1 семестрлік жұмыс


Дін филосоиясының негізгі категориялары



бет6/7
Дата17.10.2023
өлшемі37,55 Kb.
#117321
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 семестрлік ж мыс

3. Дін филосоиясының негізгі категориялары
Идеология — әлеуметтік немесе саяси ілімнің түрі, онда практикалық элементтер теориялық сияқты қажетті болған. Бұл дүниені түсіндіріп қана қоймай және де шындыққа деген адамдардың қатынасын түсіндіретін, дүниені өзгертетін идеялар (құқықтық, саяси, діни, философиялық т.б.) жүйесі. Идеологияны идеялар жүйесі деп қана анықтамай, сол және басқа мәдениетке өмірлік қажеттігін анықтайтын идеалдар жүйесі деп анықтауға болады.Идеология және дін ақиқат және жүріс-тұрыс мәселесіне қатынасында тоталитарлы. Сонымен бірге шындықтың діни сипаттамасы құдайылық дүниені суреттейді, және идеологиядан айырмашылығы осы дүниеге көңіл аударады. Дін әділетті қоғам идеясын қалыптастырады, бірақ өз бетімен саяси практикалық бағдарламаны өз бетінше жасай алмайды. Дінде сенім мен құдайға құлшылық ету бірінші орында. Ол индивидтің жанына құтқару мақсатында бағытталған, ал идеология үлкен әлеуметтік топтарға бағытталады. Діндердің бастамасында пайғамбарлар тұрады, ал идеология рационалды тұжырымдарға сүйенеді.
Нақты идеологиялық элементтер тек кейбір қазіргі кездегі діни қозғалыстарға тән.
Сакральдік. Сакральділік ұғымы
Сакральдік (лат. sacrum қасиетті) культке жатқызылатынның барлығы, құнды идеалдарға бас ұру. Сакраментальді – қасиеттенген, қасиетті. Қасиетті деп танылған заттар құрметке және де барлық мүмкін жағдайлармен қорғалады. Сенімнің, үміттің, махаббаттың қасиетті тепе-теңдігі ретінде адамның жүрегі табылады. Культтік затқа деген қасиетті қатынастың сақталуы біріншіден сенушінің ар-ұжданымен негізделеді. Ол қасиеттіні өзінің өмірінен жоғары қояды. Сондықтан да қасиеттіні қорлаған жағдайда сеуші адам ойланбай қорғайды, оның жолында ол өз өмірін қиюға дейін барады. Сакральдік теологияда Құдайға бағыну болып табылады.
Сакральды қатынастың жоғарғы сатысы – қасиеттілік, өзін өзін-өзі жақсы көруден босату және абсолюттіге деген сүйіспеншілігін көрсету. Әрбір дінилік сакрализациямен байланысты, бірақ әрбір сенуші адам тәжірибеде қасиетті бола алмайды.Қасиетті адамдар көп емес, олардың іс әрекеттері қарапайым адамдарға жол көрсетеді. Сакральды қатынастың деңгейлері: фанатизм, индифферентизм. Сакральді сезім бүтін, толық, ал күдік уы ол үшін қауіпті.
Сакрализация діннің ерекше функциясы. Қоғамдағы интеграциялық процестердің дамуы мен сақталуы үшін тек дін жауапты емес, оған мифология, философия, өнер, мораль, ғылым және т.б. әсер етеді.
Бірақта сана мен рухтың бұл формаларының ешқайсысы фундаментальды құндылықтарды сакральдамайды. Егер дін мифті қарастырмаса, онда миф сакральді емес. Философия мәселелерді шешпейінше өмір сүреді, Өнер өзінің туындыларындағы шындыққа сенімді қажет етпейді, бірақ дін өнерді дінге ауыстырып, Негізгі құндылықтарды сакральдау процедурасы дінді басқа дүниеге қатынас формаларынан және қоғамдық институттардан айырады.
Дюркгеймнің діннің дефинициясына қатынасын толықтыра отырып, дінді қалыптасқан сакральды байланыстарды іздеу ретінде анықтауға болады. Бұл анықтама дінді басқа қоғамдық рух формаларынан айыруға мүмкіндік береді: негізгі құндылықтарды сакральдау процедурасы дінді философиядан, өнерден, мифтен, моральдан, ғылымнан айырып көрсетеді.
Эзотеризм. Сакральдік құпиялылықпен қатар қойылған.Бұ тұрғыда ол эзотеризм ұғымымен ашылады, ол әрбіреулерге берілмейді, ол нақты емес, жасырын, анық емес. Көне Грек философиясында эзотериялық ілім ретінде ұстаздың айтқандары оның ерекше ізбасарларына берілуі. Мысалы, Платон арқылы александрлық жаңа пифагоршылдарға жеткен пифагорлық ақиқат, олар өздерінің мақсаты ретінде ізбасардың рухы мен жанын зерделенбеген даналықпен толықтыру.
Әрбір діни ілімде эзотериялық және экзотериялық жақтары бар. Сонымен қатар эзотеризм діни сипатта болуы міндетті емес. Эзотеризм рухтың мынадай қабілеттерімен сенім, намыс, мистикалық түсінумен болмыстың мәндерін тануда пара-пар.
Мистицизм. Мистика (грек. mystikos құпия, жабық), мистерия и мист ұғымдары адамның қасиетті және жасырынға жетуді суреттейді. Мистицзм трансцендентті шындықты білу мүмкіндігін негіздейтін діни-философиялық концепция. Сонымен бірге мистикалық когнитивті жағдайларда әр түрмен анықтауға болатын сананың объектісі болмайды. Болмысты мистикалық тұрғыда түсіну дүниені эйдостар, идея, идеалдар, сенсорлы қабылдаулар, ұғымдар, символдар немесе модельдер арқылы түсінуге қарама-қарсы. Тар мағынада мистикалық деп құдаймен үнемі қатынас тәжірибесін түсіндіреді, адамның Абсолютпен нақты кездесудегі экстазды басынан өткізу.
Мәдениет негізіндегі діни идеалдар
Ұлттық және әлемдік мәдениеттерді терең ұғыну оның діни негіздеріне бас қоюынан басталады. Әрбір халықтың немесе халықаралық қатынастарды рухани субстанцияны түсіну және сезіну үшін олардың материалдық өмір сүруін ғана зерттеу жеткіліксіз, олардың дінінің мәнін түсіну қажетті болып табылады. Егер біз индуизм мен шинтоизмді білмесек, Үнді және Жапон мәдениеттерін түсіне алмаймыз. Мәдениеттің құпиясы оның тудыратын дінінде. Мәдениеттің мәнін және мәдениеттегі діннің орнын қарастырамыз.
Мәдениеттегі діннің орнының үш моделі
Дін мәдениеттің генотипі. Бірінші модельге байланысты діннен мәдени фенотип, ұлттық және ұлтаралық болмыстың рухани және материалды әртүрлері шығады. Бұл мәдениеттің діни моделі ең көнесі, ол мәдениеттің жалпы құрылымын талдауға көмектесті. Осы модельге сәйкес әрбір жеке мәдениетті тудырған дініне байланысты атау керек: индуизм мәдениеті, христиан мәдениеті, ислам мәдениеті, т.б.. Әрбір негізгі мәдениетте субмәдениетті көрсетуге болады, мысалы, христиан мәдениетіндегі католиктік, православие, протестанттық мәдениеттер.
Шаруашылық мәдениеттің генотипі. Екінші зиялы модель мәдениеттің негізгі құрылымын халықтың шаруашылық өмірінен шығарады. Осы экономикалық модельге сәйкес мәдениетті өндіріс, сауда және тұтыну ерекшеліктерінен келіп атау керек (жер шаруашылығы, мал шаруашылығы, кәсіптік шаруашылық т.б.)., немесе олардың географиялық орналасуына байланысты.
Мәдениеттің шаруашылық моделінің көп тараған түрі экономикалық детерминизмі табылады.Кеңестік мәдениеттің құруы діннің мәдениеттегі жүйелілік факторын ашып береді.
Діни шаруашылық моделі. Мәдениеттің соңғы принципиальді мүмкін моделі бірінші және екінші молдельдерді синтездейді, жинақтайды. Осы діни шаруашылық модельге байланысы мәдениеттің генотипі болып діни идеалдар мен экономикалық архетиптер бірлігі табылады. Ол нақты адамдар қауымдастығымен мойындалған. Бұл бірлік діни және экономикалық идеалдардың қарапайым жиынтығы емес, ол не рухани болмысқа, не материалдық біріншілік етуге әкелмейтін жаңа қасиет. Осы модель көбіне түсіндірмелі құндылықты түсіндіре алады, ал жалпы сипаттағы басқа модельдердің болуы мүмкін емес. Материя мен рух жалпы ұғымдар, оларға Бірлік ұғымынан басқа қосымша ештеңе қосуға болмайды; сондықтан да мәдениеттің жалпы теориялары тек үшеу ғана болады
Материядан логикалық тұрғада ештеңе шығара алмайсын, одан тек материяның модустарын алуға болады, ал рухты материалистік софизмдермен түсіндіре алмайсын. Рухтан денелер, заттар немесе материалдық процестер емес, тек рухани болмыс түрлері шығады.
Дін мен экономиканың өзара бейнеленуі. Мәдениетті ңекі жақты діни шаруашылық идеясы диалектикалық интуицияға жауап береді. Және көптеген логикалық және фактілі қарама-қайшылықтан шығуға көмектеседі. Сондықтан мәдениеттің құрылымын толықтыру керек: мәдениеттің нақты ядросы және экономикалық идеалдарды өзіне жатқызады. Бұл идеалдар бір-біріне үйренген және органикалық ерітіндіні тудырады. Дін әрбір мәдениеттің негізгі экономикалық идеалдарын сакралдайды.Өз кезінде бұл идеалдар діни идеалдарды негіздейтін модификация мен таңдауды негіздейді.
Нақты материалдық өндіріс адамдар арасында сенім болмаса және жанұя, тұрмыс, еңбек бөлінісі ортақ өнімді алу, әлеуметтік коммуникация иек артатын идеалдардың дінмен шешілмесе басталуы мүмкін емес.
Әрбір мәдениеттің пайда болу кезінде фатальды қажеттілік болмауы мүмкін. Осы жағдайда олардың бірігуі және бір біріне өту процесі жүреді.
Халықтың мыңдаған діннің шаруашылық өмірмен байланысы белсенді жүрсе, олардың бірігіп өмір сүруі органикалық және қажетті болады. Мәдениеттің діни және экономикалық жақтарының бірлігі диалектикалық қарсылықта, олардың ерекшеліктері мәдениеттің компаненттері арасында қақтығысқа әкелуі мүмкін.
Посткеңестік мәдениет. Дін мен экономика өзара белсенді өзгерістермен және қайтымды байланыстармен мәдениеттің бір субстанциясының бөлінбейтін жақтары болуы мүмкін. Сондықтан, үшінші мәдениеттегі діннің орнының синтетикалық моделі көбірек шындыққа сай. Маркстік білімі бар адамға экономика мәдениетті негіздейтінін түсіндіріп, дәлелдеу қажет емес; философия және өнермен айналысу барысында адамдар тамақ ішуі, киінуі, баспанасы болуы керек деген К.Маркстің ойын еске түсіру жеткілікті.Адамдар көбі өнермен, ғылыммен айналыспаса да бірінші тамақ туралы ойлайды.
Дін және саясат. Мәдениеттегі тығырық діни өмірдің саясаттануымен шақырылады. Монотеистік діндердің рухани лидерлері және ұлы пайғамбарлар ілімдері қатаң саяси күрес жағдайында конъюнктурлы герменевтикамен алмасады, көлеңкеге кетеді. Бұрмаланған діни идеал эгоистік жетістіктер үшін құрал болып кетеді және өзіндік өмірлік күшін жоғалтады. Діннің солуына байланысты мәдениеттің барлық ағзасы ауырады, ал оның реформациясынан мәдениет жаңа тыныс алады.
Осыған байланысты екі актуальды мәселе туындайды, оларды шешуге әзір мүмкіндік жоқ:
1) Діннің ықпалынсыз мәдениет пайда бола ма және толық дами алады ма?
2) Мәдениеттің саясатында шіркеудің қатынасуы өлшемі қандай?
Қазақстан үшін бұл мәселер бірінші орынға шыға бастады.
Фундаментализм. Мәдениеттің діни негізіне қайта оралу қозғалысы барлық әлемдік діндерде христиан, ислам, буддизмде қазір де бақылануда. Сондықтан христиан, ислам, будда мәдениеттері стагнацияны басынан кешіруде, оларды сенімнің тоқтауы мен құлдырауы сезіледі.
Діни фундаментализм, мәдениеттегі құлдырау құбылыстарына, жағдайларына қоғамдық организмнің заңды реакциясы. Мәдениеттің негізі деп дінді санаушылар фундаментализмді жағымды бағалайды. Олар фундаментализмнің мәдениетке таза жаңа өмірді, өркениеттің рухани және материалды жақтарының үйлесімділігін тудыруға, қайта жаңғыртуға сенеді. Бұл мағынада фундаментализм мен экстремизмді тепе тең деуге болмайды, бірақ олар өзара бір бірімен тығыз байланыста болуы мүмкін. Біріншісі тудырушы мағынада, екіншісі діннің нағыз рухына қарсы және мәдениетке кедергі келтіреді.
Әрбір мәдениет терең дипрессияға түскен жағдайда сақталып қала алмайды. Егер ол қоғамның үлкен топтары мен қабаттарының қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне қарсы болса, оның өмір сүруі көпке созылмайды. Өз кезінде кеңес мәдениетін Н. С. Хрущев, А. Н. Косыгин, М. С. Горбачев өзгертуге тырысты. Егер анық дін өзінің ресурстарын жоғалтса, оның жағдайындағы мәдениет экономикасы мен саяси құрылымын хаосқа (ретсіздікке) әкедеді, ал қоғамда қылмыс, заңсыздық, қайғыру, шектен шыққандық орнайды. Егер жаңа идеалдар көпшілікпен сакральданса, онда әлеуметтік хаос жаңа экономикалық-әкімшілік тәртіппен алмасады, елде жаңа мәдениет пайда болады.
Ислам әрбір адамның іс-әрекетінен екі жақты діни және зиялыны көреді: эгоизмнен шыққан қасиетті әрекеттер руханилығын жоғалтады, ал зиялы іс-әрекет таза болса, ол құдайылық сипатта болады. Ислам бойынша әрбір іс әрекет Аллаға құлшылық етумен басталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет