1. Шет тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолданудың теориялық


  Оқушылардың  танымдық  белсенділігін  арттыруда  ақпараттық



Pdf көрінісі
бет14/17
Дата07.01.2022
өлшемі0,82 Mb.
#17992
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
00052844-bcfe0cda

 

2.3  Оқушылардың  танымдық  белсенділігін  арттыруда  ақпараттық 

технологиялардың рөлі 

Балалардың  танымдық  әрекетін  белсендіру,  оны  тиімді  басқару  және  

дамыту,  әдістемелік,  ұйымдастырушылық  және    моральдік-психологиялық 

тұрғыдан  қамтамасыз  ету  күрделі  педагогикалық  мәселе  ғана  емес,  маңызды 

әлеуметтік  міндет  болып  саналады.  «Білім-ғылымды  көбейтуге  екі  қару  бар 

адамның  ішінде:  бірі-мұлахаза  (ой,пікір  алысу),  екінші-мұхафаза  (сақтау, 

қорғау).  Бұл  екі  қуатты  зорайту  жаһантінде  (күшті  жұмсау,  тырысу)  болмақ 

керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды» деген керемет ойды ұлы данышпан 

Абай дұрыс айтқан. 

Қазіргі  кезде  мектеп  тәжірибесінде  сабақтың  қалыптасқан  дәстүрлі 

түрлерінен басқа , дәстүрлі емес түрлері де пайда болуда.Ол, әрине қоғамның 

жаңару,  жетілдіру  жағдайында  білім  беру  саласын  реформалаумен  тығыз 

байланыста  іске  асуда.  Оқыту  жұмысын  ұйымдастырудың  мұндай  дәстүрлі 

емес  түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда 

Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен қатар, білім саласында 

ақпараттық технологиялардың  жаңаша  құралдарын  қолдану  бүгінгі  күні  үлкен 

өзектілікке  ие  болып  отыр.  Отандық  және  шетелдік  оқулықтарда  білім 

процессін  компьютерлендіру  ең  өзекті  факторлардың  бірі  ретінде 

қарастырылады. 

Бүгінгі  күні  Қазақстан  Республикасының  білім  туралы  тұжырымдамасы 

ойлы,  өнерлі,  білімді  тұлғаны  қалыптастыруға  бағытталған  және  қазіргі  білім 

жүйесі  оқушылардың  танымдық  белсенділігін  дамытатын  оқудың  дәстүрлі 

емес, белсенді  түрін және  әдістерін  оқу  процессіне  енгізу  бағытында  құрылуы 

тиіс. 


Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процессінде 

оқушылардың  әдісінен  оқыту  процессінде  оқушылардың  пәнге  деген 

қызығушылықтарын  арттыратын  білім  берудің  жаңа  белсенді  әдісіне  көшу 

керек.  Бұл  тапсырманы  оқыту  процессінде  тек  жаңа  технологияларды  қолдану 

арқылы жүзеге асыруға болады. 

Қазақстан 

Республикасының 

«Білім 


туралы» 

заңында 


(3бап) 

белгіленгендей,  білім  беру  жүйесін    ақпараттандыру,  мемлекеттік  білім 

саясатының  негізгі  қағидаларын  жүзеге  асырудың  маңызды  бір  механизмі 



48 

 

болып  табылады.  Ақпараттық  ортаны  құруға  негізделген  білім  берудің  жаңа 



жүйесін  қалыптастыру  және  педагогикалық  практиға  жаңа  ақпараттық 

құралдарды,  сонымен  қатар,  басқа  да  жаңа  технологияларды  енгізу  білім 

жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады [39]. 

Қазіргі  кезде  жаңа  білім  жүйесі  интернеттің  пайда  болуының  арқасында 

дамығанын  барлығы  мойындайды.  Көптеген  әдіскерлер  видеофильм, 

электрондық  пошта(e-mail),  мультимедиялық  презентация,  анимациялық 

суреттер және т.б. көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу 

қабілетін қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Ал 

шетелде болмай-ақ , сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. 

Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа 

технологиялардың  түрлі  амалдарын  қолдана  отырып,  сөйлеудің  шын 

ситуацияларын құру болып табылады. Шет тілін үйрету процессінде компьютер 

технологияларын  қолдану  сабақты  қызықты  жолмен  өткізуге  көмектеседі. 

Мысалы, 


анимациялық 

суреттер, 

видеокөріністер, 

презентациялар, 

флипчарттар(интерактивті  тақта)  және  т.б.  әртүрлі  дыбыстар  арқылы 

көрсетіледі.  Компьютер  мониторындағы  көріністер  оқушының  іс-қимылының 

арқасында  өзгеріп  отырады  Бұл  динамикалық және  оқушының  бар  ойын өзіне 

бағыттайды,  сонымен  қатар,  оқу  процессінде  оқушының  белсенділігі  оянады. 

Нәтижесінде,  оқушы  ақпаратты  оңай  әрі  тез  қабылдайды  және  оқушының 

ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды. 

Орта 

бiлiм 


беру 

жүйесiн 


ақпараттандырудың 

мемлекеттiк 

бағдарламасының негiзгi бағыттарының бiрi – оқыту процесiн ақпараттандыру. 

Дәстүрлi  оқу  құралдарынан  басқа  тыңдаушыға  мына  типтегi  материалдар 

ұсынылады: 

-компьютерлiк үйрету бағдарламалары  

-электрондық оқу құралдары 

-компьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау 

-электрондық анықтамалар мен энциклопедиялар 

-аудио және видеоматериалдар 

-Интернет желiсiндегi ақпараттық материалдар  

Аталған  құралдар  оқу  материалдарын  жеделдетiп  меңгеруге  және 

оқытудың сапасын арттыруға игi әсерiн тигiзедi.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 


49 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 1  сурет    Шет  тілін  үйрету  процессінде  компьютер  технологияларын  қолдану 

сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі.   

 

ХХІ  ғасырды  қоғамдық  ақпараттандыру  ғасырды  деп  жай  атамаған. 



Компьютер адам  іс-әрекетінің барлық салаларында қолданылады.Дүниежүзілік 

қоғамдастықты  қоғамдық  өмірдің  барлық  саласы  жаһанды  ақпараттандыру 

процессі дамытылуда. 

Компьютерлік  технология-  оқытудың    арнайы  жиынтығы  мен 

әдістемесін,  әдісін  және  тәрбие    құралдарың    анықтайтын  технологиялық- 

педагогикалық  процесті ұйымдастырудың ең тиімді  жолы болып табылады. 

Ең  алдымен  компьютер  оқытушыға  білімгерлердің  өз  бетінше  жұмысын 

ұйымдастыруына  жәрдем  береді.  Ол  үшін  мынандай  жаттығулар  мен 

әдістемелік тәсілдерді қолдану ұсынылады.  

1. 


Сұрақ  –жауап  диалогы.  Білімгерлер  сұраққа  құралған  лексика 

граматикалық материалдар негізінде сұрақтарға жауап беруі керек.  

2. 

Тандамалы  жауаптармен  жүргізілетін  тапсырма.  Компьютерге 



жауап беру үшін білімгер ұынылатын нұсқалардың бірін таңдауы қажет. 

3. 


Еркін құрылған сөйлемдерді стильдік  түзету. 

4. 


Толықтыруды  керек  ететін    жаттығулар.  Компьютер  толықтыруды  

керек  ететін  сөйлем  жиынтықтары  мен  мәтіндерді    ұсынады.  Сөздерді  аудару 

үшін көмекші құрал ретінде беріледі, немесе компьютер ұсынған жауаптардың 

нұсқалары ішінен қажетті сөздер мен сөз тіркестермен толықтырылады. 

5. 

Сөздік меңгерудегі өзін-өзі бағалауға арналған жаттығулар.  



Бұл жаттығуларды орындау кезінде төмендегі нұсқалар пайдаланылады : 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет