1. Шет тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолданудың теориялық



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата07.01.2022
өлшемі0,82 Mb.
#17992
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


30 

 

2. Шет тілі сабағында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру 



мақсатында ақпараттық технологияларды қолдану  

2.1  Оқушылардың  танымдық  қызығушылығын  қалыптастырудағы 

инновациялық оқуды дәстүрмен ұштастыру 

  

Қызығушылық  баянды  оқыту  мен  бiлiмдендiрудiң  нәтижелi  болуы  оны 



ұйымдастыру  әдiстерiмен  сәйкестiгiне  және  бастамшылыққа  (инициативаға) 

байланысты.  Бiз  ғұмыр  кешiп  отырған  жаңа  ХХI  ғасырдағы  өндiрiс  пен 

техниканың  соншалық  жылдам  қарқынды  дамуы  адамзат  өмiрiнде  болып 

көрмеген  шапшаңдықты  талап  етiп  отыр.  Егемендiкке  қолы  жеткен 

Қазақстанның  жоспарлы-әкiмшiлiк  жүйеден  нарықтық  экономикалық  жүйеге 

көшуi,  қоғамдық  құрылыстың  күрт  өзгеруi  бiлiм  берудi  уақытқа  үйлесiмдi 

құрып,  оның  әлемдiк  деңгейдегi  межеге  сәйкесуiн  қалайтындықтан  тiлдердi 

оқытудағы ұстаным екi бағдарда өрiс алуда: 

1) Дәстүрлi оқыту жүйесiн модернизациялау. 

2)  Оқыту  үрдiсiне  инновациялық  оқуды  кiргiзiп,  оны  өрiстету  бағдарын 

жетiлдiру. 

Бұл жүйенi таратып айтқанда –дәстүрлi оқыту жүйесiн модернизациялауда 

оқушыға  берiлетiн  бiлiм,  олар  игеруге  тиiстi  ұғым-түсiнiктi  меңгерудегi 

репродуктивтiк  дидактиканы  уақытқа  үйлесiмдi  жетiлдiрiп,  жаңа  технологияға 

сәйкес  дамыту.  Ал  инновациялық  оқытуда  –  бiлiмдендiруге  тәрбиелеудегi 

басты  бағдар  оқушының  мүмкiндiгi  мен  шамасына  қарай  мәселенiң  байыбына 

барып,  үлгi  көрсетер  өнегелерiне  елiктеп,  тағылымдық  жолдарын  қабылдап, 

оған  сыни  көзбен  қарай  отырып,  шығармашылық  тұрғыда  пайымдау  жасауға 

үйрету  негiзге  алынады.  Сондай-ақ,  шығармашылық  ойлай  бiлумен 

бастамшылық  iс-әрекеттегi  саналылықты  өрiстетуге  зерттеушiлiк  тұрғыдан 

белсендiлiгiн  жетiлдiрiп,  iс-әрекетке  деген  бейiмдiлiгiн,  қызығушылығын 

қалыптастыратын  жол.  Iздену,  iс-әрекет  барысында  оқушы  күтпеген 

қиындықтарға  кезiгiп  немесе  серiктестерiмен  айтысып-тартысып  пiкiр 

келiспеушiлiгi  болып  қалуы  да  ықтимал,  ал  мұның  өзi  адамды  тереңiрек 

ойландырып,  оның  тиiмдi  шешiмiн  табуды  бағдарлайды  [28].  Әдетте, 

пiкiрсайыс  адамның  ойлау  белсендiлiгiне,  әрекеттену  белсендiлiгiне  ықпал 

ететiн жол. 

Тiлдердi  оқыту  барысындағы  дидактикалық  iзденiстегi  инновациялық 

оқытуда  мұғалiм  лидерлiк  мiндет  атқарғанымен  де  жүзеге  асырылатын  iстiң 

бәрiн  тек  өз  қолына  алмайды.  Тек  менiң  айтқанымдай  болсын  деп  қарамайды, 

әмiршiлдiк  жолды  ұстанбай  режиссерлiк  мiндет  атқаруға  бейiмделедi.  Тiлге 

байланысты  теорияны,  мазмұндық  мәндi  меңгертiп,  сөздiк  қорды  дамыту 

бағдарындағы  сабақ  барысындағы  ойынды  ұйымдастыруға  мұғалiм  бағдар 

бергенiменде  оған  тiкелей  жетекшiлiк  жасамайды,  қайта  қалыс  қалып,  ретiне 

қарай  қатардағы  ролдi  ойнайтын,  шәкiрттермен  тепе-тең  құқықтағы  серiктес 

болады.  Сабақ  барысындағы  ойынды  басқарушы  ролдердi  бөлгенде,  ойын 

кезiндегi диалогта ойынның өмiрдегiдей нақтылыққа жақындауына мән бередi. 

Ойын  өмiр  шындығына  үйлесерлiктей  жақындаса,  тиiстi  ролдi  атқарушы 

оқушы  өзiн  бейне  бiр  ақиқат  шындықтағыдай  сезiнiп,  әсерленiп,  қойылған 



31 

 

мақсатқа  пара-пар  iстер  атқаруға  машықтанады.  Демек,  ойынды  басқарушы 



оқушы  да,  тиiстi  ролдi  атқарушылар  да  өздерiне  жүктелген  мiндеттi  дұрыс 

атқарып,  оның  көңiлден  шығуы  үшiн  өзiнше  ойланып,  өзiнше  әрекеттенiп, 

өзiнше iзденiп белсендiлiк танытады, қызығушылығын дамытады 

Қазіргі  кезде  қоғамның  әлеуметтік-экономикалық  өміріндегі  түбірлі 

өзгерістерге  байланысты  білім  жүйесінде  және  оның  мазмұны  мен  оқыту 

технологиясында да өзгерістер болып жатыр.

 

Қоғамның  жаңа  деңгейге  көтерілуі,  оның  қозғаушы  күші  болып  отырған 



жастарға  білім  беру  ісінде  өткен  тарихы  тәжірибелерді  ой-елегінен  өткізіп, 

жаңа  заман  талабына  сай  қолдану  болып  табылады.  Сондай  қажеттіліктердің 

бірі  –  ақпараттық  технологиялар  арқылы  оқушылардың  танымдық 

белсенділіктерін  арттыру.  Бұл  мәселенің  нәтижелі  жүзеге  асуы  оқушылардың 

танымдық  белсенділіктері  бойынша  толық  білім  сапасынан  және  оны 

практикада  пайдалана  білу  іскерлігі  мен  дағдыларын  қалыптастыруды  талап 

етеді.  Сонымен  қатар,  ақпараттық  технологияларда  әр  түрлі  дидактикалық 

әдістерді  пайдаланудың  өзіндік  бай  тарихы,  терең  мазмұны,  сан  қилы 

ерекшеліктері  бар.  Оқушыларға  рухани,  эстетикалық,  эмоционалдық, 

интеллектуалдық  тұрғыда  әсер  етіп,  олардың  тұлғалық  және  сапалық 

қасиеттерін дамытуда жаңа технологияны және белсенді әдістерді қолданудың 

заман  талабы  екені  белгілі.  Өйткені,  олардың  мектептегі  жұмыс  сапасының 

кепілі.  Бұл  мәселе  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  білім 

беру  жүйесінің  басты  міндетінің  бірі  ретінде  көрініс  тапқан.  Ұлы  ғалымдар, 

педагогтар  Әл-Фараби,  Я.А.Коменский,  И.Г.Песталоцци,  А.Дистерверг, 

К.Д.Ушинский,  Н.Г.Чернышевский,  Ы.Алтынсарин  оқытудың  негізінде 

оқушылардың ой дербестігін арттыруға, оларды өздігінен білім алуға үйретуге 

ерекше көңіл аударған [29].

 

Қазіргі  заманның  ақпараттық  технологиясын  оқушыға  игерту  -  бүгінгі 



басты міндет болып тұр. Мектепті ақпараттандырамыз десек, мына міндеттерді 

шешіп алуымыз керек: 

1) Мектепте қашықтан оқыту технологияларын әзірлеу және өмірге енгізу; 

2)  Мектептерді  білім  беру  бағдарламаларына  сәйкес  электрондық  оқулық 

басылымдарымен қамтамасыз ету;

 

3)  Дарынды  балалардың  қабілетін  дамытып,  олардың  шығармашылықпен 



жұмыс жасауына педагогикалық- әлеуметтік қолдау көрсету;

 

4) Оқыту және тестілеу бағдарламаларының жаңа үлгілерін жасақтау;



 

Инновация  (латын  тілінен  аударғанда)  -  жаңарту,  жаңалық,  өзгеріс  деген 

түсінікті  білдіреді.  Инновация  –  оқу-тәрбие  процесінің  ағымы  мен  нәтижесін 

жақсартуда  педагогикалық  жүйедегі  өзгеріс.  Қазіргі  күні  инновация  деп 

көбінесе  жаңа  технологияларды,  әдістер  мен  құралдарды  жасау  және 

қолдануды  айтса,  сонымен  бірге  жаңа  идеяларды,  процесстерді  бірлікте 

жетілдірудің  де  жүйесі.  Сондықтан,  оқыту  мен  тәрбиедегі  жаңа  технология 

инновациялық  идеяларды  енгізу,  жаңарту  нысаны  болып  табылады. 

Жаңа педагогикалық технологияны енгізу 4 кезең арқылы жүзеге асады: 1 кезең 

–  оқып,  үйрену,  2  кезең  –  меңгеру,  3  кезең  -  өмірге  ендіру,  4  кезең  –  дамыту. 




32 

 

Инновацияның,  жаңа  енгізулердің  екі  жағы  бар:  пәндік  және  процессуалдық 



[30].  

Инновациялық  үрдістерді  ендіру  үш  өзара  байланысты  күшпен 

анықталады:

 

 



1)  Енгізілген  технологияның  ерекшеліктерімен;  2)  Жаңашылдардың 

инновациялық әлеуетімен;  

3)  Жаңалықты  енгізу  жолдарымен.  Сондықтан  бұл  уақыт  ағымына 

байланысты дамиды, бірқалыпты өзгеріске ұшырайды, жағдайына байланысты 

тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара байланысы болып саналады. 

Оқушылардың  танымдық  белсенділігін  дамытуды  мынадай  өлшемдер 

арқылы анықтауға болады:

 

1)  педагогикалық технологияларға қызығушылығы, сезіммен қабылдауы; 



2) 

ақпараттық  технологияларды  пайдалануда  танымдық  дербестігі, 

шығармашылық іс-әрекеті; 

3) 


инновациялық  технологияларды  тәжірибе  жүзінде  пайдалана  білуі. 

Жоғарыда  көрсетілген  өлшемдер  негізінде  оқушылардың  танымдық 

белсенділігін  дамытудың  үш  деңгейі  (төменгі,  орта,  жоғары)  анықталды. 

Төменгі  деңгей:  педагогикалық  технологияларды  танып-білуге  қызығушылық 

танытпайды;  танымдық  тапсырмаларды  орындауға  ынта-ықылас  қоймайды; 

ақпараттық технологияларды  өз  бетінше  ізденіп  оқымайды; өзін-өзі  бақылауға 

көңіл бөлмейді. 

Орта деңгей: педагогикалық технологияларды танып-білуге қызығушылық 

танытады;  білімді  игеруге  ынталы  жұмыс  істейді;  оқу-танымдық  іс-әрекетте 

қиындықты  жеңуге  белсенділік  танытады;  ең  басты  нәрсені  ажыратады,  осы 

негізде  мақсат  қояды,  бірақ  оны  міндеттерде  нақтыламайды;  ақпараттық 

технологияларды пайдаланудың ерекшелігін әрқашанда ескере бермейді; 

Жоғары 

деңгей: 


педагогикалық 

технологияларды 

танып-білуге 

қызғушылығы  басым,  оны  шынайы  сезіммен  қабылдайды;  берілген 

тапсырманы орындауда қиындықтарды жеңуге ұмытылысы жоғары; мақсаттар 

мен міндеттерді анықтай біледі; шығармашылық жұмыстарды жоғары дәрежеде 

атқарады; өз бетінше білім алады; жұмыстың мақсаттары мен міндеттеріне 

Оқушылардың маман ретінде қалыптасуына ең алдымен оның оқып білуі, 

саналы  білім  алуы  басты  негізгі  күш  болады.  Сабақ  беру  нысандарын  таңдау 

кезінде  оқушылардың  танымдық  мүмкіндіктерін  ескеру  қажет.  Дәстүрлі 

әдістерден  гөрі  іздемпаздық  жұмысты  неғұрлым  кеңірек  пайдалануда 

танымдық 

қызығушылықты, 

оқушылардың 

танымдық 

белсенділігін 

қалаптастыруға  септігін  тигізеді.  Сондай-ақ  оқушылардың  танымдық 

белсенділігін  дамытуда  жалпы  орта  білім  беретін  оқу  орындарында 

проблемалық оқытуды ұйымдастырудың, проблемалық жағдайларды жасау мен 

шешудің,  пән  бойынша  танымдық  міндеттерді  кеңінен  пайдаланудың,  оқу 

үрдісінде  оқушылардың  ғылыми  ізденістерін  ұйымдастырудың,  өзіндік 

жұмысқа баулудың, оқып-үйрену барысында тақырыптық ойындарын және т.б. 

кеңінен қолданудың маңызы ерекше. 

Осыдан  келіп,  оқушылардың  танымдық  белсенділігін  дамытуды  арнайы 

ұйымдастыру  –  оқу  үрдісін  жетілдірудің  негізгі  шарты  болып  табылады.  Оны 



33 

 

жүзеге  асыру  мектептерде  оқушылардың  танымдық  белсенділігін  мен 



іздемпаздығын  ынталандыруға  септігін  тигізетін  оқу  үрдісін  ұйымдастырудың 

тәсілдерін,  әдістері  мен  нысандарын  іздестіруге  өзекті  сипат  береді.

 

 

Жалпы оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту өзекті мәселелердің бірі 



болуы  тиіс,  себебі  қоғам  мүшелерінің  білімдарлығы,  түрлі  жағдайларға 

бағдарлануы,  алдына  қойған  міндеттерді  шешудің  қолайлы  тәсілдерін  таңдай 

білуі  көбінесе  олардың  дайындығына  байланысты  болады.  Төмендегідей 

ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді: 

-  қазіргі  кезде  қоғамның,  ғылым  мен  техниканың  дамуы  оқушыларға 

берілетін білімнің сапасы жоғары деңгейде болуды талап етеді; 

-  оқушылардың  танымдық  белсенділігін  дамыту  арқылы  қоғам  талабына 

сай  рухани  дүниесі  бай,  ой-өрісі  кең,  жан-жақты  дамыған,  білімі-біліктіліктің 

тірегі болатын, жауапты да, жігерлі маман даярлауымызға болады; 

-  оқушылардың  танымдық  белсенділігін  дамытуда  өзіндік  жұмыстарды 

жүйелі  түрде  ұйымдастыру,  семинар  және  практикалық  сабақтарды 

проблемалық  сипатта  жүргізу,  қажетті  әдіс-тәсілдердің  тиімділігін  арттыру 

міндетін жүзеге асыруды қажет етеді; 

-  оқушылардың  танымдық  белсенділігін  дамыту  мақсатында  ақпараттық 

технологияларды  бағдарлама  мазмұнына  енгізу  оқу  үрдісінің  тиімділігін 

арттырады. 

Әрине,  оқушылардың  танымдық  белсенділігін  дамытудың  мәселелерін 

толық  қарастыру  мүмкін  емес.  Сондықтан  біз  осы  тақырыпты  ары  қарай 

дамытуда мынадай ұсыныстар айтамыз: 

1)  Ақпараттық  технологияларды  қолдану  негізінде  пән  сабақтарында 

оқушылардың ойлау мәдениетін қалыптастыру. 

2)  Ақпараттық  технологияларды  қолдану  негізінде  оқушылардың 

шығармашылық қабілетін дамыту.

  

Қазіргі  қоғамда  көптеген  ғалым  профессорлар  оқушылардың  танымдық 



қабілеттерін дамытуда мына мәселелерді негізге алады: біріншісі  – мазмұнның 

жаңартылуы,  бұрын  жария  етілген  фактілерді  жаңаша  сипаттау,  хабарланып 

отырған  материалға  тарихи  бағдар  беру,  ілімнің  практикалық  мәнін  ашып 

көрсету  және  ғылымның  соңғы  жаңалықтарын,  табыстарын  жүйелі  баяндау, 

екіншісі  –  өз  бетінше  істеудің  әрқилы  түрлеріне  негізделген,  проблемалық 

тұрғыдан  қолға  алған  материалды  зерттеуге  және  оқушының  шығармашылық, 

практикалық жұмыстарына бағытталған оқыту тәсілдері, үшіншісі – оқушының 

қабілеттерін  ұштау,  мұғалімнің  оқушыға  көмек  беруге  дайын  тұруға,  олардың 

күш  –  мүмкіндіктеріне  қолдау  көрсету  қабілеті,  талап  қоюшылығы  мен 

адалдығы,  балаларды  көтермелей  білу,  сондай  ақ  оқушылардың  өзара 

бәсекесінен көмек көрсете білу қасиеті.  

Оқушылардың  танымдық  белсенділігін  ізденімпаздылығын  арттыру  үшін 

оқу  үрдісі  оларды  қанағаттандыратындай  ұйымдастырылуы  қажет.  «Жүз  рет 

естігенше,  бір  рет  көрген  артық»  деп  бекер  айтылмаған.  Соңғы  кезде 

теледидардан  беріліп  жүрген  ғасыр  көшбасшысы  интеллектуалды  казтно, 

жұлдызды  сағат  т.б.  бағдарламаларды  әр  пән  бойынша  қолдану  әдістемелері 

баспасөз бетінен орын алып отыр. Осы озық тәжірибелерді әр мұғалім қолдана 



34 

 

білсе,  оқушылардың  өз  пәніне  деген  қызығуын  тудырады  және  танымдық 



қабілеттерін дамытады. 

Танымдық қабілет әркімге тән. Қабілетсіз адам болмайды. Адам бәріне де 

қабілетті  бола  біледі,  тек  өз  бойындағы  қабілеттің  алғы  ашрты  болатын 

нышандары  оята  білген  жөн.  Ал  таным  дегеніміздің  өзі  тану  сөзінен  алынған. 

Яғни  мұндағы  танымдық  қабілет  бұл  оқушының  қоғам  талаптарына  сай  жеке 

тұлғаны  дамыту.  Тек  оны  дамыта  білу  әр  ұстаздың  міндеті.  Сондықтан  дайын 

ақпараттық  фактілерді,  заңдар  мен  ережелерді  беріп  қоймай,  оқушыларды  өз 

бетінше іздендіретін, алған білімдерін тұжырымдай алатын оқу материалдарын 

беру қажет. 

 Сонымен  бірге  мұғалім  мен  оқушының  арасында  ұжымдық  қарым-

қатынас, бір-біріне деген сыйластық болған жағдайда ғана оқыту өз нәтижесін 

береді. Сонымен бірге оқытушы оқыту әдістерін қолдануда шеберлікпен анализ 

және  синтездеуді  тиімді  қолданса,  оқушылар  оқыту  әдістерін  қолдануда 

шеберлікпен анализ және синтездеуді тиімді қолданса, оқушылар сабақта жаңа 

тақырыпты  немесе  өткен  сабақ  материалдарын  таладап  динақтай  білсе 

айтарлықтай нәтиже беретіні сөзсіз. 

Тiлге  қызығушылықтың  қалыптасуы  сабақ  барысындағы  сөйлесiм, 

тiлдесiм, оқылым, айтылым арқылы оқушының санасын жетiлдiрiп, ой түсiнiгiн 

өрiстетедi,  белсендiлiгiн  арттырады.  Бұл  процесті  төменднгідей  сипаттауға 

болады:  (1 кесте) 

 

 

1 – кесте  Логикалық ойлау  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

  

 



 

Инновациялық  оқыту  –  оқушыға  бiлiм  берiп,  тәрбиелеуде  дәстүрлi 

дидактикамен қатарласа жүргенiмен де, бiрдей бағдарда болғанымен де өзiндiк 

айырмашылықтары мен өзгешелiктерiне мән беруге тура келедi. Атап айтқанда, 

жоғарыдағы  тарауларда  талдап  көрсетiлгендей  дәстүрлi  оқытудағы  ұсталатын 

ұстаным  –  тiлдерді  оқыту  бағдарламасында  көрсетiлген  нұсқауды  орындап, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет