Дәріс № Гомолиздік және гетеролиздік реакциялар



Дата07.01.2022
өлшемі12,46 Kb.
#20390
Байланысты:
Лекция 4

Дәріс № 4. Гомолиздік және гетеролиздік реакциялар

Дәрістің мақсаты: Химиялық реакцияның механизмдерің анықтағанда атомдар мен радикалдардың қатысумен өтетің элементарлы реакциялардың маңыздылығың көрсету.


Студент қабілетті болуы керек:

- Гомолиздік және гетеролиздік реакцияларды жіктеу және салыстыру;

- Гомолиздік және гетеролиздік реакцияларды жазу.

Гомолиздік реакциялар деп молекулалардағы химиялық байланыстардың өзгеруі басқа байланыстармен ауысуы жаңа электрон жұптарының үзілуі және түзілуі арқылы өтетін реакцияларды айтады. Гомолиздік реакцияларда әрқашан жұптаспаған электроны бар бөлшектер: бос радикалдар, ион-радикалдар, сольваттанған электрон қатысады немесе түзіледі.

Гомолиздік реакциялардың негізгі типтері:

1) гомолиздік ыдырау (гомолиздік диссоциация немесе гомолиз);

2) гомолиздік ассоциация (рекомбинация, коллигация) – диссоциацияға кері реакция, реагенттердің жұптаспаған электрондарының бірігуі нәтижесінде жаңа байланыс түзіледі;

3) гомолиздік орын басу – жұптаспаған электроны бар бөлшек молекуламен әрекеттесіп, жаңа молекула мен радикал береді;

4) гомолиздік қосылу – қос байланысы бар молекулаға бос радикал немесе атомның қосылып, жаңа радикал түзуі;

5) екі қаныққан молекуланың реакциясы нәтижесінде екі байланыс гомолиздік үзіліп, жаңа байланыстың түзілуі.

Байланыстардың үзілуі мен түзілуі электрон жұбының сақталуымен өтетін реакциялар гетеролиздік реакциялар деп аталады. Олардың негізгі типтері:

1) гетеролиздік диссоциация;

2) гетеролиздік ассоциация (координация) – гетеролиздік диссоциацияға қарама-қарсы реакция, мұнда екі бөлшек бір бөлшектің электрон жұбы арқылы химиялық байланыс түзе қосылады;

3) гетеролиздік қосылу;

4) гетеролиздік орын басу;

5) иондық қайта топтасу – зарядтың бір атомнан екінші атомға ауысуы, бұл кезде бүтін бөлшек ретінде ион сақталып қалады;

6) иондардың рекомбинациясы.

Бақылау сұрақтары:

Гомолиздік реакциялар, түрлерін келтіріңіз.



Гетеролиздік реакциялар, түрлерін келтіріңіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет