1. Шеткі нерв жүйесі. Нервтердің құрылысы. Регенерациясы. Астана


Жатыр түтікшелері, құрылысы қызметі. Жатыр қабырғасының



Pdf көрінісі
бет93/104
Дата14.10.2023
өлшемі18,28 Mb.
#114412
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   104
53. Жатыр түтікшелері, құрылысы қызметі. Жатыр қабырғасының 
құрылысы және қызметі. Овариальді

менструальді цикл және оның 
сатылары. Қынап. Жатыр қабырғасының овариальді

менструальді 
циклге байланысты құрылысы. Жасқа байланысты өзгерістері. Сүт 
бездері.
 
Жатыр түтіктері немесе ұрық жолдары
-
құрсақ қуысы мен жатырды 
байланыстырып тұратын жұп мүшелер. Ол ұрық жолдарының 
парамезонефральді өзектерінің үстіңгі бөлігінен дамиды. 
Құрылысы:
Жатыр түтігінің қабырғасында үш түрлі: кілегейлі, бұлшықетті 
және сірлі қабықтары болады. Кілегейлі қабықтың құрамында көптеген 
тарамдалған қатпарлары бар. Бұл қабығының эпителиі бір қабатты призмалы, 
құрамы екі түрлі
-
кірпікшелі және безді немесе секреторлы жасушалардан 
тұрады. Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы борпылдақ талшықты 
дәнекер тіні түрінде көрінеді. Бұлшықетті қабатының ішкісі айналмалы, ал 
сыртқысы бойлық қабаттардан тұрады. Жатыр түтігінің жолдары сыртқы 
жағынан сірлі қабықпен қоршалған. Жатыр түтігінің проксимальді ұшы 
кеңейіп шашақтармен аяқталады. Овуляция кезінде ұрық жолдарының 
шашақтарының
құрамындағы қан тамырлары көлемі жағынан ұлғайып, 
аналық безді мейлінше мол қамтиды. Аналық жыныс жасушасының ұрық 
жолымен жылжуы жатыр түтігінің қуысын жауып тұрған эпителий 
кірпікшелерінің қимылдармен ғана емес, сонымен бірге оның бұлшық ет 
қабығының перистальтикалық жиырылғыштығымен де қамтамасыз етіледі.
Қызметтері: 


1.
Жұмыртқа жасушасының жылжуын қамтамасыз етеді;
2.
Секреторлы қызмет: шырыш бөліп, жұмыртқаның қоректенуін 
қамтамасыз ете отырып, простогландиндердің биосинтезіне қатысады.
3.
эмбриогенездің алғашқы сатылары жатыр түтігінде жүреді. 
Жатыр түтіктерінің қабынуын сальпигит дейді. Бұл жатыр түтігінің кілегейлі 
қабығының эпителийінің патологиясында және дәнекер тін өсуі кезінде 
байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет