59 Білім беру саласындағы психологиялық қызметтің мақсаты мен міндеттері



Дата31.10.2022
өлшемі15,9 Kb.
#46539
Байланысты:
53,54,55,56,57,58,59,60,61 (копия)


59) ) Білім беру саласындағы психологиялық қызметтің мақсаты мен міндеттері
7. Психологиялық қызметтің мақсаты – білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
8. Психологиялық қызметтің міндеттері:
1) білім алушылардың тұлғалық және зияткерлік дамуына ықпал ету, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту қабілетін қалыптастыру;
2) білім алушыларға ақпараттық қоғамның жылдам дамуында олардың табысты әлеуметтенуіне психологиялық тұрғыдан жәрдем көрсету;
3) білім алушылардың тұлғасын психологиялық-педагогикалық зерделеу негізінде әрбір білім алушыға жеке тұрғыдан ықпал ету;
4) психологиялық диагностиканы жүргізу және білім алушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту;
5) психологиялық қиыншылықтар мен білім алушылардың проблемаларын шешу бойынша психологиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру;
6) психологиялық проблемаларды шешуде және оқу-тәрбие жұмыстарының қолайлы әдістерін таңдауда ата-аналар мен педагогтерге консультациялық көмек көрсету;
7) білім беру үдерісі қатысушыларының психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін көтеру.
9. Психологиялық қызмет психодиагностикалық, консультациялық, ағартушылық-профилактикалық, түзету-дамытушылық және әлеуметтік-диспетчерлік бағытта жүзеге асырылады.

60) Білім беру саласындағы психолог қызметінің ғылыми-әдістемелік негізі
Психологиялық қызметтің қолданбалы және практикалық аспектісінің дамуы ғылыми тұрғыдан дамуына тәуелді.
Бұл тұжырымдаманың негізі болып тұлға - сана мен мінез-құлықтың қоғамдық негізінде меңгерген адам өмірі үдерісінде қалыптасатын тұтастай психологиялық құрылым дейтін психологияда қарастырылатын қағида болып табылады.
Бала тұлғасының психикалық дамуы және қалыптасуы тек ересектермен қарым-қатынаста ғана болуы мүмкін.
Бұл тұжырымдама белгілі бір жағдайларда барлық дені сау балалар даму қабілетіне ие деп бағамдайды.
Мектептегі білім беру білім мен іс-әрекеттің түрлі саласында әр баланың қабілетін дамыта білгенде ғана мәнге ие болады.
Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет іс-әрекетіндегі жаңа технологиялар практикалық педагогтар мен психологтардың ағымдағы іс-тәжірибесін талдау барысында алынған түрлі саладағы психологиялық білімінің соңғы жетістіктерін зерттеу негізінде құрылған.




61. Психологтың этикалық кодексі:


Психологтың кәсіби этикасы – бұл психологтың өз іс-әрекетінде әріптестерімен, ғылыми қоғаммен, зерттелінушілермен, сұхбаттасушымен, жәрдем сұрап келген адамдармен қарым-қатынас барысында спецификалық құлықтық, адамгершілік, өнегелілік талаптарды жүзеге асыру болып табылады.


Кәсіби этика-бұл адамның өз кәсіби міндеттеріне қатынасын анықтайтын моральдық нормалар жиынтығы.
1. Қауіп келтірме! Өз білімдеріңді дұрыс қолдана біл.
2. Бағалама! Жағымсыз бағалауларыңды дауыстап айтпа.
3. Адамды сол қалпында қабылдай біл. Психолог алдына келген клиентті түсіне білуге міндетті.
4. Кәсіби құпияны сақтау. Оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар жайлы ақпараттарды жариялауға қатаң түрде тыйым салынады.
5. Оқушылар мен қызметкерлер бар жерде, жұмыстағы әріптестеріңмен араларыңдағы түсініксіз мәселелерді шешпе.
6. Компетентті бол! Техникалар мен әдістерді жетік білмесең, қолданба.
7. Клиентпен қарым-қатынаста дистанцияны ұстана біл.
8. Клиенттің өз іс-әрекеті мен өміріне деген жауапкершілік құқығынан айырма.
9. Клиентті қате ақпараттандырма! Себебі клиент дұрыс емес шешім қабылдауы мүмкін.
10. Клиенттің әртүрлі психологиялық шараларға қатысуындағы еріктілік принципін ұстан!
11. Өзіңді тұлға және маман ретінде сыйлай біл!


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет