1. Шет тілі сабағында ақпараттық технологияларды қолданудың теориялық



Pdf көрінісі
бет6/17
Дата07.01.2022
өлшемі0,82 Mb.
#17992
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
00052844-bcfe0cda

Зерттеудің  әдістері:  оқытуға  байланысты  тәжірибе  жұмысының 

нәтижелерін жинақтау, салыстыру, талдау, қорытындылау. 



Зерттеу  жұмыстың  құрылымы:  кіріспеден,  екі  бөлімнен,  қорытынды, 

пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

1.   Шет  тілі  сабағында  ақпараттық  технологияларды  қолданудың 



теориялық негіздері 

1.1 Психологиялық-педагогикалық  әдебиеттердегі  «танымдық-

қызығушылық»   ұғымы 

Қазіргі  заман талабының мақсаты ақпараттық технологияларды мектептің 

оқыту  үрдісінде  пайдалану  арқылы  оқушылардың  танымдық  белсенділігін 

дамытуды  ғылыми  теориялық  тұрғыда  негіздеу  болып  табылады.Соңғы 

жылдары  қоғамда  болып  жатқан  ғылыми  жаңалықтар  мен  білім  беретін 

мекемелердің  дамуында  оң  өзгерістердің  көбеюі  олардың  өмірмен 

байланысының  нығаюы  сияқты  факторлардың  ықпалы  зерттеушілер  мен 

әдіскерлердің  танымдық  белсенділікті  дамыту  теориясына  деген  ықыласын 

күшейте түсуде.

 

Таным  дегеніміз  –  адамның  жан  дүниесіндегі  психологиялық  сезінуі, 



қабылдауы, түсінуі. Адамның таным процестері әртүрлі түйсіктер, рецепторлар 

арқылы  дамып  отырады.  Түйсік  қарапайым  таным  процесі  болып  саналады. 

Материалды дүниенің, болмыстың жеке қасиетін бейнелейді. Сол сияқты тиісті 

рецепторларға  тікелей  емес  әрекеттер  кезіндегі  организмнің  сыртқы  күйі. 

Түйсік пайда болу үшін біріншіден, дүниедегі болмыстың сезімдік органдарына 

әрекеті  қажет.  Түйсік  себепсіз  болмайды.  Ол  адамды  қоршаған  шындықты 

бейнелеуден  пайда  болады.Сол  шындық  пен  болмыстың  мида  бейнеленуінен 

түйсік  туады.  Басқаша  айтқанда,  түйсік  –  сыртқы  әсердің  сана  фактісіне 

айналуы, объективтік дүниенің субъективтік бейнесі.Адамның дүние тануының 

алғашқы баспалдағы - осы түйсік. 

Философиялық  сөздікте:  «Таным  –  іс-әрекетінің  адам  мақсаттары 

ұмытылыстарының  негізі  болатын  білімін  қалыптастырушы,  шығармашылық 

қызметінің  қоғамдық-тарихи  процесі.  Таным,  көбінесе,  рухани  өндірістің 

(ғылыми,  эстетикалық,  этикалық,  діни-парасаттық  қызметтің  және  т.б.)  түрлі 

салаларындағы  кәсіби  мамандардың  ерекше  функциясы  ретінде  көрінеді»  – 

деген анықтама берілген [6]. 

Сыртқы  дүниенеі  танып-білу  түйсіктен  басталады.  Ол  білім  атауының 

алғашқы  көзі.  И.П.Павловтың  жүйке  қызметі  туралы  ілімі  түйсіктердің  пайда 

болуын  анализатор  (талдағыш)  деп  аталатын  анатомиалық-физиологиялық 

жүйке  апаратының  жұмысына  байланысты  түсіндіреді.  Адамдар  мен 

жануарларда  көптеген  анализаторлар  бар.  Олардың  қай-қайсысы  болмасын 

(көру,  есту,  қозғалыс  т.б.)  үш  бөліктен  құралады.  Олар:  бірінші  сезім  мүшесі. 

Сезім  мүшесі  сырттан  келген  тітіркенгіштерді  жүйкелік  қоздырғыштарға 

айландырып  отыратын  жер.  Екінші  миға  баратын  жүйке  талшықтары.Олар 

секундына  120  метр  тездікпен  рецепторларға  түскен  қозуларды  мидың  түрлі 

бөліктеріне  жеткізіп  отырады.  Анализатордың  үшінші  компоненті  –  мидағы 

түрлі  жүйке  орталықтары.Олар  тітіркендіргіштерді  айыра  алуға  қабілетті 

нейрондардан тұрады [7]. 

Таным  процесі  қызығудан  тұрады.  Қызығу  –  заттар  мен  құбылыстарды 

белсенділікпен  танып,  білуге  бағытталған  адамның  біршама  тұрақты  жеке 

ерекшелігінің бір көрінісі. Сонымен катар, қызығуда бір нәрсені ерекше тандап, 

соған зейін қойылады. 




 

Қызығулар  да  бейімділіктер  тәрізді  балалардың  кішкентай  кездерінде 



ерекше  байқалады.  Адамда  сан  алуан  қызығулардың  болуы  мүмкін.  Бірақ 

осылардыңішінде  басты  біреуі  болады.  Мұндай  қызығулар,  әсіресе,  оқу 

әрекетіне  аса  қажет.  Оқу  қызығуларының  әсерлі,  күшті,  тұрақты,  мазмұнды 

болуы  баланың  сабақүлгеруіне,  білімді  терең  алуына  көп  жәрдем  тигізіп 

танымдық белсенділігін арттырады. 

Кызығулар  өзінің  мазмұны  мен  бағытына  карай:  материалдық,  қоғамдық, 

саяси, кәсіптік, эстетикалық, спорттық, танымдык, т. б. болып келеді. Бұлардың 

әрқайсысы  өз  алдына  бірнеше  түрге  бөлінеді.  Мәселен,  таным  кызығулары 

оқуға,  ғылымға  қызығу,  (математика,  химия,  биология,  философия  т.б.); 

кәсіштік  кызығулар  сан  салалы  кәсіптің  түрлеріне  байланысты,  (эстетикалық 

кызығулар  кино, театр, музыка, бейнелеу өнері т. б.) бөлініп жатады. 

Адам  объектіге  түрлі  максат  көздеп  қызығады.  Осы  тұрғыдан  қызығу 

тікелей  және  жанама  болып  екіге  бөлінеді.  Тікелей  қызығу  айналадағы 

нәрселердің  тартымдылығынан  туады.  Мәселен,  футболға  қызығуды  осыған 

жатқызуга болады. Жанама қызығу –  бұл әрекеттің түпкі нәтижесін қажетсіну. 

Мүндай  қызығуда  адам  көздеген  мақсатына  біртіндеп,  сатылап  жетеді. 

Мәселен,  оқуға,  еңбек  етуге  қызығу  осындай  қызығулар.  Жанама  қызығу 

тұрақты,  тұрлаулы  болып  келсе,  адамның  ісі  оңга  басып,  ол  нәрсені  білген 

үстіне біле түсуге ықыласы кетіп отырады. 

Жалпы таным процесінің жоғары сатысы – абстрактылы-теориялық ойлау. 

Ол  тек  адамға  ғана  тән  қасиет.  Абстрактылы  теориялық  ойлау    танымға 

негізделіп, танып  білген  бейнелердің  мән – мазмұнын еңбектену процесіндегі 

 іс-әрекеттермен  ұштастырады.  Бұл  жайт  адамның  танымдық  процесінің 

сезімдік  танып білуден абстрактылы ойға, одан тәжірибеге қарай көшіп, үнемі 

қайталанып дамып отыратындығын көрсетеді. 

Танымдық  белсенділіктің  компоненттері.  Танымдық  белсенділік  жеке 

тұлғаның  әрекетінде  қалыптасады.  Танымдық  белсенділік  төмендегідей 

компоненттермен  ерекшеленеді:  Тапсырма  орындаудағы  жауапкершілік  пен 

жоғары саналық; өзіндік белсенді әрекетке ұмтылыс; тапсырманы орындаудағы 

саналылық;  оқытудағы  жүйелілік;  Таным  белсенділігі  адамның  ақыл-ой 

қабілеті,  білімді  өз  бетімен  игеру  меңгеру  белсенділігі,  заттың  мәнін,  ғылыми 

ұғымын терең түсінуге, іздену нәтижесінде пайда болған сұрақтарға жауап табу 

әрекеті.  Таным  негізінде  жаңа  және  зерттелген  материалдың  арасындағы 

байланысты  анықтау  жатыр.  Ал  ол  өз  кезегінде  оқу  материалын  одан  да 

тереңірек  зерттеп,  түсіну  болып  табылады.  Олардың  негізінде  күрделі  ойлау 

операциялары  жатыр:  анализ  және  синтез,  салыстыру,  классификация  және 

жүйелеу  т.б.  Оқушылардың  мұндай  әрекетін  басқару  процесі  –  белсендендіру 

деп  аталады.  Белсендендірудің  негізгі  мақсаты  –  оқушылардың  белсенділігін 

қалыптастыру, оқу – тәрбие  процесінің  сапасын арттыру болып табылады. 

Оқушының  танымдық  белсенділігі  өз  кезегінде  қабылдау,  есте  сақтау, 

ойлау, қиялдау үрдістері мен зейінніц тұрақты күйін қажет етеді. 

Қабылдау  түйсікке  қарағанда  күрделі  процесс,  ол  түйсіктер  арасындағы 

белгілі  қатынастарға  тәуелді,  оның  физиологиялық  негізі  бірнеше 

анализаторлардың  бір  мезгілде  бірлесіп  қосақталған  әрекетінен  туындайды. 




 

Мәселен,  дыбысты  көркем  фильмді  адам  көру,  есту  анализаторлары  арқылы 



қабылдайды.Қабылдаудың  негізгі  бір  қасиеті  оның  тұтастығы.  Қабылдаудың 

обьектісі  кейбір  жеке  қасиеттерден,  жеке  бөліктерден  тұрғанмен,  адам  оларды 

бүтіндей  тұтастай  қабылдайды.  Қабылдау  ойлаумен  тығыз  байланысты. 

Обьектілердің  мазмұны  белгілі  тұжырымдар  мен  сөз  арқылы  аталғанда  ғана, 

толық  қабылданады.  Заттар  мен  құбылыстардың  мағыналығы  және    оларды 

жалпылау  қабылдау  қасиеттеріне  жатады.  Бала  түсініксіз  тілде  айтылатын 

сөздердің  мағынасын  қабылдай  алмайды.  Жалпылау  тәсілі  қабылдаудың 

мағынасын  арттырып,  адам  сезіміне  және  ой-әрекетіне  әсер  етеді. 

Қабылдаудағы  иллюзиялар  дегеніміз  –  заттардың  бейнесін  бұрмалап,  теріс 

бейнелеу. 

Иллюзиялар 

әр 


қилы 

себептерге 

байланысты. 

Көру 


талдағыштарының  ерекшеліктері,  қабылдау  жағдайының  өзгеруі,  көргенді 

бейнелеп  болжау,  көздегі  әр  түрлі  кемістіктер  иллюзияға  себеп  болады. 

Балаларды жалған қабылдаудан арылтып, обьектіні дұрыс қабылдауға үйрету - 

ұстаз  қызметіндегі  басты  міндет.  Бақылау  мен  байқағыштық  туралы 

мәселе  де  маңызды  нәрсе.Өйткені,  бақылау  арқылы  адам  белгілі  бір  нәрсені, 

құбылысты  жүйелейді,  жоспарлы  түрде  бейнелеп,  оның  дамуы  мен  өзгерісін 

танып  біледі.  Байқағыштық  адам  зейінінің  шоғырлануын,  қызығуын,  нақты 

әрекетін талап етеді. Бақылау мен байқағыштық - адам тіршілігі үшін қажетті 

қасиет. 

Ес  –  адамның  ақыл-оймен  тығыз  байланысты  күрделі  психикалық 

процесс. Оның есте сақтау, қайта жаңғырту, еске ендіру, ұмыту сияқты өзіндік 

процестері бар. Бір нәрсені есте сақтау оны өзге нәрселермен байланыстыру 

деген  сөз.  Сондай  байланыстардың  болатынын  тұңғыш  көрсеткен– 

Аристотель. Мұндай байланыс ассоциация деп аталады. Есті біріншіден, оның 

дүниетанымдық, екіншіден, адамның ақыл - ойын қалыптастыруда алатын ролі 

тұрғысынан қарастырған дұрыс. Көптеген эксперименттік зерттеулерде, мидың 

түрлі бөлімдеріне жасалған операцияларда ми қабығының түрлі алқаптарының 

зақымдануы  естің  кейбір  түрлерінің  нашарлауына  әкеліп  соқтыратындығы 

дәлелденген.  Мәселен,  мидың  желке  аймағы  зақымданса,  көру  есінің,  самай 

аймағы зақымданса, сөз қозғалыс есінің нашарлайтыны байқалған.Есте сақтау 

адамның  қабылдау, қиял, ойлау, сезім  түрлері,  қызығу,  мүдде  сияқты 

психикалық  құбылыстармен  тығыз  байланысты.  Адамның  есі  бұрынғы 

білімімен, ескі мен жаңаны ұштастырып отыру нәтижесінде дамиды. 

Заттар  мен  құбылыстардың  байланыс  қатынастарының  миымызда 

жалпылай және  жанама түрде бейнеленуін ойлау дейміз. Ойлаудың қамтитын 

шеңбері  кең.  Ойлау  танымның  жоғарғы  сатысы.  Оның  айрықша  ерекшелігі- 

сөзбен  тығыз  байланыстылығы.  Ойлау  мен  сөйлеу  органикалық  бірлікте 

болады.  Ой  шындығы  тіл  арқылы  беріледі.  Шындықтағы  себеп-салдарлық 

байланыстар тәжірибеде танылып , белгілі тілдік формалармен аталады. 

Ойлау  формалары  –  ұғым,  пікір  және  ой  қорытындысы  деп  үшке 

бөлінеді.  Ұғымда  заттардың  жалпы  және    негізгі  қасиеттері  бейнеленеді. 

¥ғымдар  арқылы  адам  танымның  ұзақ  процесінің  нәтижесі  қорытылады. 

Ғылыми  ұғымдарды  меңгеру  мектепке  түсіп  оқи  бастаған  кезден  басталады. 

Соған  орай,  мұғалім  баланың  ойлау  тәсілдерін  дамыту  үшін  алғашқыға 




 

көрнекілік әдісті пайдаланып, сондай-ақ әр заттың өзіндік белгілерін ажырата 



білуге баулып отыруы керек. Ойлау үстінде адам бұрын есте сақталған біліміне 

сүйенеді,  оның  эмоция,  сезім  әрекетінде  белсенділік  туады,  қызығуы, 

темпераменті  жанданады,бүлар  адамның  ойлау  қызметіне  өң  беріп,  мақсатты 

іске  бағыттайды.  Қиял  –  адамның  есінде  сақталған  қабылдау,  елестету, 

ойлауды  қайтадан  өндеп,  жаңартып,  солардың  негізінде  жаңа  бейнелер  жасау.  

Ол  еңбек  әрекетінде,  әсіресе  шығармашылық  еңбек  үстінде  дамып  отырады. 

Қиял– ойлаумен бірге алдын ала болжау, жаңа бір нәрсені жасау, материалдық 

обьектіде іске асырылатын нәрсені идеалды түрде көз алдыңа елестету процесі. 

Қиял  бейнелері  нәтижесінде  адамның  шындықты,  ақиқатты  тануының 

шекарасы  кеңейіп  отырады.  Осы  процестің  жәрдемімен  адам  өзіне  тікелей 

әсер  етпеген  нәрселерді  танып  біледі,  өткендегіні,    келешектегіні,    сондай-ақ 

басқалардың  ойы  мен  сезімін  аңғара  алады.  Мұғалім  еңбегі  де 

шығармашылық  сипатта  болады.  Ол  сабақ  үстінде  алдындағыны  қиялмен 

болжап түрады. Оқушылар да өз келешегін қиялы арқылы болжап, шамалайды. 

Адамның  білім  қоры,  тәжірибесі,  белгілі  көзқарасы,  айқын  сенімі  мол  болса, 

оның  соғұрлым  шындыққа  сай  дұрыс  қиялдауға  мүмкіндігі  мол  болады. 

Қиялда  жасалатын  бейнелер  сөз  арқылы  тұжырымдалады.  Арман  -қиялдың 

ерекше бір түрі екендігін айта келіп, әр оқушының жарқын болашағын алдын - 

ала қиялдап, аңсап қана қоймай, соған жету жолында күресе білу  керектігін 

мықтап  еске  салу  қажет.  Бұл  жерде  қиялдың  осы  түріне  қарама  -қарсы 

құрғақ қиял болатындығын еске салған абзал. 

Шәкірттің қиял қабілетін дамыту, тәрбиелеу, оның келешекті армандай алу 

қасиетін қалыптастыру–мұғалімнің басты міндеттерінің бірі. Оқушы қиялының 

дамуына  мектепте  алған  білімі  ерекше  әсер  етеді.  Адамға  деген  мейірімділік, 

ізеттілік,  тілектестік  т.б.  тамаша  қиялсыз  өрістей  алмайды.  Бала  қиялын 

дамытуға көркем әдебиет, музыканың, сурет салудың, еңбек сабақтарының мәні 

зор.  Зейін  -  дербес  психикалық  процеске  жатқызуға  болмайды.  Зейін  адам 

санасының  барлық  жақтарымен  қосақтасып  оның  психикасын  белгілі  бір 

обьектіге бағыттап жинақтайды. Зейін қасиеттерін түсіндіру үшін оларға жеке 

-жеке  сипаттама  берген  жөн.  Мәселен,  зейіннің  көлемі  дегеніміз  –  адамның 

бір  уақыт  ішінде  қамтитын  обьектілерінің  саны.  Зейіннің  бөлінілуі 

оқушылар 

меңгеруге 

тиісті 


нәрселердің 

қасиеттері 

м ен 

ерекшеліктеріне  байланысты.  Зейіннің  табиғатын  дүрыс  түсіну  үшін 



обьектілерді  дүрыс  қабылдап,  олардың  мән  жайын  түсіну  қажет.  Бұл 

оқушылардың дағдысын қалыптастыруды талап етеді. Зейіннің аударылуын іс - 

әрекет  үстінде,  яғни  тиісті  міндеттерді  шешу  үшін  бір  обьектіден  екінші 

обьектіге,  немесе  оның  бір  жағына  сананы  әдейі  аудару  арқылы 

қалыптасатынын  нақты  мысалдармен  түсіндіру  қажет.  Зейіннің  басты  бір 

қасиеті  –  оның  тұрақтылығы.  Зейнді  түрақтата  алу  жүйке  процестерінің 

күшіне,  әрекет  сипатына  қалыптасқан  әдетке  байланысты.  Сабақ  үстінде 

баланың    зейінін  белгілі  бір  әрекетке  ғана  шоғырландырып,  оны  үнемі 

тұрақты  етуге,  ол  үшін  алаңдатушы  тітіркендіргіштермен  күресе  білуі 

шарт.  Зейін  әсіресе,  жас  балаларда  шашыраңқы  келеді.  Өйткені,  олардың 

сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленгіш тізгіні күшті. Шаршағандық, өз ойымен 



10 

 

әлек болу, қолайсыз эмоциялық күй бала зейінін ауытқытып, түрлі нәрселерге 



әсерлендіреді. Оқу тәрбие процесінде мұғалім балалардың мұң - мұқтажына, 

көңіл күйіне, денсаулығына, сабақ үлгеруіне үнемі зейін қойып отыруы тиіс. 

Өйткені,  бала зейінінің,  ой  өрісінің  өсуі мүғалімдер үшін аса  қажетті  обьект. 

Оқушылар  адамда  сондай-ақ  сыртқы  және  ішкі  зейіндердің  де  болатынын, 

олардың  өзіндік  ерекшеліктерін  ескергені  жөн.  Мәселен,  айналаға  зер  салып 

қарау, жай  көңіл аудару сыртқа бағытталған зейін делінсе, адамның  өз ойына, 

адамгершілік  қасиеттеріне,  әсемдікті  сезіп  білуіне,  көңіл-күйіне,  басынан 

кешкен оқиғаларының санасының бағытталуы ішкі зейін делініді. 

Сондықтан  оқу  барысында  оқушының  таным  белсенділігін  арттыруда 

олардың  өз  бетінше  танымдық  ықылас-ынтасын  шығармашылық 

әрекетін  дамытатындай етіп ұйымдастырады. Шәкірттің қабылдауы негізінен, 

мүғалімнің сабақты жүйелі түрде жүргізуіне байланысты. Оқушылардың 

жаңа  материалдарды  қабылдауына  негіз  болатындай  даярлық  жұмыстары 

жүргізіледі.  Оқушылардың  оқу-танымдық  қызметін  арттыру  дұрыс  әрі  нақты 

әрекеттер  негізінде  іске  асады.  Баланың  өзіндік  сезімдік  танымы  негізінде 

қабылданған  білім,  дағды,  ептілік  әлдеқайда  нәтижелі  әрі  жемісті  болады. 

Танымдық белсенділіктің үш дәрежесі бар: 

1)  жаңғыртушы  белсенділік  –  шәкірттің  материалды  жадылап,  қайта 

жаңғыртуға,  оны  үлгі  бойынша  қолдануға,  меңгеруге  ұмтылысымен 

сипатталады.  Белсенділіктің  1–дәрежесіне  тән  көрсеткіш–оқушының  бойында 

білімін  тереңдетуге  деген  ұмтылыстың  болмауы, 

2) 


түсіндіруші  белсенділік-оқушының  оқығанын  зерделеуге,  оны 

өзінебелгілі  ұғымдармен  байланыстыруға,  білімін  жаңа  жағдайларда 

пайдалану  жолдарын  меңгеруге  ұмтылысынан  көрінеді.  2-дәрежеге  тән 

көрсеткіш  оқушының  бастаған  ісін  аяғына  дейін  жеткізуге  ұмтылуынан, 

қиындыққа  тап  болғанда  оны  жеңудің  жолдарын  қарастыруынан  байқалатын   

үлкен дербестігі. 

3)  белсенділіктің  шығармашылық  дәрежесі  –  оқушының  тапсырманы 

шешудің  тың  жолдарын  іздестіруге  деген  ұмтылысымен  сипатталады.Бұл  

дәреженің  ерекшелігі  –  мақсатқа  жетудегі  табандылық,  танымдық  ынтаның 

негіздері мен әр алуандылығы. 

Сөйтіп, оқудағы белсенділік - оқушының іс-қимыл жағдайы ғана емес, осы 

іс-қимылдың  сапасы,  онда  оқушының  қызмет  мазмұны  мен  сипатына 

қатынасымен,  өзінің  рухани-ерік,  күш-жігерін  оқу-танымдық  мақсаттарға 

жетуге    жұмылдыруға  деген  ұмтылысымен    айқындалатын  тұлғасы  көрінеді. 

Дербестік  әрекетке  өздігінен  икемделудің  сапалық  көрінісімен;мотивті  және 

белсенді  қылықтың  оқушыға  тән  арнаулы  нысандары  мен  тәсілдерін 

синтездеумен; өмір шындығының белгілі бір жақтарына оқушының  тұрлаулы, 

мінез-құлықта  тиянақталған  қатынасымен  сипатталатын  жүйелі  білім  алу 

ретінде қарастырылады.  Танымдық белсенділік  туралы анықтамаларға  талдау 

жасай отырып, сондай-ақ педагогикалық эксперимент нәтижелерін пайдаланып, 

оқушылардың танымдық белсенділік белгілері жүйелерін анықтадық. Оған үш 

белгі тән: 

- оқу-танымдық әрекеттің қоғамдағы маңыздылық бағыты; 



11 

 

- оқу-танымдық әрекеттің интеллектуалдық сипаты; 



- оқу танымдық әрекеттің реттеушілік сипаты; 

Оқушылардың  танымдық  белсенділігін  арттырудағы  жаңашылдық. 

Әлемдік  педагогика  ғылымында  оқушылардың  танымдық  белсендiлiгiн 

арттыру  мәселесі  ХХ  ғасырдың  екінші  жартысында  басталғаны  белгілі.  Бұған 

Л.С.  Выготский,  Дж.Дьюи,  Ж.  Пиаже  сынды  ғалымдардың  білім  беру 

саласындағы  жаңа  идеялары  негіз  болған  еді.  Дж.Дьюи  «прогрессивті  мектеп» 

немесе  «әрекет  мектебі»  парадигамасының  негізін  салушы  ретінде  білім  беру 

жүйесінің  өмірден  алшақ  жатқандығын  атай  келе,  оқушылардың  бар 

білімдеріне, тәжірибелеріне сүйене отырып оқыту идеясын ұсынды [8].  

Бiлiм  берудiң  қазiргi  заманға  сай  әдiстемелерi  оқушыны  қоғамның  аса 

маңызды  қажеттiлiктерiне  жауап  беретiн,  танымдық  іс-әрекеттiң  және  өзiндiк 

дамудың  субъектiсi  ретiнде  қалыптасуын  көздейді.  Солардың  бірі  –  жобалау 

әдісі. Жобалау әдісі оқушының өз бетінше ізденуіне, білімге өзі қол жеткізуіне 

мүмкіндік туғызады. 

Жобалау  әдісі  оқушылардың  өзiн-өзi  бақылауға,  ақпаратты  талдау  мен 

сараптауға,  жалпы  қорытынды  жасауға,  жұмысқа  тиiстi  түзетулер  енгiзуге 

дайындығы  үшiн  маңызы  өте  зор.  Оқушылар  тобы  немесе  жеке  оқушы 

жобаның  тақырыбы  мен  мiндеттерiн  анықтап,  тек  мектеп  қабырғасында  ғана 

емес,  сондай-ақ  мектептен  тыс  та  жұмыс  iстей  алады  (мұрағаттарда, 

мұражайларда,  қалалық  кiтапханада,  мекемелерде  т.б.).  Жоба  әдiсi  оқушыны 

оқу  субъектiсi  етiп  қана  қоймай,  оның  қазiргi  ақпараттар  заманындағы  өте 

маңызды  әртүрлi  каналдан  келiп  түскен  ақпаратты  жинастыру  мен  талдау 

дағдыларын қалыптастырады. 

Қортындылай  келе  қызығу  жұмыстағы  кемшілікті  және  қиындықты 

жеңуге  көмектеседі,  қол  жетпейтін  нәтижелерге  жеткізеді.  Оқушылардың 

танымдық  қызығу  іс-әрекеттерін  қалыптастыру,  белсендіру,  одан  жан-жақты 

дамыған,  білімді,  шығармашыл  қайраткерді  қалыптастыруға,  ойшаң,  эмоцияға 

бай, қарым-қатынасшыл ұрпақты тәрбиелеуге көмектеседі. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет