистік-идеократтық авторитарлық режим
Мемлекеттің экономикалық рөлінің күшеюі мен қоғамдық сананы манипуляциялау мүмкіндігінің арқасында пайда болатын ерекше режим. Белгілі себептерге байланысты ол тоталитарлық режимге айналуы мүмкін. Бұл режим фашистік Германияға, КСРО-ға, Қытайға, Солтүстік Кореяға, Кубаға тән және басты ағым ретінде социалистік жүйенің көптеген елдерінде болды.
Мұндай режимге мемлекеттің экономикалық рөлінің басымдылығы, адамдарды біріктіретін идеологияның күштілігі, өзгеше ойлауды қудалау, қоғамның жабықтығы тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет