1. Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы. Ең алғаш саясат


Саяси сананың тағы бір ерекшелігі



бет51/68
Дата15.04.2023
өлшемі128 Kb.
#83180
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   68
Байланысты:
1. Ñàÿñè ?ûëûìíû? ïàéäà áîëóû æ?íå ?àëûïòàñóû. Å? àë?àø ñàÿñàò 2

Саяси сананың тағы бір ерекшелігі – мемлекетке, саяси партиялар мен ұйымдарға қатынасты болуында жатыр. Айталық, американдықтар мемлекетке сыншыл, кейде жат көзбен қарайды, ал немістер болса мемлекетке әрқашан түзу ниет білдіреді. Немесе партияға деген көзқарасты, қатынасты алайық. Францияда бірпартиялық – жөнсіз, қисынсыз болып саналады. Сондықтан онда бірпартиялық бола қоюы мүмкін емес. Ал кейбір елдерде бірпартиялықтың ешқандай сөкеттігі жоқ. Саяси сананың мәдениеті «еркіндік», «теңдік», «әлеуметтік қорғау», «автономия», «төзімділік» т.б. сияқты саяси қазыналардың қайсысына бірінші орын беріп, артық көруінен де байқалады. Оңшылдар, солшылдар, радикалдар, либералдар деп бөліну де содан келіп шығады.
Саяси мәдениетке тікелей қатысты тағы бір ұғым – ол саяси мінез туралы категория. Саяси мінез немесе саяси мінез-құлық - басқару процесіне қатысты адамның ойлары мен іс-қимылдары болып табылады.
Жалпы мәдениет құрамдас бөлiгi бола отырып, саяси мәдениет өзiне әлеуметтiк-саяси институттарда бекiтiлген обьективтi элементтердi, саяси сана элементтерiн − бағдар, құндылық, нұсқауларды қамтиды. Бұл бөлiктер адамдардың үш түрлi саяси бағдарларымен байланысты: 1) билiк құрылымына байланысты; 2) қоғамның басқа мүшелерiне қатынасына қарай; 3) өзiнiң саяси белсендiлiгiне қатынасына қарай.

  1. Саяси әлеуметтену: мәні, кезеңдері, үлгілері мен факторлары.

Әлеуметтенудiң мәнi– адамның белгiлi бiр бiлiм жүйесiн, құндылықтары мен заңдылықтарын меңгерiп, қоғамның толыққанды және тең құқылы мүшесi ретiнде қызмет атқаруы.
Саяси әлеуметтену саясаттануда бiрнеше анықтамаларға ие:

  1. саяси әлеуметтендiру– бұл индивидтi саяси жүйеге ендiру;

  2. саяси әлеуметтендiру– бұл тұлғаның қоғамда жинақталған әлеуметтiк және саяси тәжiрибесiн бойына сiңiруi, сондай-ақ мәдени әдет-ғұрыптар, топтың және жалпыұжымдық құндылықтар, саяси iс-әрекеттiң статустық және рөлдiк нормаларын меңгеруi;

  3. Саяси әлеуметтендiру– бұл белгiлi бiр қоғам мүшесi ретiнде адамның интеграциялануы мен игеруi арқылы жүретiн процесс, яғни қоғамға тән саяси мәдениеттiң негiзгi элементтерiн меңгеру процесi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет