4. Еттің тауартануы, ұшаларды таңбалау. Ет өңдеу комбинаттарында ұшаны өңдеуден, тазартудан өткеннен кейін мал түріне, жасына, жынысына, қоңдылығына және термиялық жағдайына байланысты әртүрлі топқа бөледі.Мал түріне қарай ет сиыр, қой, ешкі, түйе, жылқы, бұғы, қодас, шошқа және құс еті болып бөлінеді
2-ші деңгей
63.Ғимараттар мен жабдықтарды дезинфекциялауды түсіндіріңіз.
Залалсыздандыру, дезинфекция – адам мен жануарларда, өсімдіктерде ауру қоздыратын микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жүйесі.
Механикалық залалсыздандыруда үй ішін шаңсорғышпен тазалап, сабындап жуып, желдетеді, мал қораны су шашып сыпырады, малдың тұрағының құрал-жабдығын тазартады.
Физикалық залалсыздандыруда ультракүлгін, радиациялық, лазерлік сәулелермен, ультрадыбыспен өңдейді, қайнату, өртеу, бумен немесе ыстық ауамен өңдеу, т.б. пайдаланылады.
Химиялық залалсыздандыруда қышқылдармен сілтілер, формалин, хлор, хлорлы әк, натрий хлориді, хлорамин, фенол препараттары, тотықтырғыштар, т.б. қолданылады.[1]
Мал шаруашылығында қораларды, топырақты, суды, жиналған садыраны, көңді; өсімдік шаруашылығында тұқымды, екпе көшеттерді, топырақты, қоймаларды, т.б. залалсыздандырады. Мал қораларын залалсыздандыру: 1) шаруашылық жұқпалы аурудан аман болған жағдайда – малды жайылымға шығарған соң, көктемде; 2) мал қолға қарайтын кезде – күзде жүргізіледі. Залалсыздандыру шараларының көлемі, қолдану тәсілдері және тиісті дезинфекциялық ерітінділерді таңдап алу жұқпалы аурудың берілу механизміне, қоздырғыштың төзімділігіне, өңдеуге алынған заттардың қасиетіне және санына, тұрғын үй мен мал қораның көлеміне қарай таңдап алынады. Залалсыздандыру жұмыстарын келісімшарт бойынша санитарлық-эпидемиологиялық немесе дезинфекциялық станциялардың қызметкерлері атқарады.
64.Еңбек қорғау және мал сою кезінде малдан адамға жұғатын зооантропоноздық аурулардан жұмысшыларды сақтандыруды түсіндіріңіз.
Қазіргі таңда адам мен малға ортақ жұқпалы аурулар біздің саламызда яғни ветеринариялық ғалымында аса күрделі және өзекті болып арнаулы бағдарламаны қажет етеді, оның себебі аса қауіпты жұқпалы ауруларда анықтауға пайдасы бар.Ауруларды болдырмауда оның анамнезін, клиникалық белгісін эпизоотологиялық жағдайын паталого-анатомиялық зерттеуін диагностикалық балауын, иммунизациялау аллергиялық тексеру профилактикалық іс-шаралардың орындалуын, аурудың алдын-алу оны болдырмау және оған қарсы күресу шараларын оқып білу керек.Аса қауіпті аурулардың жануарлар мен адам арасында таралу, ауырған ағзадан сау
ағза жұғу қабілеттік – зооантропоноздық (адамдармен жануарларға ортақ)қабілеттік
болып табылады. Зооантропоноз ауруларының тізіміне сібір жарасы, бруцеллез,
туберкуллез, құтырық, экинококкоз сияқты т.б. аурулар кіреді.
Адамзатқа осы аурулар ежелгі заманнан əйгілі болған жəне де адамдар олардың
алдын алу тəсілдерін ойластырып,емдеу арқылы күресе білген. Аталмыш аурулардың
қоздырғыштары қолайлы жағдай туындап індет қоздыру қабілеті артқанша табиғатта
сақталады. Олардың ағзаға індет қоздыру қабілеттілігі бастапқы немесе мутациялық
өзгерген түрде əсер етеді. Осыған байланысты індетпен күрес түрлері де ауқымды жəне
əртүрлі болып келеді.
Облыстың барлық аудандары мен қалаларының аумағындағы ауылшаруашылық
субъектілерінің барлығында ауылшаруашылық жануарларының алдын алу
жұмыстарымен қатар диагностикалық ветеринариялық іс-шаралар ақысыз негізде (тегін)
жүргізіледі. Сонымен қатар клиникалық, аллергиялық, патологоанатомиялық,
серологиялық, бактериологиялық жəне вирусологиялық зерттеулер жүргізіледі.
Атқарылып жатқан ветеринариялық санитариялық алдын алу шаралары
- мал иелері міндетті түрде ішкі сауда обектілерінне тірідей сатуға бағытталған
малдарына заң талаптарына сай ветеринариялық анықтама алу;
- мал иелері жаңадан малды сатып алынған жағдайда, немесе басқа жағдаймен
иеленген жағдайда міндетті түрде учаскілік ветеринарға хабардар ету;
- жануарлардың өлімі жəне ауруға шалдыққаны туралы ақпарды дереу хабарлау;
- жануарлардың өлімі туралы ақпаратты жасырмау;
- жануарлардың өлекселерін қоқыс тастайтын жерде жəне басқа орындарда көмілуіне
жол бермеу;
- ауру жануарлардан алынған ет, сүт жəне басқа өнімдерді адамдардың тағамға
пайдалануын болдырмау;
- жануарларды сою алдында ветеринариялық қараудан өткізбей сатылуына жол
бермеу;
- ауыл шаруашылық жануарларын союды тек қана ет өңдеу мекемелерінде, сою
пунктері мен алаңдарында жүргізуді;
- ветеринариялық- санитариялық сараптамадан өтпеген жануар текті өнімдер мен
шикізаттардың сатылуына жол бермеу;
- бақылауға жататын тамақ өнімдерін міндетті түрде ветеринариялық анықтама жəне
ветеринариялық сертификат ілеспе құжаттарымен бірге алып жүрулеріңіз қажет.
Аталған талаптарды орындау ветеринариялық - санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз
етуге қол жеткізеді деген сенімдеміз.
Зооноздар (зоо… және гр. Nosos – ауру) – әр түрлі жабайы және үй жануарларынан жұғатын, адамдар мен жануарлардың жұқпалы аурулары.
Зооноздар қоздырғыштарының қатарына микроорганизмдердің көптеген түрлері – бактериялар, вирустар, риккетсиялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар, құрттар, паразиттік жәндіктер жатады. Зооноздарды екі топқа бөледі:
• 1) үй жануарларынан жұғатын зооноздар (сальмонеллез, сарып, аусыл, лептоспироз, маңқа, мелиоидоз, орнитоз, аспергиллез, трихофития, микроспория, балантидиаз, токсоплазмоз, т.б.);
• 2) жабайы жануарлардан жұғатын зооноздар (оба, туляремия, кене энцефалиті, риккетсиоз, трипаносомоз, т.б.).
Таралуы жағынан белгілі бір тұрақты аймақтармен шектелетін зооноздарды табиғи ошақтық инфекциялар деп атайды. Зооноздар қоздырғыштары эволюциялық даму барысында белгілі бір жануарлар организмінде паразиттік тіршілік етуге бейімделген. Кейбір аурулардың қоздырғыштары адамдар мен жануарлардың организмінде тұрақты айналыста болып, түр ретінде сақталуға бейімделген. Ондай қоздырғыштар ауруларын антропозооноздар немесе зооантропоноздар дейді (дене сарғаю қызбасы, африкалық және америкалық трипаносомоз, тениоидоз, описторхоз, т.б.). Зооноздар адамнан адамға сирек жағдайда жұғады (мысалы, оба ауруы кезінде), көбінесе, адамдарға жануарлардан жұғады. Жануарлардың биологиялық ерекшеліктеріне (мысалы, саршұнақтардың, кенелердің көктемгі-жазғы белсенділігінің күшеюі) байланысты зооноздардың маусымдық таралуы байқалады (мысалы, оба індеті, кене энцефалиті, т.б.). Қоздырғыштар сүт, сілекей, несеп, қи арқылы тарайды. Зооноздар ауырған жануарлардың өзінен немесе олардан алынған өнімдерден дайындалған азық-түліктен, ауру малдың қи-несебімен, ласталған судан, жемнен, қорадан, жайылым топырағы арқылы, сондай-ақ маса, бүрге, сона, шыбын-шіркей, кене шаққанда жұғады. Бұл ауруларға қарсы күрес жүргізуде санитарлық-малдәрігерлік шаралар: ауырған малды дер кезінде анықтау, оларды сау малдан оқшаулау; ауру малдың сүтін сатуға және ветеринарлық бақылаудың рұқсатынсыз союға тыйым салу, малды алдын-ала егу, т.б. басты рөл атқарады. Залалсыздандыру шараларын жүргізудің және жеке бастың тазалық ережелерін сақтаудың маңызы зор
65.Ет арқылы адамєа жұғатын (ірі қара мен шошқаның цистицеркозы, трихинеллез, токсоплазмоз т.б.) инвазиялық аурулар табылғанда ұша мен ағзаларға ветеринариялық санитариялық баға беруді түсіндіріңіз.
Цистицерктер тек малды сойып тексергенде ғана еттің талшықтары арасынан көрінеді. Олар сұрғылт-ақ түсті дөңгелек немесе сопақша келген тұнық жылауық, көлемі түйреуіштің басынан бұршақтың мөлшеріндей. Паразиттің сырты жұқа дәнекерқабықпен қапталғанмсн оның ішіндегі паразит көрініп тұрады. Жылауықтың құйрық жағындағы толып тұрған мөлдір сұйықта паразиттің басы мен мойны ішке карай қайырылып жатады. Ірі қараны сойғаннан кейін цистицеркозды анықтау үшін, жақ еттерін сырт жағынан 2 рет, іш жағынан бір рет, жүректі 2-3 рет әр жерден, ұшаның тиісті жерлерінен пышақпен тіліп қарайды. Бұзаудың жүрегін аса ұқыптылықпен тексереді. Бауырын, өкпесін, өңешін қарайды.
Трихинелла көпшілік жағдайда хайуандардың іш қуысы мен көкірек сарайын бөліп тұратын шандырлы көк еттің (диафрагма) етектерінде немесе оның қабырғаға жакын жерлерінде жиі кездеседі, сондай-ақ жақ, мойын, қабырға және белдеме еттерін де мекендейді.
Ет талшықтарының ішінде ол шашыраңқы орналасады, әсіресе сіңірге таяу жерлерінде көп кездеседі.
Ауруды анықтаудың бірден-бір тәсілі сойылған шошқа (үш апталығынан бастап) етін және тағамға пайдаланатын жабайы хайуандар (аю, жабайы шошқа т.б.) еттерін трихинеллоскопия әдісімен міндетті түрде тексеруден өткізеді. Ол үшін кеуде қуысы көк етінің етегінен екі жапырақ (әр қайсысы 60 г) кесіп алады, ал көк еттің етек жағы болмаса, қабырға жағынан немесе қабырға аралық, белдеме, жақ, мойын еттерінен жоғарыдағы мөлшерде үлгі алады.
Трихинеллез (trіchіnellosіs; грек. Trіch, trіohos – шаш) – адам мен жануарларда болатын ішек құрты ауруы.
Трихинеллездің қоздырғышы – трихинеллалар, ұзындығы 1 – 3 мм, тірідей туатын жұмыр құрттар. Дернәсілдері таяқшаға ұқсас, ұзындығы 0,1 мм-ден 1 мм-ге дейін ұзарады. Ересек трихинеллалар иесінің ішегінде өмір сүреді, ал дернәсілдері көлденең салалы бұлшық еттерге өтіп, дамиды, шиыршықтанып, спираль тәрізді бұратылып жатады. Трихинеллез ет қоректі хайуандар мен адамның ішегінде не еттерінде тіршілік ететін жұмыр құрт Т.spiralis тудыратын жіті немесе созылмалы түрінде кездесетін ауру. Бұл аурумен үй малдарынан шошқа ауырғанмен, табиғи жағдайда ауру аю, қабан, борсық, түлкі, касқыр, түлкі, күзен, құндыз, егеу құйрық, тышқан т.б. жабайы хайуандарда кездеседі.
Етті цистицеркозға (финноз) тексеру. Цистицеркоз адамда, итте т.б. хайуандарда кездесетін таспа құрт балаңқурттарынан болатын инвазиялық ауру.
Адамның ас-қорыту жүйесін мекендейтін, жыныстық жағынан жетілген таспа құрттар ұзындығы 10м, ені 12-14мм жететін 1000-нан астам бунақшалардан тұрады да, оның жетілгендері құрттың жұмыртқаларына толған шағында үзіліп адамның нәжісімен сыртқа шығарылады.
Осылай сыртқа шыққан бунақшалар ішіндегі жұмыртқалар малдың жем-шөбімен араласып, оның асқазанына түседі де, қан мен сөл айналымымен ет талшықтарының арасына еніп, 6 ай өткен соң жетілген (личинка) цистицеркке айналады. Осындай ауру малдың етін жесе адам ішек таспа құрт ауруына шалдығады.
Ірі қара ауруының коздырушысы Taeniarinchus saginatus болса, шошқада Taenia soliuem ал Taenia hugatigena, T.ovis, Т.krallei және Т.pisiformis адамға қауіпсіз болғанмен қой, бұғы, үй қояны цистицеркоздарының қоздырушылары болып табылады.
Цистицерктер тек малды сойып тексергенде ғана еттің талшықтары арасынан көрінеді. Олар сұрғылт-ақ түсті дөңгелек немесе сопақша келген тұнық жылауық, көлемі түйреуіштің басынан бұршақтың мөлшеріндей. Паразиттің сырты жұқа дәнекерқабықпен қапталғанмсн оның ішіндегі паразит көрініп тұрады. Жылауықтың құйрық жағындағы толып тұрған мөлдір сұйықта паразиттің басы мен мойны ішке карай қайырылып жатады.
66.Ет арқылы адамға жұқпайтын (эхинококкоз, фасциолез, дикроцелиоз, саркоцистоз, пироплазмидоздар т.б.) инвазиялық аурулар табылғанда ұша мен ағзаларға ветеринариялық санитариялық баға беруді түсіндіріңіз.
Туберкулез – көбінесе созылмалы түрде өтетін, іріп ыдырауға бейім арнайы түйіншектердің – туберкулалардың әртүрлі мүшелер мен ұлпаларда түзілуімен сипатталатын барлық жануарлар түрінің және адамдардың жұқпалы ауруы. Қоздырушысы – Mycobacterium туысына жатады, оған 30 астам өзіндік түрлері кіреді. Жануарларда ауруды бұқа туберкулезінің микобактериалары (Mycobacterium bovis), адамның (Mycobacterium tuberculosis) және құстың (Mycobacterium avium) түрлері қоздырады. Туберкулез микобактерияларының бұқа түрі негізінен ірі қара малдар үшін патогенді, бірақ оларға барлық сүтқоректілер және адамдар бейім келеді. Туберкулез ауру малдан адамға, ал ауру адамнан малға жұғуы мүмкін. Адам туберкулезі қоздырушысының түріне адамнан басқа шошқа, мысық, ит, ірі қара және ұсақ малдар бейім. Mycobacterium avium – үй және жабайы құстар туберкулезінің қоздырушысы, шошқаларда патологиялық өзгерістер тудыруы мүмкін, ал ірі қара малда туберкулинге сезімталдықтың қысқа мерзімді сенсибилизациясын тудырады. Атипикалық микобактериялардың жеке түрлері немесе олардың ассоциациялары ірі қара малдың, шошқаның және құстардың туберкулинге сезімталдылығын тудырады, ал кейбір жағдайларда шошқалардың лимфа түйіндерінде патологиялық өзгерістер тудырады.
Бруцеллез жер шарының көптеген елдерінде таралған, бірақ сирек кездесетін Африка, Орталық және Оңтустік Америкада. Азия мен Европаның кей елдерінде.
Қоздырғыш. Brucello тусының 6 турі бар: 9 биоварианты бар Br.abortus, Br.melitensiz-3, Br.suis-4, Br. Neotomac, Br. Ovis және Br. Canis. Барлық бруцеллалар полиморфты, /0,6-1,5*0,5-0,7 мкм/. Микробтар қозғалмайды, анименді бояулармен жақсы боялады, грам-теріс. Кейбір штамдар капсула түзеді.
Бруцеллалардың физикалық жэне химиялық факторларға төзімділігі жоғары емес. 60 С-да 30 минутта70 С-да 5-10 минутта, 90-100 С-та бірден өледі. Ашылған және салқын сутте, қаймақта микроб 4-7 кунге дейін сақталады, киімде – 14 кун, ірімшік,май, тұздалган теріде – 67 кун, тұздалған етте – 3 айға дейін сақталады. Топырақта, суда, ірі азықта – 4 айға дейін өміршендігін сақтайалады. Шіріген материалда микроб тез жойыла бастайды. Тіке тускен кун саулесі 3-4 сағатта, креомин, фенол, формацильдегид (1%) ерітінділері бір сағатта, 5%-к жана сөндірілген әк – 2 сағатта өлтіреді.
Індеттік ерекшілктері. (Сайдулдин Т. 1999) мәліметі бойынша бұл аурудың табиғи ошағы болмайды.
Инфекция қыздырушысының бастауына бруцеллезбен ауырған малдар жатады, әсіресе олар клиникалық белгілері айқын білінген кезде өте қаупті. Ондай жануарлар марана мен, шумен, тастанды жолмен және жыныс жолдарынан аққан сорамен ауру қыздырушысын аса мол мөлшерде бөліп шығарады.Қыздурышы микроб сонымен қатар сутпен, шәуетпен, нәжіспен және жесеппен бірге бөлінеді. Сиырдың жемінде бруцеллалар 7-9 жыл, ал қойда 2-3 жыл сакаталып, оқтын-оқтын сутпен бөлініп тұрады.
Шаруашылықта ауру жаңадан басқа жақтан мал әкелгенде каратиндеу ережелерін сақтамағанда, ауру және сау малдарды бірге жайганда, бір суаттан суарганда, бір жолмен айдағанда таралады. Ауру қоздырушысын мал қараға ит пен кемірушілер де әкеледі. Әсіресе олар бруцеллезге шолдыққан малдардың шуымен не тастанды төлемін жанаскан жағдайда микроб тасымалдаушыға айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |