1. Шеткі нерв жүйесі. Нервтердің құрылысы. Регенерациясы. Астана


Тимус. Құрылысы мен қызметі. Оның Т



Pdf көрінісі
бет44/104
Дата14.10.2023
өлшемі18,28 Mb.
#114412
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   104
18. Тимус. Құрылысы мен қызметі. Оның Т

лимфоцитопоэздегі маңызы. 
Қыртысты және милық заттарының тіндік құрамы. Гематотимустық 
тосқауыл.Тимустың адам жасына байланысты және акцидентальды 
инволюциясы.
 
Тимус
лимфоцитопоэз бен иммуногенездің орталық мүшесі. Сүйек кемігінен 
келген Т
-
лимфоциттердің антигенге тәуелсіз ізашарлары тимуста дамып 
жасушалық иммунитет реакцияларын жүзеге асыра отырып ағзадағы 
гуморальды иммунитететі реттейді. Тумистың қалыптасуымен иммунитет 
тығыз байланысты. Егерде тумис дұрыс қалыптаспаса немесе ерте 
инволюцияға ұшыраса иммунитеттің
бәсеңдеуі мүмкін. Сонымен қатар 
лимфоциттердің саны азайып, ағзаның иммундық қорғаныс қызметі 
бұзылуына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда көптеген инфекциялы аурулар 
пайда бола бастайды.
Тимус 
жалпы эбриогенездің 2
-
ші айында 3
-
ші және 4
-
ші желбезек 
қалталарынан бастау алады. Ұрықтық дамудың 6
-
7 апталарында алғашқы 
лимфоциттер пайда бола бастайды. Ал 8
-
ші аптасынан бастап тимустың 
мезенхимасының бөліктері, қыртысты және боз заты қалыптасады.
Тимустың қызметіне
тоқталып кетсек: тимус жаңа айтып өткенімдей 
иммуногенездің орталық мүшесі болғандықтан, тимуста Т
-
лимфоциттердің 
антигенге тәуелсіз дифферециалануы жүреді. Сонымен қатар тимуста Т
-
лимфоциттердің дифференциясына қажетті тимозин, тимопоэтин, инсулинге 
ұқсас
өсу факторларымен бірге кальций алмасуына қатысатын гормондар 
түзіледі.
Тимус паренхиматозды бөлшектенген мүше. Сырты дәнекер тінді 
капсуламен қоршалған. Осы капсуладан көптеген перделер тарап тимус 
паренхимасын бөліктерге бөледі.Бөлінген әрбір бөліктердің негізін ретикуло
-
эпителиоциттер түзеді. Ретикуло
-
эпителиоциттердің пішіні өсінділі, тіректі, 
демеуші келетін жасушалар мен эпителиальді дендритті жасушалардан 


тұрады. Бірінші жасущалары капсуланың астында орналасса, екінші 
жасушалар ортасын ала орналасады. Тимуста бұл жасушалардан басқа, 
секреторлы және периваскулярлы эпителиоциттер болады. Бұл жасушалар 
гемокапиллярларға жақын гематотимустық барьерді түзуге қатысады. 
Тимустың әрбір бөлігі қыртысты және боз заттан(милы) тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет