1. Шет тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолданудың теориялық



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата07.01.2022
өлшемі0,82 Mb.
#17992
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
00052844-bcfe0cda

Кіріспе 

 

Қазіргі  уақыт  талабына  сай  ағылшын  тілінің  пән  ретінде  қажеттілігі 

күннен  күнге  артып  отыр.  Ол  қоғамның  әлеуметтік-экономикалық,  ғылыми-

техникалық  және  жалпы  мәдени  алға  басуында  қозғаушы  фактор  болып 

табылады.  Мұның  өзі  ағылшын  тілін  мектептерде  пән  ретінде  оқытудың 

дәрежесін  жоғарылатады.  Қоғамдық  құрылыстың  барлық  құрылымдары 

дамушы  жүйе  ретінде  қарастырылғандықтан,  олардың  құраушыларының  өзара 

байланысы, өзгерісі басқа элементтерге ықпалын тигізеді. Қоғамдық прогреске 

сәйкес білім беру мазмұны өзгерістер мен толықтыруларға ұшырайды. 

Ал, Қазақстанда білім беру жүйесін әлемдік стандартқа жақындату саясаты 

жүргізіліп  жатқан  кезеңде,  мектептердегі  оқу  мен  тәрбие  ісінің  мазмұнына 

қазіргі  талапқа  сай  жан-жақты  ойластырылған  ең  тиімді  жұмыс  түрлері  мен 

тәсілдерін  іздестіруді  талап  етеді.  Сондай  жаңа  тәсілдер  туралы  ой  Қазақстан 

Республикасының  «Білім  туралы»  заңында  [1],  Қазақстан  Республикасының 

2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасында  [2],  сондай-ақ, 

елбасы  Н.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  арнаған  жолдауларында  [3,4,5] 

көрсетілген. Нақ осы құжаттар, заңдар бүгінгі таңда шет тілін оқытудың негізгі 

бағыттарын айқындап берді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет