1.4 Шет тілін оқытудың негізгі принциптері
Ағылшын тілін оқыту арқылы мектеп оқушыларының ақпараттық
құзыреттілікқа тәрбиелеу жүйесін жасауда елімізде жалпы білім беру
саласында аталған тәрбие жұмысына сай қалыптасқан мына төмендегідей
принциптер алынады:
Ағылшын тілін оқытудың негізгі педагогикалық принциптерінің бірі оқу-
тәрбие үдерісінің тұлғалық бағыттылығы.
22
Соңғы кезде білім беру үдерісінде жеке тұлғаға бағытталған тәлім-тәрбие
мәселесіне үлкен ден қойылуда. Себебі қоғамның бүгінгі қарқынды дамуы әр
істе белсенді әрекет жасай алатын жаңа ұрпақ адамының қалыптасуына тәуелді
болып отыр. Яғни жаңа дамып келе жатқан қоғамға жаңа білім алған, жаңа
тұрмысқа, жаңа еңбек түрлеріне, жаңа қатынастарға бейімделген, өз бетінше
шығармашылық қабілет-қасиеттерін дамыта алатын, өзінің мүмкіндіктерін
бағалай білетін және оларды қалыптасқан қатынастар жүйесінде іске асыра
алатын тұлға қажет. Ал, бұл қажеттіліктің жүзеге асырылуы білім беру тәсілін,
оны жақсартудың әдістемелік негіздерін жетілдіруге тікелей байланысты. Білім
беру тәсілдерін жетілдіру мәселелері қашанда белгілі ғалымдар мен педагог-
әдіскерлердің назарынан тыс қалмай олардың үнемі зерттеу нысанына айналып
келеді. Айталық М.В.Кларин, Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев,
А.В.Петровский, Б.М.Бим-Бад, Е.И.Пассов, т.б. Ғалымдар мен жаңашыл
ұстаздар білім берудегі тұлғалық бағыттылықты қалыптастырудың теориялық
және әдістемелік негіздерін жасауда үлкен нәтижелерге жеткен. Олар білім
берудің әлемдік процесіне тән негізгі тенденцияларды атап көрсетті. Оның
ішінде танымдық іс-әрекеттердің тәсілдерін белсенді меңгеруге бағытталған,
тұлғаның мүддесіне және мұқтажына бейімделген, оның өзін-өзі ашып көрсете
алатын мүмкіндікті қамтамасыз ететін білімнің басымдылықтағы орынға ие
екендігі ерекше көрсетілген. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2015
жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да жеке тұлғаны
қалыптастырудағы білім берудің мақсаты мен оның тәсілдерін жетілдіру
міндеті де айқын көрсетілген. Атап айтқанда онда: “Орта білім берудің мақсаты
– жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің,
кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға,
өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты
шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру”, - делінген [2].
Ендеше оқу-тәрбие үдерісінде жеке тұлғалық бағыттылықты қалыптастырудың
және жетілдірудің теориялық негіздері мен технологиясына ғылыми тұрғыдан
талдау жасалынып, оны шешудің жолдары көрсетіліп, жаңа міндеттері
айқындалып жатыр деуге толық негіз бар. Оған тағы бір дәлел көптеген
ғалымдар өздерінің еңбектерінде тәлім-тәрбие берудің мақсаты ретінде
тұлғаның дамуын ерекше атап көрсеткенін де атап өтуге болады. Бұл
еңбектерде жеке тұлғалық бағыттылықты жасау және қалыптастыру туралы
жалпы зерттелген пікірлер біріктіріліп бірқатар принциптердің жүзеге асуына
яғни тұлғаны қалыптастыру, дамыту идеясын, гуманизмнің жалпы адамдық
принципін педагогикалық қатынастардың демократизациялау принципін,
тұлғаны дамытудағы ішкі өзін-өзі жөнге салу механизмін қолдану және
күшейту аңсарын қалыптастыруға байланыстылығы негізделген.
Тұлғаны қалыптастыруда әрбір пәннің жеке алатын орны бөлек. Әсіресе
гуманитарлық пәндердің мүмкіндіктері зор. Себебі гуманитарлық пәндер
адамзаттың білім байлығының және оның өмірлік тәжірибесінің сақтаушысы
болып табылады. Соның ішінде шет тілі де осы гуманитарлық пәндер
циклындағы маңызды пәннің бірі болып саналады. Шет тілін оқытудағы
тұлғалық бағыттылықты қалыптастыру тәсілінде оқушының тікелей іс-әрекеті,
23
оның көзқарасы, сабақтағы және сабақтан тыс қызығушылығы және бейімділігі,
сабақ кезіндегі қарым-қатынасты ұйымдастыруда ескеріледі. Шет тілін оқыту
ерекшелігі оқу тақырыптарын өту мақсатында ғана құрылмайды, ол өмірдегі
белгілі бір проблемаларды талқылауға арналады. Яғни оқушылар шет тілін оқу
үдерісінде өздерінің жеке істерін, қылықтарын, күнделікті сыныптағы,
мектептегі, туған ауылындағы, қаласындағы, еліндегі және әлемде болып
жатқан жағдайларға өз ойын, пікірін білдіріп және өз ойын дәлелдеуі керек. Ол
үшін мұғалім сабаққа қолайлы психологиялық климат және жағымды көңіл күй
қалыптастыруға жағдай жасауы тиіс. Релаксация, тілектестік қарым-қатынас
атмосферасында жүргізілген оқытудың тұлғаның жан-жақты ашылуына
көмектесетіндігін,
оқушыға
түсетін
психологиялық
кедергіні,
яғни
ұялшақтықты, ынжықтықты өзіне деген сенімсіздікті жеңуіне мүмкіндік
беретіндігін белгілі Ресей ғалымдары В.П.Кузовлев, В.С.Коростелев,
Е.И.Пассовтар атап өткен [14]. Олай болса оқушы шет тілін тек қарым-қатынас
құралы ретінде ғана қабылдап қоймауы керек, ол шет тілі пәнінің адамда
әлеуметтік маңызды қасиеттерді қалыптастыруға септігін тигізетін үлкен
мүмкіндігін де білуі тиіс. Бұл орайда біз И.Л.Бимнің шет тілін үйрену арқылы
оқушылар қарым-қатынас жасауда жаңа құралдарды меңгереді, «әлем
терезесіне» еркін үңіліп әлемдік мәдениетке, өзі тілін үйреніп жатқан елдің
мәдени құндылықтарына, оның тарихын, ел тану, ғылым, әдебиет, өнерін білуге
еркін қол жеткізе алады деген пікіріне толық қосыламыз [15].
Шет тілін оқыту арқылы тұлға дамуын жетілдіру мәселесі көптеген
ғалымдар В.А.Артемов, Б.В.Беляев, И.Л.Бим, И.Н.Верещагина, Н.И.Гез,
А.А.Леонтьев, А.А.Миролюбов, Е.И.Пассов, Г.В.Роговалардың еңбектерінде
жан-жақты қарастырылып, оның тұтас концепциясы жасалған. Яғни, оқу
процесінде оқушылардың әртүрлі деңгейін ескере отырып өзара әрекетті жүзеге
асыратын, тұлғаның дамуына бағытталған концепция жасалған. Бұл
концепцияда ғалымдар шет тілін оқыту жаңа мағлұмат беруге ғана емес,
оқытудағы ойланудың жаңа формасын, өз бетінше жұмыс істеу дағдысын
меңгеруге, қойылған мақсаттың ең тиімді жолдарын таңдауды, іс-әрекет
процесінде өзін-өзі бақылауды және өзін-өзі түзетуді жүзеге асыру қажеттігін
көрсетіп берген. Осы тұрғыдағы көзқараста И.С.Якиманскаяның да пікірі
қызығушылық туғызады. Ғалым «Ілім тек мағлұмат емес, бұл оқушы үшін жеке
мағынаға, құндылыққа, қатынасқа толық субъектілік әлемді мағыналық
жағынан аңдау мен түсіну болып табылады», - деп көрсетеді [16].
Жеке тұлғалық бағыттылықты жасау технологиясына байланысты
жіктеулер жасау мәселесінде де ілгерілік байқалады. Атап айтар болсақ бұл
мәселеде зерттеуші Г.К.Селевко мен И.Ф.Харламовтардың жіктеулері
мағыналық жағынан тартымды көрінеді. Г.К.Селевко қазіргі заманғы білім беру
технологиясын зерттей келе жеке тұлғалық бағыттылықты жасаудағы басты
мақсат баланың жан-жақты, еркін және шығармашылық дамуына жетуде
антропоцентрлік, гуманистік және психотерапевтік бағыттың рөлін ерекше атап
көрсетеді [17]. Ал И.Ф.Харламов тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруда білімді
болудың жеткіліксіз екендігін айтады. Оның пікірінше әрбір жеке адам білім,
білік және дағды жиынтықтарын жақсы меңгеріп жоғары білімділігін көрсете
24
алса да, ол өзінің тәрбиелілігін көрсете алмауы мүмкін, яғни қарым-қатынас
жасау мәдениетінің болмауы, эгоцентрлік әдетінің болуы оның өнегелі болып
саналуына қайшы келеді. Сондықтанда мектептің мақсаты оқушыларда жоғары
ілім деңгейін қалыптастырумен қатар жоғары тәрбиелік деңгейді де
қалыптастыру болып табылатынына ерекше мән береді [18].
Сонымен тұлғалық бағыттылық қасиетті қалыптастыруда оқушы өзін-өзі
дамытатын, өз бетінше білімін көтеретін, өзін-өзі іске асыра алатын субъектіге
айналады, ал оқу үдерісі, оның категориялары (мақсаты, мазмұны, әдістері,
формалары) тұлғалық бағыттылықты жасаушы, қалыптастырушы қайнар
ретінде қабылданады.
Біздің пікіріміз бойынша осы қаралған мәселе шет тілін оқыту үдерісінде
ақпараттық
құзыреттілікқа
тәрбиелеуде
тұлғалық
бағыттылықты
қалыптастырудың теориялық негізін ұғындырып қана қоймайды, сонымен
қатар мектепте жүргізіліп жатқан оқу-тәрбие жұмысына талдау жасауға да
мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, ағылшын тілін оқыту арқылы оқушыларды ақпараттық
құзыреттілікқа тәрбиелеу жүйесін жасау ғылыми-педагогикалық, яғни
дидактикалық және әдістемелік талап-тілектерді ескеріп басқа да негізгі
қалыптасқан принциптерге сүйенеді.
Ағылшын тілін оқыту арқылы оқушыларды ақпараттық құзыреттілікқа
тәрбиелеу жүйесі мектептегі оқу-тәрбие үдерісінің барлық аспектілерін
жоспарлаудың құрамдас бөлігі ретінде қарастырылып, мектептің пәнаралық
байланысы арқылы ақпараттық құзыреттілікқа тәрбиелеудегі бағыттарды
көздеген мақсаттары мен міндеттеріне бағындырылады.
Ағылшын тілін оқытудың келесі педагогикалық принциптерінің бірі
Достарыңызбен бөлісу: |