1-ші деңгей Сойыс малдарының жалпы сипаттамасы, оларды дайындау және оларға қойылатын қазіргі заман талаптарын түсіндіріңіз


Қойма және техникалық шикізаттарды өңдейтін кәсіпорындар мен утилдеу кәсіпорындарына санитариялық талаптарды түсіндіріңіз



бет21/58
Дата22.09.2022
өлшемі127,79 Kb.
#39852
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58
Байланысты:
вет сан(1)

54.Қойма және техникалық шикізаттарды өңдейтін кәсіпорындар мен утилдеу кәсіпорындарына санитариялық талаптарды түсіндіріңіз.
55.Малдың жұқпалы ауруын сояр алдында анықтау ерекшеліктері, ауру түрлерін ажыратуды түсіндіріңіз. Аурудың жасырын кезiнде сойылған малдың етi мен iшкi ағзаларын тексергенде
ауруға тән патологиялық-анатомиялық өзгерiстердiң болмауы ықтимал. Кейбiр
ұлпалар мен лимфа түйiндерiне қан құйылғаны байқалады, жалқаяқ пайда
болады, етi қанталап кетедi. Аурудың бұл түрiне дұрыс диагноз қою қиын,
сондықтан күдiк туғызған ұшаны ұқыптылықпен тексеру керек.
Сойылған шошқада көбiнесе топалаңның көмекеймен жұтқыншақты
зақымдайтын түрi кездеседi. Көмекей мен жұтқыншақтың тұсы iседi. Пышақпен
тiлгенде сары түстi жалқаяқ көрiнедi. Жұтқыншақ пен көмекей қақпағының
кiлегей қабықтарында қоңыр немесе қара түстi дифтериялық жаралар көрiнедi.
негiзiнен бастың лимфа түйiндерi зақымданады. Көпшiлiк уақытта, алқым лимфа
түйiндерi, кейде жұтқыншақ жанындағы, шықшыт және мойынның лимфа
түйiндерi ғана зақымданады. Оларды пышақпен кесiп қарағанда қанталағаны, өлi
еттенгенi байқалады.
Аурудың бұл түрiне уақытылы диагноз қою үшiн шошқаны бауыздап болғаннан
кейiн, терiсiн сыпырмастан бұрын, алқым лимфа түйiндерiн мал дәрiгерi
тексеруге тиiс. Ол үшiн төменгi жақ сүйектерiнiң аралығынан ұзынша етiп
терiсiн тiледi де, айтылған лимфа түйiндерiн пышақпен кесiп, қолмен ұстап
қарайды. Осы ауру табылған шошқаны союды тоқтатып, зақымданған лимфа
түйiндерiн бактериоскопиялық тексеруден өткiзедi, бактериологиялық тексеруге
жiбередi.
Аурудың iшектік формасында негiзiнен он екi елi iшек пен ащ iшек зақымданады,
олардың кiлегей қабықтарында уытты жара пайда болады. Iшектiң зақымданған
жерiнiң түсi қызғылт тартады. Шажырқайдың лимфа түйiндерi iсiңкi, көлемi
едәуiр ұлғаяды.
56.Малдың жұқпалы ауруын сойғаннан кейін анықтау ерекшеліктері ауру түрлерін ажыратуды түсіндіріңіз. Сойғаннан кейін малдың ішкі ағзаларын және етін белгілі бір тәртіппен толық тексеріп оларға ветеринариялық - санитариялык баға беріледі. Егер сойылған мал ауруға шалдықкан болса, тексергенде ағзаларынан түрлі өзгерістер кездесуі ықтимал. Сойылған малдың басы, тілі, жүрегі, өкпесі, бүйрегі, бауыры, көк бауыры, қарыны мен желіні пышақпен тілініп қаралады.
Ал ұшаның ет арасындағы лимфа түйіндері ет комбинаттарында өте қажет жағдайда ғана тексеруден өткізіледі. Демек, бас пен ішкі ағзаларды тексергенде зақымдалған жері болса немесе ауырудың белгісі байқалса (қанталау, іріндеген, ісік) ұшаның лимфа түйіндері түгел тілініп қаралады. Әлгіндей белгілер байқалмаса, ұшаға пышақ жұмсап кеспейді, өйткені кескіленген ұшаның тауарлық сапасы төмендейді, тоңазытқышта ұзақ сақтауға келмейді.
Сойылған малдың еті тез таратылып жіберілетін болса, (базарға шығарып сату, жіліктеп бөліп алу, асханаға беру) ұшаның лимфа түйіндері түгел тексеріледі.
Сойылған малдың басы мен ағзаларын және ұшасын екінші малдың ұшасымен шатастырып алмау үшін олардың әр қайсысын бір номермен белгілейді, тексерілген ағзалардың біреуінен патологиялық өзгерістер байқалса, осы номер арқылы сол малдың ұшасы мен терісін т.б. ағзаларын тез тауып алады.
Ірі қараның бір жерде басы, екінші орында өкпе-бауыры, жүрегі, үшінші жерде ұшасы мен бүйрегі байқаудан өткізіледі, төртінші орында күдік туғызған ұша мен ағзалары соңғы рет тексеріледі.
Шошқаны бауыздағаннан кейін, терісін сыпырмастан бұрын бастың лимфа түйіндерін тіліп қарап, топалаңға тексереді. Кейін басын, ағзаларын, бұлшық еттерін финнозға тексереді. Ұшасы соңғы рет мұқият қаралады. Оның категориясы анықталады және таңбаланады.
Қой мен ешкінің, бұзаудың басы ең соңында қаралады, ал ағзалары мен ұшасын тексеру әдістері ірі қараның ұшасы мен ағзаларын тексеру әдістеріне ұқсас.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет