1. Шеткі нерв жүйесі. Нервтердің құрылысы. Регенерациясы. Астана


Овариальді менструальді цикл, оның сатылары



Pdf көрінісі
бет94/104
Дата14.10.2023
өлшемі18,28 Mb.
#114412
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   104
Овариальді менструальді цикл, оның сатылары. 
Аналық жыныс 
жүйесінің циклі, оның қызметі мен құрылысының тіркесті өзгерістері болып 
саналады. Мұны овариальді
-
менструальді цикл дейді. Бұл цикл үнемі бір 
ретпен қайталанып отырады. Жыныстық кәмелетке жеткен организмнің 
көпшілігінде әр 28 күн сайын қайталанып келіп отыратын процесс.
Овариальді

менструальді циклді үш кезеңге бөлеміз:
1. Менструальді кезең (эндометрийдің десквамациясы)
2. Менструальді циклден кейінгі кезең (эндометрийдің пролиферациясы)
3. Менструацияға дейінгі кезең немесе функциональді
-
секреция
кезеңі. Бұл кезде ұрықтану орын алған жағдайда жатыр эндометриясы
ұрықтанған жұмыртқа жасушасының имплантациясына дайындығы жүзеге 
асады.
Менструальді кезең

Эндометрийдің қанмен жабдықталуының өзгерістері 
байқалады.Менструацияға
дейінгі кезеңде (3) сары дене прогестерон бөледі. 
Осының әсерінен жатыр қабырғасында спираль тәрізді және тік 
артериялардың қалың тобы пайда болады. Жыныстық циклге дейінгі 
кезеңнің соңына қарай
аналық бездегі сары дене сорыла бастайды да (кері 
дамиды), прогестеронның бөліуі тоқталады, соның әсерінен спираль тәрізді 
артериялардың қабырғасы тарылып, эндометрийге қанның құйылуы (бөлінуі) 
едәуір азаяды. Мұны 
ишемия фазасы 
деп атайды. Гипоксия процесі 
дамиды.Содан қан тамырларының ішінде ұйыған қан пайда болады. 
Тамырлардың қабырғалары иілгіштігін жоғалтып, сынғыш
-
жарылғыш 
келеді.Эндометрийдің функционалды қабатындағы ишемияның салдарынан 
некроздық өзгерістер басталып, қан тамырларында тромбалар пайда болады. 
Ұзақ уақыт қан тамырларының қабырғасының тарылуынан кейін спираль 
тәрізді артериялар қайтадан кеңейіп эндометрийге қанның құйылуы ұлғаяды. 
Осы қан тамырлар нәзік болғандықан, көптеген жерлері жарылып 
эндометрия стромасында қан құйылу басталады. Овариальді 

менструальді 
цикл басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет