Пайдаланылған әдебиеттер:
Большаков Б.Е., Искаков Н.А., Сарсенбай Н.К. Базовые понятия проектного управления устойчивым развитием. —2007.
Воронков Н.А. Экология. Учебное пособие. —М., 2000. 10. Горелов А.А. Экология, курс лекций. —М., 2002.
Додонов В.Ю. Организация функционирования системы механизмов устойчивого развития Казахстана / Под ред. проф.О.С.Сабдена. — Алматы, Институт экономики МОН РК, 2006.
Дуйсен Г.М. Рекреациялық әлуетті экономикалыц түргыдан багалаудың әдістемелік тәсілдемесі // ҚР ¥ҒА Хабарлары. Қогамдыц гылымдар сериясы. — Алматы, 2003. №3. — 74-81 Б
13-ші лекция: Адам (Ежелгі дәуірден Жаңа заманға дейінгі философияда қарастырылуы).
Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі. Ежелгі Үнді діни-философиялық ілімдердегі адам мәселесі.
Конфуцийшілдік және даосизм жүйесіндегі адам мәселесі: ер және әйел бастамалары (Инь/Ян).
Антикалық философия тарихындағы адам бейнелері (Пифагор, Платон, Эмпедокл, Протагор, Сократ, Аристотель).
Ведалық дәуір біздің дәуірімізге дейінгі XV-VII ғасырларды қамтиды. Ведалық әдебиеттің төрт түрін көрсетуге болады: самхиттер – гимндер жинағы; брахмандар – ведалық текстерге түсініктеме және ритуалдарды баяндау; араньяктар («орман кітаптары» орман кезіп, өмір сүретін дервиштерге арналған жинақ); упанишадтар – жартылай поэтикалық, жартылай философиялық трактаттар.
2.Эпикалық дәуір. Біздің дәуірімізден бұрынғы VI ғасыр мен біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырлардың аралығын қамтиды. Осы тарихи уақытта ірі поэмалар Рамаяна мен Махабхарата дүниеге келген. Бұл дәуірдегі философияның дамуын үш сатыға бөлуге болады:
А) Ведалардың беделін мойындамайтын мектептер – джайнизм, буддизм және чарвака – локаята материалистік мектебі, б.э.д. VI ғ.
Б) Бхагавадгита мен кейінгі упанишадтарды теологиялық тұрғыдан реконструкциялау б.з.б. V – IV ғ.
В) Веданың беделін мойындайтын және оған сүйенетін мектептер – санкхья, йога, миманса, веданта, ньяя, вайшешика, біздің заманымызға дейінгі III және біздің заманымызға дейінгі II ғасыр аралығында дамыған.
Бұл мектептерле классикалық үнді философиясының жүйелері қалыптаса бастады.
3.Философиялық сутралар және оған түсініктемелер дәуірі. Осы уақытқа дейінгі жиналған материалдарды қысқарту және жинақтау уақыты болды.
Сутралар қысқа әрі нұсқа текстер болғандықтан оларды қосымша түсіндіру қажет болды.
Үнді философиясының дәстүрінде бәрі мойындайтын және пайдаланатын іргелі ұғымдар бар. Ең алдымен, бұл карма ұғымы. Карма – жазмыш заңдылығы, тағдыр адамға істеген әрекетінің табиғатына қарай несібе сыйлайды. Егер адам өзінің эгоистік пиғылдағы әрекетінен тазарып, тек жоғары құндылықтарға ұмтылып отырса, онда ол карманың кәріне ұшырамайды. Карма ұғымы сансара туралы іліммен тікелей байланысты.
Сансара дегеніміз – жанның жай таппай жиһан кезуі, бір денеден екінші денеге ұдайы ауысып отыруы туралы ілім.
Қайтадан туу қатары үзіліп, сансарадан азат болуды мокша деп атайды.
Ведалар – бұл магиялық дұғалар мен салтанатты әуендердің, қасиетті әндер мен құрбан шалу формаларының жиынтығы.
Олардың ең маңыздысы және ең алғашқысы – Ригведа. Ригведаның гимндерінде атақты құдайларды мадақтап, көтеріңкі әдемі түрде олардың іс - әрекетін жариялау, туысқандық байланыстары мен ұлы потенциясын, негізгі функциясын айқындау бар.
Екінші веда, Самаведа, негізінен Ригведаның гимндерін қайталайтын самхит.
Үшінші – Яджурведа, әртүрлі мектептерге лайық самхиттердің бірнеше варианттарын ұсынады.
Атхарваведа – төртінші және соңғы самхит.
Ведалық әдебиет ұзақ уақытта және алғашқы мемлекеттің қалыптасуының қиыншылықтары жағдайында пісіп – жетілген. Көшпенді, мал бағатын арийлердің алғашқы тайпалары бірте – бірте өзгеріске ұшырап, жіктелген таптарға айналып, дамыған жер өңдеуші, сауда, қолөнері бар қоғам қалыптасты. Мұнда негізгі сословие пайда болды.
Брахмандар – дінбасылары мен монахтар.
Кшатрийлер - әскерлер мен бұрынғы тайпа көсемдері, вайшилер жер өңдеушілер, қолөнершілер және саудагерлер.
Шудралар – тікелей өндірушілер.
Ведалық текстер көзқарастар мен идеялардың бірыңғай жүйесі емес.
Ведалық дін – бұл күрделі, бірте – бірте дамитын діни – мифологиялық көзқарастар мен оған сәйкес рәсімдер мен культтік ырымдардың жиынтығы. «Ригведада» арийлердің жауларын жоятын найзағай құдайы Митра маңызды орын алады. От құдайы – Агни, Күн құдайы – Сурья.
Кейбір ведалық гимндерде қоршаған ортаның жекеленген процестері мен заттарын біріктіретін жалпы принциптерді іздестіруді көреміз. Бұл – бәрін біріктіретін бәрінен жоғары тұратын әмбебап ғарыштық тәртіп принципі.
Ведалық культтің негізі - өз міндеттерін бұлжытпай орындап отыруын сұрап, құдайға жалбарынып, құрбан шалып отыру.
Брахманизм діни философиялық көзқарастар мен рәсімдік – культтік практика ретінде ведалық әдебиеттің тікелей мұрагері болып табылады. Онда әлемнің пайда болуы мен дамуы туралы пікірлер бар. Кейбір жерлерінде әлемнің түпкі субстанциясы су деген пікір де кездеседі.
Брахмандар дегеніміз - ең алдымен, ведалық рәсімдерді орындауға бағытталған практикалық нұсқаулар.
Брахман – абыздар төрт негізгі принципті есепке алуға міндетті: шыққан тегі бархмандық болуы және соған лайықты өмір сүруі, білім алуы және білімділігімен көзге түсуі бірден – бір қажеттілік. Олар адамдарға көмектесіп, солар үшін құрбан шалуы тиіс.
Мұның өзі брахмандардың қоғамдағы орнын ерекше дәрежеге көтерді, оларға тиісе алмады, мүлкіне қол сұқпады. Абыз – брахмандар өзінің осы беделін әрдайым нығайтуға тырысты.
Упанишадтар ведалық әдебиетті аяқтайды.
«Упа-ни шад» термині ұстаздың жанында отыру дегенді білдіреді, ұстазға өте жақын отырып, оның аузынан шыққан әрбір сөзге құлақ түріп, оның мағынасын түсінуге тырысты.
Алғашқы упанишадтар өмірден баз кешіп, ойға шомылған аскеттердің көмегімен жасалған. Брахман өзінің дамуында төрт кезеңнен өтеді: бала кезінде ол ұстазының үйінде ведаларды оқып үйренеді, отбасының қожайыны ретінде түсініктемелерді басшылыққа алады; толыққан шағында араньяктармен танысады, өмірінің соңында өмір қызықтарынан бас тартып кезбеге айналған упанишада даналығына назар аударады.
Аскеттер болмыс пен адамның іргелі сұрақтарына жауап іздестіреді. Ең алдымен, өмір мен өлім, әлемнің құрылымы мен космология, адам мен ғарыш, адам мен құдай қарым – қатынасы туралы мәселелерге жауап іздестіреді. Өмірдің иесі кім? Су ма, тамақпа, от па, жылу ма?
Упанишадтарда ұйқы мәселесіне қатты көңіл бөлінген.Өмірдің мәңгі айналымы туралы идея бар. Адам өлгенде оның рухани және материалдық бастаулары бір – бірінен бөлінеді. Рухани бастау аса маңызды. Ол қайтадан туындауы мүмкін. Сөйтіп, Индияда қайтадан туындаудың шексіз қатары туралы концепция қалыптасты.
Бұл концепцияның мәнісі - өлім, бұл жайбырақаттанудың немесе тынышталудың ақыры емес. Ол шексіздіктің жай ғана үзілісі, содан кейін жаңа өмір басталады, яғни бір кезде тәннен ажыраған жаны жаңа түрге енеді.
Қарма идеясы жақсылық пен жамандық мәселесін жеткілікті түсіндіріп, шешіп отырды. Бәрі өзіңе байланысты, өзінің әрекеттеріннің, істеріннің табиғатына байланысты. Жаман әрекеттерің үшін міндетті түрде жауап бересің.
Упанишад идеалы – Брахманды тану, онымен бірігу, рахаттану. Брахман – бұл жоғары абсолютті реалдылық, жоғарғы күш.
Брахман – жоғары рухани бірлік, яғни әлемнің рухани түп негізі абсолют.
Әркімнің жеке жаны – Атман. Атман – индивидуалды рухани мәнді бейнелейтін ұғым.
Қытай - территориясының көлемі жағынан үшінші орында, ал халқының саны жағынан бірінші орында тұрған алып мемлекет.
Қытай өркениеті бұдан 5000 жыл бұрын пайда болған. Ол біздің дәуірімізден бұрынғы 221 жылдан бастап, 1911 жылға дейін бүтін империя болып келді. Олар қағаз шығарған, кітап басқан, оқ, жібек дайындаған. Дүние жүзіндегі ең сапалы ыдыстар Қытайда жасалған.
Қытай халқының мәдени болмысының негізін қалайтын бес атақты кітабы бар.
«Шу - цзин» - көне императорлардың өкіметтік басқару жүйелері мен ақыл кеңестерін қарастырады.
«И - цзин» - Қытай жазуының негізі болып табылатын фигураларды түсіндіреді. Сонымен қатар бұл кітап Қытай пайымдауларының да негізі. Өйткені ол бірлік пен екі жақтылық абстракциясын түсіндіруден басталады.
«Шу - цзин» - әртүрлі көне әндердің жиынтығы.
«Ли - цзин» - әртүрлі рәсімдер жинағы.
«Чунь - цю» - шежірелер жинағы.
Қытай философиясының негізін екі маңызды принцип құрайды: инь мен ян. Инь – қараңғы төменгі, затты тануға жол ашатын бастау.
Инь мен янь қозғалысы бір тұтастықтағы диалектикалық өзгерістерді білдіреді, инь мен янның ауысып отыруы дао деп аталады.
Қытай философиясының даму барысында инь мен ян барған сайын ең шеткі қарама – қарсылықтың: жарық пен қараңғылықтың, күн мен түннің, күн мен айдың, аспан мен жердің, ыстық пен суықтың, жақсы мен жаманның өзара әрекетін бейнелейді.
Инь мен ян күштерінің дуализмі туралы ілім – Қытай философиясындағы диалектикалық жүйенің даусыз элементі.
Инь мен ян туралы түсініктер Қытай медицинасының, химиясының, музыкасының теориясын әзірлеуде кеңінен қолданылды.
Қытай философиясына тұрақтылық және дәстүрге адалдық тән. Тәртіп пен қоғамдағы реттіліктің негізін аға ұрпақ бастаған іс – әрекетке тағзым және сыйлау қалайды. Өткен ұрпақ қол жеткізген рухани құндылықтар негізге алынады.
Сондықтан Қытай қоғамы тұрақты және белгілі құрылымда ұзақ уақыт өмір сүреді.
Көне Қытай философиясының негізгі ағымдары.
1. Даосизм философиясы.
2. Конфуции философиясы.
Біздің эрамыздан бұрынғы III ғасырда Қытайда бірнеше философиялық ағымдар қалыптасты.
Даосизм
Конфуцишілдік
Инь – ян
Моизм
Легизм
Есімдер мектебі
Қытай дүниетанымның негізгі ерекшеліктері:
Қытай мемлекетін бүкіл әлемнің орталығы деп есептеу;
Жеке оқиғаны, жалпы тарихты циклдық процесс ретінде қарастыру;
Аспан мен жер алдында жер бетінде ғарыштық циклдардың дұрыс іске асырылуы үшін өзінің жауапкершілігін түсінуі;
Адамды, табиғатты, космосты біртұтастық ретінде қабылдау;
Сананың бұрынғы күнге ұмтылысы, өзгерістерге қорқынышпен қарау;
Ұжымнан жеке адамның бөлінбеуі;
Жеке адамның әлсіздігін мойындау және ұжымның күшіне бас ию;
Қоғамда вертикальді байланыстың қанат жаюы, адамаралық қатынастарда субординацияны ұстау, мемлекет басшысын керемет бірліктіруші күш ретінде қабылдау;
Барлық қарым – қатынастарда конформистік ұстанымда болу;
О дүниедегі емес, осы тіршіліктегі өмірді құрметтеу;
Қарияларды, жасы үлкендерді құрметтеу.
Қытай философиясының өзекті мәселесі адам проблемасы. Ол өз болмысында космостық қуаттың (энергияның) үш түрін біріктіреді:
«Цзин» - тірі организмнің бастауы, яғни барлық, тіршілік иелерінің бастауы.
«Ци» - барлық тіршілік иелерін құрастыратын материалдық – рухани қуат.
«Шэнь» - адам тұлғасының өзегін білдіретін рухани қуат.
Қытай философиясының ең көрнекті ағымы даосизм, оның негізін Лао-Цзы қалаған. Лао-Цзы «Кәрі ұстаз философ» деп аударылады, яғни бұл құрметті лауазым «Цзы» деген қосымша «бала» немесе «философ» мағынасын береді.
Лао – цзы - Конфуцийдің үлкен замандасы. Ол «Дао дэ цзин» деген еңбек жазған. Бұл кітап – тақырып бойынша жинақталған афоризмдер жинағы.
Трактаттың атын былай анықтауға болады:
Дао – жол (заттардың)
Дэ – жанның эманациясы (көрінісі)
Цзин – мән
Жалпы кітаптың атын «Жолдар мен оның көріністері туралы кітап» деп алуға болады.
Көне Қытай философиясы білім мен ізігілік мәселесін қатар қояды.
Ізгілік жолы оңай емес. Ізгілік өте нәзік, оны көріп бағалау әркімнің қолынан келе бермейді. Ол да үлкен адамшылықты қажет етеді. Өзіңе сын көзіңмен қарап, өз интеллектіннің өрісін білу өте маңызды. Даосизм ілімнің негізін қалаған Лао – цзы осыған үлкен мән берген.
Біздің эрамызғa дейінгі IV-III ғасырларда жасалған «Дао және дэ туралы ілім» деген трактатта: «Білімі бар бола тұрып, білмеймін деп есептейтін адам дана. Білімі жоқ бола тұрып білетін сияқты түр көрсететін адам ақымақ. Шын дана өзін ешқашан да ұлымын деп есептемейді, сондықтан да ол ұлы бола алады» делінген.
Адамның дамуына үлкен кесілін тигізетін кедергі өзі жөніндегі көтеріңкі пікірі мен өзін - өзі дәріптеушілігі болып табылады. Атақ құмарлық, менмендік сияқты ұсақ, кемшіліктерді жеңе білу – шын мәніндегі даналыққа апаратын алғашқы қадам.
Даосизм ілімінің негізгі ұғымы – дао. Дао табиғат пен адам арасындағы жарастықты, тылсым байланысты ерекше дәйектейді. Ғаламның шексіздігін, мәңгілігін еске алсақ, адамдар әлжуаз, көзге ілінер – ілінбес қана тіршілік иелері.
Адамдар табиғат ананың шексіз қуатымен жарастықта бола алмаса, ұзақ өмір сүре алмайды. Даосизмнің басшылыққа алар негізгі желісі осы. Табиғаттың шектелуді білмейтін алып құдіреті – Дао болып табылады.
Қытай мәдениетінің көрнекті білгірі А.С.Мартиновтың пікірі бойынша, конфуцийлік тұлға өзінің мән – мағынасын табиғаттан алады. Сондықтан мемлекеттік аппарат оны табиғаттың сиы, ерекше дары деп бағалаған.
Даолық жолдың мәні – оның табиғылығынды.
Адам жерге тартады, жер аспанға, аспан – даоға, ал дао - өзіне тартады. Қытай халқына тән ойлау мәдениеті туралы К.Г.Юнг былай жазады: «Біз кездейсоқтық деп анықтаған құбылыс, осы бір ерекше ойлау типі үшін, негізгі принцип дәрежесіне көтеріліп, ал біздер себеп салдарлық байланыс деп соншалықты дәріптейтін құбылыс олар үшін ешқандай мағынасы жоқ нәрсеге айналады».
Оларды салдарлы себеп туындататын гипотетикалық себептерден бұрын бақылау сәтінде бірден көзге түсетін әртүрлі кездейсоқ оқиғалардың өзара байланысы көбірек қызықтырады.
Батыс ойлау мәдениеті әрнәрсені саралап, салыстырып, теріп алып, жүйелеп, бөлектейді, ал қытайлықтар бір сәтке көре алатын бір кішкентай бөлшекке, құбылысқа мән береді. Өйткені, оны осы бір кішкентай құбылыс немесе бөлшектің өзі емес, осы бақылауда болып тұрған сәт көбірек қызықтырады.
Дао - дегеніміз барлық әлемнің негізі. Дэ – бұл күш пен энергия. Ол даомен байланысқан, оның көрінісі.
Ци – бұл әмбебап ғарыштық субстанция (энергия). Ци тек тәнді ғана емес, ойды да тудырады. Ци әлемнің материалды күші ретінде өмірді тудыра отырып, конструктивті, ал сонымен қатар, жолындағының бәрін жаппай, құрта отырып, деструктивті роль атқарады.
Пайда болумен, туындаумен және жоғалумен, құрдымға кетумен, байланыстының бәрі ци ұғымының тікелей мәнін түсіндіреді.
Қытай философиясының тағы да бір көрнекті ағымы – конфуцийшілдік. Оның негізін – Конфуций қалаған.
Кунь-Цю (551-479 ж. б.э.д.) Еуропа тілдерінде Конфуций басқаша айтқанда «Ұстаз Кун» Лу провинциясында Цюй фу деген кішкентай қалашықта дүниеге келген, әкесінен ерте айырылып, анасының тәрбиесінде болды. Жеті жасында мектепке барып, он жыл бойы аса үлкен ыждаһаттылықпен оқыған. Ол рәсімдер мен әртүрлі рәміздерге көп көңіл аударған.
19 жасында үйленіп, астық амбарларының күзетшісі болған. 66 жасқа дейін Қытайдың барлық жерлерін аралап көрген. Сонан соң өзінің туған қаласына оралған. Оның ілімі тез арада тарап, көп ізбасарлары пайда болған. Өмірінің ақырында оның 3 мыңға жуық оқушылары болған.
Конфуцийдің негізгі еңбектері «Көктем мен күз», «Кеңес пен толғам».
Конфуций адамның қоғамдағы және мемлекеттегі орны, тәртібі, өмір сүру канондары жөнінде көп ойланған. Яғни, ол этика мәселесімен терең айналысқан.
Конфуций пікірінше, аштан өлу – кішкентай оқиға, ал моральдан айырылу - өте үлкен оқиға.
Конфуций ілімінің өзегі, негізі - Цзюн – цзы, яғни мәрт азамат кісі.
Конфуцийдің ойынша аспан аясындағы бес асыл қасиетті бойына жинаған адам кісілікті деп танылмақ.
Нақты қандай қасиеттер ?
Сыпайылық, кеңдік, шыншылдық, зиялылық, мейірбандық
Сыпайылық – сыйынды арттырады.
Кеңдік – құрмет туғызады.
Шыншылдық – сенімге жеткізеді.
Зиялылық – табысқа бастайды.
Мейірбандық – билікке жол ашады.
Конфуций мемлекеттің тұрақтылығы туралы мәселе алдыңғы шепке шығып, қоғамдық маңызға ие болған ерекше тарихи дәуірде өмір сүрді. Сондықтан қоғамда баянды тұрақтылық немесе өмір сүру заңдылықтары ұдайы орын алуы үшін оны қалай басқару керек деген сұрақ ойшылдың көкейінде әруақытта тұрды. Ал адам Конфуцийді белгілі бір жүйеліктің заңды бөлшегі ретінде қызықтырады. Сондықтан да оның адам туралы ілімі мемлекетті басқару ілімімен тығыз байланыста болады. Өйткені, Конфуций әртүрлі жағдайларда адам өзін - өзі қалай ұстауы керек екендігін көрсетуге тырысады. Оның ізденістерінде адам туралы теориялық пайымдаулардан гөрі практикалық ақыл – кеңестер басым болып отырады.
Конфуций пікірі Қытай халқының дүниеге көзқарасының ерекшеліктеріне сүйенеді.
Ол адамды табиғаттың оған бағынатын заңды құбылысы ретінде қарастырады, сонымен қатар адамның табиғатқа өзін қарсы қоя алатындығын да ескереді. Мұның өзі адамның Аспан мен Жердің ортасында тұрғандығымен түсіндіріледі. Бір жағынан, адам жер мен көкті өзара біріктіретін дәнекер ретінде дүниенің біртұтастығын қамтамасыз етеді. Екіншіден, өзінің дүниедегі өзіндік орнына байланысты ол жермен де, көкпен де ерекше қарым – қатынаста бола алады.
Конфуций дүниенің құрылымы және дүниеге көзқарас мәселесімен айналасуды қаламаған, рухтар туралы да айтудан бас тартқан.
Барлық адамдардың өзін - өзі ұстауы туралы өте құнды ілім жасады. Ұстаз айтыпты:
Адамды жақындастыратын – тумыс, табиғат, алыстататын – болмыс, ғадет.
Конфуций жүйесінде көне дағдылардың дәрежесі және олардың ілімдері өте жоғары бағаланды, дегенмен алдыңғы қатарға білімнің тек өзі емес, дұрыс әдеп шығып отырады.
Білімнің құндылығы оның жақсы әдептердің қалыптасуына жағдай жасауында болып табылады. Конфуций ілімдері этикет тәртібі бойынша қолданылады. Оларды дұрыс қолдану әр адамның өзіне байланысты болады. «Ритуал» нормаларына сәйкес болу үшін өзін - өзі ұстай білу – осының өзі адамгершілік. Адамгершілікті іске асыру адамның өзіне байланысты, оған басқалардың қатысы бар ма? Сөйтіп, адамгершілік ритуалға бағынышты болып табылады. Ізгілікті адам болу үшін өзін - өзі әруақытта жеңіп, этикет тәртіптерімен басқарылатын қоғамдық қарым – қатынастарға толығымен еніп, оның міндеттерін керекті дәрежеде орындау қажетті шарт болып табылады. Қытай дәстүрінде адам табиғаты екі жақты: бір жағынан оның туа біткен қасиеттері, екінші жағынан, ұдайы өзін - өзі дамытып отыру қабілеттілігі бар. Өйткені адам өзінің көптеген қасиеттерін еркін жұмсап, тәртібін қадағалап дұрыс пайдалануға тырысады. Басқаша айтсақ, адам өзін - өзі басқара білуі керек. Конфуций ізденістері осы қисынға бағытталған.
Ұлы ойшыл мұрасының тамаша бір жалғасы – тәрбие мәселесі. Ол ерекше көңіл бөлген, дамсытқан қағидалар қазіргі уақытта да өзінің ғылыми – практикалық, дидактикалық маңызын жойған жоқ.
Антикалық философия – бүкіл дүние жүзілік философияның дамуындағы керемет құбылыс. Ол Көне Грекияда біздің дәуірімізден бұрынғы VII ғасырдың соңында қалыптасып, біздің дәуіріміздің VI ғасырына дейін өмір сүрді.
Көне Грекияда мың жылдан артық уақытта әртүрлі сарындағы философиялық ілімдер пісіп, жетіліп кейінгі философиялық ойлаудың дамуына негіз, бастау болды.
Антикалық философияның өзіндік келбеті, ерекшелігі бар, оның ең бастапқысы табиғат туралы ілімдермен тікелей байланыстығы. Алғашқы грек философтарын «физиктер» деп сипаттау кездейсоқтық болмаса керек.
Көне грек философиясының тағы да бір маңызды ерекшелігі – оның онтологиялық сипаты. Грек ойшылдары табиғаттың, бүкіл әлемнің мәнін білуге тырысты. Алғашқы бастаулар, түпнегіздер сияқты қарапайым ізденістерден бастап, жалпы болмыс мәселесіне көтеріледі.
Антикалық философияға әлемді біртұтастық тұрғысынан пайымдау тән.
Антикалық философ – ол дана, оның таным процесіндегі жалғыз қаруы өзінің ақылы, ал құралы – байқау. Осыдан келіп оның пайымдау және жалпылау сияқты сипаттары туындайды.
Антикалық философияның дамуында бірнеше кезеңді бөлуге болады. Бұл мәселеде әртүрлі көзқарастар бар. Біз ұсынған дәуірлер екі маңызды факторға сүйенеді: біріншіден, көне грек қоғамның өзіндік дамуы, екіншіден философиялық мәселелердің өзгеріп отыруы.
натурфилософиялық кезең.
гуманистік кезең.
классикалық кезең.
эллиндік кезең.
римдік кезең.
Антикалық философияның натурфилософиялық дәуірі шамамен біздің дәуірімізден бұрынғы VII ғасыр мен IV ғасырлар аралығын қамтиды. Натурфилософияға милет мектебінің өкілдерінің, Гераклиттің, элеаттардың, атомистердің, пифагоршылдардың ілімдерін жатқызуға болады.
Бұл кезеңдегі философиялық ілімдердің мәнін түсіну үшін мынадай іргелі ұғымдарды игеру керек:
түпнегіз – барлық заттардың негізі
апейрон – шексіз, мәңгі, белгісіз, ұдайы қозғалыста болады
«логос» - жалпы заң, Гераклит философиясындағы қажеттілік, сөз, сонымен қатар, ақыл, заң дегенді білдіреді.
апория – шешім табудың қиындығы, тығырыққа тірелгендік деген мағынада қолданылады
атом – Демокрит философиясында өте кішкене, бөлінбейтін бөлшек.
Милет мектебі - антика философиясындағы ең алғашқы мектептердің бірі. Оның өкілдері – Фалес, Анаксимен, Анаксимандр.
Фалес әлемнің түпнегізі су деп есептеген. Бәрі судан пайда болады, бәрі суға айналады. Фалестің шәкірті Анаксимен әлемнің негізі ауа, ал Гераклит от деп есептеді. Анаксимандр барлық заттар мен құбылыстар шексіз, шетсіз апейроннан пайда болған деді.
Эмпедокл әлемнің негізі ретінде төрт затты, яғни отты, суды, ауаны және жерді алды.
Аталған философтардың бәрі дүниенің негізі материалдық субстанция деп есептеді. Субстанция дегеніміз түпнегіз, ол өзінің басқа арқылы түсіндірілуін қажет етпейді.
Гераклит бәрі өзгереді, бәрі өткінші деп пайымдады. Өзгерістердің қозғаушы күші мен негізі - қарама – қарсылықтардың өзара күресі.
Элеаттар мектебінің өкілдері Парменид, Зенон, Ксенофан.
Субстанцияны түсіндіру мәселесінде олар нақты бір зат пен құбылыстан гөрі өзімен өзі болмыс деген ұғымды қарастырады.
Парменид философиясының негізгі тезисі – болмыс бар, болмыс емес жоқ, болмыс еместі тануға, тіпті ол туралы айтуға да болмайды. Ол мәңгілік, пайда болмайды, жойылмайды, ол біркелкі және үздіксіз.
Ксенофанның пікірінше, болмыс дегеніміз - Құдай. Құдай әлемнің субстанциясы.
Зенон шекті және шексіздік, жалғыздық пен көптік, қозғалысты ойлаудың мәселерін қойып, зерттеді.
Зенон бос кеңістік, көптік, қозғалыс мәселелерінің сезімдер үшін бар екендігін мойындады, ал оларды ұғымдар деңгейінде қалай түсіндіру қажет. Мәселенің түп төркіні осыда болса керек.
Аристотель Зенонды диалектиканың негізін қалаушы деп бағалаған, өйткені, ол ақиқатты, қарсыласының ойындағы ішкі қайшылықтарды айқындап, оны шешудің жолын қарастырған.
Зенонның апориялары қозғалысты терістейтін аргументтер. Осы уақытқа дейін оның «Дихотомия», «Ахилл», «Ұшатын жебе», «Стадион» деген апориялары жеткен.
2. Атомистік ілімнің негізін Демокрит қалаған. Атом – дегеніміз бүтін, бөлінбейтін кішкене бөлшек. Оның бірігуінен және бөлуінен бүкіл әлемдегі заттар мен құбылыстар құралады. Олар бос кеңістікте үнемі қозғалады.
Адам да атомдардың бірлігі, бірақ оның жаны бар. Жан дегеніміз де зат, ол ерекше атомдардан, яғни жеңіл және тез қозғалуға бейім атомдардан құралады.
Демокрит осы принципімен таным процесінде түсіндіреді. Таным дегеніміз заттардың бетінде ағып жүретін атомдарды қабылдау. Олар – заттармен құбылыстардың бейнесі.
3. Софистер философиясымен антикалық философияның гуманистік дәуірі басталады.
Софистер біздің дәуірімізге дейінгі кәсіпқой оқытушы, философ.
Маңызды мәселесі – адам мәселесі, оның әлемге қатынасын анықтау. Адам болмысы – субъективті болмыс. Олардың ілімі – субъективті идеалистік ілім, олар адамды барлық заттардың өлшемі деп қарастырады.
Софистер – Протагор, Горгий, Гиппий, Продик, Ликофрон, Алкидамант.
Софистер адамдардың барлық ұғымы мен этикалық қалыптары, баға берулері салыстырмалы деп есептеді.
Сократ – философия тарихындағы ең атақты тұлға. Көне дәуірдің өзінде – ақ ол даналықтың, дана адамның идеалы болып саналды. Сонымен қатар, Сократ - ең жұмбақ тұлға. Өйткені, ол ешнәрсе жазған жоқ, ешқандай жазба мұра қалдырмаған. Афина көшесін ұзаққа кезіп жүріп, философиялық ойларын айтқан. Көшеде кім кездессе сонымен әңгіме дүкен құра берген. Сократ философиясының барлық мағынасы мен мәнін оның шәкірті Платонның философиялық жағынан терең, көркемдігі жағынан тартымды шығармаларынан білеміз.
Сократ философияның негізгі мәселесі адам деп шешті. Сондықтан адам адамгершілігінің табиғатын зерттеуге көңіл бөлді. Адамның ішкі жан дүниесінің мәнін анықтайтн игілік, жамандық, жақсылық, әділеттілік, сүйіспеншілік сияқты құндылықтарды анықтауға кірісті. Осыдан келіп өзін-өзі тану мәселесі туындайды.
Көне Стоя Китилік Зенон, Клеланпф, Хрисипп біздің заманымызға дейінгі II – I ғасырлар. Кейінгі Стоя – Анней Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий – біздің заманымызға дейінгі V ғасыр – біздің заманымыздың 65, 121, 180 жылдары.
Негізгі мәселе – мораль мәселесі. Философияның негізгі міндеті адамгершіліктің кемшіліктерін жою, игіліктерге тәрбиелеу. Стоицизмнің көптеген мәселелері христиан философиясына ұқсас.
Рим стоиктері тұлға психологиясымен айналысты. Ұждан моральдың функционалды ұғымы, ал еркіндік моральдық, әрекеттің тетігі ретінде қарастырылды. Адамның күнәлы болуы түсіндірілді. Адам, тіпті ұлы адамның өзі де кей уақытта кінәлы болады. Өйткені, Құдай ғана күнәсіз. Сенека тағдыр алдындағы адамдардың бірлігі туралы идея ұсынады.
Жалпы платоншылдық ағымы Плотин, Прокл есімдерімен тығыз байланысты. Плотин өзінің көзқарасын «Эннеадтар» деген еңбегінде жариялаған. Барлық тіршіліктің бастауы, қайнар көзі – Құдай. Ол болмыстан да, ойлаудан да жоғары. Бәрінен де жоғары болмыс – Құдай эманация арқылы бәрін жаратқан. Құдай, ең алдымен әлемдік ақылды, сонан соң әлемдік жанды, соңында құбылыстардың сезімдік әлемін жаратты. Адам өмірінің мақсаты - өзін тән құрсауынан босатып құдайға қайта оралуы.
Плотин ілімін Порфирий мен Ямвлих одан әрі дамытқан.
2. Платон философиясы
Платон (б.з.д. 427-347) – көне Грекияның көрнекті философы, Сократтың шәкірті, Академия мектебінің, философиядағы идеалистік бағыттың негізін қалаушы.
Платон ірге философиялық еңбектердің авторы: «Сократ апологиясы», «Парменид», «Горгий», «Федон», «Мемлекет», «Заңдар» шығармаларының көпшілігі сұхбат түрінде жазылған.
Платон философиясының негізгі қағадалары мынадай:
- материалдық заттар өзгермелі, тұрақты емес, уақыт өткен сайын құрдымға кетеді;
- айналадағы қоршаған орта да өзгермелі, уақытша, дербес субстанция ретінде өмір сүре алмайды;
- шын мәнінде тек таза идеялар ғана бар;
- таза идеялар мәңгі және тұрақты;
кез келген зат пен құбылыс сол зат туралы алғашқы идеяның көрінісі, сұлбасы ғана;
Материалды әлем идеялар әлемінің бейнесі болғандықтан, таным процесіннің негізгі объектісі таза идеялар бола алады. Таза идеяларды сезімдер арқылы тануға болмайды, оларды тек ақылдың көмегімен тануға болады.
Платон – бір тұтас, жүйелі философиялық ілім жасаған алғашқы грек философы. Оның құрамында әлем, адам, оның жаны және қоғам мен мемлекет туралы көзқарастар бар.
Платонның пікірінше, әлем үшқабаттан тұрады. Ең жоғарғы және негізгі қабат – идеялар әлемі, екіншісі – адамдар тұратын материалдық әлем, ал үшіншісі түнек, яғни идеяның күйреуі.
Ойшыл құрметтеген негізгі идеялар қатарына, этикалық сипаттағы Ақиқат, Игілік, Әдемілік және Әділеттілік идеялары жатады.
Платон өз идеяларын екі немесе одан көп тыңдаушылар қатысатын сұхбат түрінде баяндаған. Олардың біреуі әруақытта Сократ болған, Сократ авторлық идеяны жеткізуші, түсіндіруші.
Сұхбат ерекше көтеріңкі, поэтикалық түрде өрбіген. Қажет уақытында автор философиялық сипаттағы мифтік шығармашылықты да кеңінен пайдаланған. Мәселен, Платон үңгір туралы мифте материалдық әлемдегі адам санасының кейпін бейнелейді. Өзіңіз көз алдыңызда елестетіңізші: бір үңгірде оның қабырғасын ғана көре алатындай етіп байланған тұтқын отыр. Үңгірге кіре берісте қолына шырақ ұстаған адамдар әрі бері қозғалып жүр, жанған оттар көрінеді. Тұтқын үңгірдің қабырғасынан не көре алады? Бұлыңғыр, ары бері қозғалып жүрген көлеңкені ғана көреді. Үңгірдің сыртында не болып жатқанын ол біле алмайды. Адам әлемде болып жатқан оқиғаларды білетін сияқты, ол шын мәнінде ол шындықтың көлеңкесін ғана біле алады, яғни идеяның жарық түсіруін ғана сезе алады.
Платон өз шығармашылығында мемлекет мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Мемлекеттің бірнеше түрлерін анықтайды:
Монархия – бір адамның әділетті билігі.
Тирания – бір адамның әділетсіз билігі.
Аристократия – азшылықтың әділетті билігі.
Олигархия – азшылықтың әділетсіз билігі.
Демократия – көпшіліктің әділетті билігі.
Тимократия – көпшіліктің әділетсіз билігі.
Платон мемлекеттік құрылымның өзіндік бағдарламасын ұсынады. Бұл бағдарлама бойынша:
мемлекеттің барлық халқы үш сословиеге – философтар, әскерлер, жұмысшылар – бөлінеді;
жұмысшылар ауыр қара жұмыспен айналысып, материалдық игіліктерді жасайды, аз көлемде меншік иесі бола алады;
әскерлер ұдайы өзін - өзі шынықтырады, жетілдіреді, қоғамда тәртіп пен реттілікті қамтамасыз етіп отырады.
философтар әлемді таниды, мемлекетті басқаруды үйретеді, философиялық теориялар жасайды.
Философтар мен әскерлер жеке меншік иесі бола алмайды.
- мемлекет тұрғындары бос уақыттарын бірге өткізеді, бірге тамақ ішеді, бірге демалады.
Платон философиясының тарихи маңызы мынада:
бірінші рет философ іргелі философиялық туындыларды дүниеге келтіреді;
идеализм бағытына негіз болды;
бірінші рет тек табиғат қана емес, қоғам мен мемлекет мәселелері жан – жақты талқыланды;
ұғымдық ойлаудың негізі қаланды;
философиялық мектеп – Академия пайда болды.
Платон Академиясы – Афина қаласының маңында 387 жылы құрылған діни – философиялық мектеп болды. Оның ең атақты шәкірттері:
Аристотель
Ксенокрит
Кратет
Аркесилай
Академия 529 жылы Византия императоры Юстинианның бұйрығымен жабылған.
3. Аристотель (б.з.д. 384-322) – классикалық дәуірдегі көрнекті философ. Платонның шәкірті, Александр Македанскийдің ұстазы.
Аристотельдің философиялық іс - әрекетінің дамуында үш маңызды кезеңді бөліп көрсетуге болады.
б.з.д. 367-347 (30 жыл), 17 жасынан бастап Платон Академиясында жұмыс істеді.
б.з.д. 347-335 – Македонияның астанасы Пеледе тұрды, патша Филиптің өтініші бойынша Александр Македонскийді тәрбиеледі.
б.з.д. 335-322 - өзінің мектебі – Ликейді құрды, өмірінің соңына дейін сонда істеді.
Аристотельдің көрнекті еңбектері: «Органон», «Физика», «Механика», «Метафизика», «Жан туралы», «Никомах этикасы», «Риторика», «Политика», «Поэтика».
Ойшыл философияны үш бөлімге жіктеген:
теориялық, яғни алғашқы философия – болмысты, оның әртүрлі қабаттарын, әртүрлі құбылыстардың себебін зерттейді;
практикалық – адамның іс - әрекетін, мемлекеттің құрылымын қарастырады;
поэтикалық.
Сонымен қатар, Аристотель логиканы да дамытқан.
Болмыс мәселесін қарастыру барысында философ Платонның идеялар туралы білімін сынға алды. Платонның кемшілігі - идеяларды шындықтан бөліп қарауға тырысуы. Аристотельдің пікірінше, қоршаған ортамен байланыссыз таза идеялар болуы мүмкін емес. Нақты жеке құбылыстар мен заттар бар. Мысалы, үйдің идеясы емес, белгілі сипаттары бар нақты үй бар.
Болмыс таза идея емес, сонда ол қайдан пайда болды. «Болмыс дегеніміз не» - осы сұраққа жауап беру барысында болмысты ұғымдар арқылы анықтауға болады деген ұйғарым туындайды.
Аристотель он ұғымды бөліп қарастырады. Олар мән, сан, сапа, қатынас, уақыт, орын, жағдай, әрекет, қиналу. Яғни, болмыс дегеніміз - сандық, сапалық, уақыттық, орындық, қатынастық, жағдайлық, әрекеттік, қиналу сипаты бар мән.
Аристотель философиясынды материя ұғымы маңызды роль атқарады.
Оның пікірінше, материя дегеніміз – формамен шектелген потенция (мысалы, мыс шар – бұл шардың формасымен шектелген мыс). Осы мәселе төңірегінде Аристотель мынадай ой қорытады:
әлемдегі барлық болмыс материя мен формадан тұрады;
материя мен форманың өзгерісі заттың мәнін өзгертеді;
шындық материядан формаға және формадан материяға өту болып табылады;
материя енжар, ал форма белсенді бастау.
Сананың негізі - рух немесе жан. Философ жанның үш деңгейін анықтайды.
өсімдік жаны
жануар жаны
ақылды жан
Сананың негізгі иесі ретінде жан ағзаның функцияларын да орындайды.
Өсімдік жан тамақтану, өсіп, жетілу функцияларына жауап береді. Жануар жан да осыған қатысты, бірақ оған адамның түйсігі мен тілектері де бағынышты. Ақылды жан аталған функциялардан басқа ой қорыту және ойлау әрекеттерін де атқарады. Осы соңғы қасиетті адамды ерекше бөлектейді.
Аристотельдің пікірінше, адам жоғары ұйымдастырылған жануардың бірі болып табылады, бірақ басқалардың оның айырмашылығы ақылы мен ойлауының болуында.
Адамдар топтасын өмір сүруге бейім. Осы қасиеті қоғамның туындауына негіз болған. Қоғам дегеніміз белгілі территорияда өздеріне қажетті материалдық игілікті өндіріп, оны өзара бөлісіп, бір – бірімен белгілі әлеуметтік қатынаста болатын адамдардың жиынтығы.
Қоғамдағы қатынастарды мемлекет реттеп отырады.
Аристотель философиясының тарихи маңызы мынада:
Платонның идеялар теориясын сынау барысында оның ілімінің осал жақтарын дәл тауып көрсетті;
Әлем мен адамның қалыптасуын материалистік тұрғыдан түсіндірді;
Он философиялық категорияларды анықтады;
Категориялар арқылы болмыстың анықтамасын берді;
Материяның мәнін түсіндірді;
Логиканың дамуына елеулі үлес қосты, дедуктивтік әдістің мәнін ашып, силлогизмдер жүйесін жасады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Әлемдік философиялық мұра : Жиырма томдық. - Алматы : Жазушы. - 2005
1-ші том. : Ежелгі шығыс философиясы. - 560 с. - («Мәдени мұра»)
Әлемдік философиялық мұра : жиырма томдық. - Алматы : Жазушы. - 2006
11-ші том : Өмір сұру философиясы. - 512 с
Әлемдік философиялық мұра : жиырма томдық. - Алматы : Жазушы. - 2007 Т.15 : Постмодерн философиясы. - 464 с. - («Мәдени мұра»)
7 .дәріс Адам философиясы және құндылықтар әлемі.
Жоспар:
1.Адамды қарастырудың философиялық тәсілдерінің ерекшеліктері.
2.Қазақ философиясындағы адам мәселесі.
3.Адам, индивид, индивидуалдық тұлға.
Адамды қарастырудың философиялық тәсілдерінің ерекшеліктері.
Философиялық антропология – адамның мәні, құрылымының мәні туралы ғылым. Оның қоршаған әлемге, барлық заттың негізіне, болып жатқандардың метафизикалық мәніне және оның әлемдегі физикалық, психологиялық жеке рухтың пайда болуына қатынасы оның биологиялық психикалық, рухани — тарихи және әлеуметтік даму заңдылықтары туралы ғылым
Адам проблемаға айналған кезде адам «адам деген не, ол бұл әлемге неге келді және басқа тірі жандардан немен ерекшеленеді» деген мәселелермен ойланған кезде философиялық антропология іргелі және орталық философиялық ғылымға айналады. Fылымның қазiргi жетiстiктерi адамды биологиялық факторлармен қатар әлеуметтiк факторлар да маңызды рөл атқаратын эволюциялық даму өнімі деп тұжырымдауға мүмкіндік бередi. Осы орайда адамның жоғары ұйымдасқан жануарлардан басты айырмашылықтары туралы және осы айырмашылықтарды мүмкін еткен үрдiстердi ғылыми тұрғыда түсiндiру туралы мәселе шешушi мәнге ие болады.
Алайда әлемнiң қазiргi ғылыми картинасында антропогенез үдерiсi көп жағдайда белгiсiз күйiнде қалып отыр. Бұл жағдай «адам феноменiн» тамаша зерттеушi, атақты француз философы, биологы, палеонтологы және антропологы Пьер Тейяр де Шарденнiң мынадай сездерiмен түсiндiрiледi: адам «эволюцияның өзегi мен шыңы» болып табылады және «адамның кiлтiн табу, демек әлемнiң қалай құрылғанын және ол қалайша ары қарай құрылуы тиiс eкeнiн бiлуге ұмтылу деген сөз».
Жетiспейтiн айғақтардың жоқтығы, адамға деген eскi көзқарасқа күмән келтiретiн жаңа ашылымдар адамның мәнi мен табиғаты туралы әр түрлi концепциялар туғызды. Оларды жалпы, шартты түрде рационалистік және иррационалистік деп бөлуге болады. Иррационалистiк көзқарас негiзiне адам әpeкeтi немесе оның кең мағынасында адам болмысы түсiндiруге келмейтiн iшкi сарындар, ыpықтар, көңіл — күйлер көpiнici позициясымен талданатын идеялар құрайтын экзистенциализм, неотомизм, фрейдизм iлiмдерiн жатқызуға болады. Бүтiндей алғанда иррационалистiк концепциялар адамның кейбiр қырлары мен қасиеттерiн ашқанымен, адамның шығу тегi жөнiнде ешқандай логикалық тұрғыда дайындалған теория немесе ең болмағанда гипотеза да бермейдi.
Адам туралы бiздiң қазiргi көзқарастарымыз иррационалистiк бағыттағы ойшылдар жетiстiктерiн eскepгeнiмeн, көбiне рационалистiк, материалистiк және идеалистiк идеяларға сүйенедi. Мысалы, жүздеген, мүмкін мыңдаған жылдарға созылған адамның жануарлар әлемiнен бөлiнiп шығу үдерiсiн түсiндiре отырып, Маркс пен Энгельс былай деп жазады: «адамдарды жануарлардын санасына, дiнiне жалпы тағы басқаларына қарап айыруға болады. Ал олар өздерiн жануарлардан өмiрлiк қажеттi құралдарды өндiре бастаған кезден айыра бастайды, адамдар өздерiнiң материалдық өмipiн жанама жолмен өздерi өндiредi». Жануарлық жағдайдан адамға өтуге мүмкiндiк беретiн басты критерий оның мәдениеттенуi – бұл жерде материалдық өндiрiс болып көрiнедi. Адамның әлеуметтiк — биологиялық эволюциясын түсiндiруде Энгельс ұсынған антропогенездiң еңбек теориясының маңызы зор. Бұл теорияны жақтаушылар еңбек биологиялық заңдар әcepiн тepicкe шығармайды, бiрақ ол табиғи сұрыпталу әpeкeтi сипатын өзгертедi, қалыптасушы адам өз жеке өлшемi бойынша табиғатты өзгерту қабiлетiне және адамның өзi қалыптасуына ықпал етедi деп санайды. Еңбек әpeкeтi арқасында адамның биологиялық және рухани қажеттiлiктерi өтеледi, адамдардың бiрiгу ауқымы көбейе түседi. Еңбек арқылы адам өзiн, өзiнiң физикалық және ақыл — ой қабiлеттерiн көрсете алады.
Адам және адамзат тұлғасы қалыптасуындағы үлкен рөл тілге тиесiлi. Тiл арқасында адамның ойлауы дамиды. Тiл маңызы, ең алдымен, онсыз адамдардың еңбек әpeкeті практикалық тұрғыда мүмкін eмecтiгiмeн сипатталады. Өзара қатынас арқасында адамдар бiр — бiрiмен байланыс орнатты, өзара әрекеттiң әр түрлi мәселелерi бойынша келiстi, тәжiрибе бөлісті және т.б. Тiлдiң көмегімен бiр ұрпақ келесісіне ақпарат, білім, әдет — ғұрып және дәстүрлердi жеткiзiп отырды. Онсыз бiр қоғамда өмip cүpeтiн әр түрлi ұрпақтар арасындағы байланысты көзге елестету қиын.
Адамның мәнi мәселесi адам туралы философиялық ілімнің өзегiн құрайды. Адамның дамуы мен тарихи негiзiн және оның мәнін құрайтын субстанция ретiнде қазiргi ғылым қоғамдық өндiрiс шеңберiнде жүзеге асатын еңбек әpeкeтiн атайды. Қоғамдық өндiрiс пен еңбек әpeкетінің дамуы нәтижесінде адамдардың қоғамдық қатынастары да дамиды. Индивидтiң жеке дамуы қоғамдық қатынастардың бүкiл жиынтығын өн бойында жинақтауына, игеруiне және оны жүзеге асыруына байланысты. Сондықтан да Маркс адамды абстрактылы тұрғыда түciнгeнi үшін Фейербахты сынай отырып, былай деп жазды: «адамның мәнділігі жекелеген индивидке тән абстракт емес. Ол өз болмысында барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады».
Адамның өмip cүpyi мәселесi де адам мәнi мәселесi сияқты маңызды. Оның алғышарты туралы емес, адамның өмip cүpyi мен мәндiлiгiнiң тұтастығы мен қажеттi байланысы туралы айтуға болады. Адам әрқашан да, бiр жағынан, әуел бастапқы «әлдене» және, екiншi жағынан, ол өзiнiң iз — таңбасы мен шектеуін қалдыратын әлеуметтiк ортада дамиды. Сондықтан да индивидуалдық өмip сүру осы қажеттiлiксiз, оның мәнін құрайтын қоғамдық қатынастар жүйесiнсiз мүмкін емес. Сонымен қaтap, оның мәнi де оның өмip cүpyiнeн тыс бола алмайды. Адам бойындағы биологиялық пен әлеуметтiлiктiң арақатынacы мәселесi де осы өмip сүру мен мәндiлiк мәселесiмен байланысты. Өзiнiң мәнi жағынан адам әлеуметтiк жан. Сонымен бiр мезгiлде ол табиғаттың жемiсi және оның шектерiнен тыс өмip сүре алмайды, өзiнiң биологиялық қажеттiлiктерiн өтейдi, iшедi, жейдi, дене қабатын тастап кете алмайды. Адамдағы биологиялық пен әлеуметтiлiк ажырамас тұтастықта орналасады, оның бiр жағын «әлеуметтiк сапаға» ие тұлға құраса, екiншi жағын табиғи негiзi болып табылатын ағза құрайды.
Қазақ философиясындағы адам мәселесі.
Қазақ философиясында басқа халықтар тәрізді Әлем мен Адам екі дүниенің сырын ашуға ұмтылған.
Адам бойындағы небір тылсым күштерді де тануға ұмтылған. Қазақ халқының дүниесезімі мен дүниетанымының ерекшелектері өзі өмір сүрген ортамен тікелей байланысты. Қазақ халқы басқа еуропа халықтары сияқты табиғатты өзгертуге немесе оған үстемдік етуді мақсат етіп қоймаған. Керісінше, табиғатқа бейімделіп, онымен гармониялық қатынас орнатуды мақсат тұтқан. Қазіргі заман тілімен айтқанда, көшпенді қазақтардың экологиялық санасы биік болған.
Қазақ ағартушылығының көрнекті өкілі Ы.Алтынсарин бала дүниетанымының философиялық мәселелерімен алғаш шұғылданып, осы бағытта тамаша үлгі жасады. Хикмет сөз, яғни даналық айту дәстүрі Абай Құнанбаев заманына дейін үзілмеген. Абай адам болмысын тануда тың дүниетанымдық ойлар айтты. Адамзатты Алла махаббатпен жаратқан, демек, махаббат адамға дейін болған, Алланың тек өзіне ғана тән құдіреті деп білген Абай Адам мен Алланың арасындағы қатынасты сүю деп атайды. Өзін махаббатпен жаратқан Алласын адамның сүюі парыз. Абай сүюдің үш түрін айтады, олар: Алланы сүю, оның жаратқан кереметі – адамды сүю және хақ жолы деп әділеттілікті сүю. Осы үш сүюді Абай имани гүл дейді. Хакім Абай «толық адам» немесе кәмелетті адам тұжырымдамасын жасады. Олар: нұрлы ақыл, жылы жүрек, ыстық қайрат. Адамды толық ететін – ақыл, жүрек, қайрат. Абай сияқты Шәкерім Құдайбердіұлы да қазақ елін қалай мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Шәкерім Абайдың имани гүл ілімін «Үш анық» кітабында ұят туралы ілімге айналдырды. Осы еңбекте Шәкерім сол кездегі еуропа ағымдардан деректер келтіре отырып, этикалық максимализмге негізделген ар-ұятты дәріптеу ілімін жасады. Ойшылдың тарихи-философиялық еңбектерінің («Қазақ айнасы», «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ hәм хандар шежіресі», «Үш анық») дүниетанымы мен негізгі әлеуметтік сарыны ағартушылық, адамгершілік идеяларымен сабақтасып жатыр. 19–20 ғасырларда Қазақ философиясындағы ой-толғаныстар мен көтерілген негізгі мәселелер дәстүрлі қазақ ойшылдығына сүйенгенімен, олардың ойлау кеңістігі кеңейіп, Қазақ философиясын еуропа дәстүрмен ұштастырып отырды. Бұл бағыт Абайдан басталып, 20 ғасырдың басындағы басқа да қазақ ойшылдарының шығармаларында жалғасын тауып, кең өріс алды.
Әбу Нәсір әл Фараби қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысында өмір сүрген түркі тайпасында шамамен алғанда 870 жылы дүниеге келген. Әлі Фараби философиясының негізгі зерттеу объектілерінің бірі — адам. Антика дәуірінің ойшылдары секілді әл Фараби де адам өмірінің мақсаты — бақытқа жету деп түсінеді. Адам әуелі бақыттың не екенін түсініп, оныі өзінің мақсаты ретінде анықтап алған соң ғана оған жетудің жолдарыні танып-біле алады. Әл Фарабидің пікірінше, шын бақыттың не екенін түсінуге көмектесетін — адамның ақыл-ойы. Ақыл адамға күш береді; ақыл-ойына көбірек жүгінген адам ғана жақсы мен жаманды айыра алады. Жігердің үш түрі бар, біріншісі — түйсіктен, екіншісі — елестетуден, үшіншісі — ойлау қабілетінен туындайды деп көрсеткен әл Фараби соңғысын еркін тандау деп атайды және ол адамға ғана тән, басқа жануарларда ол жоқ дейді. Әл Фараби нағыз бақыт деп білімге, ізгілікке және әдемілікке ие болу деп түсінді. Оған жету үшін адамның бойында жігердің осы үш түрінің бәрі де болуы шарт. Бірақ адамдардың бәрі бірдей бақытқа бөлене бермейді, себебі олардың ойлау қабілеттері, мүмкіндіктері әр түрлі. Бақыттың не екенін, оған қалай қол жеткізуді түсінбеген адам өзінің өмірлік мақсаты етіп мүлде басқа нәрсені таңдап алуы мүмкін. Бұл жағдайда адам абсолюттік ізгілік — бақытқа емес, абсолюттік зұлымдыққа тап болатындығын ескерткен әл Фараби бақытқа бөленуге күші жетпеген адамдарды тәрбиелейтін ұстаз, басшы қажеттігін айтады.
Ұстаз, басшы болу, өзінің соңынан басқаларды ерту кез-келген адамның қолынан келе бермейді, ол үшін ерекше қасиеттер керек деген әл фараби өзінің «Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат» атты еңбегінде ұстазға тән қасиеттерді сипаттайды. Басшы адам, имам, ен әуелі өзін басқарып, тәрбиелейтін басқа басшыны қажет етпейді. Дененің басты мүшесі ретінде әуелі жүрек, сонан соң ғана дененің басқа мүшелері одан төмен орналасатыны секілді, басшы бәрінен жоғары, ол қала, ұйымының және оның мүшелерінің басты себебі. Қала тұрғындарының бойында жігерден туындайтын қасиеттерді тудыратын да осы басшы. Дене мүшелерінің біреуі бұзылғанда оны жүрек түзететіні сияқты, басшы қала ұйымының бұзылған мүшесін түзеп отырады. Әл Фараби басшы бола алатын адамға қажетті он екі қасиетті атайды: оның дене мүшелері кез-келген харекетті қиындықсыз орындай алатындай мінсіз, жан-жақты жетілген; оған айтылып отырған нәрсені түсінетіндей және онын іс жүзінде қандай болатындығын көз алдына елестете алатындай табиғи қасиеті бар; түсінген, көрген және қабылдаған нәрсесінен ешттеңені ұмыт қалдырмайтындай жақсы есте сақтай біледі; заттың кішкене ғана қасиетін байқау арқылы оның не нәрсені білдіріп тұрғанын тез түсінетіндей қырағы ақылға ие; ойлаған нәрсесін айқын жеткізе алатын шешен: оқуға және танып-білуге деген махаббаты бар және бұл істе шаршамайды, азаптанбайды; тамақ пен сусын ішуде, жыныстық қатынастарда шектен шықпайды, табиғатынан ойынды және одан туындайтын рахатты жек көреді; шындықты және ол үшін күресетіндерді сүйеді, өтіріқті және өтірік айтатындарды жек көреді; маңғаз жанға ие және арнамысты биік ұстайды: оның жаны табиғатынан төмен істерден жоғары тұрады және асқақ істерге ұмтылады; дирхем, динар және күнделікті өмірдің тағы басқа да атрибуттарын жек көреді; әділеттілік пен оны жақтаушыларды сүйеді және тирания мен оны тудырушыларды жек көреді; өз адамдарыңа және жат адамдарға әділ, әділеттілікке бағыттайды және әділетсіздік құрбандарының шығындарын өтейді, ол ізгі және әсем деп түсінетін нәрселерді барлық адамдарға береді; әділетті, бірақ бірбеткей емес, әділеттіліктің алдында мінез көрсетпейді, бірақ кез-келген әділетсіздік пен төмен істерге қатысты қайтпастай мығым; өзі қажетті деп есептейтін нәрсені жүзеге асыруда батыл және ержүрек, үрейлену мен қорқақтықтың не екенін білмейді.
Адам, индивид, индивидуалдық тұлға.
Адамды анықтауда адам, индивид, индивидуалдық тұлға деген терминдар қолданылады. Индивид – адам тегінің жекелік өкілі, адамгершіліктің барлық психологиялық және әлеуметтік белгісі: ақыл, ерік, қажеттілік, қызығушылық нақты тасушысы. Индивид түсінігі мағыналық жағынан нақты адам ретінде қолданылады. Әрбір жеке адам балалық шақтан бастап адамзат баласымен қол жеткен ұрпақтар санасы кезінде адам баласы өз жаратылысын иеленеді.
Сонымен қатар баласының жеке адамы – тек табиғи, биологиялық жаратылыс қана емес, олар адамдардың қоғамдық өмір сүру әрекетінің ұзақ мерзімді үрдісінің өкілі болып, саналатын екінші табиғатқа ие. Әлеуметтік жеке адам болып табылады.
Жеке адамның бірегейлігін салыстыру үшін осы саладағы адам баласының белсенділігін басқа әрекетпен міндетті түрде салыстыру керек. Сондықтан даралық өзіне жеке адамның өзіне ғана тән биологиялық түр және адамзат қоғамының өнім ретінде жалпы ерекшеліктерді қосады. Өзара байланыспен тұтастықтан алынған бұл жаратылыстар адамның даралығын бейнелейді. Сонымен бірге сондай — ақ даралықты әлемдегі ерекше тұрмыс формасы арқылы анықтауға болады. Адам болашақта қоғамдық жаратылыс ретінде қоғаммен тығыз байланысты.
Жеке өзін анықтауда зейін әлеуметтік сапаға және адамның әлеуметтік белсенділігіне бөлінеді. Қазіргі философияда адамның тұрмыстық мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Адамда екі өмір бар: біреуі — өмір сүретін, қоршаған ортаға және қоғамға дағдыланған; екіншісі – сыртқы әлемнен жасырын жатқан өмір. Философиялық көзқараспен қарасақ, соңғы өмір, шынайы өмір: бұнда біз қуанамыз, қобалжимыз, толық өмірмен ғұмыр кешеміз. Осындай тұрпатта адам екі өмірлік. Адам тұрмысының негізгі категорияларын анықтайтын өмір – бұл бостандық, шығармашылық, махаббат, бақыт, сенім, болып табылады.
Айтылғандарды қарастыра келе, адам қоғамдық – тарихи үрдістің материалды және жан мәдениетінің даму субъектісі өзге формалармен генетикалық байланысты биологиялық жаратылыс дегенді анықтайды. Алайда олардан еңбек құралдарын жасау қабілеті бар адамға тән сөйлеу мен санасының арқасында ерекшелігі арқылы білініп тұратын жаратылыс.
пікір
Адам
Ницше былай дейді: "Бірегей адам дегеніміз теңіз, оның ішінде сенің үлкен менсінбеуің тұншығады".Ф,Ницше ұсынған "Бірегей" тұлғаның негізгі ерекшелігі: Өзінен үздіксіз асып өтетін, әлсіздікті жеңетін, өзін толық әйгілейтін, тобырларға жолсілтейтін асқан адам; Бірегей ақиқат пен этиканың жаңа арқаны, ереже мен құндылықтың жаратушысы; ол еркін, өзімшіл, жетілген, кемел; Бірегей адамзаттың ең негізгі қайғысы мен ең ұлы үмітіне өкілдік етеді; Ол жайсыз орта шектемесін бұзып шығушы, оған деген өшпенділік, қызғаныш, күдік, қаталдық, ашкөздік, зұлымдық дегендер оны тіпті де күшейтеді. Демек, ол бейшара әлжуаз емес, ол толыққанды түбегейлі адам. Ф.Ницше Бірегейді обсолютті Құдай деп есептемеген, ол Ақырласқан адамғасалыстырмалы айтылған, ол соңғы жетілген нұсқа емес, үздіксіз жетілуге құштар тұлға.
Бірегей мен жай адам ұқсамайды. Адамға мораль керек, ал Бірегей моралдың тар шанағынан аттап өтеді. Бәлкім, Ф.Ницше эволюция теориясының ықпалына ұшырағандықтан болар, "мораль дегеніміз әлсіздердің этикасы" дегеннен айнымады. Әлсіз қортықтар күштілерді жеңе алмағанда моральдық құндақ арқылы күштілерді тұсап, өз қауіпсіздігін сақтағысы келеді. Бірегей әлсіздерге жанашырлық танытпайды, ол әлсіздердің құрып жоғалуын күйттейді. Ф.Ницшенің ойынша әлсіз-қортықтар құрып жоғалуға тиіс, әлсіздер бекіткен мораль құндағын үзіп, қоғам Бірегейлік ұстанымға қарай ауысуы шынайы әділет есептеледі.
Балалардың ой – өрісін дамытудағы математикалықойын-жаттығулар.Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ой-өрісі дамыған жанаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.Оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білімді игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу.Елімізде жүріп жатқан саяси-әлеуметтік реформаларға байланысты жалпы білім беру салаларына қойылатын талаптар да өзгеруде. Себебі білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші роль атқарады.ХХ ғасырдағы көрнекті Нидерланды ойшылы И. Хейзинг «Ойнаушы адам» ұғымы «Жасаушы адам» ретінде елеулі қызметті бейнелейтіндігін айтады. Шындығында іс-әрекеттің қалған түрлерінің ешқайсысында да адам ойындағыдай өзінің психофизиологиялық, интеллектуалдық мүмкіндіктерін әйгілей алмайды. Ойын оқытады, дамытады, тәрбиелейді, әлеуметтендіреді, көңіліңді аулайды, демалыс сыйлайды. Баланы ойыннан ажырату – оның дамуының басты көзінен, шығармашылық импульсінен және әлемді тану үдерісін жандандырудан айыру болып табылады.
Маркузеге Гегель, Маркс, Ницше, Фрейд идеялары үлкен әсер етті. Ол жеке адамның бостандығына қатер төндіретін индустриалды қоғам мәдениетіне қарсы бағытталған "сыни теорияны" жасауға қатысты. Ол "бір өлшемді қоғам" және "бір өлшемді адам" ұғымдарын енгізді. Бір өлшемді қоғам деғеніміз - бұрынғы адамгершілік құндылықтарының бәрінен айырылған, басты құндылығы индустриалды даму болып табылатын тоталдық жүйе; бұл қоғам жүйенің өз ішіндегі қандай да бір еркіндікке шек коя отырып, "сыртқы еркіңдік" үшін күреседі. Бірақ күрес қанша нақты жүргізілгенімен, адамға еркіндік берілмейді. Бір өлшемді қалып-күйден шығарылу үшін мәдени құндылықтардын өзгеруі және "ішкі еркіндікті" таба алу кажет. Бір өлшемді қоғам саяси және рухани теңгермешілдік катерлі тенденциясын тудырды және бүған "бір өлшемді" адамның қалыптасуына кінәлі құқьіқ пен бостаңдықтың мән-мағынасына деген парықсыздығымен ғылыми, оқу-ағарту, білім мүмкіндіктердің тудырды.Бір өлшемді қоғам, бір есептен, конструктивтіліктің жоқтығынан қалыптасты, ал бұл оппозицияның болмауына әкеп соқтырды. Бір өлшемді қоғамның қауіптілігі — ол ерекше "адам типін", ештеңе айта алмайтын және айтқысы келмейтін, мемлекеттік құрылымдарға толық тәуелді адамды тудырады. Жалпылық қоғамда сананы баспасөз, теледидар, радио, жарнама, сән және т.б. арқылы қалыптастыру өдістері қоғам мүшелерінің пікірлері мен қажеттіліктерін ғана емес, ішкі сезімдері мен ақылдан тыс реакцияларын да манипуляциялайды .
Сократ философиясындағы адам мәселесі. Софистер және Сократ.
Адам — Жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы. Адам – философия, әлеуметтану, психология, физиология, педагогика, медицина, т.б. ғылымдардың нысаны болып табылады. Адам мәселесі, оның пайда болуы, өмірде алатын орны, тіршілігінің мәні мен мақсаты адамзат танымының формалары – әпсаналардағы (мифологиядағы), діндегі, философиядағы, ғылымдағы ең негізгі мәселе. Бұл жөніндегі әңгімелер ертедегі Стоя қаласының ойшылдары (Сенека, т.б.) мен Сократтан басталады. Сократ: «өзіңді өзің танып біл» деген тұжырымды ұстанған. сократ әлем құрылымдарын, заттардың физикалық табиғатын танып білу мүмкін емес, біз өзімізді ғана танып білуіміз мүмкін дейді. Танымның мұндай түсінігін Сократ «Өзіңді танып – біл» формуласы түрінде өрнектеді. Білімнің ең жоғары міндеті теорияда емес, тәжірибеде, яғни өмір сүре білетіндігінде.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. А., 2008.
2. Мырзалы С. Философия. А., 2008.
3. Қ.Ермеков. Философия негіздері. А., 2000ж.
4. Тұрғынбаев Ә. Философия. А.2008.
5. Философиялық сөздік. А., 1996ж.
6. Ғабитов Т.Х. Философия. Оқулық. А., 2008 ж.
7. Нұрышева Г.Ж. Философия: Оқу құралы. –Алматы: «Зият Пресс», 2006 ж.
14-ші лекция: Адам (ХІХ-ХХ ғасырлардағы философияда қарастырылуы)
Л.Фейербахтың антропологизмі. Адам мәнінің марксистік түсінігі.
Ф.Ницше философиясындағы «Аса күшті адам». Адам және оның әлемдегі болмысы: экзистенциализм. Іскер адам: праг-матизм.
Э.Кассирер: адам символдық жануар ретінде.
Й.Хейзинга: «ойнаушы адам».
Г.Маркузе: «бір өлшемді адам».
Гректің антропос – «адам» және логос «ілім» сөзінен құралған, антропология дегеніміз – адам туралы ғылым.
Антропология адамның табиғи құрылысын, оның бейімдері мен дағдысын, тілін, өнерін, діні мен өркениетін зерттейді.
Антропологияның үш маңызды бағыты бар. Біріншісі, адамның табиғаттағы орнын қарастырып, басқа тіршілік иелерінен айырмашылығын анықтайды. Осы мақсатта адамның табиғи қасиеттері мен дамуының, өркениетінің өзара байланысына назар аударады.
Екіншісі, адамның нәсілдерін анықтап, жүйелеумен тығыз байланысты. Ол этнология деп аталады. Алғашқы адамдардың қаңқасы мен бассүйектерін қазіргі адамдармен салыстыра отырып, әртүрлі халықтар мен нәсілдердің дәстүрлері мен дінін зертейді. Сөйтіп, әр халықтың өзіндік тарихи, мәдени ерекшеліктерін анықтайды.
Үшінші бағыт антропометрия деп аталады. Бұл ғылым адамның табиғи өлшемдерін бойын, салмағын, әртүрлі нәсілдің өкілдерінің сүйектерінің көлемін зерттейді.
Адам - философияның өзекті, байырғы және өте маңызды мәселесі. Философияның адам мәселесін арнайы зерттейтін бөлігі антропология деп аталады. Оның негізгі сұрағы – «Адам дегеніміз не» мәселесі. Адам туралы толық мәліметті пәнаралық зерттеу аясында көптеген ғылымдардың көмегімен жинақтауға болады. Сондықтан да соңғы жылдары адамтану ғылыми танымның ерекше саласы және оқу пәні ретінде жеке қарастырылады. Философия адамды тиянақты, бүтін, біртұтас жүйе деп анықтап, барлық мәндік қасиеттері мен құбылыстарының өзіндік рухани – практикалық іс - әрекетінің жүйесі ретінде, көпжақты, әмбебап жан етіп көрсетеді.
Адамның табиғаты мен мәні туралы сұрақ философия тарихындағы барлық ілімдерде бар. Адам проблемасын философиялық зерттеудің негізгі өзегі етіп қарастыратын экзистенциализм, персонализм және философиялық антропологияны қоспағанның өзінде психоанализ, герменевтика, структурализм, аналитикалық философия, социобиологияда адам тақырыбы көрнекті орын алып отыр. Мұның өзі тек жай ғана кездейсоқтық немесе ұқсастық емес. Қазіргі уақытта Адам төңірегіндегі мәселелердің алдыңғы қатарға шығып, әлемнің барлық түпкірінде өзекті мәселеге айналуы, ең алдымен, нақты индивидтің күнделікті өмір сүруінен кездесіп отырған жағдайдан туындап отыр. Ядролық қару – жарақтың күннен – күнге көбейе түсуі, табиғи ортаның бұзылуы адамдарды өте бір қиын сын сағатына әкеліп, апырау, осы адамзаттың ертеңгі күні не болмақ деген үрейлі сұрақтарды жиі – жиі туғыза түсуде.
Генетикалық инженерияның даму бағыты, әртүрлі органдарды трансплантация жасау мүмкіндіктері адамның биологиялық табиғаты туралы үйреншікті көзқарастарды өзгерте түсуде. Сонымен қатар, адам биологиясының біз білмейтін қаншама терең сырлары бар екендігінде де күмән жоқ. Адамның өзін - өзі басқаруы, яғни психологиялық мәселелер де бой көрсетуде.
Философиялық антропологияның басқа ғылымдардан айырмашылығы, ол адамды жалпы дүниетанымдық тұрғыдан зерттейді.
Жалпы, біртұтас, іргелі антропологиялық мәселелерді қарастыра отырып, адамның мәнін, өзіндік ерекшелігін түсіндіреді.
2. Адамның қалыптасуы туралы әртүрлі концепциялар.
Философия адамды таңғажайып тірі Жан деп қарастырады. Адамның табиғаты мен мәні, оның өмір сүруінің мағынасы мен мақсаты аса күрделі дүниетанымдық мәселелер болып табылады.
Адам феноменінің мәні мен қалыптасуын түсіндіруде әртүрлі дүниетанымдық көзқарастар орын алған.
Жаратылыстану ғылымы адамды жер бетіндегі себептердің, яғни материяның дамуының нәтижесі, салдары деп түсіндіреді. Оның қалыптасуының маңызды алғы шарттары - еңбек ету мен сөйлеп үйрену. Еңбек ету дағдысы, яғни табиғатты арнайы құралдармен өңдеу мүмкіндігі, адамның жер бетіндегі тірі жандардың бірі болып қалуына, дамуына жағдай жасады.
Адам игілікті дүние құбылыстарын өзара сабақтастырып жатқан ең басты тұлға ретінде көрінеді. Рухани өмір ағымына ол табиғаттың ең биік сатысынан қарайды.
Адам қандай қиыншылықтарды бастан кешірсе де, бәрібір өз қолымен, ақыл – ойымен әлемді жасандырып, тіршілік көркіне үстеме мән дарытып, сонымен бірге еңбек құдіретімен өзі де өзгеріп, өркениетті заманның ізгілікті бір белесінде өмір сүріп отыр. Демек, еңбек адам баласының табиғатқа қатынасын айқындайтын күретамыр, әрекет өрісі болып табылады.
Әлеуметтік антропогенез теориясы Адам бұдан 30-40 мың жылдар бұрын қалыптасты деп есептейді. Жалпы Адам тарихы 3 млн. жылды қамтиды. Ол алғашқы Орталық Африкада пайда болып, кейіннен жер шарының барлық түкпіріне тарады.
Н.Н.Моисеев «әмбебап эволюционизм» теориясын жасады. Оның идеяларының бастауын В.И.Вернадский мен Н.Ф:Федоров еңбектерінен табуға болады. Моисеев адамды жер мен космостың қасиеттері жиынтығының өзара тоғысуының нәтижесі деп қарастырады. Адамның қалыптасуымен материя өзін - өзі түсініп, даму заңдылықтарын білім арқылы бақылауға мүмкіндік алды. Тіршілік пен адамның қалыптасуы - әлем тарихындағы ең үлкен төңкеріс.
Ақыл – ой пайда болғаннан бастап, әлемнің дамуы саналы сипатқа ие болды. Адамның ойлау қабілетінің негізгі ошағы – ми дамып, жетіле түсті. Әр түрлі іс - әрекеттердің іске асу жолына емін еркін араласып, оның бағытын өзгерте алатын ерік пайда болды. Ақпарат пен тәжірибені сақтап, оны қорытып, керек уақытында тауып беріп отыратын ес қалыптасты.
Адам табиғат шындығына бойлай отырып, оның «адамға тәуелсіз өз ерекшелігін» (Герцен) танып білу деңгейіне көтерілді.
Сөйтіп, әлеуметтік организмнің ең нәзік бөлшегі, жаңа Адам әлемі – мәдениет әлемнің бастауы, адамның рухани әлемі қалыптасты. Адамның даму эволюциясында екі қарама – қарсы бағыт қалыптасты. Бірінші – сыртқы дүние туралы білімнің өсе түсуіне негізделген оның өзіндік еркіндігі, құрал – саймандар мен мәдениеттің дамуы. Екіншісі – адамның өз қолымен дамып отыратын екінші табиғаттың күрделене түсуіне байланысты оған оның бағыныштылығының арта түсуі.
Әлем халықтарының фольклорында Адам мен әлемнің қалыптасуы туралы әртүрлі тұжырым бар. Мәселен, эскимостардың айтуынша, Адам жерден соғылған, құстардың көмегімен бүкіл дүниеге тараған. Кейбір рулардың пікірінше, Адам тастан немесе ақ, қызыл, қоңыр қиыршықтардан пайда болған. Осы көзқарастардың бәріне ортақ идея – ол әлемді жарататын сыртқы күштің болуы.
Тейяр де Шарден «эволюциялық мәре» теориясын ұсынды. Ол Адам мен әлемнің пайда болуын түсіндіру үшін ғылым мен дінді, ақыл – ой мен мистиканы өзара біріктіруге тырысты. Тейярдың ойынша, әлемнің тарихы – оның ұдайы күрделене түсуінің және саналылыққа ұмтыла түсуінің тарихы. Осы тарихи процесте әлем дамуының белгісіз бір бағыты, косомстық діңгек қалыптасты. Соның аясында тіршілік пен сананың негізгі болатын Жер рухы пайда болады.
Осының нәтижесінде туындаған Адам өзінің даму эволюциясында ең соңғы нүктеге, яғни «Омега нүктесіне» жетуге ұмтылады. Философтың ойынша, «Омега» нүктесі эволюцияның аяқталып, сүйіспеншілік негізінде бір – біріне ұмтылатын жалпы бірігу мен әлемдік гармонияның бастауы болып табылады. Бұл әлем бөлшектерінің бірін – бірі іздестіріп, өзара гармонияда бірігуі. Омега нүктесі - Әлем мен Адамзаттың болашағы, эволюцияның ең жоғарғы полюсі. Онда барлық индивидтер мен халықтардың өзара келісуі болады. Барлығы сүйіспеншілік арқылы бірігеді. Православие дінінің көрнекті уағыздаушысы. А.Меньнің пікірінше «Адамның әлемдегі орны туралы тейярдизм ілімін», «оптимистік мәре» деп атауға болады. Омега нүктесі – бұл жарық.
Тейярдизмге жақын идеялар орыстың көрнекті философы, суретші Н.К.Рерих шығармашылығында көрініс тапқан. Адам – Жер мен Космостың өзара кездесуі болып түратын ерекше нүкте. Әлемдік құбылыс ретінде адамның өзі де толық игеріп болмаған керемет космостың энергияның иесі болып табылады.
Адамның жаралуы туралы аңыздар көп, оны жерде мекендеп отырған барлық халықтың әдебиетінен қиналмай-ақ табуға болады. Қытайдың ерте замандағы «Әдет – ғұрып естеліктері» деген көне жазбасында осы жайлы былай жазылған: «Дүние жаралған шақта Адам баласы әлі жаратылмаған еді. Hola (жаратушы) адамның тұрқын сары топырақтан жасаған. Ол жалғыз өзі ештеңе тындыра алмайтын болған соң тұрған арқанды балшыққа тастай салады. Содан соң құдіреттің күшімен сол арқанға Жан бітеді де, адамға айналады».
Біз атап өткен ілімдердің барлығы Адам мен табиғаттың бірлігін мойындайды. Адам табиғаттың өз жемісі, оның даму эволюциясы нәтижесінде қалыптасты.
Философиялық антропологияның негіздері: адамның табиғаты және мәні.
1. Адамның табиғи, биологиялық, психологиялық, әлеуметтік өлшемдері.
2. Адамның мәндік сипаттары.
3. Адамның рухани мәні.
Адам – ғылымда ақылды Адам деп бағаланатын биологиялық тіршілік иесінің бірі. Оның табиғи, биологиялық, психологиялық, әлеуметтік өлшемдері бар: бойының биіктігі – 160-180 см., өмір сүруінің орташа ұзақтығы 65-85 жас.
С.Э.Крапивенскийдің «Әлеуметтік философия» оқулығында А.Роза (АҚШ) мен Я.Шепаньскийдің (Польша) еңбектерінен алынған Адам организмінің бірнеше маңызды ерекшеліктері көрсетілген:
А) тік тұру адамның негізгі анатомиялық ерекшелігі ретінде оған қоршаған ортаны оңтайлы қабылдауына мүмкіндік берді, өз қолымен қарапайым құралдар жасауына алып келді;
Б) күрделі де нәзік қимылдарды орындай алатын берік қолдар;
В) кеңістікте жақсы бағыт беретін және үш өлшемді де көре алатын алдына бағытталған көзқарас;
Г) психикалық өмір мен интеллектің жоғары дамуына жағдай жасайтын үлкен ми мен күрделі жүйке жүйесі;
Д) ерін, көмекей күрделі өзгеріске түсіп, сөйлеу қабілетінің қалыптасуы;
Е) балалардың ата – аналардан ұзақ уақыт бойында бағыныштылықта болуы, өсу мен жетілудің ұзақ уақытқа созылуы;
Ж) туа біткен импульстер мен қажеттіліктердің икемделуі;
З) сексуалдық құмарлықтың тұрақтылығы, тағы да басқа ерекшеліктер.
Адамда туа біткен және жүре пайда болған рефлексінің тетіктеріне өте зор мән берді. Өйткені бұл рефлекстерді ұғыну адамдық әрекеттің филогенездік негізін құрайды және адамның өзін толық танып, жете меңгеру қабілеттерін жетілдіреді.
Организмнің туа біткен іс - әрекеті сақталыс және қорғаныс рефлекстері болып екі үлкен топқа бөлінеді.
Сақталыс рефлекстер қатарына организмге тағам немесе оттегі келуімен байланысты тыныстық іс - әрекеттің ыдырау өнімдерін шығару (дем, зәр), тұқым жалғастыру және сақтау (жыныстың, ұрпаққа қамқорлық) әсерленістері жатады.
Қорғаныс рефлекстері организмді қатерлі,зиянды тітіркендіргіштердің ықпал өрісінен алыстатады, зиянды заттарды шығарады.
Туа біткен рефлекстер организмнің даралық қасиетін және түрін сақтауды, қамтамасыз етеді.
Адамның көру, есту және иіс сезу рефлекстері бағдарлау рефлекстері деп аталады.
Инстикт – ырықсыз сезім – адамның жағдай – күйіне қарай немесе осы жағдайда сәйкес жүзеге асырылатын қозғалыс әрекетінің және күрделі мінез – құлқының жиынтығы. Инстинкт туа бітеді.
Мінез – құлықтың табиғи құрамында түр сақтайтын және тұқым жалғастыратын эволюциялық дамудың тәжірибесі сақталады.
Мінезді жете тексеретін, оның шығу тетіктерін зерттейтін ғылым этология деп аталады. Этологиялық зерттеудің нәтижесінде мінез – құлықтың ішкі қажеттілік арқасында пайда болатындығы дәлелденеді, инстинкт әсерленуді іске қосатын қозғағыш күш – сыртқы түрткілер. Әрбір қозғағыш түрткі өзіне лайықты стереотиптік әрекеттерді қосады.
Орталық жүйке жүйесі іштегі үстемді талапқа сәйкес мінездің тиісті әрекеттерін жүзеге асырады. Мидың мінез құратын іс - әрекеті даярлық және атқарушы болып бөлінеді. Даярлық іс - әрекет көбінесе ішкі мұқтаждық сезімдері арқылы қанағаттанады.
Танымдық және сезімдік жүйелерде мидың әртүрлі құрылымдары қатысады. Танымдық жүйе орталық жүйке жүйесінің арнайы бөлімдері, ал сезімдік жүйе мидің торлық құрылымы, мимбия жүйесі арқылы қызмет атқарады.
Ашығу, шөлдеу, үрей, ләззат, агрессия, жыныстық, ата- аналық, жылулық сияқты организмнің жетекші мұқтаждықтары биологиялық мотивация деп аталады. Бұлардың барлығы да туа пайда болады және тұқым қуалау негізінде қалыптасады.
Білім алу, мамандықты игеру, көркемөнер, әдебиетке әуестік т.б. биологиялық мотивациядан ерекше, қоғамдық тәрбие арқылы қалыптасады.
Ми іс - әрекетінің ең тартымды құбылыстарының бірі – оның қабылдаған ақпаратты сақтау және еске түсіру, яғни зерделік қабілеті. Зерде дегеніміз – жүйкенің ақпаратты код ретінде сақтап, нақтылы бір жағдайда оның қасиеттері мен көшірмесін өзгертпестен қайта жаңғыртуы.
Зерде ақпаратты сақтау ұзақтығына қарай, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Адам зердесінің барлық түрі қисынды – мағыналық және сезімді бейнелік болып екіге бөлінеді. Бұлардың біріншісі ұғымдарға, екіншісі елестетуге сүйенеді. Адам үшін зерденің қисынды мағыналық типі ең жоғары түрі болып есептеледі.
Анализ және синтез үлкен ми сыңары қыртысының өте маңызды қызметі. Организм өзінің тіршілік іс - әрекетінде сыртқы және ішкі ортаның тітіркендіргіштеріне үнемі анализ – синтез жасап отырады.
Анализ - әркелкі сигналдарды айыру, бөлу, организмге тиетін әралуан әсерді ажырату. Синтез – біріктіру, талдау, қорыту, ми қыртысының әртүрлі бөліктерінде туатын қозуларды бірлестіру.
Адамның психикасы мен мінез құлқының ерекше кескінін олардың табиғи темпераменті мен бойындағы мінезі жасайды.
Адам мінезі сангвиник (ширақ), флегматик (салмақты), холерик (ұстамсыз), меланхолик (әлсіз) деп бөлінеді.
Темперамент адамның әлеуметтік мәнділігін білдіре алмайды, өйткені оның мінез – құлығын санасы басқарып отырады.
Барлық кісілерді экстроверт, интроверт және невротиктерге жатқызуға болады (К.Юнг, Г.Айзенк). Экстраверт әр алуан сыртқы әсерлерге ашық, Интроверт, керісінше, тұйық мінезді. Ал невротиктерде көптеген тіршілік жағдайларында әртүрлі жабығу күйі пайда болады.
Адам керемет ерекшелігі бар құбылыс. Оның кереметтігі - әлеуметтік мәні мен биологиялық қасиеттерінің ерекше бірігуінде. Сонымен қатар, өзі мен қоршаған ортаның өзара байланысын ұйымдастыратын, басқаратын заттық – практикалық іс - әрекеті бар.
Адам – бір жағынан, биологиялық негіздері бар, екінші жағынан, терең абстрактілі ойлауға қабілетті, рухани мүмкіндігі жоғары тіршілік иесі.
Ол қоғамдық өмірдің жоғары деңгейіне, мәдени жетістіктерді меңгеруге, табысты білім алуға бейім. Қазіргі өркениет уақытында тәрбиенің, заңдардың, моральдың, нормалардың ықпалы мол болғандықтан, ондағы биологиялық негіздерді әлеуметтік бастау толық бақылауға алған.
Сондықтан да адамда мәндік, мағыналық қасиет жоғары дамыған.
Философия тарихында адамның мәнін түсіндіруге тырысқан көптеген ізденістер болған. Әр философ өзінің мүмкіндігінше тәжірибесіне, қызығушылық нысанына байланысты адамды түсіндіруге тырысқан.
С.Р.Аблеев «Основы философии» деген кітабында мынадай анықтамаларды жүйелеп ұсынған.
- Адам ғарыштың бөлігі, кішкене ғарыш. (көне Үнді, Қытай, Грек философиясы)
- Адам – бұл мәңгі, абсолютті рух (атман). (Көне Үнді философиясы – йога, веданта)
- Адам – барлық заттардың өлшемі (көне Грек софистері – Протагор)
- Адам – саяси жануар (Аристотель)
- Адам – Құдайдың бейнесі (орта ғасырлардағы христиандық теология)
- Адам – ойшыл жан (Р.Декарт)
- Адам адамға қасқыр (Т.Гоббс)
- Адам – жанды машина (Ж.Ламетри)
- Адам – екі әлемге қатысты жан. Табиғи қажеттілік әлеміне және адамгершілік еркіндік әлеміне (Им.Кант)
- Адам адамға – Құдай (Л.Фейербах)
- Адам – рационалды жануар (К.Линней)
- Адам – құрал жасай алатын жан (С.Кьеркегор)
- Адам – уәде беруге қабілетті жан (Ф.Ницше)
Осы көрсетілген анықтамаларды жүйелеп, жинақтап ой қорытатын болсақ, адам табиғатының үш маңызды қыры ашылады.
- табиғи – биологиялық (материалды) қасиеттері;
- психологиялық, әлеуметтік қасиеттері;
- рухани мәні мен қасиеттері.
Жер бетінде тіршілік параллелді екі жолмен іске асқан: астральді – психикалық және белокты - нуклейнді. Миллиондаған жыл бұрын Х нүктесінде осы екі жол бір тіршілік иесі биологиялық, психологиялық алдыңғы адам болып есептелді. Ғарыштық ақылдың көмегімен сондағы психикалық бастау дами берді, сөйтіп онда ақылдың бастаулары пайда болды.
Алдыңғы адамдағы ақылдың пайда болуы ғарыштағы белгілі ақпараттың кеңістіктік магниттік трансляциясы нәтижесінде іске асып, адамның санасының дамуына негіз болған.
С.Р.Аблеевтің пікірінше, адамның санасы үш маңызды фактордың көмегімен одан әрі дамыған:
- ғарыштық немесе рухани фактор (ғарыштың энергетикалық ықпалы)
- биологиялық (тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, табиғи сұрыптау)
- әлеуметтік (қоғамдық қатынастар, еңбек, оқыту, тәжірибе алмасу)
Сана – жоғары ұйымдастырылған материя – мидың жемісі. Ол эволюция процесінде қалыптасқан адамның психологиялық әлемінің ерекше қабілеті.
Көне заман философиясында сана деп – адамның өмірінде аса маңызды роль атқаратын ішкі әлем – жан есептелінді. Тән өткінші, ал жан мәңгілік. Демокрит жанды ерекше сезімдік атомдардың жиынтығы деп ойлады.
Орта ғасырларда сана мен ақыл құдайдың маңызды атрибуттары ретінде, ал Қайта өркендеу дәуірінде табиғаттың қасиеті деп қарастырылды.
XVIII ғасырдағы француз материализмі сананы – адам миының ерекше функциясы деп анықтап, оның көмегімен адам сыртқы дүниені бейнелейді деп есептеді.
Орыс философиясында сана мен психика теориясына И.И.Сеченов, В.М.Бехтерев, И.П.Павлов үлкен үлес қосты. Олар адамның психикалық іс - әрекетінің физиологиялық негіздерін зерттеді. Кейіннен осы бағытта С.Л.Рубинштейн, А.М.Леонтьев, Л.С.Выготский белсенді еңбек етті. Олар сананы адамның іс - әрекетінде қоғамдық қатынастарды айқын бейнелейтін әлеуметтік феномен деп анықтады.
Сана дегеніміз – тек адамға ғана тән сыртқы дүниені бейнелеудің жоғарғы формасы.
Сана – объективті әлемнің субъективті образы. Сана, ең алдымен, адамның табиғатқа, қоғамға, басқа адамға сонымен қатар, өз - өзіне деген қатынасы. Сана – болмысты түсіну, ұғыну, бейнелеу. Ол болмыстан келіп шығады.
Сана – ол әруақытта өзіндік сана, яғни адамның өзін басқа әлемнен бөлуі, өз өмірінің мағынасын түсіну, өзінің іс - әрекетінің негізгі мақсаттарын белгілеуі. Сананың өзегі сыртқы дүние туралы ғылыми емес мәліметтерді жинақтайтын білімдер болып табылады.
Ғылым мен философия сананы туынды, екінші қатардағы құбылыс деп қарастырады. Мұның мәні неде? Біріншден, сана - табиғаттың ұзақ эволюциясы мен бейнелеу формаларының жетілуінің нәтижесі. Екіншіден, сананың мағынасы (сезімдер мен ойлар, образдар мен идеялар) дүниені тек бейнелеп қана қоймайды, онымен шектелмейді. Өйткені, адамның санасы табиғаттың, қоршаған дүниенің көшірмесі ғана емес, ол ең алдымен, еңбектің даму көзі, соның негізінің бірі. Адам өз еңбегі арқылы дүниені өзгертеді, оны жандандырып оған мән береді. Адамның санасы, саналы іс - әрекеті арқылы дүниенің негізгі мән ашылады.
Сана тек қоғамда ғана қалыптасады. Өйткені адамның шын мәніндегі адам болуы, оның қоғамдық қатынастарды толық меңгеруімен тығыз байланысты. Сана – мидың негізгі функциясы. Мидың дамуымен сананы, психиканың дамуының арасында өте тығыз байланыс бар. Адам тектес маймылдар мен адамдарды салыстырып көрейік. Шимпанзенің миының көлемі 400 куб см., ал қазіргі адамның миының көлемі 1400 куб см. Еңбек ету процесніде адам миының көлемінің өсуі оның санасының қалыптасуында өте үлкен роль атқарды. Мидың дұрыс қызмет етуі маңызды фактор, оның кейбір бөліктерінің болмауы адамға кері әсерін тигізеді.
Ми – сыртқы әлемді бейнелейтін және адамның күрделі тәртібінің бағдарламасын қамтамасыз ететін өте күрделі жүйе. Сондықтан да оның қызметінің кейбір бөліктерінің, әсіресе бас ми қабатының қызметі бұзылса адамның санасында, тәртібінде психикалық функцияларында күрделі ауытқушылықтар болып тұрады.
Ми қызметі – адам санасының физиологиялық негізі.
Бірақ ми емес, оның көмегімен адам ойлайды. Ми ойлаудың құралы ғана. Ойлау үшін қоғамдық тәжірибені, білімді, икемділікті меңгеру қажет. «Ойлаудың шын мәні, жан – жақты анықтылығы диалектикалық логикада – табиғатқа, қоғамға және адам баласына қатысты жалпыға бірдей заңдар туралы білімде ашылады ... Демек, ойлау – дара психологиялық әрекет емес. Ол адамдардың өмір сүру қызметінің әртүрлі салалары үшін аса маңызы бар әлеуметтік – тарихи құбылыс, адамдардың сан ғасырғы тарихи тәжірибесінің жемісі».
Осы әлеуметтік тәжірибені қалай меңгеруге болды. Үйрену әруақытта белгілі бір әрекетті керек етеді. Сәби қасықты бірден дұрыс ұстай алмайды. Қасықты пайдалана бастаған кездегі баланың епетейсіз, солақай қозғалыстары бірте – бірте дұрысталып, нақты әрекетке айналады. Жүзіп үйрену үшін суға түсіп, жүзуге тырысу қажет.
Тәжірибені меңгеру, үйрену дегеніміз – қоғамда жасалған және адамдар қолданып жүрген заттармен әрекет жасау. Еңбек құралдары арқылы еңбек ету операциясын меңгеру де осылай іске асып отырады.
Қоғамдық тәжірибені меңгеруде бала ойынының алатын орны ерекше. Бала үшін оның дамуының алғашқы кезеңдерінде ойыншықтар нақты құралдар мен заттарды алмастырады, ал ойында ересек адамдардың іс - әрекетінің көптеген сюжеттері мен нақты байланыстардың, қатынастардың көбісі жаңғыртылады, яғни қайталанады. Өйткені балалар ұшқыш, капитан, дәрігер болып ойнайды. Ойын балаға тек рахаттану сезімін сыйлауымен ғана емес, ойнау кезінде ересектердің тәжірибесін меңгеруімен де қызықты.
Ойынды пайдалану – жөніндегі неміс философы Гегельдің ойлары қызықты. Ол бала ойыншықты шаша отырып, өзінше практикалық талдау жасайды, ол кейіннен заттарды ойша талдау икемділігіне ұласады. Заттарды жинастыруды үйрену – балаға ойды синтездеу қаіблетін дағдыландыруға жағдай жасайды.
Әрекет, белсенділік – бұл заттарды қабылдау мен қоғамда жинақталған тәжірибені меңгерудің белгілі еңбек дағдыларын игерудің негізгі шарттары. Практикалық дағдылардың жетілу жолында адамдар ойлау операциясын өндіру бейімділігін дамытады. Ойлау қабілеті дегеніміз – адамның сыртқы дүниеге деген белсенді қатынасының нәтижесі.
Адамның әлеуметтік тәжірибені игеруінің маңызды құралы – сөйлеу. Алғашқы адамдар ымдау, ишара арқылы бір – біріне ақпарат беріп отырды. Бірте – бірте адамдар сөздерді меңгере бастады. Әртүрлі күрделі белгілердің жиынтығы ретінде, «екінші сигналды жүйе» (И.П.Павлов) – тіл қалыптасты. Тіл – адам ойлауын білдіру тәсілі, немесе Гегельше айтсақ, ойлаудың тәні. Тіл арқылы адам өзінің сезімдік қабылдау процесінен шығып, объективті дүниені түсінуге, оның мәнін ұғуға ұмтылды. Тіл өзара ұғынысу, араласудың маңызды құралы болды, сонымен қатар, басқаның да ойын қабылдап, өз пікіріңді, түсінігіңді жеткізуге мүмкіндік жасады.
XX ғасырда ғылыми – техникалық есептегіш машиналар пайда болды, олар біраз күрделі операцияларды іске асыра алады. «Жасанды интеллект бола ма?» деген сұрақ туындап, машинаның ойлау мүмкіндігі, оның адамды ауыстыруының өрісі туралы мәселелер қойыла бастады.
Электронды есептегіш машиналар көптеген операцияларды адамнан да тез орындай алады. Дегенмен, машина адамды ешуақытта толық алмастыра алмайды. Біріншіден, машина әруақытта адам оған берген бағдарлама аясында ғана жұмыс жасайды. Машина – нақты белгілі – үлгі, онда шығармашылық жоқ, ол өздегінен жаңа ешнәрсе де ойлап шығара алмайды.
Екіншіден, онда әлемге деген сезімдік эмоциялық қатынас жоқ. Эмоциялар әлемі - өте күрделі де алуан түрлі. Оған қуану, қорқу, күлу, аффект т.б. кіреді. Сезім адамның болмысына, қарым – қатынас жасау қажіттілігіне байланысты туындап отырады. Махаббат, құмарлық, сүйіспеншілік, моральдық сезім, эстетикалық сезімдер т.б.
Сезім байлығы – адамның рухани өмірінің жоғары әрі жан – жақты дамуының қажетті шарты. Сезім жұтаңдығы мен кедейлігі ұсақ, сүреңсіз, отбасы – ошақ қасындағы адамдарға тән. Адамның санасының қалыптасуында өзіндік сананың маңызын арнайы атап өткен жөн. Өзіндік сана адамның өзін - өзі түсінуін, дамытуын, сонымен қатар, айнала қоршаған дүниеге деген қатынасын, алдына қойған мақсаттарын, өзінің дүниедегі, қоғамдағы орнын бағалауды негіздейді.
Өзіндік сана арқылы адам өзінің коллективтегі орнын тауып алады, өзінің іс - әрекетін ұйымдастыра алады. Өзіндік сана дегеніміз – адамның өзін - өзі танып білу деңгейі. Сана, өзіндік сана туралы айта отырып, қоғамдық сана ұғымын да анықтаумыз қажет. Өйткені, қоғамда олар бір – бірімен біте қайнасқан. Өзіндік сананың қалыпатасып, дамып жетілуінде қоғамдық сананың да ықпалы өте зор.
Ғылыми танымның аса күрделі объектісі адамды зерттеу жолында философиялық таным бірқатар ұғымдарды кеңінен пайдаланады.
Ең алдымен, әрине, адам ұғымы. Оның көмегімен тірі жандардың ең жоғарғы түрі болып табылатын «Homo - Sapiens» анықталады. Адам – табиғаттың «жеңісі», еңбек пен танымның, тарих пен мәдениеттің субъектісі. Ақыл – ой оның ең бастапқы қасиеті, сол арқылы ғана ол басқа тіршілік иелерінен жеке бөлініп шыққан. Еңбек ете білу де оның аса маңызды белгісі. Адамның тіршілік етуінде құрал – сайман қаншалықты жағдай жасаса, тілі, әр түрлі қозғалыс, ымдау да ойды дамытуға соншалықты үлес қосады.
Бұдан бұрынғы дәстүрге сүйенсек, ғылыми әдебиеттерде адамның қасиеттерін көрсететін «личность», «индивид», «индивидуальность» ұғымдарын қазақ тілінде «тұлға», «индивид», «индивидуалдылық» деп айтылып жүр еді. Осы тұрғыда философия ғылымдарының кандидаты Сапар Оспановтың «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналының 1997 жылғы 9 – 10, 11- 12 сандарында жарық көрген «Азамат» ұғымын жаңғырту және оны өзінің ғылыми тұғырына көтеру» тақырыбындағы мақаласындағы ұсыныс көңілге тұрарлық екенін ескеруіміз қажет.
С.Оспанов этимологиялық, логикалық зерттеулер жүргізіп, орыс тіліндегі қажетті анықтамаларды пайдалана отырып, «тұлға», «азамат», «пенде», «бодан» ұғымдарын ұсынады. С.Оспанов «личность» ұғымының қазақша баламасын «азамат» деп қарастырады. Автор ұсынған дәлелдер орынды. С.Оспанов, ең алдымен, қазақ халқының ұлттық дүниетанымында азамат туралы ескіден қалған, құлаққа сіңген, ойға медет болып жүрген: «Алаштың азаматы», «Ауылдың бас көтетер азаматы», «Қылшылдаған азамат», «Әй, азаматсың!», «Азаматпын десең атқа қон!», «Азамат болмадың», «Азамат болмай шықтың», «Сені азамат екен десем ...», «Өсіп азамат болыпсың» деген сияқты тұрақты сөз тіркестерін еске салмақпын» деп жазады.
Автор атап көрсеткен сөз тіркестерінде дәстүрлі қазақ қоғамындағы «азамат» ұғымының үлкен жүгі мен мақсаты анықталған.
Азамат сөзінің мәнін Ш.Уәлиханов та ашып көрсеткен. «Азамат – кәмелетке келіп, еншісін алған туыстарнан тәуелсіз, үйлі баранды адам» дегенді білдіреді.
Байырғы қазақ дүниетанымында осы мағынада азамат ұғымын жиі пайдаланады. «Кеше ғана жап – жас бала еді, өмір деген сол ғой шіркін, бүгін азамат болыпты» деген тіркесте ауыз екі әңгіме «азамат» сөзін жиі естуге болады.
«Азамат» деп салыстырмалы еркіндігі бар, өз өмірін өзі ұйымдастыра отырып, өз іс - әрекетіне толық жауап бере алатын, сонымен қатар, отбасы мен қоғам алдындағы міндеттері мен жауапкершілігін сезінетін, мүдделерін қорғай алатын адамгершілігі мол, саналы, құрметті адамды айтамыз.
С.Оспанов әлеуметтік философияның соңғы жылдары тереңдетіп дәлелдеген «личность» туралы ең басты тұжырымдарына тоқталады.
«Личность» болудың басты шарттарының бірі – ол адамның әрекеттерінің, өмірлік, мақсат мүдделерінің, имандылықтың шарттары негізінде өлшенуі, солармен салыстырылуы. Бұл «личность» - тың тікелей әлеуметтік және жеке адамның, нағыз азаматтың мәнісін ашады. Бірақ бұнда нақтылап бір айта кететін нәрсе: бұл адамның айтылған қасиеттері тек қана жоғары саналықты ғана көрсетуі емес. Көп адамдар тек «әдеттегідей қатардағыдай» адамдар ғана, ал кейде тіпті нашар, имансыздық, қылмыстық істерге дейін баратын адамдарда бар. Оған өмірдің өзі дәлел. Бірақ бұдан олар «азаматтар» қатарына жатпайды деген аікір туындамайды. Себебі, кез келген адамда, егер оның ақыл – есі ауысып кетпеген болса, әрқашан имандылықтың, әдептіліктің белгілі бір деңгейі болады, яғни, белгілі бір «азаматтық келбетсіз» адам болмайды. Тек ол біреуде жоғары, біреуде төмен, бір адамның өзінде де белгілі бір кезеңде жақсы, екінші бір кезеңде нашар, ал үшінші бір жағдайда, «имансыздың» шегінде де болуы мүмкін».
Қазақ дүниетанымында «кісі» деген сөз бар. Ол әлі талқыланып, философиялық әдебиетте өзіне лайық орнын таба қойған жоқ. Оған көңіл аударған Ғ.Есім «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол» деген Абай сөздеріне талдау жасай отырып, байқайсыз ба, Абай «біреудің кісісі» деп отыр, демек «кісі» деген оның иесіне байланысты айтылған ұғым. «Кісі» деген әлі индивидуализацияға түсе қоймаған «біз» деген философияға сай ұғым» - деп жазды.
«Кісі» сөзінен «кісілік» ұғымын туындайды. Философиялық әдебиетте «кісілік» ұғымына бірінші анықтама берген де Ғ.Есім. Ол анықтама да Абай өлеңдерінен туындаған, яғни «адамның» тауып айласың, «кісілікті ойламай» - деген тіркесіне назар аударайық.
«Адамның айласын» табамын деп жүріп, кісілікті ұмытып кетуге әбден болады. «Адамның айласы дегеніміз – мінез – құлық, адамгершілік, кәсіпкерлік құпиялары. «Адамның күні адаммен» деген принципті жақсы ұғынып алған адамдар қалайда «адамның айласын» тауып, оның көңіліне, назарына ілінуге тырысады. Әрине, күйкі тіршіліктің күйбені әр адамды осындай бейшара күй кешуге мәжбүр етеді. Кісілік те пендешіліктің құрбаны болып кете барады». Бұдан өткен сорақылық бар ма? Күнделікте өмірде, бұл әркімнің басында болатын қайшылық. «Кісілік» деген адамның намысы, өзіне - өзі жасайтын құрметі, өзін - өзі сыйлауының белгілі бір деңгейі, кісіліксіз адам – тағдыр тәлкегіне түскен – мүсәпір. Кісіліктен бір арылып қалған сананың ендігі жерде өз - өзіне келіп, толысуы екі талай іс. Абайдың айтып отырғаны осы мәселе. Керек адамның көңілін табамын деп жүріп «кісіліктен» айырылып қалуға болмайды, өйткені, «кісілік» адамның өзегі, оны жетілген адам дәрежесіне көтере алады.
«Индивид» ұғымы жеке адамды білдіреді деп жүрміз. Бұл жерде де С.Оспановпен келісуге болатын сияқты өйткені «жеке адамды» орысшаға аударсақ «отдельный человек» деген мағына береді ғой.
«Пенде» ұғымы – индивид ұғымына сай келеді. Пенде қатардағы тірі жан, көптің бірі болып «жарық дүниеде өмір сүруші». Пенде, пендешілік біздің сана – сезімізде жағымсыз мінездің, ұсақтылықтың синонимі болып қалыптасып кеткендіктен, оған бірден үйреніп кету оңай емес. Бірақ бұдан былай «пенде» ұғымы төңірегінде ойланып, ізденіс жасау артық емес.
«Тұлға» деген сөзді І.Кеңесбаев қазақ тілінде батырлықты, ел қорғаны, басқаның сүйеніші, таянышы болғанды белгілейтін ұғым деп анықтаған.
Яғни, тұлға болу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Оның ерекше қасиеттері бар, ол көптен бөлініп, дараланып тұрады. С.Оспановтың сөзімен айтсақ, «азамат әр адамның имандылық, әлеуметтік сана – қасиеттерін білдіретін болса, пенде болу көптің бірі болу ғана болса, тұлға болу дегеніміз елден ерекше болуды, қатардан алға бөлініп шығуды қажет етеді».
Тұлға орыс тіліндегі «индивидуальность» ұғымына сәйкес келеді деп анықтауға толық негіз бар.
«Азамат» ұғымын пайдалана отырып, философия адамның тәрбие, өзіндік тәрбие, рухани – практикалық іс - әрекет нәтижесінде қалыптасқан әлеуметтік қасиеттерін түсіндіреді.
Адам болу мүмкіндігі әр уақытта өзін дәріптеуден емес, қайта басқалар әлеміне көңіл қою мен түсіндіруден басталады және жалғасады.
Өзіндегі дара, жеке индивидуалдық болмысына қарамай, шындық қисынына сәйкес әрекет ету мүмкіндігіне сүйене отырып, адам өзін - өзі қалыптастыру қабілетіне ие бола алады, өзін ерікті, шығармашылық сипатта қайта құра алады, қалыптастырады, жетілдіреді.
Қазіргі тұлғаларға білімділіктің, әлеуметтік белсенділіктің, іскерліктің жоғары деңгейі тән. Қазіргі адам – бұл демократиялық және жалпы адамзаттық құндылықтар мен идеалдарды бойына сіңірген адам. Ол өз тағдырын халқының, жалпы қоғамның тағдырынан бөлек қарамайды. Дарын және данышпандық ұғымы – адамның мәндік күштері мен қабілеттерінің мүмкіндігін анықтайды. Данышпандық – бұл адамның шығармашылық творчестволық дарының ең жоғарғы көрінісі.
Данышпанның жасаған еңбегі – тың, үлкен жаңашылдығымен, өрістілігімен, қоғам үшін аса маңыздылығымен ерекшеленеді.
Данышпан – бұл бүкіл адамзаттық мәселені шешуге қабілеттілік және бүкіл бір дәуірге, тарих заңдылығына ерекше із қалдыру мүмкіндігі. Адамзат әртүрлі халықтар мен елдердің байланысы нәтижесінде қалыптасатын қауымдастық. Ол – халықтың біртұтас мәдениеті мен жалпы тарихтың жемісі. Біртұтас адамзаттың қалыптасуы ұлы географиялық жаңалықтардың ашылу заманынан басталып, осы замандағы ғылыми – техникалық революция қарқынымен одан әрі жалғаса түсуде.
Адам – бұл, ең алдымен, тірі жүйе. Ол руханилық пен биологиялық негіздердің бірлігі болып табылады. Бұл жүйеде адамның биологиялық түр ретінде өмір сүруін қамтамасыз ететін организмдің – құрылымдық негіз бар, оған адамның әртүрлі органдары кіреді. Психикалық деңгей - бұл адамның орталық жүйке жүйесінің іс - әрекеті. Оның сана – сезімдік деңгейі әртүрлі күрделі ойлау процестері түрінде көрініс табады.
Адам табиғатынан белсенді, іс - әрекетке бейім. Ол өзінің өмірі мен тағдырын өзі жасайды. әртүрлі іс - әрекетке икем. Еңбек ету, саясат, таным, тәрбие адамның жаңа әлемді тудырушы ретіндегі тіршілігінің негізгі тәсілі болып табылады. Осындай белсенділігі арқылы ол өзінің өмірде бар екенін, осы өмірдегі иесі екенін басқаларға білдіруді мақсат етеді. Адамның мүмкіндігі өте мол. Ол сурет салады, кесте тоқиды, спорт пен көркем өнердің, саясат пен ғылымның алуан түрлерімен айналысады. Сөйтіп, адам өмірде өзінің бойындағы қабілетін іске асыруға басқаларға ұқсамайтын өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленуге тырысып бағады. Адам өмірде де бір – біріне ұқсамайтын өзіндік мінез – құлық еркекшелігімен дараланса, өнерде де өз қолтаңбасымен даралануға ұмтылады.
Адам өзі де, өзімен қоршаған ортаны да өзгертіп отырады, үздіксіз өзгеріп, дамып, құбылып тұратын жаратылыс әлемін жүйелейді, тәртіпке келтіреді, тұрақты, маңызды құбылыстарды саралайды, таразылайды, сезіне отырып, сыр – сипатына үңіледі, таниды. Осы толғау, таңдау ерекшелігімен – ақ адам баласының айқын мақсаты, табиғатқа «өзіндік қатынасы» (Л.Толстой) көрінеді.
Іс - әрекет адамдардың негізгі тәрбиешісі, жол бастаушысы. Іс - әрекет арқылы ғана адам өзін - өзі жасайтын тіршілік иесі бола алады. Ол мәңгі бітпейтін, аяқталмайтын мүмкіндік, өйткені, әр уақытта ізденіс үстінде, ұдайы тынымсыз іс - әрекетте. Ғаламның суық та, қатал, әрі үйлесімді заңдылықтары адамның рухани энергиясымен жылына бастады, түрлене, құлпыра түсті.
Адамдар өз мүмкіндігін қоғамдық ортада басқалармен қарым – қатынас жасау арқылы іске асырады. Қарым – қатынас алғашқыда «мен» және «сен» деп бөлінуден басталады да, әр адам өізінің «менің» басқалармен қарым – қатынаста танытуға тырысады.
Әр адамның өмірдегі қабілеті мен іскерлігі адам арасындағы қарым – қатынаста ашылып, белгілі бола бастайды.
Адам биологиялық ақпаратпен қатар әлеуметтік ақпаратты да иеленеді. Адам болмысының толыққандығының маңызды белгісі оның өткенімен және болашағымен байланысуды тек сезіну – түсіну ғана емес, бұл рухани қарым – қатынастың адамның қазіргі болмысының жан – жақтылығымен, тереңдігімен өлшенеді.
Адам өзінің тарих көшінде алғашқы іс - әрекетін түсіну, игеру қадамдарын өзін қоршаған заттар мен нәрселерді бағалаудан бастаған. Ол эволюцияның бір деңгейінде «құндылықтар әлемін түзей бастады және оған үлкен құрметпен қарап, өзінің дүниетанымын, іс – қимылын екшей түсті».
Заман өзгеріп, заң түрленіп, көптеген бұрын – соңды болмаған құбылыстар туындап отырғанына қарамастан адам болмысының негізін құрайтын тіректер болып рухани құндылықтар қала бермек.
3. Қазіргі уақытта біз адамның рухани дамуы туралы көп айтып, жазып жүрміз.
Жалпы руханилық дегеніміз рухқа жақын болу дегенді білдіреді. «Рух» ұғымы табиғи болмыстың жоғары деңгейін немесе өмір мен ақыл – ойдың жетілген, әдеміленген, әбден пісіп – жетілген күйін сипаттайды.
Адамның рухани дамуы – ақылды, ғарыштық жан ретіндегі мәнінің жан – жақты жетілуі. Оның ең маңызды белгілері.
тұлғаның этикалық принциптерінің нығаюы және дамуы;
эгоизмнің барлық түрі мен мінездің нашар сипаттарын жеңу;
эмоциялық сезімдерді тежеп, оны рухтың бақылауына бағындыру;
табиғи мүмкіндіктері мен қабілеттерінің жетілген түрін дамыту;
ақыл – ойын кеңейту;
адамның ғарыштық мүмкін күштерін ашу және оны дамыту;
психикалық энергияны дамыту;
яғни, адамның рухани дамуында шек жоқ.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Әбiшев Қ.
Философия : Оқулық / Әбiшев Қ. - Өңделiп, толық. 3-шi бас. - Алматы : Дәуiр, 2001. - 264
Алтай Ж.
Философия тарихы : Оқулық / Ж. Алтай, А. Қасабек, Қ. Мұхамбетали. - Алматы : Жетi жарғы, 1999. - 288
Акназаров Х.З. Философия тарихынан дәрiс курсы : Оқу құралы / Акназаров Х.З. - Алматы : Республикалық баспа кабинетi, 1992. - 110
15-ші лекция: Философиядағы адам мәселесі
1. Антропосоциогенез және адамның пайда болуы туралы діни, ғылыми және философиялық теориялар.
2. Адам бойындағы табиғи-биологиялық, психологиялық және әлеуметтік негіздердің бірлігі.
Антропология адамның табиғи құрылысын, оның бейімдері мен дағдысын, тілін, өнерін, діні мен өркениетін зерттейді.
Антропологияның үш маңызды бағыты бар. Біріншісі, адамның табиғаттағы орнын қарастырып, басқа тіршілік иелерінен айырмашылығын анықтайды. Осы мақсатта адамның табиғи қасиеттері мен дамуының, өркениетінің өзара байланысына назар аударады.
Екіншісі, адамның нәсілдерін анықтап, жүйелеумен тығыз байланысты. Ол этнология деп аталады. Алғашқы адамдардың қаңқасы мен бассүйектерін қазіргі адамдармен салыстыра отырып, әртүрлі халықтар мен нәсілдердің дәстүрлері мен дінін зертейді. Сөйтіп, әр халықтың өзіндік тарихи, мәдени ерекшеліктерін анықтайды.
Үшінші бағыт антропометрия деп аталады. Бұл ғылым адамның табиғи өлшемдерін бойын, салмағын, әртүрлі нәсілдің өкілдерінің сүйектерінің көлемін зерттейді.
Адам - философияның өзекті, байырғы және өте маңызды мәселесі. Философияның адам мәселесін арнайы зерттейтін бөлігі антропология деп аталады. Оның негізгі сұрағы – «Адам дегеніміз не» мәселесі. Адам туралы толық мәліметті пәнаралық зерттеу аясында көптеген ғылымдардың көмегімен жинақтауға болады. Сондықтан да соңғы жылдары адамтану ғылыми танымның ерекше саласы және оқу пәні ретінде жеке қарастырылады. Философия адамды тиянақты, бүтін, біртұтас жүйе деп анықтап, барлық мәндік қасиеттері мен құбылыстарының өзіндік рухани – практикалық іс - әрекетінің жүйесі ретінде, көпжақты, әмбебап жан етіп көрсетеді.
Адамның табиғаты мен мәні туралы сұрақ философия тарихындағы барлық ілімдерде бар. Адам проблемасын философиялық зерттеудің негізгі өзегі етіп қарастыратын экзистенциализм, персонализм және философиялық антропологияны қоспағанның өзінде психоанализ, герменевтика, структурализм, аналитикалық философия, социобиологияда адам тақырыбы көрнекті орын алып отыр. Мұның өзі тек жай ғана кездейсоқтық немесе ұқсастық емес. Қазіргі уақытта Адам төңірегіндегі мәселелердің алдыңғы қатарға шығып, әлемнің барлық түпкірінде өзекті мәселеге айналуы, ең алдымен, нақты индивидтің күнделікті өмір сүруінен кездесіп отырған жағдайдан туындап отыр. Ядролық қару – жарақтың күннен – күнге көбейе түсуі, табиғи ортаның бұзылуы адамдарды өте бір қиын сын сағатына әкеліп, апырау, осы адамзаттың ертеңгі күні не болмақ деген үрейлі сұрақтарды жиі – жиі туғыза түсуде.
Генетикалық инженерияның даму бағыты, әртүрлі органдарды трансплантация жасау мүмкіндіктері адамның биологиялық табиғаты туралы үйреншікті көзқарастарды өзгерте түсуде. Сонымен қатар, адам биологиясының біз білмейтін қаншама терең сырлары бар екендігінде де күмән жоқ. Адамның өзін - өзі басқаруы, яғни психологиялық мәселелер де бой көрсетуде.
Философиялық антропологияның басқа ғылымдардан айырмашылығы, ол адамды жалпы дүниетанымдық тұрғыдан зерттейді.
Жалпы, біртұтас, іргелі антропологиялық мәселелерді қарастыра отырып, адамның мәнін, өзіндік ерекшелігін түсіндіреді.
2. Адамның қалыптасуы туралы әртүрлі концепциялар.
Философия адамды таңғажайып тірі Жан деп қарастырады. Адамның табиғаты мен мәні, оның өмір сүруінің мағынасы мен мақсаты аса күрделі дүниетанымдық мәселелер болып табылады.
Адам феноменінің мәні мен қалыптасуын түсіндіруде әртүрлі дүниетанымдық көзқарастар орын алған.
Жаратылыстану ғылымы адамды жер бетіндегі себептердің, яғни материяның дамуының нәтижесі, салдары деп түсіндіреді. Оның қалыптасуының маңызды алғы шарттары - еңбек ету мен сөйлеп үйрену. Еңбек ету дағдысы, яғни табиғатты арнайы құралдармен өңдеу мүмкіндігі, адамның жер бетіндегі тірі жандардың бірі болып қалуына, дамуына жағдай жасады.
Адам игілікті дүние құбылыстарын өзара сабақтастырып жатқан ең басты тұлға ретінде көрінеді. Рухани өмір ағымына ол табиғаттың ең биік сатысынан қарайды.
Адам қандай қиыншылықтарды бастан кешірсе де, бәрібір өз қолымен, ақыл – ойымен әлемді жасандырып, тіршілік көркіне үстеме мән дарытып, сонымен бірге еңбек құдіретімен өзі де өзгеріп, өркениетті заманның ізгілікті бір белесінде өмір сүріп отыр. Демек, еңбек адам баласының табиғатқа қатынасын айқындайтын күретамыр, әрекет өрісі болып табылады.
Әлеуметтік антропогенез теориясы Адам бұдан 30-40 мың жылдар бұрын қалыптасты деп есептейді. Жалпы Адам тарихы 3 млн. жылды қамтиды. Ол алғашқы Орталық Африкада пайда болып, кейіннен жер шарының барлық түкпіріне тарады.
Н.Н.Моисеев «әмбебап эволюционизм» теориясын жасады. Оның идеяларының бастауын В.И.Вернадский мен Н.Ф:Федоров еңбектерінен табуға болады. Моисеев адамды жер мен космостың қасиеттері жиынтығының өзара тоғысуының нәтижесі деп қарастырады. Адамның қалыптасуымен материя өзін - өзі түсініп, даму заңдылықтарын білім арқылы бақылауға мүмкіндік алды. Тіршілік пен адамның қалыптасуы - әлем тарихындағы ең үлкен төңкеріс.
Ақыл – ой пайда болғаннан бастап, әлемнің дамуы саналы сипатқа ие болды. Адамның ойлау қабілетінің негізгі ошағы – ми дамып, жетіле түсті. Әр түрлі іс - әрекеттердің іске асу жолына емін еркін араласып, оның бағытын өзгерте алатын ерік пайда болды. Ақпарат пен тәжірибені сақтап, оны қорытып, керек уақытында тауып беріп отыратын ес қалыптасты.
Адам табиғат шындығына бойлай отырып, оның «адамға тәуелсіз өз ерекшелігін» (Герцен) танып білу деңгейіне көтерілді.
Сөйтіп, әлеуметтік организмнің ең нәзік бөлшегі, жаңа Адам әлемі – мәдениет әлемнің бастауы, адамның рухани әлемі қалыптасты. Адамның даму эволюциясында екі қарама – қарсы бағыт қалыптасты. Бірінші – сыртқы дүние туралы білімнің өсе түсуіне негізделген оның өзіндік еркіндігі, құрал – саймандар мен мәдениеттің дамуы. Екіншісі – адамның өз қолымен дамып отыратын екінші табиғаттың күрделене түсуіне байланысты оған оның бағыныштылығының арта түсуі.
Әлем халықтарының фольклорында Адам мен әлемнің қалыптасуы туралы әртүрлі тұжырым бар. Мәселен, эскимостардың айтуынша, Адам жерден соғылған, құстардың көмегімен бүкіл дүниеге тараған. Кейбір рулардың пікірінше, Адам тастан немесе ақ, қызыл, қоңыр қиыршықтардан пайда болған. Осы көзқарастардың бәріне ортақ идея – ол әлемді жарататын сыртқы күштің болуы.
Тейяр де Шарден «эволюциялық мәре» теориясын ұсынды. Ол Адам мен әлемнің пайда болуын түсіндіру үшін ғылым мен дінді, ақыл – ой мен мистиканы өзара біріктіруге тырысты. Тейярдың ойынша, әлемнің тарихы – оның ұдайы күрделене түсуінің және саналылыққа ұмтыла түсуінің тарихы. Осы тарихи процесте әлем дамуының белгісіз бір бағыты, косомстық діңгек қалыптасты. Соның аясында тіршілік пен сананың негізгі болатын Жер рухы пайда болады.
Осының нәтижесінде туындаған Адам өзінің даму эволюциясында ең соңғы нүктеге, яғни «Омега нүктесіне» жетуге ұмтылады. Философтың ойынша, «Омега» нүктесі эволюцияның аяқталып, сүйіспеншілік негізінде бір – біріне ұмтылатын жалпы бірігу мен әлемдік гармонияның бастауы болып табылады. Бұл әлем бөлшектерінің бірін – бірі іздестіріп, өзара гармонияда бірігуі. Омега нүктесі - Әлем мен Адамзаттың болашағы, эволюцияның ең жоғарғы полюсі. Онда барлық индивидтер мен халықтардың өзара келісуі болады. Барлығы сүйіспеншілік арқылы бірігеді. Православие дінінің көрнекті уағыздаушысы. А.Меньнің пікірінше «Адамның әлемдегі орны туралы тейярдизм ілімін», «оптимистік мәре» деп атауға болады. Омега нүктесі – бұл жарық.
Тейярдизмге жақын идеялар орыстың көрнекті философы, суретші Н.К.Рерих шығармашылығында көрініс тапқан. Адам – Жер мен Космостың өзара кездесуі болып түратын ерекше нүкте. Әлемдік құбылыс ретінде адамның өзі де толық игеріп болмаған керемет космостың энергияның иесі болып табылады.
Адамның жаралуы туралы аңыздар көп, оны жерде мекендеп отырған барлық халықтың әдебиетінен қиналмай-ақ табуға болады. Қытайдың ерте замандағы «Әдет – ғұрып естеліктері» деген көне жазбасында осы жайлы былай жазылған: «Дүние жаралған шақта Адам баласы әлі жаратылмаған еді. Hola (жаратушы) адамның тұрқын сары топырақтан жасаған. Ол жалғыз өзі ештеңе тындыра алмайтын болған соң тұрған арқанды балшыққа тастай салады. Содан соң құдіреттің күшімен сол арқанға Жан бітеді де, адамға айналады».
Біз атап өткен ілімдердің барлығы Адам мен табиғаттың бірлігін мойындайды. Адам табиғаттың өз жемісі, оның даму эволюциясы нәтижесінде қалыптасты.
Адам өмір сүру процесінде өзінің барлық қыры мен сырын жайып салады. Өйткені өмір сүру дегеніміз – қиындығы мен қуанышы бірдей процесс. Өйткені дүние үнемі өзгерісте, ол қарама – қайшылықтың, ізгілік пен зұлымдықтың өзара тартысы. Адамның пешенесіне жазылған өмір кірпіктей қысқа, қамшының сабындай келте.
Адам тек қана жақсы қасиеттер мен қабілеттердің жиынтығы ғана емес, оның болмысында көптеген жағымсыз, дүлей, қара күштер де бар.
З.Фрейд жан – жақты зерттеген бейсаналық әлемі осыны айқын көрсетеді. Ғалым тұлғаның психикалық құрылымын талдап, бейсаналықтың екі деңгейін және саналықтың бір деңгейін көрсеткен.
Алғашқы деңгей «Ол» ұғымымен айқындалады, бұл бейсаналықтың төменгі сферасы, яғни әртүрлі инстинктер мен құштарлықтың әлемі. Негізгісі өмір инстинктісі – адамды сақтап, көбейтуге құштарлық және өлім инстинктісі «Ол» рахаттану принципін ұстайды.
Екінші деңгей «Мен» ұғымымен сипатталады. Бұл саналы өмір сферасы, іс - әрекет қисынына бағынып, талап – тілектерді қанағаттандырады немесе қажет кезінде одан бас тарта алады.
Үшінші деңгей – «Менен жоғары» немесе «Супер - Эго» деп аталады. Бұл бейсаналықтың жоғарғы деңгейі, оның қалыптасуына тәрбиелік шектеулер, әлеуметтік және моральдық қалыптар әсер етеді. «Менен жоғары» - бұл адамдардың моральдың принциптерінің бастауы.
Адамның психикасы – жоғары мен төменгі бейсаналық күштердің өзара қақтығысуының аренасы. Адамның саналы өмірі, іс - әрекеті, тіршілік етуінің әмбебаптығы – оның мүлгіген табиғи дарындары мен қабілеттерінің жаңа қырларын ашып көрсетуде.
Қазіргі адам туралы зерттеулерде дағдылы принцип пен білім аясына сыймайтын жаңадан белгілі болған мүмкіндіктер мен ерекше қасиеттер жан – жақты айқындалуда. Мысалы, көріпкелдік, психикалық қуат пен ойдың күшімен емдеу, физиологиялық процестерді еріктің күшімен басқару, болашақты болжау, тез есептеу, оқу қабілеті, керемет ес, биологиялық процестерге ойдың әсер етуі, т.т.
Адам өзінің өмірінде қызғаншақтық, қорқақтық, жүрексіздік, ұстамсыздық, сараңдық, екіжүзділік сияқты толып жатқан жағымсыз қылықтармен бетпе – бет кездесіп отырады. Оған өзінің өне бойында мүлгіген кеңдік, жомарттық, кеңпейілдік, риясыз, ақкөңілділік, ержүректілік, тапқырлық, табандылық, ұстамдылық, жауапкершілік сияқты көптеген тамаша қасиеттерін қарсы қояды.
2. Адамның өмір сүруінде таңдау, еркіндік, жауапкершілік, өмір, өлім, мәңгілік, жалғыздық, махаббат, шығармашылық сияқты өте маңызды оқиғалар болып тұрады.
Таңдау дегеніміз – адамның әруақытта қоғамдық өмір мен заман талабы ұсынған мүмкіндіктерді іске асыруда өзіндік жолды анықтауы. Әр адам дүниеге келген уақытта өзінен бұрын қалыптасып қойған мәдени, әлеуметтік өмір қисынында мүлгіген мүмкіндіктермен жолығады. Сол мүмкіндіктерден өзінің табиғи қабілетіне, ұстаным, дағдысына, біліміне қарай өзіндік жол тауып, сол жолда өзіндік мүмкіндіктер мен ұсынылған мүмкіндіктерді өзара ұштастыра, тоғыстыра отырып, іс - әрекет ету – таңдаудың нәтижесі.
Таңдау – адам еркіндігімен тығыз байланысты. Еркін адам ғана таңдау жасайды.
Еркіндік – интегралды ұғым. Өйткені адам барлық жағынан еркін болуы үшін көптеген жағдайлар қажет. Ең алдымен, экономикалық еркіндігі, яғни өзіне қажет киім, тамақ тұрмыс, демалу, әдемілену, қарым – қатынас сияқты факторларды қамтамасыз ететін мүмкіндігінің болуы.
Саяси еркіндік, өзі қалаған партияларды, қоғамдық қозғалыстарды, депутаттарды қолдау, ұнатқан саяси ахуалды таңдауы, ойы мен пікірін білдіре алуы сияқты іс - әрекетті жүзеге асыруды білдіреді.
Сонымен қатар, әр адамда рухани еркіндік болады. Өзіне ұнаған еркін білдіруі, тағы да басқа рухани құндылықтар.
«Еркіндік» ұғымы жауапкершіліксіз толық бола алмайды. Әр адам өзінің іс - әрекеті үшін қоғам алдында, өзінің ары алдында жауап береді. Жауапкершілік дегеніміз – қоғамда немесе нақты бір жағдайда қабылданған формальды, қалыпты жағдайды орындау ғана емес, сонымен қатар, өзінің алдында тұрған мақсатты орындауға адалдық.Жауапкершілік – бұл өзіңе деген адалдық, өзінің адамгершілік сезімдеріне, өз ісінің ақиқаттығына, дұрыстығына сенім. Жауапкершілік – бұл өз ісіңе ғана емес, басқалар үшін де, олардың тағдыры үшін де жауап беру қабілеттігі.
Таңдау, еркіндік, жауапкершілік сияқты аса маңызды ұғымдар өмір үшін керек. Өмір – адамның ең қымбат, таптырмайтын ерекше жағдайы. Өмір – бұл адамның жарық дүниені қабылдауы, сезінуі, сонымен өзінің де біте қайнасуы. Өмір - әр адамның іс – әрекетінің кеңістігі, өлшемі мүмкіндіктерін іске асыру алаңы, өзін - өзі көрсетуі, айқындауы. Өмірдің мәні мен мағынасы туралы адамдар жиі ойланған. Өмірдің мәнін ең бастапқы құндылық ретінде түсіну тарихи процесс, өйткені әрбір дәуірде адам өмірінің әртүрлілігі және оны түсінудің де көпжақтылығы анықталған.
Әдебиеттегі көзқарастарды топтап жүйелесек, мынадай түйіндер ерекшелеуге болады:
- өмірдің мәні оның рухани негіздерінде, өмірдің өзінде;
- өмірдің мәні әр адамның өзіндік болмысымен анықталады;
- өмірдің мәні жоқ;
- өмірдің мәні игілікке қол жеткізуде – деп жазды В.С.Соловьев.
- өмірдің мәні оның өзінде, яғни адам өмірдің мәнін өзі табады.
- өмір өзінің әдемілігімен, күштілігімен, сүйіспеншілігімен мәнді.
- өмір әр уақытта өліммен аяқталады. Өлім, яғни адам өмірінің шектілігі, оның мәні мен мағынасы туралы мәселені әруақытта өзекті етеді. Бірақ мәнді, мағыналы өмір де өліммен аяқталады. өлім – бұл өмірдің шегі, оны қадірлі, қымбатты, таптырмайтын ерекшелік ететін басты өлшем.
Адам өзінің іс - әрекетінде бүкіл адамзаттық қажеттіліктерді, білуі, түсінуі арқылы мәңгілікке қол созады. Өмір мен өлімнің өзара ауысып отыруы мәңгілікті тудырады. Біреу өледі, біреу өмірге келеді. Бұл тоқтаусыз, ұдайы процесс.
Жалғыздық – адамның таптырмайтын өзіндік ерекшелігін сипаттайды. Жалғыздық сезімі әрбір жеке адамның дүниені сезінуінде бекерден бекер, бостан босқа пайда бола салмайды. Оған себепкер бос қалған өзінде бостандық шеңберін анықтау.
Жалғыздық табиғаты амбивалентті. Бір жағынан, ол – адамды жасытатын, сары уайымға салдыратын сезім. Екінші жағынан, ол - дүниені түсініп білудің, ондағы өз орнын анықтаудың, бостандықтың жақсы қырларын көрсетудің формасы. Жалғыздық феномені кейбір уақыттарда адамға өзінің ерекше адамшылығын, талантын, қабілетін әйгілеуге жағдай жасайды. Жалғыздықта адам өзіне демеу табады. Егер адам өз өмірін әділеттілік, шынайы адамгершілік тұрғысынан ұйымдастырып, оны мағыналы, мәнді ете алмаса, жалғыздыққа жүгінеді. Жалғыздық бұл жағдайда социумның күшті әрекеттеріне қарсы қойылған қорғаныш тетігі болып табылады.
Әр адам өз өмірінде жалғыздық сезімін бастан кешіріп отырады. Ол сезім өткір, ұдайы, өтпелі, қажетті болуы мүмкін.
Адамның онтологиялық жалғыздығы – оның шеті де, шегі де жоқ әлемде өмір сүруі. Жалғыздық – қашан да жеке адамның басындағы ішкі ойға, емін – еркін үлес қоса алатын ерекше қасиет.
Өмір, өлім, жалғыздық туралы ой толғағанда бірден еске түсетін маңызды категория – махаббат. Махаббат өмірге нәр береді, оны нұрлы, қуатты етеді. Ол әмбебап және терең құмарлық, адам өмірінің өне бойын қамтиды.
Махаббат болмыстың іргелі негіздерін анықтайды. Сонымен қатар, ол әр адамның жеке қайталанбайтын дара сезімі ретінде көрінеді. Ол бүкіл адамға, сонымен қатар, әр адамға тән қасиет. Махаббат – бастапқы, стихиялық, қуатты құмарлық, ол барлық нәрсені қозғалысқа келтіреді.
Адам арасындағы құмарлықтың пайда болуы туралы Платон айтқан. Антикалық грек өзі де ләззат құшағында тұншыға отырып, өзін - өзі тежеудің де жолын анықтаған.
Махаббат сезімі архетипті, яғни бастапқы бәріне бірдей қасиет. Бұл сезімнің толық ашылуына мәдени ұстанымдар мен шектеулер әсер етеді. Әдебиетте, өнерде махаббат сезімінің тереңдігі, қуаты, іске асырылу тетігі жеткілікті сезім деп те айтылады.
Бауырлық махаббат басқа адамды сыйлау, қадірлеу, оның алдында жауапкепршілікті сезінуді білдіреді.
Ананың балаға – махаббаты – баланың қалыптасып, дамуының барлық жағының бастауы. Ананың аялы алақанынан, ақ сүтінен бәрі – бәрі жаралған.
Адамның барлық рухани қуатын көрсететін тамаша қасиет – ол шығармашылық. Оның нәтижесінде бұрын болмаған жаңа, қайталанбайтын, дара нәрселер пайда болып отырады.
Шығармашылық дегеніміз – жасампаз іс - әрекеттің нәтижесі. Оның қайнар көзі – тұлғаның өзі өмір сүріп отырған дәуірге, мәдени ортаға деген қызығушгылық қарым – қатынасы, шешілмеген мәселелерін тануға, білуге ұмтылысы, қиядан жол табуға мүмкіндігі. Шығармашылықтың негізі жете – шешілмеген, шешілуін кұтіп тұрған мәселелердің жиналып, шоғырланып қалуы, оларды сын көзқарас тұрғысынан талдау.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Әбiшев Қ.
Философия : Оқулық / Әбiшев Қ. - Өңделiп, толық. 3-шi бас. - Алматы : Дәуiр, 2001. - 264
Алтай Ж.
Философия тарихы : Оқулық / Ж. Алтай, А. Қасабек, Қ. Мұхамбетали. - Алматы : Жетi жарғы, 1999. - 288
Акназаров Х.З. Философия тарихынан дәрiс курсы : Оқу құралы / Акназаров Х.З. - Алматы : Республикалық баспа кабинетi, 1992. - 110
16-ші лекция: Философиядағы адамның өмірі мен өлімі туралы мәселе. Адам өмірінің мәні
Адам болмысының категориялары: бақыт, сенім, өмір және өлім.
Адам, оның ажалдығы және ажалсыздығы. Өмірдің мәні – оның шектеулілігін ұғыну. Уақыт, мәңгілік және мақсат.
Қорқыт дүниетанымындағы мәңгілік өмір мәселесі және Қ.А.Ясауидың мистикалық дүниетанымы.
Адам өмір сүру процесінде өзінің барлық қыры мен сырын жайып салады. Өйткені өмір сүру дегеніміз – қиындығы мен қуанышы бірдей процесс. Өйткені дүние үнемі өзгерісте, ол қарама – қайшылықтың, ізгілік пен зұлымдықтың өзара тартысы. Адамның пешенесіне жазылған өмір кірпіктей қысқа, қамшының сабындай келте.
Адам тек қана жақсы қасиеттер мен қабілеттердің жиынтығы ғана емес, оның болмысында көптеген жағымсыз, дүлей, қара күштер де бар.
З.Фрейд жан – жақты зерттеген бейсаналық әлемі осыны айқын көрсетеді. Ғалым тұлғаның психикалық құрылымын талдап, бейсаналықтың екі деңгейін және саналықтың бір деңгейін көрсеткен.
Алғашқы деңгей «Ол» ұғымымен айқындалады, бұл бейсаналықтың төменгі сферасы, яғни әртүрлі инстинктер мен құштарлықтың әлемі. Негізгісі өмір инстинктісі – адамды сақтап, көбейтуге құштарлық және өлім инстинктісі «Ол» рахаттану принципін ұстайды.
Екінші деңгей «Мен» ұғымымен сипатталады. Бұл саналы өмір сферасы, іс - әрекет қисынына бағынып, талап – тілектерді қанағаттандырады немесе қажет кезінде одан бас тарта алады.
Үшінші деңгей – «Менен жоғары» немесе «Супер - Эго» деп аталады. Бұл бейсаналықтың жоғарғы деңгейі, оның қалыптасуына тәрбиелік шектеулер, әлеуметтік және моральдық қалыптар әсер етеді. «Менен жоғары» - бұл адамдардың моральдың принциптерінің бастауы.
Адамның психикасы – жоғары мен төменгі бейсаналық күштердің өзара қақтығысуының аренасы. Адамның саналы өмірі, іс - әрекеті, тіршілік етуінің әмбебаптығы – оның мүлгіген табиғи дарындары мен қабілеттерінің жаңа қырларын ашып көрсетуде.
Қазіргі адам туралы зерттеулерде дағдылы принцип пен білім аясына сыймайтын жаңадан белгілі болған мүмкіндіктер мен ерекше қасиеттер жан – жақты айқындалуда. Мысалы, көріпкелдік, психикалық қуат пен ойдың күшімен емдеу, физиологиялық процестерді еріктің күшімен басқару, болашақты болжау, тез есептеу, оқу қабілеті, керемет ес, биологиялық процестерге ойдың әсер етуі, т.т.
Адам өзінің өмірінде қызғаншақтық, қорқақтық, жүрексіздік, ұстамсыздық, сараңдық, екіжүзділік сияқты толып жатқан жағымсыз қылықтармен бетпе – бет кездесіп отырады. Оған өзінің өне бойында мүлгіген кеңдік, жомарттық, кеңпейілдік, риясыз, ақкөңілділік, ержүректілік, тапқырлық, табандылық, ұстамдылық, жауапкершілік сияқты көптеген тамаша қасиеттерін қарсы қояды.
2. Адамның өмір сүруінде таңдау, еркіндік, жауапкершілік, өмір, өлім, мәңгілік, жалғыздық, махаббат, шығармашылық сияқты өте маңызды оқиғалар болып тұрады.
Таңдау дегеніміз – адамның әруақытта қоғамдық өмір мен заман талабы ұсынған мүмкіндіктерді іске асыруда өзіндік жолды анықтауы. Әр адам дүниеге келген уақытта өзінен бұрын қалыптасып қойған мәдени, әлеуметтік өмір қисынында мүлгіген мүмкіндіктермен жолығады. Сол мүмкіндіктерден өзінің табиғи қабілетіне, ұстаным, дағдысына, біліміне қарай өзіндік жол тауып, сол жолда өзіндік мүмкіндіктер мен ұсынылған мүмкіндіктерді өзара ұштастыра, тоғыстыра отырып, іс - әрекет ету – таңдаудың нәтижесі.
Таңдау – адам еркіндігімен тығыз байланысты. Еркін адам ғана таңдау жасайды.
Еркіндік – интегралды ұғым. Өйткені адам барлық жағынан еркін болуы үшін көптеген жағдайлар қажет. Ең алдымен, экономикалық еркіндігі, яғни өзіне қажет киім, тамақ тұрмыс, демалу, әдемілену, қарым – қатынас сияқты факторларды қамтамасыз ететін мүмкіндігінің болуы.
Саяси еркіндік, өзі қалаған партияларды, қоғамдық қозғалыстарды, депутаттарды қолдау, ұнатқан саяси ахуалды таңдауы, ойы мен пікірін білдіре алуы сияқты іс - әрекетті жүзеге асыруды білдіреді.
Сонымен қатар, әр адамда рухани еркіндік болады. Өзіне ұнаған еркін білдіруі, тағы да басқа рухани құндылықтар.
«Еркіндік» ұғымы жауапкершіліксіз толық бола алмайды. Әр адам өзінің іс - әрекеті үшін қоғам алдында, өзінің ары алдында жауап береді. Жауапкершілік дегеніміз – қоғамда немесе нақты бір жағдайда қабылданған формальды, қалыпты жағдайды орындау ғана емес, сонымен қатар, өзінің алдында тұрған мақсатты орындауға адалдық.Жауапкершілік – бұл өзіңе деген адалдық, өзінің адамгершілік сезімдеріне, өз ісінің ақиқаттығына, дұрыстығына сенім. Жауапкершілік – бұл өз ісіңе ғана емес, басқалар үшін де, олардың тағдыры үшін де жауап беру қабілеттігі.
Таңдау, еркіндік, жауапкершілік сияқты аса маңызды ұғымдар өмір үшін керек. Өмір – адамның ең қымбат, таптырмайтын ерекше жағдайы. Өмір – бұл адамның жарық дүниені қабылдауы, сезінуі, сонымен өзінің де біте қайнасуы. Өмір - әр адамның іс – әрекетінің кеңістігі, өлшемі мүмкіндіктерін іске асыру алаңы, өзін - өзі көрсетуі, айқындауы. Өмірдің мәні мен мағынасы туралы адамдар жиі ойланған. Өмірдің мәнін ең бастапқы құндылық ретінде түсіну тарихи процесс, өйткені әрбір дәуірде адам өмірінің әртүрлілігі және оны түсінудің де көпжақтылығы анықталған.
Әдебиеттегі көзқарастарды топтап жүйелесек, мынадай түйіндер ерекшелеуге болады:
- өмірдің мәні оның рухани негіздерінде, өмірдің өзінде;
- өмірдің мәні әр адамның өзіндік болмысымен анықталады;
- өмірдің мәні жоқ;
- өмірдің мәні игілікке қол жеткізуде – деп жазды В.С.Соловьев.
- өмірдің мәні оның өзінде, яғни адам өмірдің мәнін өзі табады.
- өмір өзінің әдемілігімен, күштілігімен, сүйіспеншілігімен мәнді.
- өмір әр уақытта өліммен аяқталады. Өлім, яғни адам өмірінің шектілігі, оның мәні мен мағынасы туралы мәселені әруақытта өзекті етеді. Бірақ мәнді, мағыналы өмір де өліммен аяқталады. өлім – бұл өмірдің шегі, оны қадірлі, қымбатты, таптырмайтын ерекшелік ететін басты өлшем.
Адам өзінің іс - әрекетінде бүкіл адамзаттық қажеттіліктерді, білуі, түсінуі арқылы мәңгілікке қол созады. Өмір мен өлімнің өзара ауысып отыруы мәңгілікті тудырады. Біреу өледі, біреу өмірге келеді. Бұл тоқтаусыз, ұдайы процесс.
Жалғыздық – адамның таптырмайтын өзіндік ерекшелігін сипаттайды. Жалғыздық сезімі әрбір жеке адамның дүниені сезінуінде бекерден бекер, бостан босқа пайда бола салмайды. Оған себепкер бос қалған өзінде бостандық шеңберін анықтау.
Жалғыздық табиғаты амбивалентті. Бір жағынан, ол – адамды жасытатын, сары уайымға салдыратын сезім. Екінші жағынан, ол - дүниені түсініп білудің, ондағы өз орнын анықтаудың, бостандықтың жақсы қырларын көрсетудің формасы. Жалғыздық феномені кейбір уақыттарда адамға өзінің ерекше адамшылығын, талантын, қабілетін әйгілеуге жағдай жасайды. Жалғыздықта адам өзіне демеу табады. Егер адам өз өмірін әділеттілік, шынайы адамгершілік тұрғысынан ұйымдастырып, оны мағыналы, мәнді ете алмаса, жалғыздыққа жүгінеді. Жалғыздық бұл жағдайда социумның күшті әрекеттеріне қарсы қойылған қорғаныш тетігі болып табылады.
Әр адам өз өмірінде жалғыздық сезімін бастан кешіріп отырады. Ол сезім өткір, ұдайы, өтпелі, қажетті болуы мүмкін.
Адамның онтологиялық жалғыздығы – оның шеті де, шегі де жоқ әлемде өмір сүруі. Жалғыздық – қашан да жеке адамның басындағы ішкі ойға, емін – еркін үлес қоса алатын ерекше қасиет.
Өмір, өлім, жалғыздық туралы ой толғағанда бірден еске түсетін маңызды категория – махаббат. Махаббат өмірге нәр береді, оны нұрлы, қуатты етеді. Ол әмбебап және терең құмарлық, адам өмірінің өне бойын қамтиды.
Махаббат болмыстың іргелі негіздерін анықтайды. Сонымен қатар, ол әр адамның жеке қайталанбайтын дара сезімі ретінде көрінеді. Ол бүкіл адамға, сонымен қатар, әр адамға тән қасиет. Махаббат – бастапқы, стихиялық, қуатты құмарлық, ол барлық нәрсені қозғалысқа келтіреді.
Адам арасындағы құмарлықтың пайда болуы туралы Платон айтқан. Антикалық грек өзі де ләззат құшағында тұншыға отырып, өзін - өзі тежеудің де жолын анықтаған.
Махаббат сезімі архетипті, яғни бастапқы бәріне бірдей қасиет. Бұл сезімнің толық ашылуына мәдени ұстанымдар мен шектеулер әсер етеді. Әдебиетте, өнерде махаббат сезімінің тереңдігі, қуаты, іске асырылу тетігі жеткілікті сезім деп те айтылады.
Бауырлық махаббат басқа адамды сыйлау, қадірлеу, оның алдында жауапкепршілікті сезінуді білдіреді.
Ананың балаға – махаббаты – баланың қалыптасып, дамуының барлық жағының бастауы. Ананың аялы алақанынан, ақ сүтінен бәрі – бәрі жаралған.
Адамның барлық рухани қуатын көрсететін тамаша қасиет – ол шығармашылық. Оның нәтижесінде бұрын болмаған жаңа, қайталанбайтын, дара нәрселер пайда болып отырады.
Шығармашылық дегеніміз – жасампаз іс - әрекеттің нәтижесі. Оның қайнар көзі – тұлғаның өзі өмір сүріп отырған дәуірге, мәдени ортаға деген қызығушгылық қарым – қатынасы, шешілмеген мәселелерін тануға, білуге ұмтылысы, қиядан жол табуға мүмкіндігі. Шығармашылықтың негізі жете – шешілмеген, шешілуін кұтіп тұрған мәселелердің жиналып, шоғырланып қалуы, оларды сын көзқарас тұрғысынан талдау.
Болмыс – тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Әр заманда өмір сүрген ойшылдар бұл ұғымды көбінесе жүйелі философиялық толғаныстардың бастапқы негізі деп қараған. Осы уақытқа дейін де болмыс туралы бұл көзқарас өз мәнін сақтап келеді. Болмыс туралы философиялық мәселені түсіну үшін ең алдымен оның адамзаттың шынайы өмірінде қандай түбегейлі орын алатынын ұғыну қажет.
Адам болмысы екіге бөлінеді: - Адам тікелей жанды, нақты кісі ретінде өмір сүреді. Оның үстіне адамның өмір сүруінің табиғи алғышарты - оның денесінің өмір сүруі. Яғни адам, ең алдымен, «сүйек пен еттен жаралған пенде». Сонда адам денесі – табиғат бөлшегі. Денесінің болуы адамды шектеулі, өткінші жан иесі етеді. Ерте заманнан адамдар өз өмірлерінің ұзақтығының ұлғаю мұмкіндіктерін іздестірген. Ағылшын биологтарының айтуынша, барлық жағдайлар жасалса, адам денесі бір мың жыл өмір сүре алады. Өмір ұлғаю үшін не керек? Біріншіден, адам денесінің тіршілігін қамтамасыз ету қажет. Екіншіден, адамның ең алғашқы құқығы өз өмірін сақтаумен, адамзаттың аман-есендігімен байланысты. Үшіншіден, жаңа организм ретінде адамдар тұқым қуалаушылық заңдарына бағынады, мұны жойып жіберуге немесе жоққа шығаруға олар дәрменсіз. Төртіншіден, философия адамның денесі және оның ынтызарлығы, қуаныш – реніші, психикалық жай – күйі, ойы, мінез – құлқы, ерік жігері, іс – әрекеті, бір сөзбен айтқанда, арасындағы байланысты үнемі іздестіреді.
Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы). Екінші жағдайға жататындар — кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка, т.б. 2)Әлеуметтік болмыс- екіге бөлінеді: тарих процесінде жекелеген адам болмысына және қоғам болмысына. Жеке адам тек қана қоғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді, бір мемлекетте тұрады, тарихи процестерге қатысады. Қоғамдық болмыс — ол жалпы ұғым, оның даму заңдары болады. Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтар туады. Қоғам неғұрлым жоғары дамыған сайын ондағы алуан саладағы прогресті жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективтік факторларға тікелей байланыстылығын байқаймыз.
Бірінші философияға болмыс терминін антикалық философ Парменид енгізді. Парменидтің пікірінше,нағыз болмыс бұл ‑ әрқашанда бар нәрсе. Ал болмыс әрқашан да тұтас және бөлінбейтін болғандықтан, ол туралы ой да бүтін және бөлінбейді, оның үстіне оның өзінің болмысы бар. Нағыз болмыс ‑ бұл ақыл ‑ оймен игерілетін болмыс. Болмыс пен ой тепе ‑ тең. Адамды субъективтілік шеңберінен тысқа шығарып, объективтілік деңгейіне жеткізе алатын және оның дәйектілігі мен күмәнсіздігін негіздейтін ой адамға сенімділік береді.
Парменидтің «болмыс» категориясы адамдардың күнделікті, практикалық өмірінде жүзеге асырылып отыратын нақты іс ‑ әрекеттері мен ойларының философиялық тұрғыда түсіндірілуі ғана емес, сонымен қатар ол батыстық адамға тән дүниетанымдық және аксиологиялық принциптерден де бұрын оның нақты өмірлік қажеттіліктерін бейнелейтін нақты да айқын экзистенциалдық негіздер болып табылады.
Осылайша Парменид болмыс мәселесін философияның ең басты мәселесі ретінде негіздеп қана қоймай, оның болмыс туралы ілімі метафизика үшін мүмкіндіктер ашты, яғни адамға да, адамзатқа да бағынбайтын материалдық та, материалдық емес те болмыс туралы, табиғи мәнділіктердің соңғы идеалдық себептері туралы және ақыры аяғында барлық өмірде бар нәрселер туралы айтуға мүмкіндік беретін ілімге жол ашты.
Болмыстың шын негізін ол, уақыт бірлігінде шексіз деп атады. Парменидтің болмыс проблемасын жалғастыру мен жетілуін қалыптастыруда философтар үшін шынайы «өмірде» болмыстың барын сезінуіне байналысты болды. Мысалы, жасанды болмысты философтар орта ғасырда құдайдан, — деп білді, ал басқалары шынайы материалды және материалды емес, — деп ойлады, бірақ әртүрлі дәрежеде болмыстың жасанды қатысы бар. Жасанды болмыс сөзсіз мойындаса адам болды, оның ойы, оның қажеттілігі оның өмірі. Болмыс қатынасының келесі формалары бар: табиғатына бөлінетін заттар, денелер процестер болмысы, әлемдегі адамдар болмысына бөлінетін адам болмысы, адамның индивид ретінде тіршілік етуі. Рухани (идеалдық) болмыс, ол индивидуалды рухани және объективті руханиға бөлінеді. Әлеумет болмысы индивидуалды болмыс пен тарихи болмысқа бөлінеді.
Адам, оның ажалдығы және ажалсыздығы.
Ажал - діни-теологиялық ұғым-категория, тіршілік иесіне (нақтылап айтсақ, адамға фәни дүниедегі) белгіленіп берілген мөлшерлі мерзім, уақыттан соңы, аяқталуы Шәкәрім өзінің көркем философиясында ажал ұғымына кең өріс береді. Поэзиялық шығның шарықтау шегінде, шешімді сәттерінде ажал ұғымын Аллаһ Тағала, асық (ғашық), тағдыр, сөз құдіреті, т.б. ұғымдармен астастыра береді.
Ажал - екі мағыналы ұғым. Біріншісі, дәстүрлі дүниетанымда да, мұсылман агиологиясында да жасағанның әмірімен адамның, жалпы тіршілік иелерінің жанын алатын тылсым құдірет иесі. Екіншісі, адамның биофизиологиялық ғұмырының аяқталғанын білдіреді.
Қазақ мифологиясында жаналғыш Әзірейіл періште бейнесі ажалдың түрінде айтылады. Ал исламға дейінгі түсінікте ажал Сүрмерген, кейде Сүржекей бейнесінде болғанын көрсетеді және бұл мифтік бейне ислам мифологиясындағы Әзірейілден әлдеқайда көне болуы ықтимал. Ұрыс-соғыста қауіпті-қатерде «Сүрмерген жолға шықты», «Ажал оғы қайсымызға тиер екен» дейді екен. Ауру-сырқау адамның да ажалы жақындағанда ажал төнді дейді.
Ажал ұғымы адам баласының өмірі алдын-ала құдай құдыретімен белгіленіп қойылған дейтін көне сенім- наным, түсініктерді де қамтиды. «Тағдыр», «маңдайға жазылған», «жазмыштан озмыш жоқ», «пешенеде бар» деген секілді сөздер осының дәлелі.
Адам - белгілі биологиялық қажеттіліктерге, функцияларға, инстинктерге, психикаға ие табиғи-биологиалық жаратылыс. Бірақ адам мәні биологиялық тіршілік-әрекетке ғана тең емес. Өйткені адам өмірінің басты ерекшелігі - адамның әлеуметтік тіршілік иесі болуында. Адамдағы мақсаттылық , жоспарлы әрекет , өнер туындыларын жасау қабілеттері әлеуметтік эволюцияның, нақты тарихи-қоғамдық байланыстар мен қатынастардың, тарихи дәуірлер мен өркениеттердің нәтижесі . Адам мәні өзі өмір сүріп отырған қоғамнан тыс түсіндіріле алмайды. Адам материалды және рухани мәдениет дамуының, тарихи процестің жемісі және субъектісі. Ол табиғат пен тарихтың бірлігі, әлеуметтік ортаның, белгілі қоғамдық қатынастар жиынтығының жемісі және сонымен қатар олардың жасаушысы. Адам мәнін анықтау адамның адам ретіндегі болмысының анықтаушысы және ажырамас факторы не болып табылатындығын, оны адам етіп тұрған не, адамзат атаулыға тән қасиеттерді жаңартып және толықтырып отыратын сарқылмас қасиеті не екенін түсінуге мүмкіндік береді. Адам өмірінің мәңгі және табиғи шарты еңбек болып табылады.
Адам мәні оның тіршілігіне тең емес. Бірақ бұдан адам мәні оның индивидуалды тіршілігіне тең деген қарама-қарсы пікір тумайды. Қоғамдық өмірмен қатар әрбір адам индивидуалды өмір сүретіні рас. Бірақ адам мәні әлеуметтік тұрғыдан анықталатындықтан әрбір индивид - қоғамдық тіршілік иесі.
Адамның қоғамдық мәні индивидтің индивидуалды ойлау ерекшеліктерінен көрінеді. Әлеуметтік мәні бар қасиеттердің белгілі жиынтығы қайталанбас тұтастықты - адамның өзіндік ішкі дүниесі мен жеке мүдделері бар адам тұлғасын құрайды.
Адам әлемінің мазмұны - дүниетаным, кәсіптік білім, дағдылар, эмоционалдық деңгейі, мінезі, ойлауы, құндылықтар мен мотивтер жүйесі, табиғи, туа берілген мән болып табылмайды. Олар белгілі мәдени ортада ғана пайда болып, қалыптасып, басқа адамдармен қарым-қатынаста көрініс береді.
Философиялық ойлар, тарихындағы өмірдің мәні мәселесі.
Философиядағы адам мәселесінің мәні мен ерекшелігі. Адамның өз табиғатын танып білуге ұмтылуы философиялық ойды дамытудың басты түрткілерінің бірі болып табылады. Философия ежелгі заманнан бастап жалпы адам дегеніміз кім, оның табиғаты, оның мәні қандай екендігін айқындауға ұмтылып келеді.
Адамның өзін-өзі танып білуі – философияның орталық мәселесі. Философияның адамды зерделеуге арнаған тарауы философиялық антрология деп аталады. Оның ғылыми антропологиядан немесе адамды зерделейтін арнаулы ғылыми пәндер кешенінен бірқатар елеулі айырмашылықтары бар. Заманауи ғылымда мұндай 800-дей пән мен бағыттардың бар екендігін айтуымыз керек. Алайда олардың әрқайсысы адамды белгілі бір жақтарынан, қандай да бір жекелеген қырларынан қарастырады. Мысалы, психология адамның ішкі дүниесін, оның санасы мен түпсанасын; медицина – аурулардың себептері мен оларды емдеу жолдарын; нейрофизиология – адамның жүйке жүйесінің қызметін зерделейді.
Олардан философиялық антропологияның басты айырмашылығы, оның дүниеге көзқарастық маңызы бар, неғұрлым кең көлемді ең жалпы антропологиялық мәлелерді зерттейтіндігінде. Антропологияға философиялық тұрғыдан келу арнаулы ғылыми тәсілмен айқындалған біртұтастығымен және жүйелілігімен ерекшеленеді.
Философиялық антропология көптеген сұрақатардың қойылуымен анықталады. «Адамдық» «адамдық еместен» несімен ерекшеленеді? «Адам болу» деген нені білдіреді? «Адам болмысының мағынасы неде?» Адамдар не үшін және неліктен өмір сүреді және олар қалай өмір сүрулері тиіс? Жалпы адамның талғам-талайы қандай және де онда сол бар ма?
Бұларға ұқсас сұрақтарды тұжырымдау оңай, бірақ оларға жауап беру өте қиын. Оның үстіне, философия тарихында оларға жауап беру әрекеттері жасалған. Енді соларды қарастырайық.
Сонымен философияда ежелгі заманнан бастап адам туралы түсініктер қалыптаса бастады.
Ежелгі заманның шығыстық, сондай-ақ батыстық философиясы да қайырымдылық пен жауыздық; әдемілік пен сұрықсыздық; әділеттілік пен әділетсіздік; достық, сүйіспеншілік пен жеккөрініш; бақыт, ләззаттану мен қайғы-қасірет және басқа проблемаларға қызығушылық білдірді. Философияның бүкіл дамуы ұлылардың ойларын бейнелейтін нақыл сөздерге толы:
Лао-цзы: «Адамдарға қарым-қатынаста жоғары ізгілікті меңгерген адам достық пейілді болуы тиіс; сөздері шын жүректен шығуы тиіс; басқаруда (елді) дәйекті болуы тиіс; істерінде мүмкіншіліктерді есепке алуы керек; іс-әрекеттерінде уақытпен санасуы тиіс».
Конфуций: «Адамдардың сені білмейтініне алаңдама, өзіңнің адамдарды білмейтініңе алаңда».
Дмокрит: «Ақымақтарға оларды мақтайтындар көп зиян келтіреді».
Платон: «Кеңпейілділік – мән-жайларды шеберлікпен пайдалану: жанның зердемен біріккен асқақтығы».
Аристотель: «Достық дегеніміз – бірлесіп өмір сүру үшін қажетті шарт».
Философияда біртіндеп адам бейнесі мен адам табиғатына деген негізгі ойлар қалыптаса бастады.
Адамның адам болуға деген ұмтылушылығы – бұл ең үздік адамдық қасиеттерді: қайырымдылықты, достық пейілді, адамға деген сый құрметті, жанашырлықты, т.б. іске асыруға деген ұмтылыс. Мэн-цзы оның ізбасарлары адам өз табиғаты бойынша қайырымды деп есептеді. Дәлелдеме ретінде олар мынадай мысал келтірген: «Егер адамдар кенет құдыққа құлайын деп тұрған баланы көрсе, олардың бәрі бірдей мазасыздану мен жанашушылық сезімін бастарынан өткізеді». Жанашырлығы жоқ адам – адам емес. Сондықтан су әрқашан да төмен қарай ағады, ал адам табиғаты мейірімге қарай ұмтылады. Адамдардың өзімшілдігі мен ашу-ызасын Мэн-цзы қолайсыз сыртқы мән-жайлармен түсіндіреді. «Егін мол болған жылдары жас адамдардың көпшілігі қайырымды, ал аштық жылдары ызалы болады. Мұндай айырмашылық оларға Аспан берген табиғи қасиеттерден болмайды, аштық олардың жүректерін ызаға батуға мәжбүр еткендіктен болады».
Конфуцийшілер болса, адам табиғаты жақсы да, жаман да емес, ол әдептік жағынан бейтарап және әлеуметтік мән-жайларға, билік саясатына байланысты деп ұйғарды. Оларда сумен салыстыруды пайдаланған. Су арна қай жаққа қарай қазылғанына қарай солтүстікке де, оңтүстікке де, шығысқа да, батысқа да ағуы мүмкін. «Су өз ағысында батыс пен шығысты ажырата алмайтыны сияқты, адам табиғаты да қайырымды және қайырымсыз болып бөлінбейді».
Лао-цзы бір адамдар табиғаты бойынша тұтастай қайырымды және басқаларға үлгі көрсете алады, басқалары – ашулы және жақсы басшылық пен өсиеттерсіз құриды, яғни екі тарап та бір-бірін қажетсінеді деген.
Бағалардың мұндай әртүрлілігі өткен заман философтары әуес болған адам табиғаты деп аталатынның биологиялық тұқымқуалаушылыққа қатысы жоқ екендігін дәлелдейді. Табиғи ортамен адам генінде жамандық та, жақсылық та жоқ. Бұл – арада осы «табиғи» белгілер мәңгілік және өзгермейтін өнегелерді, саяси тәртіптерді және жалпы заманның барлық теріс құбылыстарын сынаудың құралы болуы мүмкін.
Өмір жəне өлім. Өмірдің мəні.
Абай: Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті, дейді. Алла ислам дінінде Құдай есімі. Алланы сүюге насихаттаушылар Абайға шейін де көп болған. Ақын Алланы адамзатты махаббатпен жаратқаны үшін сүй деп отыр. Демек, мәселе махаббатқа тірелген. Абай бұл тұста махаббатты Адамға емес, Аллаға қатысты айтып отыр. Алла адамзатты махаббатпен жаратқан. Олай болса, махаббат Адамға шейін болған шындық. Демек, махаббаттың субъектісі Алла, Алланың құдіреті, қуаты, рухы. Бірақ ол әлі де танылмаған, сезілген тылсым, әзірше шындыққа айналмаған мүмкіндік. Бұл тылсым Алла құдіреті адамзатты жаратқанда айқындалмақ, сонда махаббат Алланың көріну, айқындалу формасы. Алла өз әрекетімен, яғни махаббатпен адамзатты жаратқаны арқылы танылып отыр. Біз оның өзге қажеті, сипаты туралы сөз қозғамаймыз, себебі білмейміз, Алланың өзге қасиеті біз үшін құпия. Осы Алланың бір ғана ажырамас қасиетін танудың өзі әр адам санасына салмақ салатын іс. Алланың жаратушы екенін мойындау адам ақылына тұғыр, ойына өріс береді. Адам Алланы «мүмкін бар шындық» деген дәрежеде қабылдай алады, одан әріге оның сол дәрежедегі санасы, ақылы жетпейді. Өлшеулі ақыл өлшеусіз Алланы танымақ емес. Алла Адамға нақтылы сана берген. Ол өзінің Адамзатты махаббатпен жаратқаны туралы ақиқат. Адамзат жаратылғаннан кейін махаббат көріну формасының бір ажырамас қасиетіне айналған. Адамзатты жаратқан Алла деу тым қарабайыр түсінік, дұрысы, Абай айтқандай, Алла адамзатты өз махаббатымен жаратқан. Олай болса, Алланы жанымыздан да тәтті сүюге біз парыздармыз. Алланы сүю арқылы біз оған деген қарызымызды өтемекпіз. Әлемдегі ешбір діни философия махаббат мәселесіне соқпай өтпеген. Христиан дінінде «Құдай дегеніміз махаббат» деген қағида бар. Махаббат туралы ілімдердің негізгі түптамырлары тоғысатынына еш таң қалуға болмайды. Себебі махаббат адамдық өлшемнің белгісі. Абайдың «махаббатсыз дүние бос» дейтіні де содан. Махаббат туралы ой міндетті түрде өмірдің мәніне, болмысына бастап апарады. «Махаббат философиясында», байқап отырсыз, тақуалық басым. Адам Аллаға махаббатын білдіргеннен өзге әрекетпен айналыспауы шарт. Бұны Абай ұғымға, ал «махаббат философиясын» Алланы тану құралы ретінде қабылдаған. Абай тақуалық (аскеттік) емес, өміршеңдік прагматикалық философияны жақтаған. Ол Алланы сүюге шақырғанда, адамның өзінөзі танып, тазаруын мақсат тұтқан. Өзін өзі танушы жан өзгеге бөгде көзқараспен қарауы мүмкін емес. «Махаббат философиясы» араб парсы, Орта Азия және Қазақстан әдебиеті мен мәдениетінің орасан дамуына ықпал жасаған дүниетаным. Себебі махаббатты жырлау әдебиет пен өнерде демократияның, еркін ойдың өрісі болды. Сондықтан да орта ғасырдағы араб парсы поэзиясына әлемде ешбір елдің поэзиясы тең келмейді. Міне, осы даму ислам діні шеңберінде болған. Абай заманындағы қазақ тұрмысында ислам саяси дертке ұшыраған еді.
Данышпан Абай дінге тағы бір тың көзқарас әкелетінін сезген, оның есімі Алланы тану мәселесіне сынаған. Себебі Алланы тану адамның өзін өзі тануға бастайтын жол. Абай махаббат адамның жарамсыз қылықтарынан тазаратын күш екеніне кәміл сенген. Бірақ қазақ даласына «махаббат философиясы» «махаббат поэзиясы» ретінде сіңген болатын. Алла мен Адам арасындағы махаббат әйел мен еркек арасындағы махаббатқа ауысқан. Солай болғанымен, мәселенің түп қазығы сол қалпында, яғни адам бойындағы асыл қасиеттерді саудаға салмау. Адамдардың (қыз бен жігіттің) бірбіріне қалтқысыз берілуі, ғашық болуынан,із Құдай жолы. Ғашықтық тақырыбы қисса қисса болып Шығыстан да келіп жатты. Өз ақындарымыз да жырлап жатты, ел жаттап алып айтатын болды. Сөйтіп, «махаббат философиясы» поэзия арқылы қазақ санасына сіңісті. Ғашықтық сезімін қыз жігітке, жігіт қызға арнайды. Махаббат адамдар сезіміне ауысты. Алайда тақуа, яғни махаббат үшін өзін құрбан етуге, өмірін арнауға апарды. Ғашықтық жырларда екі жастың бақытқа жетуі өте сирек болды. Көбіне ғашық болғандар мерт болады. Мысалы, Қозы Көрпеш пен Баян сұлу, Төлеген мен Жібек. Демек, махаббат үшін құрбан болу «махаббат философиясынан» қалған дәстүр. Бұл Еуропа халықтарында ешбір болмаған. Махаббат Алланың қасиеті, сипаты ретінде шексіз, өлшеусіз шындық. Демек, ол туралы наным да шексіз. Махаббат мәңгі сарқылмайтын тақырып. Өмірдің мәні махаббатта. Келекеле адамның Аллаға махаббаты, рух махаббаты және тән махаббаты болып бөлінген. Ол туралы Абай «ғашықтық пен құмарлық ол екі жол» деп нақты айтқан, себебі құмарлық негізінде нәпсі деген бар. Аллада мін жоқ, мін адамда. Мәселенің нақ осылай болуы да Алла әмірі. Олай болса, адамға ақыл мен мінді қоса берген Алланың өзі. Демек, Алла мінсіз болғанымен, оның жаратқан мақұлығы мінді болса, кінә кімде? Бұл сұраққа жауапты данышпандар жазған томтом кітаптардан қиналып іздеудің еш қажеті жоқ. Оған жауапты Абайдың өзі берген. «Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ» дей келіп, адамның мінді болатын жайларына тоқталған: Мүмин болсаң, үйреніп сеп де ұқсап… Құран рас, Алланың сөзі дүр ол, Тәуіне жетерлік ғылымың шақ. Бұл жерде Алланың мінсіз, пайғамбардың хақ екендігін түсініп, мойындап, қабылдауың керек. Оны жасамасаң, оған ақылың, санаң, сезімің жетпесе, мінді боласың. Мұндай талап Алла жаратқан адамнан өзге мақұлықтарға қойылмайды. Оларда сана еркіндігі жоқ, оларға сана қажет емес. Олардың бар болмысы өмір сүру, атап айтқанда, хайуандық тұрмыс кешу. Ал адамдарға өмір иесі Алланы, оның мінсіз екендігін тану парыз. Алланың сөзін Құранды, ғылымың жетсе, ұқ, егер шамаң жетпесе, ғылыммен айналыс. Демек, тек тұрмастан, өзге адамға қатысты іспен айналыс. Міне, осы тұста адам мінсіз болып тұра алмайды. Онда қызығушылық, құмарлық, жалқаулық, айуандық мінездер бар. Оларды да адамға Алла берген. Алла өзі мінсіз болғанымен, адам мінді. Бұл да қажеттіліктен туған. Егер Алласымен қоса Адам да мінсіз болса, не болмақ? Онда Алла мен Адам арасында өзгешелік бола ма? Сондықтан Алланың мінсіз, Адамның мінді болғаны жөн, сонда өмір болмақ, мәселелер туындамақ, жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен әділеттілік, адамгершілік пен айуандық сияқты ұғымдар тайталасып, қысқасы, өмірге құмарлық, қызығушылық болмақ.
Қожа Ахмет Яссауи.Қожа Ахмет Ясауи адам баласы осы шындықтан бейхабар қалғанда өзінің негізінен алыстай бастайтындығын айтады. Осы ақиқатты адам баласына ескертіп, тікелей еске салып отыратын таным көзі – Құран деп біледі. Сонымен қатар, Алланы танудың негізгі сыры адамның өзінде екендігін айтады. Адам – микрокосмос болса, рух, бүкіл әлем, болмыс – макрокосмос, Алланың аяттары, яғни белгілері. Адам – рух әлемінде Алламен болған сұхбат-антты бұзбай “Зікір” арқылы үнемі есте сақтаушы. Қожа Ахмет Ясауи іліміндегі зікір, уажд (экстаз), сама сияқты әдістер Алламен болған сертті ұмытпау үшін қолданылған. Адамның арабша “инсан”, яғни “ұмытшақ” екендігін ескергенде, Құранның бір аты болып табылатын зікір (еске алу) адамдық болмысты толықтырып, кемелдендіріп отыратын әдіс екендігі белгілі. Осы тұста “қалу бәла” серті (“...мен сендердің Жаратушың емес пе едім” деген Тәңірінің сұрағына рухтардың “Иә, әлбетте” деген жауап-серті) мен рух әлеміндегі онтол. және туыстық бірліктің адамзат арасында осы кезге жалғасып, сақталуына деген ұмтылыстың, тілектің жатқандығын байқау қиын емес. Жалпы сопылық дүниетанымға тән бұл теориялы-тұжырымдамалық ұстанымды Қожа Ахмет Ясауи түркілік дүниетаным негізінде жаңғыртты. Ислам тарихында дінді ұғынудың, қабылдаудың ерекше түрі ретінде пайда болған “сопылық ағым” ресми діндегі (қалам мен фикһ) қасаңдыққа қарсы бағыт ретінде бой көрсетті. Сол секілді Қожа Ахмет Ясауи ілімі де түркілік дүниетанымның негізгі категориясы болып табылатын әмбебаптыққа сай дамыды. Тәңірді жазалаушы, қорқыныш иесі ретінде ғана емес, Тәңірді сүю және оның үкімдерін құрметтеу арқылы Аллаға махаббатпен қауышу-ұласу әдістерін қалыптастырды. Өйткені сопылық дүниетанымда Алла – ғашық (сүюші), мағшуқ (сүйілуші) әрі ғашықтықтың өзі болғандықтан да, ғашықтық болмыс жаратылысының ең негізгі мұраты. Бұл адам бойында махаббат, жауапкершілік сезімді, иман, т.б. асыл құндылықтарды қалыптастырады. Адам хикмет арқылы, оның нәтижелі жемістерінің негізінде ғана мәнді, мағыналы өмір, “адамша тіршілік ету өнерін” меңгере алады (қазіргі “Диуани хикмет”). Қожа Ахмет Ясауи ілімінің танымдық тірегін құрайтын адамгершілік қағидалардың өзегі – ахлақ (мораль).
Ахлақ – хикметтің нәтижесінде қалыптасқан рухани құндылықтар жиыны. Адам ахлақ арқылы адамдық болмысқа, мәнге ие болады. Яғни, адам ахлақтық-рухани құндылықтарды бойына сіңіргенде ғана “шындыққа”, “жан тыныштығына” қауышады. Қожа Ахмет Ясауи ілімінде “жан тыныштығы”, “шындыққа жету” адамгершілік қасиет пен сипатқа ұласу арқылы тариқатта жүзеге асады. Аллаға қауышудың жолы қоғамға, адамға қызмет ету – тікелей ахлақтық кемелдену арқылы өтеді. Нәтижесінде рухани тазалыққа, өзін өзі меңгеруге қолы жетіп, “Кемел адам” тұрпаты қалыптасады. Көшпелі түркі қауымын имандылыққа шақыру арқылы Қожа Ахмет Ясауи ілімі барша түркі халықтары мәдениетіне үлкен өзгеріс енгізді. Дәстүрлі түркілік дүниетанымның негізі сыршылдық (мистика) дін екендігін ескерсек, сопылық танымның түркі мұсылмандығының ең маңызды ерекшелігін қалыптастырудағы себептерін ұғыну қиын емес. Бұл құбылыстың табиғилығын дін феноменол-сы тұрғысынан қарасақ, діндердің таралуындағы ескі ұстындардың толығымен жойылмайтынын, жаңалары сол құндылықтар, түсінік, ұғымдар негізінде өз орнын табатынын көруге болады. Көбінесе діндерде ескі ұстындар мистикалық институттармен тұтасып, “халық діндарлығы” түрінде тіршілігін жалғастырады. Бұл құбылыстың көрінісін Қожа Ахмет Ясауи дың сопылық-моральдық ілімінен көруге болады. Оның “құрма” символизмі арқылы Мұхаммед (ғ.с.) пайғамбарға байлануы, осы құбылысқа Арыстан бабтың “себеп” болуы, өмірін пайғамбарөміріне ұқсатуға тырысуы, пайғамбарға ұқсаудың ишараты ретінде ұлының атын Ибраһим қоюы, пайғамбар жасына келгенде тірідей “жерасты мешітіне”, яғни қылуетке түсуі, осының бәрі оның іліміндегі көшпелі түркілерге исламды таратудағы маңызды әдістемелік, құбылыстық ерекшелік әрі жаңалық болып табылады.
Жергілікті халықтың салт-санасы мен сенім-нанымына, әдет-ғұрпына қайшы келмейтін діни-мистикалық мектептің негізін қалаған Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы сопылық ағымның түркілік дәстүріне даңғыл жол салды. “Ислам дінін тек араб тілі арқылы ғана тануға болады” деген түсінікті теріске шығарып, сопылық әдебиет ұстанымдарын көне түркі әдеби тіл – шағатай тілінде сөйлетті. Қасиетті кітаптың арабша мағынасын толықтай түсіндіру, шариаттың қыр-сырын, дін қағидаларын қалың қауымға өз тілдерінде тереңнен таныту мақсатында хикметтерін жергілікті халыққа жақын айшықты поэзия тілімен жазды. Қожа Ахмет Ясауи түркі тілінде жатық әрі бейнелі жыр жазудың үлгісін жасап, түркі тілдерінің көркем шығармалар тудыру мүмкіндігінің мол екендігін дәлелдеді. Оның жазба әдебиет үлгісіндегі шығармалары түркі топырағында ертеден қалыптасқан суырыпсалмалық дәстүрдегі әдебиетке жаңа серпін, тың мазмұн алып келумен қатар, оны түр жағынан көркейтіп, кемелдендіре түсті. Сөйтіп, бұрыннан дидактикалық сипаты басым түркі әдебиеті насихаттық ой тұжырымдармен толыға түсті. Ол фольклор мен жазба әдебиеттің өзара жақындасуының, толысып, көркеюінің дәнекері бола отырып, Шығармашылық әдебиетінде ертеден қалыптасқан, Құран Кәрімде баяндалатын тарихи аңыздар мен пайғамбарлар, әулие-әнбиелер жөніндегі әпсаналарды хикметтерінде ұтымды пайдаланды. Қожа Ахмет Ясауи шығармашылығы түркі-мұсылман әлеміне кеңінен танылып, Ясауише хикмет жазу дәстүрге айналды. Кіші Азияда Қажы Бекташ, Жүніс Әміре, Сүлеймен Бақырғани хикметтерінен Қожа Ахмет Ясауи сарыны байқалды. 12 ғасырдан бері түркі халқының дүниетанымына елеулі ықпал еткен Қожа Ахмет Ясауи сарыны Асан Қайғыдан Абайға, сондай-ақ, күні бүгінге дейінгі қазақ ақындары шығармаларында көрініс тапқан.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия. А., 2008.
2. Мырзалы С. Философия. А., 2008.
3. Қ.Ермеков. Философия негіздері. А., 2000ж
4.Тұрғынбаев Ә. Философия. А.2008.
5. Философиялық сөздік. А., 1996ж.
6. Әбішев Қ. Философия. А., 2008
7.Алтаев Ж, А.Қасабек. Философия тарихы. А.,1999 ж.
17-ші лекция: Этика. Құндылықтар философиясы
Аксиология және адамгершілік. Құндылықтар теориясының негіздері.
Адамгершілік ережелері және құқық ережелері. Негізгі этикалық категориялар (парыз, игілік, мән және қажеттілік, ар-ұят, еркіндік).
Адамгершіліктің алтын қағидасы (Конфуций) және бұлжы-мас императиві (И.Кант).
Философияда құндылық мәселесіне әруақытта көңіл бөлінген. Оның дамуы И.Кант философиясынан кейін ерекше қарқынға ие болды. Өйткені И.Кант «не нәрсе бар?», «ол қандай болуы қажет» деп дүниені екі әлемге бөліп, болмыстың өзіндік табиғаты мен оның қажеттілік, қызығу әлеміне қатысын анықтады.
Мәселен, жер, күн, ағаш адам санасынан тыс өмір сүріп жатыр. Олар табиғи, тылсым дүниелер. Бірақ жердің, күннің, ағаштың көптеген қасиеттері мен белгілері адам үшін өте маңызды.
Жердің құнарлылығы, күннің жылуы, ағаштың өнімі адамға өте қажет. Бұл жердің, күннің, ағаштың құндылықтық бағасы.
Бірте – бірте философияда жаңа бағыт – аксиология қалыптасты. Оны Гуссерль, Шелер, Камю, Сартр, Бердяев сияқты философтар дамытты.
Құндылық дегеніміз – адам мен қоғамның өміріндегі кез келген заттың, құбылыстың ролі мен маңызы.
Адамның дүниетанымының мағыналық өзегін оған ең алдымен қажетті, қымбатты, іргелі құндылықтар жүйесі құрайды. Олар екі деңгейде, яғни дүниені түйсіну және дүниені түсіну деңгейінде көрінеді.
Дүниені түйсіну – дүниетанымның эмоциялық – сезімдік жағы, ол арқылы әлем жөніндегі ең алғашқы білімдер қалыптасады. Кез келген нәрсенің, әрекетті белгілі мағынасы, мәні, құндылығы бар. Маңызды немесе маңызды емес, орташа маңызды, тіпті бейтарап оқиғалар, заттар бар. Адам өз өмірінде бір нәрселерге қатты ынтығады, ұмтылады, ал бір нәрселерден қашық жүруге тырысады. Осы бағыттағы алғашқы бағаларды оның сезімдері береді. Қоршаған ортаны не жақсы, не жаман деп бағалайды. Эмоциялық іс - әрекет дүниеге деген қарым – қатынасты білдіреді, алғашқы таңдауды, өмірлік жолды көрсетеді.
Әрине, мұнын негізін, түп тамырын анықтау қиын емес. Дүниені түйсіну, яғни эмоциялық тұрғыдан қабылдау, білім алу, тәрбиелеу процесінде ақырындап, өздігінен қалыптаса береді. Ата – аналар, туысқандар, ұстаздар, өзі ұқсауға тырысатын әдеби кейіпкерлер әр түрлі оқиғаларға деген баға беруді, дамытады, өсіп есейген сайын қоғамдағы оған тән әрекеттерді іске асыра бастаған уақыттан бастап адамның бойында бауыр, дос, оқушы, сатып алушы, азамат, инженер, ғалым, тағысын тағы әлеуметтік сапалар өсіп жетіледі. Бұл сапалардың әрқайсысында белгілі бір дағдылар мен икемділіктердің жүйелері және эмоциялық сезімдік әсерленудің белгілі бір түрлері бар. Әр адам белгілі бір мәдениеттің жемісі. Өйткені, ол әлеуметтік – мәдени ортада өмір сүреді, сол ортаның рухани нәрін бойына сіңіреді.
Мәдениет әлемі – құндылықтар әлемі. Кез келген мәдениетті нақты құндылықтардың жиынтығы ретінде қарастыруға облады.
Философиялық тұрғыдан алғанда құндылық дегеніміз – жалпы қоғам үшін топ, адам үшін ең қадірлі, ең қасиетті нәрсе туралы түсінік.
Әрбір мәдени дәуірдің өзіне тән құндылықтары, яғни белгілі бір аса құрметтелетін қасиеттері, құбылыстар жүйесі болады. Осы рухани абсолюттер ауысқан уақытта басқа дәуір басталады. Құндылық ұғымы мәдениеттің ерекшелігін түсінуге көмектеседі.
Адам өзі үшін не нәрсе маңызды екенін өзі анықтайды. Көптеген рухани абсолюттер көп адамдарға ортақ. Мысалы, тіршілік ету, өмірді сүю, ата – ананы қадірлеу, құрметтеу. Бұл барлық адамдарға қымбат, ортақ рухани абсолюттер. Бұлжымайтын, асыл өмірлік философия құндылық деп атады. Құндылық дегеніміз – адамның өмірін мәнді, сәнді ететін түсініктер жүйесі.
Адам баласының тарихында қандай қиындықтар болса да адамды адам етіп қалдыратын рухани тіректер қалыптасты. Осы рухани тіректер бірте – бірте құндылықтарға айналады. Құндылықтар шындықты реттейді, оған мән, мағына, маңыз береді.
Адамның қолынан жасалған нәрсенің бәрі бос әурешілік емес, олар белгілі бір мақсатқа бағытталған. Мақсатсыз қоғам, адам – тұл. Көне өнер бізді қызықтырады, толғандырады, өйткені, олар адамдардың бір кездегі пішінге, порымға, түрге, мәнге, мағынаға деген ұмтылысын білдіреді. Соны білеу, игеру бізге де қажет. Бүгінгі адам баласы қол жеткізген биік деңгей, технологияның тың жетістіктері бұрынғы кәсіби шеберлік пен икемділікті жоққа шығармайды.
Керісінше, оны білу, пайдалану кез келген жаңа технологияны кеңейтеді, байытады.
Адам өмірінің мәні құндылықтар жүйесінің тұлғалық интеграциясы. Құндылық дегеніміз – адам қажеттілігінің бейнесі. Ол зат немесе идея болуы мүмкін. Сондықтан материалдық немесе идеалдық деп екіге бөлінеді.
Материалдық құндылықтар – еңбек құралдары мен тікелей тұтынатын заттар. Рухани құндылықтар – философиялық, діни, эстетикалық, моральдық, құқықтық, саяси, идеялар. Барлық, құндылықтар қоғамдық өндірістің нәтижелері.
Кез келген құндылықтың екі сипаты – функциональді маңызы және тұлғалық мәні бар. Мысалы, машинаның болуы бір адам үшін машықтану объектісі, екінші адам үшін мақтану объектісі, қызметінің бұлжымас бір бөлігі, құралы, үшінші адам үшін табыс көзі.
Материалдық және рухани құндылықтардың қоғамдағы, адам өміріндегі маңызы әр түрлі, олардың бірнеше маңызды сипаттары бар:
Материалдық құндылықтар
1. Физикалық статусы
2. Техникалық құралы
3. Праксеологиялық – экономикалық формасы
Рухани құндылықтар
1. Ақпараттық мағынасы мен сипаты
2. Материалдық іске асуы
3. Аксиологиялық функциясы
4. Әлеуметтік – экономикалық формасы
Материалдық құндылықтар дегеніміз, ең алдымен, белгілі табиғи сипаттары мен қасиеттері бар әртүрлі табиғи материалдар. Олардан жасалатын заттардың техникалық құрылымына байланысты оның құндылығы анықталады.
Белгілі бір техникалық тетікке немесе құралға айнала отырып, табиғи зат өндіріс барысында немесе адамның тікелей тұтынуында өзінің қажеттілігін көрсетіп отырады, сондықтан оның өндірістік – техникалық және тұтыну функциясы туындайды.
Материалдық құндылықтар қоғам дамуының барлық кезеңдерінде әрекет етеді.
Рухани құндылықтар белгілі ақпараттық және ақиқаттық мағынамен сипатталады. Саяси, құқықтық, этикалық және басқа да идеялар дұрыс немесе бұрыс болуы да мүмкін, бірақ олар өзінің құндылық табиғатын жоғалтпайды. Өйткені олар адамдардың әртүрлі уақыттағы және кеңістіктегі ұмтылыстарын білдіреді. Барлық идеялардың материалдық болмысы да бар, өйткені олар кітаптарда, мүсіндерде, архитектуралық құрылымдарда, өлеңдерде, әндерде, әртістердің ойындарында, үнтаспалар мен ноталық жазуларда көрініс береді.
Идеялар құндылық аясында белгілі бір нақтылық функцияны орындайды, олар адамдардың арасындағы белглі бір қатынастарды реттейді.
Адам тіршілігінің құндылықтары. Адам өзінің күнделікті күйбең тіршілігінің аясын кеңейтіп, оған мән, мағына беруге тырысады.
Біріншіден, ол өзінің өмір сүру фактісін өзі үшін ғана емес басқалар үшін де маңызды еткісі келеді. Сондықтан ол өзіне - өзі үңіліп, өзін танытуға, өзінің тылсым мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысады: қарапайым сурет салу мен қолөнерінен бастап өнер мен спорттың жоғары жетістіктеріне, қарапайым үй жұмысынан бастап саяси қызметке дейін көтеріледі. Осы процессте әр адамның өзіндік қабілеті мен таланты ашылады.
Екіншіден, адам өзін өзі басқалармен қарым – қатынаста көрсеткісі келеді. Қарым – қатынастың бастапқы түрі «Мен және Сен» қатынасы. Осы қатынаста адам өзін - өзі басқаға жақын етеді, өзінің түпкі мақсаттары мен тілегін білдіреді. Бұл қатынастағы «Сен» міндетті түрде басқа адам емес, кез келген ұнаған зат немесе құбылыс болуы мүмкін.
Қарым – қатынаста адамдар өздеріне тән адамгершілігін паш етеді, жан сұлулығы мен жүрек жылуын, мейірімін ұсынады.
Үшіншіден, адам өзінен тыс жоғары құндылықтарға қол созады, яғни өзі – арман еткен болашақтың немесе пірдің жетілген биіктігін бойына сіңірген саяси лидерді, танымал актерді, рок – жұлдызды, философиялық, көркем, адамгершілік идеясын өзіне идеал етіп алады. Бұл тілек адамның өзін бүкіл әлемнің, дүниенің бір бөлігі ретінде сезінуіне мүмкіндік жасайды. Бұл бір тамаша сезім, өзін - өзі бір керемет деп сезіну адамды бақытты етеді.
Сонымен қатар, адам әруақытта өзіне - өзі «осы кіммін», «қайдан шықтым?», «қайда барам?» сияқты сұрақтарды қойып отырады. Бұның өзі одан әрі нығая беруіне, тамыр жая беруіне жағдай жасайды.
Осы қасиеттердің бәрі адам тіршілігінің жоғары құндылықтары жинақталатын, тоғысатын, рухани өмірді білдіреді. Адамның ең жоғары құндылықтары – шығармашылық, махаббат, еркіндік, қайғыру, бақыт, рухани өмір туралы толғаулар адам еркін бе, әлде құл ма? «Еркін болу дегеніміз не» сияқты сұрақтардан басталады.
Жоғарғы рухани құндылықтар дүниетаным мен тығыз байланысқан, оларға адам әруақытта сүйеніп отырады. Жоғары рухани құндылықтардың әрқайсысы үлкен мағынаны білдіреді, адам болмысының аса маңызды қырларын бейнелейді.
Шығармашылық – адамның табиғи таланты мен интеллектуалдық мүмкіндігінің кеңінен ашылуының жоғарғы көрінісі. Шығармашылық – бұл ұлы қуаныш, сонымен қатар, ұлы қиналу мен күйзеліс. Өйткені, осы процестің барысында өнерде, әлеуметтік өмірде, ғылым мен техникада бұрын соңды болмаған жаңалықтар пайда болады, дүниенің тылсым сыры ашылады, әлем өз болмысының әртүрлі қабатына мүлгіген керемет қасиетері мен заңдылықтарына жол ашады.
Шығармашылық – адам бойындағы энергияның сыртқа атқылануы, яғни бұрқылдап, буырқанып сыртқа шығуы.
Соның нәтижесінде табиғат құбылыстарының теңдестік, ырғақтылық, арақатынастық белгілері көркем өнерде бейнеленді. Шығармашылық өмірді қайта құруға, дамытуға, нығайтуға әруақытта жағдай жасап отырады. Оның бір тамаша қасиеті - өзің өмір сүріп, тіршілік етіп отырған ортаға өзіндік баға бере отырып, одан туындаған құндылықтарды көркем образдар арқылы көрсетуге мүмкіндік береді. Шығармашылықтың осы мүмкіндігі қазақ кеңес әдебиетінің өкілі О.Бөкеев еңбектерінде өте әсерлі көрініс тапты. Өкінішке орай, оны уақытында көп адамдар түсініп бағалай алмады. Басты себебі «социализмнің жұмағында» өмір сүріп жатқан қазақтың қиын тағдырын жазушының мол дарыны көре де, көрсете де алды, бірақ оны оқушысы қабылдай алмады. Өйткені, О.Бөкеевтің кейіпкерлері қоғамдық сана мен мораль тұрғысынан көбінесе жалғыз, «қияли», «кісікиіктеу», көрер көзге оғаштау, сәл өзгешелеу адамдар болып келді. Сонымен қатар, жазушы оларды көбінесе табиғи стихияға қарама – қарсы қойып, қоғамнан бөлектеу қарады. Мұның өзі О.Бөкеев тапқан өзіндік шығармашылық жол, рең, еді. «Қар қызы», «Жетім бота», «Атау кере» т.с. моральдық – этикалық символдар. Солар арқылы автор нақты цивилизациядан табан бекітер орын таба алмай аулақта, сағым көшінде, әуеде, су арасында, жағалауда ойнақтаған басқа идеалды өмірдің ұшқынын көрсеткен.
Адам тіршілігінің жоғары құндылығы – махаббат. Махаббат дегеніміз - әлемге деген құмарлық, шексіз, шетсіз дүниені аялауға тырысу, әлемді игеріп, одан өзіңе лайық орын табу.
Адам материя мен жанның, жер мен аспанның, құдай мен албастының екі арасында алпарысып, екіге бөлінуге мәжбүр болған бейшара жан. Нағыз махаббат жан мен тәнді біріктіріп, адамды рухани көтеруге, нығайтуға тырысады. Әрине, махаббат терең ұғым. Махаббат болмыстың іргелі негіздерін анықтайды. Ол – анаға, оның ақ сүтіне, туған жерге, отанға, жарық дүниеге деген кіршіксіз, таза, сүйініш ғашықтық сезімі. Сонымен қатар махаббат сезімі – жеке адамның, азаматтың тек өзіне ғана тән ерекше сезімі. Бұл жалпы және қайталанбайтын құмарлық. Ол адам баласына және әрбір жеке адамға тән.
Махаббат – терең сезім. Бауырмалдық сезім махаббаттың барлық түрінің негізінде жатыр. Бауырмалдық сезім деп жауапкершілік сезімін, яғни басқа адамда біліп, сыйлап, оған шын көңілмен көмектесуді айтамыз. Ол – барлық адамға деген сүйіспеншілік.
Баланы дүниеге әкеліп, оны нығайтуға, өсіруге бағытталған ана махаббаты. Сонымен қатар, бір – бірінсіз тұра алмайтын екі адамның бір – біріне деген сүйіспеншілігі.
Жоғары рухани құндылықтың таза бір түрі – еркіндік.
39. Мораль философиясы: моральдың мәні мен шығуы.
1. Моральдың шығуы
2. Моральдың мәні
3. Моральдің құрылымы мен функциялары
Мораль қоғамдық сананың өте көне формасы, ол қоғамдық қарым – қатынастармен бірге туындап, өсіп, өрбіп отырған. Адамдардың бір – бірімен, әлеуметтік топтармен, қоғамның барлық жүйелерімен қарым – қатынасын реттейтін ұстанымдар мен іс – қимылдардың, нормалардың жүйесі. Моральдық нормалар адамдардың арасындағы қарым – қатынасты Ізгілік пен Зұлымдық тұрғысынан бағалауға сүйенген.
Адамдар іс - әрекетін мынау жақсы немесе жаман деп бағалаған. Алғашқы қауымдастықтарда адамдар өз арасындағы мәселелерді адамгершілік негізіне сүйеніп шешіп отырған. Рудың ертеден бері қалыптасып қалған әдет ғұрыптары қоғам мүшелерінің еркіне сай келгендіктен, олардың қажетін өтейтін болғандықтан, әдет – ғұрыптарды мүлтіксіз орындау әркімнің үйреншікті дағдысына айналған.
Мораль барлық азаматтардың мүддесін, арман – тілегін, еркін білдіреді, қоғам мен адам мүдделерінің дұрыс ара – қатынасын бейнелейді, жеке адамның мүддесін жоғары қойып отырады: кез келген азаматқа оның ұлтына, байлығына қарамастан басқа адамдармен тең екендігін көрсетеді; іс - әрекетті бағалау үшін бірдей өлшем ұсынады. Моральда қоғамдық қажеттілік, мұқтаждық, қоғамның немесе таптың мүддесін стихиялы жолмен қалыптасып, көпшіліктің мақұлдауына айналған мінез – құлық нормалары, талаптары түрінде көрінеді.
Олар көпшіліктің үлгі - өнегесі, әдет – ғұрып, қоғамдық пікірдің ықпалы арқылы нығая түседі. Сондықтан мораль талаптары жеке біреудің жарлығымен тағайындалмайды, ол адамдардың барлығы орындауға тиісті мінез – құлық формасы болып табылады. Бұл талаптар айтарлықтай тұрақтылық сипатқа ие болады. Олардың ең бастапқы ерекшелігі – олар адамның қалай өмір сүріп, қалай жүріп – тұруы керек екендігі жайлы түсіністер түрінде идеялық жағынан негізделеді.
Моральдық сананың мәнін терең түсіну үшін оны құқықтық санамен салыстырып көрейік.
Мораль мен құқықтың бір – біріне айырмашылығы мынада:
1.қалыптасуы жағынан: мораль қоғамның пайда болуымен бірге қалыптасады, ал құқық мемлекетпен бірге туындайды;
2. айтылу түрі жағынан: мораль қоғамдық сананың түрі ретінде адамдардың іс - әрекетінде тікелей өмір сүреді, ал құқық арнайы нормативті актілерде көрініс табады;
3. әрекет ету аясы тұүрғысынан: мораль барлық қоғамдық қарым – қатынасты реттей алады, ал құқық тек іргелі, өзінің шамасы келетін қатынастарды ғана қамти алады;
4. әрекет ету мерзімі жағынан: моральдық нормалар оларды түсіне бастаған уақыттан бастап іске қосыла береді, ал құқықтық нормалар арнайы белгіленген уақыттан бастап қана әрекет ете алады;
5. іске асыру тәсілі жағынан: моральдық нормалар қоғамдық ықпал арқылы іске асырылады, ал құқықтық нормалар мемлекеттің араласуын қажет етеді;
6. бағалау өлшемі тұрғысынан: моральдық нормалар қоғамдық сана, пікір тұрғысынан болса, ал құқықтық нормалар заңды, заңсыздық тұрғысынан реттейді.
Моральдық нормалар мен талаптар заман ағымына, ұрпақ сұранысына, уақыт талабына қарай өзгеріп, ұлғайып, жаңара, жаңғыра береді.
Моральдік түсініктер, ұғымдар жеке адамнан бастап бүкіл адамзат ғұмырын, жеке топтан бастап бүкіл халық өмірін, дара тұлғадан бастап мұқым қоғам дамуын барша қамтитыны рас. Әр заман, әр ғасыр, әр дәуір өз жаңалығын ала келеді. Дегенмен, моральдық нормалардың адамзатқа, адамға қатысты мәңгілік құндылықтары бар: олар шындық пен өтірік, әділдік пен әділетсіздік, адалдық пен арамдық, махаббат пен сатқындық, бейбітшілік пен соғыс, еңбек пен өнер, жақсылық пен жамандық, ерлік пен аярлық, батырлық пен ездік т.б.
Қоғамдық өмірде моральдық тұрғыдан баға беру маңызды роль атқарады. Моральдық бағалау жасалған әрекеттердің адамгершілік талаптарына сәйкес келетінін немесе келмейтінін анықтайды.
Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен жүретін еріншек, жалқау, нысабы жоқ қанағатсыздарға Ыбырай Алтынсариннің «Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың», «Азға қанағат қылмасаң, көптен құр қаларсың» - деген өсиет сөзі дәл айтылған. Педагог – жазушы осы сөзді шағын бір әңгімесіне түйін етіп алады. Оның қысқаша мазмұны былай. Әке мен бала келе жатса, жолда бір ескі таға жатады. Бала оны алмай, өтіп кете бергенде, әкесі тағаны алады да, қалтасына салады. Олар қалаға, қаладағы базарға келеді. Әкесі әлгі тағаны базар алдында отырған темір ұстасына өткізеді. Ол аздап тиын тебен береді. Әкесі тиынға шие сатып алып, шетінен жей жүріп, бір – бірлеп жерге тастай береді. Әлгіде жерде жатқан тағаны бір-ақ рет еңкейіп алуға ерінген бала енді бірнеше рет еңкейіп жерге түскен шиені тере бастайды. Сонда әкесі баласына жоғарыдағы ғибрат сөзді айтады.
Моральдық қарым – қатынастардың негізі – моральдық сана. Моральдық сана құрамында маңызды элементтері бар күрделі құрылым.
Тарихи алғашқы және қарапайым адамгершілік бейнелеуінің түрі – нормалар. Норма немесе қалып дегеніміз – белгілі бір мақсатқа жету жолында міндетті түрде орындалатын талаптар жүйесі. Ол ақыл, нәзира, ереже, тілек, шек қою түрінде көрініс береді. Бірақ барлық жағдайда парыздың көрінісі болғандықтан ол бұйрық түрінде болады.
Моральдық нормалар моральдық санада белгілі бар ретпен өзара байланысқан, біріне – бірі туындап отыратын адамгершілік ойлаудың жүйесін құрайды. Моральдық кодекс дегеніміз – моральдық нормалар мен принциптердің жүйесі.
Моральдық принциптер адамның іс - әрекеттерінің бағыттары мен өмірлік ориентациясын анықтайтын жалпы адамгершілік борыштың жиынтығын бейнелейді.
Мысалы гуманизм принципі барлық адамдарға қадір – қасиетін сыйлау, мейірімділік көрсету, ұжданнын құрметтеу тұрғысынан қарау керектігіне назар аударады. Гуманизм адамның негізгі қызықтарын оның болмысының өзегі ретінде сақтауды ұсынады, әлсіздерді қолдау, қоғамдық құндылықтарға сүйене отырып, тұлғаның әлеуметтік және адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда маңызды.
40. Мораль философиясы: негізгі этикалық категориялар.
1. Жақсылық пен жамандық
2. Борыш пен ұждан
3. Еркіндік пен жауапкершілік
4. Ар мен қадір – қасиет
5. Бақыт және өмірдің мәні
Моральдық сананың маңызды ұғымдарының бірі – жақсылық пен жамандық ұғымы.
Жақсылық немесе мейірімділік дегеніміз – қоғамда адамдардың өзара түсініп, келісімге келуіне негіз болатын адамгершілік қасиеттерді дамытып, нығайту. Моральдық сана әруақытта моральдық құндылықтарға сүйеніп іс - әрекет етуді ұсынады. Жақсылық дегеніміз – моральдық борышқа адалдық немесе оны әрдайым орындап отыру. Моральдық парыздың, борыштың және жақсылықтың орындалып отыруының объективті негізі адам өмірінің құндылықтарына сәйкес қоғамдық қарым – қатынастарды реттеудің қоғамдық қажеттілігі.
Жамандық дегеніміз - жақсылық талаптарының бұзылуы, оның іске аспай қалуы.
Моральдық сана қоғамда гуманистік ашық және еркін қатынастардың қалыптасуына жағдай жасайтын барлық қасиеттерді жақсылық деп есептейді. Бұл мейірімділік және қайырымдылық, өзара көмек пен бірлесіп қызмет ету, өзара түсінісу мен сыйласу, ұждан талаптары мен парыз, кішіпейілділік пен ибалылық.
Жамандық дегеніміз – қоғамдық қатынастардың үйлесімділігі мен бірлігіне қарсы, парыз бен ұжданды өтеуге зиян келтіретін, адамның бір сәттік менмендігін іске асыруға бағытталған жағымсыз әрекеттер. Бұлар – ашкөздік, ашқарақтық, дөрекілік және күш көрсету, қоғам мен адамға деген немқұрайдылық, енжарлық сияқты жағымсыз әрекеттер.
Жамандық пен жақсылық бір – біріне қарсы түрде қоғамның адамгершілік рухында дамуына кедергі жасайды, бұл этиканың ең қиын мәселерінің бірі.
Әлеуметтік – тарихи этика тұрғысынан жамандық пен жамандық еркінің себептері адамның қажеттіліктерін жеткілікті түрде қанағаттандыра алмайтын қоғамдық қатынастар. Сондықтан оны жоюдың бастапқы алғы шарты – адамдардың арлық сұраныстарына сай өмір сүруіне негіз болатын ізгілікті қоғамдық қатынастарды қалыптастыру және мәдениетті дамыту.
Жақсылық идеалдарына адалдық дегеніміз – мораль талаптарына адалдық, оны ұдайы орындап отыру.
Адамгершілік талаптарын орындау адамның жеке міндетіне айналуынан адамгершілік борыш ұғымы туындайды. Борыш сезімі адамға өз міндеттерін әруақытта қажеттігін есіне салып отырады.
Борышты ұдайы орындап отыру оңай емес. Кей уақытта оған көптеген кедергілер кездеседі, кедергілерді тудыратын да адамдардың менмендігі, бірбеткейлігі, өзімшілдігі. Борыш талаптарын орындау үшін әрдайым осындай кемшіліктерді жеңіп отыру қажет. Бұл көп адамның қолынан келе бермейтін ерлік.
Мораль адамның тәртібінің ішкі, терең реттеушісі ретінде өзінің адамгершілік борышының қоғамдық мағынасын анықтауына өлшем болады, жалпы қабылдаушылық, көпке белгілік одан жауапкершілікті алып тастамайды.
Дәл осы жерде адамның ұжданы өз қызметіне кіріседі. Ұждан дегеніміз – адамның моральдық міндеттерді анықтауы және оны орындалуын өзінен талап етуі, өзінің тәртібі мен жүріс – тұрысын бақылау.
Өзінің ұжданына сүйене отырып, адам жақсылық пен жамандық,парыз, әділеттілік, адамгершілік туралы өз түсініктеріне жауапкершілігін сезінеді, өзінше моральдық өлшемді анықтайды, өзін өзі бағалайды.
Рухани адам үшін ұждан – рухани құндылықтар мен сенімнің түйіскен жері, өзін - өзі сыйлаудың және өзін өзі қадірлеудің негізі.
Ұждан адамды гуманизм мен мейірімділік идеалдарына, парыз бен арға толық бағындырады.
Жоғары дамыған ұждан адамға үлкен талап қояды, ешқандай келісім мен енжарлыққа жол бермейді.
Ұжданға негізделген өмір тұлғаның өзін өзі жоғары бағалауын күшейтеді және нығайтады.
Ар мен қадір – қасиет ұғымы моральда кез келген адамның адамгершілік тұлға ретіндегі құндылығы туралы көзқарасты білдіреді.
Ар, абырой және қадір қасиет адамға қоғамда тек сыйлау, құрметтеуді қамтамасыз ететін іс - әрекеттерді ғана жүзеге асыруды міндеттейді, ешкім де өзінің абыройын төгетін әрекет жасамайды. Абырой әр адамның қоғамда оған өзінің орнына, репутациясына лайықты әрекет жасауға міндеттейді.
Ар адамның ең асыл қасиеті. «Ар жазасы – бар жазадан ауыр жаза» деген М.Әуезов.
Моральдық сананың тағы да бір маңызды қасиеті - әділдік ұғымы. Ол адамдардың қарым – қатынасындағы тазалықты, тәртіпті білдіреді. Әр адамның құқығын, қадір – қасиетін сыйлау әділдікпен тығыз байланысты.
Адамгершілік құндылықтарын білдіретін моральдық категориялар бақыт пен және өмір мәні ұғымымен аяқталады. Бақыт пен өмірідің мәні бір – бірімен тығыз байланысты. Өйткені, адам өзі істеген мәнді істерінен моральды қанағаттандығын сезінеді. Өзін - өзі толық дамытқан, өзінің қолынан келетін қоғамдық іс - әрекетте сүбелі табыстарға қол жеткізіп, қоғамдық қарым – қатынастардың дамуында белгілі із қалдырған адам бақытты адам. Бақыт дегеніміз - әр адамның өзіне өзі риза болуының жоғары деңгейі.
Пайдаланған әдебиеттер:
Әбішев Қ. Философия. Алматы: Ақыл кітабы, 2000.
Әлеуметтік философия. Хрестоматия. Құр. Әбішев Қ. Алматы, 1997.
Выгодский Л. С. Развития высших нервных функции. М.: 1990.
Есім Ғ. Сана болмысы. 1-9 тт. Алматы, 1994-2004.
Категория мышления и индивидуальное развития. Алматы, 1991.
18-ші лекция: Философиядағы құндылықтар мәселесі
Құндылық ұғымы. Құндылықтардың классификациясы.
Құндылықтардың түрлері: материалдық және рухани құндылықтар.
Құндылық — бір заттың маңыздылығы, пайдалылығы. Сырттай құндылық зат не құбылыстың қасиеті болып анықталады. Алайда оның маңыздылығы мен пайдалылығы табиғаттан, объекттің ішкі құрылымының әсерінен емес, адам болмысына енген, адам оған құштар не қажеттілік сезетін нақты қасиеттердің субъективті бағалануынан болады. Құндылықтар жүйесі адамның күнделікті қоғамдық не жеке тұрмыстық бағдарында, оның айналасындағы заттар мен құбылыстарға қарым-қатынасының орнауында орын алады. Мысалға, стақан сусын ішу құралы ретінде өз пайдалы қасиетін тұтынушы құндылығы ретінде, материалдық игілік ретінде көрсетеді. Еңбек өнімі және тауар айналымының заты ретінде, стақан экономикалық құндылық, бағалық ретінде болады. Егер стақан өнер заты болса, ол тағы да эстетикалық құндылық, көркемдікке ие болады.
Философиялық құндылық
Құндылық — объектінің жағымды немесе жағымсыз жақтарын білдіретін философиялық-социологиялық ұғым.
Философия тарихында құндылық көрінісінің заңдылықтары туралы жалпы түсінік 19 ғасырдың ортасында пайда болды. Құндылық ұғымына тұңғыш филосиялық анықтаманы Р.Лотце мен Г.Коген берді. Ежелгі филосиялық көзқарастарда құндылықтың әр түрлі көріністеріне жататын және табиғи, қоғамдық құбылыстарды, адамның іс-әрекетін бағалауда пайдаланылатын сұлулық, қайырымдылық, мейірімділік секілді этикалық және эстетикалық ұғымдар қолданылды. Құндылық объектінің адам үшін қаншалықты маңызды екендігін айқындайды. Ол пәндік және субъективтік деген екі бөліктен тұрады. Пәндік және субъективтік құндылық — адамның дүниеге қатынасының екі жағы, біріншісі — оның объектісі, екіншісі — субъектісі. Сондықтан пәндік құндылық баға берудің объектісі, ал субъективтік құндылық олардың өлшемі мен әдісі болып табылады. Пәндік құндылыққа заттардың табиғи қажеттілігі, өнімнің өзіндік құны, әлеуметтік игілік, ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұралар, ғылыми ақиқаттың теориясы маңызы мен тәжірибелік пайдасы, адамдардың іс-әрекетіндегі жамандық пен жақсылықтың іске асуы, табиғи және қоғамдық объектілердің эстетикалық қасиеттері жатады. Санадағы құндылық ұғымына қоғамдағы ойлау мен бағалау, мақсат және оған жетудің жолдары, қоғамда кездесетін түрлі нормалар жатады. құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне, т.б. баға беру қатынасынан тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет-ғұрыптар, нормалар мен мән-мағыналар қызметін өзіне бағындырады және реттейді. Құндылықтар адам мүддесінің объектісі бола тұра, әлеуметтік, заттық ортадағы күнделікті тіршілікте бағыт беру рөлін атқарады. Адам өзін қоршаған заттық және рухани әлемді құндылықтар арқылы бағалайды. Оның шынайы өмірге құндылықтық қатынасы тек сана негізінде болуы мүмкін. Құндылықтық сана заттың біз үшін қаншалықты бағалы, оның құндылығы неде екенін зерттейді.
Ұлттық құндылықтар
Әлеуметтік-тарихи тәжірибе әрбір жаңа ұрпақ өз халқының өткен тәжірибесін қайта ойлап, ұлттық дамудың мақсаттары мен міндеттерін айқындауымен қатар, оның перспективаларын тұжырымдап, нақты уақытта ұлтқа тән саяси, идеологиялық, экономикалық, мәдени бағдарларды, қазіргі заманғы әлемге сәйкес ұлттық сана-сезімді қалыптастыратынын көрсетеді. Бұл процесс ұлт тарихының аса күрделі, сыну кезеңдерінде қарқынды жүреді. Ұлттық сана-сезім ұлт пен адам ретінде, осы қауымдастықтың мүшесі ретінде сипатталатын маңызды фактор болып табылады. Жеке тұлға өзін ұлттың ажырамас бөлшегі ретінде сезіне отырып, өз халқының тарихын, ұлттық құндылықтарды (жазу, ұлттық тіл, рухани мәдениет пен тағы басқа жетістіктері), ұлттық менталитет, халықтың әлемдік мәдениет қазынасына қосқан үлесін бағалап, оның дамуына ықпал етеді. Ұлттық сана-сезімнің дамуы индивидтің өз ырымдарын, дәстүрлерін, яғни этникалық тамырын білуімен байланысқан, сонымен бірге осы үдерісте адамгершілік жалпыадамзаттық құндылықтарды тану маңызды. Яғни, ұлттық сана-сезімді дамытудағы маңызды тарап ондағы этностық, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың арақатынасы болып табылады. Жеке тұлғаның ұлттық сана-сезіміне өзінің ұлттық қатыстылығы туралы субъектіні таныстыру, өзінің этникалығын позитивті қабылдау, ұлттың тарихи өткеніне, оның бүгіні мен болашағына деген көзқарас, ана тілін меңгерудегі белсенділік, халық мәдениетін зерделеудегі белсенділік, ұлттық мүдделер мен құндылық бағдарларын ұғыну және қабылдау, басқа да этникалық қауымдастықтарға қарым-қатынасты қалыптастыру, оның аумақтық тұтастығын сақтауға дайындық, оның байлығын арттыруға ұмтылу кіреді.
Ұлттық құндылықтар – олардың тарихи өзіндік ерекшелігі Отан, тіл, тарих, өнер, әдебиет және тағы басқалар сияқты көрініс тапқан қандай да бір этностық қауымдастық өкілдерінің рухани идеалдарының жиынтығы.
Әр ұлттың дүниетанымы, ойлау түрі, темпераменті, ұлттық санасы және т. б. белгілі бір жолмен үйлеседі. Жалпыадамзаттық құндылықтар ұлттық құндылықтарға да тән орнықтылық және тұрақтылықпен сипатталады. Ұлтқа және жеке тұлғаға қатысты менталитет бастапқыда әдеттегі-эмоционалды түрге ие болды деп айтуға болады, тек экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуға негізделген құндылықтардың пайда болуымен ғана ол көп қырлы дүниетанымдық сипатқа ие болады. Ұлттық менталитет адамның рухани және материалдық құндылықтарын тарихи іріктеу нәтижесінде қоршаған әлемге қарым-қатынас жүйесінде көрініс табады.
Жалпыадамзаттық құндылықтардың бір бөлігі ретінде ұлттық құндылықтар - құлық пен құндылықтар түрінде оң тәжірибені сақтаушы ұлттың өзін дамыту шарасы болып, индивид пен этнос өмірінің дербес факторы болып табылады. Қоғамдық қатынастардың нақты жұмыс істеуі оның деңгейіне байланысты. Ұлттық және әмбебап жалпыадамзаттық құндылықтар ұлт субъектісінің қоршаған шындыққа деген шығармашылық қатынасын көрсетеді. Адам өзін-өзі тануға, өзін-өзі жетілдіруге, белгілі бір этнос өкілі ретінде өзін-өзі дамытуға қабілетті жарқын даралық ретінде жасайды.
Негізгі этика категориялары (парыз, ізгілік, мән және қажеттілік, ар-ұят, еркіндік).
Этикалық категориялар саны жағынан өте көп, сондықтан ғылыми және тәжірибелік мақсаттарда оларды топтарға бөлу орын алған. Кейбір ғалмдар оларды құрылымдық және субстанционалдық (мәндік) деп екіге бөледі. Басқа бір ғалымдар мұндай бөлудің негізі ретінде басқа қағиданы ұсынады: белгілі бір категорияны функционалды ретінде қарастырып отырып топтауды осы категорияның негізінде жүзеге асырады. Мысалы, Эпикур этиканың барлық категорияларын бақыт категориясына бағындырған. Аристотель ең маңызды деп игілік категориясын санаса, Кант парыз категориясына ерекше мән берген. Алайда, қарзіргі кезде де осы мәселеге қатысты нақты бір көзқарас жоқ. Отандық этикада моральдың құрылымының негізінде бөледі. Бұл құрылымның негізгі элементері ретінде кейбір ғалымдар моральдық тәжірибені, моральдық сананы және адамгершілік өзіндік сананы таниды. Алайда, кеңірек таралғаны болып, басқа бір ғалымдардың моральдың құрамында моральдық сана, адамгершілік қарым-қатынастар және адамгершілік қызмет бар екендігін мақұлдайтын бағыты саналады. Жоғарыда аталған екі бағыттың арасында ерекше атап өтетіндей айырмашылықтар жоқ, себебі, екінші бағыттағы моральдық сананың құрамына бірінші бағытта аталған адамгершілік өзіндік сана кіріп кетеді, пл адамгершілік қарым-қатынстар мен адамгершілік қызмет адамгершілік тәжірибені құрайды.
Этиканың категориялары бір-бірімен тығыз байланыстылықта болғаны соншалық, олар бір-бірінің мазмұнын ашады. Яғни, белгілі бір этикалық категорияның мазмұнын екінші бір этикалық категорияны пайдлану арқылы ашуға болады. Мысалы, абырой категориясын жауапкершілік, тәртіптік, батылдық, ержүректілік және т.б. категорияларды пайдалану арқылы ғана түсінуге болады. Ержүректілік категориясының мазмұны батылдық, шыдамдылық, қаржылылық, қайраттылық және т.б. категориялардың көмегімен ашылады. Әділдік категорясын адамсүюшілік, шыншылдық, кеңпейілділік, еңбексүйгіштік және т.б. категорияларсыз түсіну мүмкін емес.
Бірінші топ – моральдық сана категориялары. Оларға мыналар жатады: моральдық қағида, моральдық норма, моральдық немесе этикалық категориялар, моральдық сенім, адамгершілік мақсат, моральдық және т.б. Негізгі этикалық катеориялардың барлығын моральдық сана категориялары деп те атауға болады, себебі, олар моральдың қандай жағын көрсетсе де солардың барлығы моральдық санада тіркелді. Моральдық сананың мәнді категориялары: қайырымдылық, зұлымдық, борыш, абырой, ар-ождан және т.б. категориялар жүйесінде орталық орынды иеленген, бірақ,, оларды адамгершілік қарым-қатынастар мен моральдық тәжірибеден бөліп қарастыркға болмайды, себебі, мұндай жағдайда олар өздерінің негіздерінен айырылады да, бос абстракцияларға айналады. Қайырымдылық пен зұлымдылық, әділдік пен әділетсіздік туралы жай, өмірден тыс әңгімелердің ешбір мәні жоқ. Керісінше, олар демагогияға, немқұрайлыққа әкелуі мүмкін. Ал егер моральдық сана категориялары шынайы қатынастар мен әрекеттерді көрсетіп, оларға белменді түрде әсер етсе, онда олардың маңызы да артатыны сөзсіө.
Екінші топ категориялары – бұл адамгершілік қатынастар категориялары. Оларға мыналарды жатқызуды болады: адамгершілік өзара әрекеттер, адамгершілік шиеленіс, моральдық бедел және т.б. өзінің функционалдық ролі бойынша адамгершілік қатынастар моральдық субъектілердің өзара қарым-қатынастарының көрінісі болып табылады. Бұл қатынастардың адамгершілік деп бағалануының себебі мынада: олар достық, қастық, серіктестік, сенім, сыйластық, екіжүздік және т.б. моральдық бағалаулармен сипатталады.
Үшінші топ категориялары – бұл моральдық тәжірибе немесе функционалдық жүріс-тұрыс категориялары. Оларда тұлғаның белгілі бір моральдық қасиеттерді тәжірибеде, күнделікті өмірде жүзеге асыру үрдісі көрініс табады. Мұндай категориялардың қатарына мыналар жатады: моральдық (немесе моральға қайшы) әрекет, моральдық салдар мен санкциялар. Олар арқылы моральдық парыз, абырой, батырлық немесе қорқақтық, әділдік немесе әділетсіздік, адалдық немесе сатқындық, кеңпейілділік немесе жауыздық және т.б. адамгершілік сана категориялары көрініс табады. Бұл топ категорияларында моральдың адамдар арасында қатынастарды реттеуші ретіндегі мақсаты ашылады.
“Құт”, “Қанағат”, “ Тәубелік”, “Әділет”, “Сабыр” категориялары.
Құт — қазақ халқының дәстүрлі дүниетанымындағы қасиетті ұғым.Құт сөзі ертедегі Орхон жазба ескерткіштерінде кездеседі (“Тәңірі жарылқауымен құтты қаған болдым”, Күлтегін жазуы). Көне түркі заманында Құт сөзі төмендегідей мағыналарды білдірді: 1) жан, өмірлік қуат, рух; 2) бақыт, жақсылық; 3) сәттілік, табыс, сыбаға; 4) ұлылық, дәреже; 5) ақиқатқа жету, нұрлану, шынайы бақыт пен шаттыққа кенелу. Осыған сәйкес адам мен жан-жануарлардың, өсімдіктердің жаралу, өсіп-өну заңдары ұқсастық негізінде, екінші жағынан, күллі жаратылыс тылсым рухтарға тәуелді, тағдырдың бастауы оның көзге көрінбейтін жанында, ал оның иесі, тірі жандарға қуат беретін тәңірлер, құдайлар, күллі мақұлық Құтқа мұқтаж, ол Көк тәңірден келеді, әсіресе, ел билеушілер Құт қонған адамдар болуы тиіс деген түсінік орын алды. Өйткені ел билеушілер арқылы бұл қасиет басқа қарапайым пенделерге тарайды деген сенім болды. Тәңіршілдікте күнәһарлық туралы ұғым терең дамымағандығына қарамастан, ерте замандардың өзінде түркілерде құттылық пен құтсыздық ұғымы жеке адамның этикалық заңдарды қатаң ұстануымен байланыстырылды. Әйтсе де, көне түркі кезеңінде, сол сияқты кейінгі, исламнан тыс қалған шамандық түсініктегі Алтай мен Сібірдегі түркі тілдес халықтарда Құт туралы түсініктер тұрпайы, ескі натурализм деңгейінде, анимализм (жануарлық), табиғатқа табынушылықпен ұштасқан қалпында қалып қойғаны аңғарылады. Құт көбінесе адам мен жан-жануарлардың тууы, жыныстық өсіп-өнуі, табиғи күш-қуат, жігер, сол сияқты материалдық байлық-молшылық тұрғысынан қаралды. Құт туралы түсініктердің түп-төркіні бұлыңғыр ырымдардың жиынтығы болып қала берді; көп жағдайда мұнан тұрпайы ырымшылдық, дуа (магия), тіпті затқа табыну (фетишизм) тарап жатты. Көне түркілік діни-мифологиялық синкреттік дүниетаным аясында пайда болған Құт ұғымы кейін түркі даласында мұсылмандық сопылық ілімдердің ықпалымен дамып, руханилана түсті, табиғи-нәпсілік деңгеймен шектелмей, өркениеттік өлшемдерге көтерілді. Құттың түп-төркіні Алладан келетін киелі нұр; қуат көзі, күллі ізгілік, береке Алладан, ал оны тарататын пайғамбарлар мен әулиелер, тақуалар деген түсінік қалыптасты. Әулиелердің батасы, шын ықыласымен сыйлаған заттары арқылы (шапаны, асатаяғы, ыдысы, т.б.) адамдарға құт-береке дариды, ал ол рухани сабақтастық бойынша пайғамбардан халифаларға, халифалардан сопы-пірлерге көшіп, ұдайы жалғасып отырады деген сопылық дүниетаным етек алды.
Қанағат, қанағатшылық – адамның барға риза болуын, місе тұтуын, нысаптан шықпауын, нәпсіге ермеуін білдіретін ұғым. Қанағат ету – жетіспеушілікке, таршылыққа төзіп шыдау емес, ақылға сүйеніп, өзін-өзі тежеу. Қанағат – қолдағы барына, қол жеткізген табыстарына разы болу
Сабыр — адам мінез-құлқына тән байыптылық пен ұстамдылықты білдіретін асыл қасиет.
“Сабыр түбі — сары алтын”, “Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа” деген халық даналығында сабырлылық адамды жамандықтан сақтап, жақсылыққа бастайтын ізгі қасиет ретінде айқындалады. Сабырлылық қажыр-қайратпен ұштасып, ер бойындағы ар, ұждан, ынсап сияқты қасиеттерге негіз болады. Сабырлылық әрбір істің ақырын ниет ақтығына табан тіреп, әділеттілікке сенімін жоғалтпай күтіп, байсалды әрекет жасаудан көрінеді. Сабырлылық өз ісінің ақтығына сенімді, ниет-тілеуі түзу, тағдырдың бір құдайдан екендігіне сенетін, әрбір қиындыққа сынақ ретінде қарап, мойымайтын адамға тән. Сабырлылықтың қажыр-қайратпен оның адам бойындағы бойкүйездік, немқұрайдылық, еріншектік сияқты жаман қасиеттермен ымыраласпайтындығының негізгі белгісі. Себебі аталмыш жаман қасиеттер үмітсіздіктен, торығудан, жасып, жабығудан, тоғышарлықтан туындайды. Сабырлылыққа қарама-қарсы тағы бір ұғым орынсыз ашушаңдық болса, ол адамның ақылға жүгінбей, шолақ ойлар байыпсыздығының, салмақсыздығының көрінісі. Сондықтан да сабырлылық адами кемелдіктің белгісі ретінде ақылды — азық, қайратты — қару, иманды — серік еткен ер бойынан байыптылық, ар-ұят, ынсап ретінде табылатын асыл қасиет.
Әділет – жақсы мінездердің ең құндысы. Әділ адам – адамдардың ең жақсысы. Әділет – келісушілік, тепетеңдік деген сөз. Әділет болғанда екі нәрсенің не өздері немесе сипаттары тең болады. Бұл ұқсас жерлерінде біріккен деген сөз. Демек, әділет бірліктен, тек бір болудан туындайды. Әлемде кездесетін әрбір бір болу, шынайы жалғыздың болмысына ұқсайды. Әр болмыс, сол бір болған болмыстан пайда болғаны сияқты, әр бірлік те сол бірден пайда болады. Ал өлшеу, салыстыру істерінде теңдік сияқты құрметтісі, қадірлісі жоқ. Музыка саласында бұл мәселе кеңірек зерттелуде. Міне осы себептен, жақсылықтардың ең қадірлісі – әділет. Әділет – ортада болу деген сөз. Ортадан айырылатын болса, әділет болмайды.
Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелге грек ғалымы Сократтан бастау алады. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» екен. Ал Аристотель «жақсылық», «игілік» ұғымдарын жағымды мінез-құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданды. Құбылысты, затты жағымды бағалау адам үшін құнды игілікті түсінуге негізделген. «Ізгілік» сөзі салыстырмалы мағынада белгілі бір жағдайдағы адам үшін жақсылық, пайдалы нәрсе деп түсіндіріледі. Рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін ғылым ретінде этиканы белгілеген. Аристотельдің пайымдауында «этиканың мақсаты – таным емес, ізгілікке үйрету. Этикалық зерттеулер рухани-адамгершілік дегеннің не екендігін білу үшін емес, осы рухани-адамгершілікке жетудің жолдарын үйрету үшін қажет, олай болмағанда бұл ғылымның пайдасы болмас еді» - дейді.
Философ Т.Қ.Ғабитов «құндылықтар – қасиеттер» дей отырып, бұл қасиеттердің бала кезден, ана сүтімен бірге өзінің ана тілі арқылы мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығатындығын ерекше бағалайды. Яғни, философиялық тұрғыдан алсақ құндылықтар – адам үшін пайдалы мәнге ие болатындардың барлығы, адамзат қоғамының іргелі дамуы мен адамның жеке тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндерің барлығы құндылық болып табылады. Психологтар құндылықтарды тұлға аралық қатынас тұрғысынан қараудың өзіндік мәні бар екенін айтады. Құндылық ұғымында құндылық қатынастың обьектісі болып табылатын заттардың сыртқы қасиеттерінің сипаттамасы, осы қатынастың субьектісі болып табылатын адамның психологиялық сапалары, құндылықтың жалпы мәнділігін көрсететін адамдардың өзара қарым-қатынасы ұштасады.
Пайдаланған әдебиеттер:
Әбішев Қ. Философия. Алматы: Ақыл кітабы, 2000.
Әлеуметтік философия. Хрестоматия. Құр. Әбішев Қ. Алматы, 1997.
Выгодский Л. С. Развития высших нервных функции. М.: 1990.
Есім Ғ. Сана болмысы. 1-9 тт. Алматы, 1994-2004.
Категория мышления и индивидуальное развития. Алматы, 1991.
Кішібеков Д. К., Кішібеков Т. Д. Речь и писменность: Трансформация звукознаковых систем. Алматы, 2004
19-шы лекция: Еркіндік философиясы
Философия тарихындағы еркіндік ұғымы. Адам және оның еркіндігі (Б.Спиноза).
М.Хайдеггердің шығармаларындағы еркіндік пен ақиқаттың байланысы.
Еркіндік пен жауапкершілік (Ж.-П.Сартр). Еркіндік және абсурд (А.Камю).
Философия тарихында еркіндік мәселесінің орын алуы ерте замандардан басталады. Философиядағы еркіндік өмірлік маңызды экзистенциалдық категориялар ретінде философия тарихында діни, этикалық, заңдық, тарихи тұрғыда әр қырынан қарастырылып келді, әлі де зерттеліп бітпеген. Бұл философиялық ұғым адам тіршілігінің маңыздылығын сипаттайды. Еркіндік пен жауапкершілік бақылау, сараптама, тәжірибе жасау нәтижесінде адам білімінің артуына көмектеседі.
Философия тарихында да еркіндік мәселесінің орын алуы сонау ерте замандардан басталады. Дана ойдың иелері барша адамға ғана қатысты ерекше қасиеттерді қарастыру барысында бұл мәселені де еш тастамаған. Осы бір сөзді естігенде ең алдымен еркіндіктің саяси маңызына бірден назар аударамыз. Еркіндік осы тұрғыда өте өзекті әрі қажетті болып табылады. Саяси тұрғыдан алғанда ол еркін қоғам, адамдарға лайықты өмір қамтамасыз ететін еркін әлем.
Философия тарихында еркіндік мәселесінің орын алуы ерте замандардан басталады. Философиядағы еркіндік өмірлік маңызды экзистенциалдық категориялар ретінде философия тарихында діни, этикалық, заңдық, тарихи тұрғыда әр қырынан қарастырылып келді, әлі де зерттеліп бітпеген. Бұл философиялық ұғым адам тіршілігінің маңыздылығын сипаттайды. Еркіндік пен жауапкершілік бақылау, сараптама, тәжірибе жасау нәтижесінде адам білімінің артуына көмектеседі.
Философия тарихында да еркіндік мәселесінің орын алуы сонау ерте замандардан басталады. Дана ойдың иелері барша адамға ғана қатысты ерекше қасиеттерді қарастыру барысында бұл мәселені де еш тастамаған. Осы бір сөзді естігенде ең алдымен еркіндіктің саяси маңызына бірден назар аударамыз. Еркіндік осы тұрғыда өте өзекті әрі қажетті болып табылады. Саяси тұрғыдан алғанда ол еркін қоғам, адамдарға лайықты өмір қамтамасыз ететін еркін әлем.
Жаңа дәуірдегі Голландия философиясының өкілі Бенедикт Спиноза (1632-1677) Р.Декарт идеяларын жалғастырды. Субстанция, таным теориясы, этика, еркіндік пен қажеттілік мәселесін зерттеді. Спиноза философияның негізі ретінде біртұтас субстанция туралы идеяны қабылдады. Оның - атрибуттары ойлау мен табиғат. Табиғат өзін - өзі жаратушы, яғни субстанция өзінің сансыз көп модустары (түрлі күйлері, қасиеттері) арқылы көрінеді. Осындай модустардың бірі - қозғалыс. Дүниенің өз себебі деп жариялай отырып, Спиноза сол арқылы әлемді жаратушы Құдайдың жоқ екенін негіздейді. Пантеизмді жақтай отырып, ол Құдай табиғаттың өзі деп жариялайды. Спиноза еркіндік мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Оның пікірінше, еркіндік ұғымы қажеттілік ұғымына қайшы емес.
Ең бастысы Спиноза адамның еркіндігін, оның ақыл-ойының еркіндігін жария етеді. Оның ойынша, адам адамгершілікті өз бойында еркін қалыптастыруға қабілетті, қорқыту, үрей (мемлекет және басқа адамдар тарапынан) арқылы адамгершікке тәрбиелеу мүмкін емес, себебі оның табиғаты ізгілікті. Адам өмірінің мәнін Спиноза бақытқа жету деп түсінді, осы бақытқа жету жолында оның ақыл-ойы адамгершілік ережелерін ту-ындатады. Спиноза сезімді парасаттан төмен қойып, адамгершілікті ақыл-оймен байланысты қарастырады. Ақыл-ой белсенді, оның күші танымның дамуы процесінде өсе түседі. Еркін ақыл-ойға ие адам еш қысымсыз басқа адамдармен тамаша қарым-қатынас орната алады, яғни ақыл-ойдың көмегімен рахатқа бөленеді. Осыдан Спинозаның мемлекет туралы пікірі туындайды, ол мемлекеттің мақсаты – адамның еркіндігін қамтамасыз ету деп тұжырымдайды.
Спиноза адамды өмірдің барлық жағдайында да еркін болуға шақырады. Тіпті өлімнен де қорықпау керек, себебі мәңгілік ештеңе жоқ. Сондықтан да еркін адам өлім туралы мейлінше аз ойлайды, өлім туралы күні-түні қайғырып, мұңға бату – құлдықтың бір түрі. Спиноза адамдарды өз бақытсыздықтарына салыстырмалы түрде қарауға шақырады (біз «философиялық» деп атап жүрген көзқарас). Бір қарағанда үстіртіндеу болғанымен, Спинозаның бұл философиясы өмір туралы ойланған адамның жан жарасын жеңілдетуге біршама пайдалы. Ол адамды тәуелсіз, еркін, ешкімге де, ештеңеге де жалтақтамай өмір сүруге үйретеді және дүниедегі құбылыстардың, адам өміріндегі проблемалардың бәрі де уақытша, өтпелі екендігін дәлелдейді.
Еркіндік дегеніміз – танылған қажеттілік, яғни саналы түрде және нақты не нәрсе қажет екендігін түсіну деп ойлады.
Мартин Хайдеггердің (1889-1976) «Болмыс және уакыт» (Sein und Zeit) шығармасы «осы уакытқа дейін толыққанды философия болған жоқ» деген пікірді алға тартты. Ол сананың мәліметтерін зерттемек болды, бірақ осы ізденіс барысында санадан туындаған элементтерді емес, бұрынғы философиялаи мұра болып қалған «субъект», «объект», «iс-әрекет» және «мазмұн, сияқты ұғымдарды қолданды.
Хайдеггердің пікіpінше, феноменологияның бірінші міндеті - сана мен шындықтың арасы ажырап кетпей тұрғандағы болмыстың (Sein) концепциясын зерттеп, тану. Осы екі қарама-қарсы нәрсені ажыратуға бастайтын тәжірибе – зерттеуді бірінші кезекте талап ететін феномен.
Хайдеггер енгізген неологизмдердің ең маңыздысы (Dasein, «дизайн» деп оқылады).
Декарттың эгосы түпкі мағынасында ойлаушы нәрсе, res cogitans болса, ойлау Хайдеггер болмысының ең негізгі емес, оны құратын амалдарының бірі ғана саналады. Dasein-ның тым қарапайым элементі-«дүниедегі-болмыс», ал ойлау дегеніміз - дүниемен өзара қатынасудың бір ғана тәсілі: әрекет ету мен реакцияда - маңызды элементтер. Dasein oйлау мен қалау, теория мен практика арасындағы айырмашьлыққа дейін болады. Dasein әлденеге аландайды (besorgen).
Dasein дегеніміз гes cogitans емес, res curans: әлденені ойлау емес, әлденеге аландау. Дүниеге катысты аландауым немесе қызығушылығым болғанда ғана, мен ол жайында сұрақ қоюды жалғастырып, сол сауалдардың жауаптарын білімге деген талап түрінде беремін.
Мартин Хайдеггер континенттік экзистенциализмнің негізін қалаушы.
Концепциялар мен пайымдарды дүние проблемаларын шешуге арналған құралдар ретінде қарастыруға болады. Бірақ тура мағынасында құрал болып саналатын әлдеқайда қарапайым құралдар мен заттар да бар.
Ұста бұл әлемге балғаның көмегімен қатынас жасайды. Балғаны жақсы қолдану үшін ұстаның ол туралы ойланып отыруы қажет емес; балғаны санада зерделеу тіпті оның шынайы әлеммен өзара катынасы саналатын шаруасына зер салып кірісуіне кедергі болуы мүмкін. Осындай транспарентті тәртіппен орындайтын нәрселерімізді Хайдеггер «қолдануға даярлық» деп атайды. Қолда бар нәрсе мен әлі дайын емес нәрсе арасындағы айырмашылық біздің кеңістікті әлемді құрастыруымыздың негізінде жатыр.
Хайдеггер Dasein-ның уакытша табиғатын ерекше атап керсетеді: біз оны зат ретінде емес, өмірдің өрбуі ретінде ойлауымыз қажет.
Өміріміз өздігінен толыққанды, өздігінен дами беретін нәрсе емес: біз о бастан физикалық, мәдени және тарихи контекске тасталғандай күйде боламыз. Осындай «тастандылықты» (geworfenheit) Хайдеггер Dasein-ның накты растығы деп атайды.
Менің өмірім қазіргі кім екенім мен осыған дейін кім болғаныммен де шектелмейді: мен осыған дейін болмаған адам болуым мүмкін және мүмкіндіктеpім болмысым үшін жетістіктеріммен бірдей маңызды. Расында да, Хайдеггердің айтуынша, болашақтағы болмысымды анықтағанда басымдық менің өткен шағым мен қазіргі кезіме беріледі.
«Dasein - «болу кабілеті» деген сөз және менің өмірдегі талпыныстарым қазіргі жағдайым мен мүмкіндіктерімнің мән-маңызын анықтайды»,- дейді Хайдеггер.
Дегенмен жетістіктерім мен мүмкіндіктeрім қандай болса да, олардың бәрі өліммен тәмамдалады - алайда өлім оларды токтататынына қарамастан, оларды бітірмейді. Өміріме қатысты кез келген көзкарас жалпы менің кім болатыным мен кім бола алатынымның арасындағы айырмашылықты ескеруі қажет: осыдан өзіңді кінәлі сезіну мен аландаушылық туындайды.
Біз тәжірибенің көмегімен өзімізден жырақта тұратын накты дүние туралы білім алуға ұмтылатын бақылаушылар ғана емеспіз. О бастан біз «үнемі әрқашан дүниеде - бар болмыс» ретіндегі әлемнің элементтеріміз. Біз - басқа болмыстардың ортасындағы, оларға ықпал ететін және олардың ықпалына жауап беретін болмыспыз. Біздің әрекеттеріміз бен реакцияларымыздың саналы түрде орындалып отыруы міндетті емес. Шын мәнінде, кенеттен жасайтын әрекеттеріміз бір қателікке ұрындырғанда ғана біз не жасап отырғанымызды ұғына бастаймыз. Бұл - «колдануға даяр» нәрсе «колдануға даяр емес» болатын кез.
Dasein белсенділігінін, Хайдеггердің пікірінше, үш негізгі кұрамдас белігі бар.
Біріншіден, ол «икемделу» деп атайтын нәрсе: біз тасталатын жағдаяттар қызықты, не үрейлі, не жалықтырғыш және т.с.с. болып, біздің оларға сай түрлі көңіл күйіміз болады.
Екіншіден, Dasein дискурсивті: яғни ол біз баскалармен бөлісе алатын тіл мен мәдениет арқылы қалыптасып, түсіндірілетін дискурстар әлемінде әрекет етеді.
Үшіншіден, Dasein дегеніміз- ерекше мағынадағы «түсіну», яғни оның іс-әрекеті белгілі бір мақсатқа, белгілі бір «үшін»-ге бағытталған, ол өзінің мәдени контексінде өмірдің бар мәні болады. Dasein-ның осы үш қыры өткен, осы және келер шаққа сай: яғни ол «Болмыс және уақыттың» екінші бөліміне атау болған уақытқа қатысты.
Dasein биологиялық, әлеуметтік және мәдени контексте әрекет ететініне қарамастан, адами даралықтың іс-әрекетіне бастау болатын адами болмыс деген нәрсе жоқ, «Dasein-ның мәні - оның бар болуы», -дейді Хайдеггер.
Осыны тұжырымдай отырып, ол экзистенциализм деп аталатын философиялық мектептің «атасына» айналды, бұл мектептің ұстанымына сай, адамдар белгілі бір түрдің мүшелері ғана емес және оларға әмбебап зандар тұрғысынан анықтама беруге болмайды. Шын мәнінде, мен өзімді қалай еркін қабылдасам, сондай боламын. Мұндай тандаудың негізсіздігі аландаушылық тудырады да, мен ойланбайтын сәйкестікке бойымды тасалай аламын. Бірақ менің өз болмысыма - Dasein-ыма қатысты сатқындығым - шынайы шешім емес. Шынайы болу ушін өзімнің жасайтын тандауыма адами болмыстың да, тәңірлік бұйрықтың да еш қатысы жоқ екенін және ешқандай тандау менің өміріме ешқандай трансцендентті мағына алып келмейтінін толығымен ұғына отырып, өз өмірімді өзім құруым қажет.
Сартрдың экзистенциализмі
Жан-Поль Сартр саяси солшылдардың бағытын ұстанған экзистенциализм формасын дамытты.
Сартрдың «Киял» еңбегі басқа философтардың, әсіресе Юмнің көзқарасында, кеңінен кездесетін мынадай бір ойды, яғни «өз қиялымызда біз ішкі менталды әлемнің мазмұнын зерттейміз» деген ұғымды қатаң сынға алды.
Сартрдың пікірінше, қабылдау мен қиял - көріністердің немесе көшірмелердің ойша болуынан құралады деу қате, олардың арасындағы жалғыз айырмашылық - қабылдаудағы көріністер қиялдағыға қарағанда, әлдеқайда қарқынды және жарқын болуында. «Шын мәнінде, қиял бізді ішкі бейнелерге емес, экстраменталды объектілерге байланыстырады» деп есептейді Сартр. Киялдың бұл әрекеті қабылдаудан кем емес, бірақ басқа тәртіпте.
Мұны іске асырудың ең оңай жолы — шынымен бар, бірақ қазір бұл жерде жоқ адамды елестету; B біз шын мәнінде жоқ нәрсені елестеткен кездегі әрекетіміз- әлемдегі объектіні жасау.
Сартрдың айтуынша, эмоцияларды пассивті ішкі сезінулер ретінде карастырсақ, олар да дұрыс қабылданбайды. Эмоция дегеніміз дүниені түсінудің ерекше бір мәнері: мысалы, біреуді жек көру дегеніміз - ол адамды жексұрын біреу ретінде қабылдау. Бір қарағанда эмоция - бізді қоршаған ортаны бейтарап, арнайы бір ұстанымсыз кабылдауымыздың көрінісі сияқты болып көрінеді; алайда Сартр эмоцияларды біздін ортамызды «сиқырмен түрлендіріп жіберу» амалы ретінде сипаттайды.
Күйзеліске ұшырағанымызда, мысалы, бұл бір осы әлемге дуа жасалған сияқты, біздің жағдайды түзетуге бағытталған бүкіл әрекетіміз мәнсіз болып көрінеді.
1943 жылы ол өзінің шығармасын -«Болмыс және ештеңені» (L' Etre et le neant) жарыққа шығарды. Сартрдың пікірінше, болмыс (французша: -1'etre) - біздін санамызда кездесетін заттардың сан түрі мен қырларының негізінде жатыр және оларға алғышарт болады.
Біз заттарды өз мүддемізге сай түрлер мен кластар бойынша, өз мақсатымызға қажетті құралдар ретінде iріктейміз.
Егер сананың жүзеге асырған бүкіл айырмашылығын алып тастасақ, біз таза болмысты, яғни өзіндік болмысты (I'en-soi) көре аламыз. Бұл айқын емес, аукымды, қарапайым, ең алдымен, шартты. Бұл -«сылтаусыз, себепсіз, кажеттіліксіз» (BN 619). Себепсіз деу-оның өзінің себебі саusa sui деген сөз емес; бұл жерде ол жай ғана -Сартр айтқандай, «сұраусыз», ал кейде «артық (de trop)».
En-soi - «Болмыс және ештеңені» екі негізгі концептicінің бірі.
Екіншісі-le pоur-soi, яғни өздігінен өз алдына, бұл- адами сана.
Сартр: адам дегеніміз-әлемге ештеңені әкелетін жаратылыс. Жоққа шығару- le pour-soі мен 1'en-soi арасындағы айырмашылықтың мәні.
Бұл жерде Сартр Хайдеггердің тақырыбын кеңінен ашып көрсетеді. Ағылшын философтары Хайдегтердің Das Nichts nichtet, яғни «Ештене жоқ» (бұл- Хайдеггердің ештеңені әрекетcіз объект ретінде емес, әрекетке ие жоюшы күш ретінде түсіндіру үшін қолданатын ұғынуга қиындау лексемасы- ауд.) ұғымын абсурдтың квинтэссенциясы ретінде кабылдап жатқан түста, Сартр ештеңенің объектіленуін қабыл алып, оған ерекше бір мән беруге талпынады.
Сана дүниені артикуляциялауды жоққа шығару аркылы іске асырады. Егер санамда қызыл деген ұғым бар болса, мен дүниені қызыл және қызыл емес деп бөлемін. Егер орындық пен үстелді ажырата алсам, мен орындықтарды үстел ретінде, ал үстелдерді орындық ретінде қарастырмауға міндеттімін.
Егер сана мен болмыс арасын ажыратып алғым келсе, мен сананы бейболмыс деп атауым қажет: әлемде ештеңенің пайда болуын iске асыратын болмыс оның өз ештеңесі болуға тиіс (BN 23).
Дж. Айер 1945 жылы Сартрдың le neant (ештеңе) мәселесін қайта көтеруін «Ғажайыптар еліндегі Алисада» корольдің жолда ешкімді көрмей тұрған Алисаға айтқан: «Мен де көзімнің сондай болғанын қалар едім... Ешкімді көрмеу үшін! Осындай кашықтықтан да!»- дейтін жауабымен салыстырады. Қуанышымызға орай, «Болмыс және ештене» атауына карамастан, Сартрдың «бейболмыс» туралы ойын жеткізуінен бөлек талай нәрсені қамтиды.
Көптеген объектілер үшін олардың мәні бар болуынан бұрын пайда болса, «өзі жайлы қандай да бір мән арқылы анықталмай жатып-ак бар болатын бір болмыс бар, оның болуы оның мәні болғанға дейін бар болады. Ол болмыс -адам» (ЕН 66).
Адами еркіндік адамның мәнінен бұрын пайда болып, оның мүмкін болуына алғышарт болады.
Емен ағашы өз болмысына байланысты өмірдің белгілі бір үлгісіне сай болуы қажет болса, адамзат болмыстың мұндай түріне жатпайды: әр адам өз болмысының қандай болатьнын өзі шешеді.
Еркіндік заттар әлемінің үйлесіміне кайшылық әкеледі. Сартрдың пікірінше, адам өмірін алдын ала Жаратушы да, шартты жағдайлар да, абсолютті моральдық зандарда шешіп қоймайды. Мен қашып құтылмайтын жалғыз қажеттілік - тандау жасау кажеттілігі.
Адами еркіндік абсолютті, бірақ ол алаңдау мен қобалжуға да себеп болады. Бұл жайтты өзімізден де жасыруға және моральдың, коғамның, діннің бізге ұсынатын алдын ала шешіліп қойған реалін мойнымызға алып, атқаруға талпынамыз. Бірак біздің осыны жасыруға бағытталған әрекетіміз- aу бастан-ақ бос әурешілік. Себебі, сайып келгенде, біз екі ұштылыққа ұрынамыз, тандау еркіндігіне ие екенімізді іштей түсіне отырып, езімізді мүлде карапайым бір нәрселерге сай шектеуге мәжбүр боламыз. Сартр бұл жағдайды «ықылассыз сенім» деп атайды.
Мұндағы балама устаным-еркіндікті қабылдап, оны мойындай отырып, колданыстағы моральдық тәртіп пен күтпеген жағдайлардың ыңғайына қарамастан, өз әрекеттерің мен өміріңе байланысты жауапкершілікті мойынға алу. Әлбетте, әрекеттерімнің физикалық шегі бар, бірақ өз қалауларым мен жобаларымды түзей отырып, мен тап болған жағдайдың мән-маңызына катысты шешім қабылдайтын өзім екенін ұғынамын. Менің таңдау жасауым қажет. «Өз болмысымның мәні болатын бірегей де ең алғашқы жобаға кіріскенде, жалғыздық пен қорқыныштың құрсауын сезінемін: өз еркіндігімді ұғынғанда осыған дейінгі барлық кедергілер, барлық сүйеніштер коллапс күйіне түсіп, өз күшінен айырылады; болмыстағы бар құндылықты тағайындайтын өзім ғана деген фактіге қарсы кояр менің еш уәжім де, құндылығым да жоқ» (ЕН 66).
Соғыстан кейінгі жылдары Сартр мен Симона де Бовуар Париждің сол жағалауының мәдени және интеллектуалды өмірінің басты тұлғаларына айналды. Сартр «Жаңа заман» (Les Temps Modernes), атты алдыңғы қатарлы айлық басылымның негізін қалап, оған басшылық жасады, бірнеше табысты роман мен пьеса жазды. Олардың арасындағы, бәлкім, ең танымалы -«Қамауда» (Huis clos) атты туынды. Бұл еңбекте Сартр кейіннен жиі айтылатын «Тозақ дегеніміз -басқа адамдар» деген сөзді келтіреді. Оған қоса, «Болмыс және ештеңеде» еn-soi мен роur-soi-дан бөлек, Сартр «басқалар-үшін-болмыс» деген ұғымды енгізді. Оның мәні - басқалардың мен туралы ойы мен олардың маған деген көзкарасы мені олар үшін бар болғаны объектіге, бәлкім, олардың қызғанышы мен өшпенділігінің объектісіне ғана айналдырады.
Сартрдың айтуынша, басқалар - үшін- болмыстың бастапкы мәні - конфликт.
Өзінің соңғы еңбегінде Сартр бұл тақырыпты әрі қарай өрбіте келе, оған ерекше мән береді. Әлеуметтік және саяси пікірге келгенде, Сартр коммунистік партияның қағидаларына жақын көзқарасты ұстанды, бірак Маркстің детерминизмін экзистенциализмге аркау болған абсолютті либертаризммен үйлестіру-оңай шаруа емес еді. Бұл қайшылықты шешу үшін ол 1960 жылы «Диалектикалық ақылға сын» (Critique de la raison dialectique) атты еңбегін жазды. 1964 жылы Сартр әдебиет бойынша Нобель сыйлығынан бас тартты, ал 1968 жылы ол де Голльдің үкіметіне қауiп тендірген студенттік көтеріліске колдау көрсетті. Сартр 1980 жылы дүниеден өтті.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Арынғазиева Б.Б. Философия тарихы. -Шымкент, 2014.
Арынғазиева Б.Б. Этика және эстетика негіздері. -Шымкент, 2014
Аронсон Эллиот. Көпке ұмтылған жалғыз. Әлеуметтік психологияға кіріспе. Ғылыми ред. Құлсариева А.Т. -Астана, 2018. -284 б
Абсаттаров Р.Б., Садыков Т.С. Воспитание культуры межнационального общения студен-тов: теория и практика. -Алматы, 1999. -С.30-32.
Алтай Ж. Қазақ философиясының қалыптасуы. -Алматы, 1997.
20-шы лекция: Еркіндіктің деңгейлері, мазмұны мен түрлері
Ерік еркіндігі. Еркіндік деңгейлері. Оң және теріс еркіндік.
Еркіндік, әділдік, адамның өмірі мен намысы – адамгерші-лік-құқықтық құндылықтар.
Саяси еркіндік. Ұлттық еркіндік. Еркіндік – қазіргі демо-кратиялық мемлекеттердің негізгі идеалдарының бірі. Жеке еркіндік және табиғи құқық.
Еркіндік - мәңгілік мәселе. Адамның шынайылығы—оның еркіндігінде.Еркіндік — адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы. Адамдар өз әрекетінің объективті жағдайларын қалауынша таңдап алуға ерікті емес, алайда олар нақтылы және салыстырмалы еркіндікке ие. Ғылыми-техникалық ілгерілеу әрбір адамға, әлеуметтік топқа, тұтас ұлтқа қызмет ете отырып, олардың табиғаттың объективті заңдарын игеруіне, іс жүзінде қолдануына жәрдемдеседі. Жеке адам мен ұлттың еркіндік дәрежесінің артуы тұтастай алғанда қоғамның ілгерілеу үрдісінің өзекті өлшемі болады. Оның әлеуметтік кедергілерге қарсы күресі, жалпы алғанда, қоғамның алға басуының қуатты қозғаушы күші болып табылады. Адамдардың дүниедегі объективті жағдайды таңдау еркіндігі болмағанымен, олар өзіндік мақсаттарды көздей алады және оған жетудің әр түрлі мүмкіндіктері қатарынан неғұрлым тиімді жолды ерікті түрде пайдаланады. Бірақ, бұл қоғамдағы жалпы объективті жағдай мен мүмкіндікке, субъектілердің (жеке адамның, әлеум. топтың, этникалық топтың) жаратылыс заңдары мен қоғам заңдылықтарын игеру қабілетіне және басқаларына байланысты. Әлемдік философияда еркіндік туралы бір-біріне қайшы көзқарастар қалыптасқан. Гегель еркіндікті субъективті рухпен, Фейербах адамның өзінің ерекшелігімен байланыстырса, дін оны адамдардың құдайға құлшылық етуімен, экзистенциалистер адамның психикалық актілерімен байланыстыра қарастырады. К.Маркс еркіндік мәселесін қажеттілікті және заңдылықтарды білумен, оны игерумен байланысты түсіндіреді. Ф.Энгельс өзінің “Анти-Дюринг” атты еңбегінде еркіндік әлдебір нәрседен тәуелсіздік нышаны емес, керісінше, ол адамның жаратылыс күштеріне, қоғамдық қарым-қатынастарға және өз болмысына үстемдігі дейді. Еркіндік — нақты және салыстырмалы ұғым. Мысалы, адам әр түрлі жағдайларға байланысты еркін болады немесе одан мүлдем айырылады. Ол өмірдің бір саласында өзін еркін сезінгенімен, өзге бір салада оған жете алмауы да мүмкін. Сол секілді жеке адамның және ұлттың еркіндік дәрежесі де әр түрлі. Мұның өзі қоғамдағы өндіргіш күштердің дамуына да тікелей қатысты. Сонымен қатар ол әлеуметтік, этникалық топтардың, жекелеген адамдардың еркіндігін анықтайтын қоғамның әлеум.-саяси құрылымына да тәуелді. Міне, сондықтан еркіндік мәселесін саясаттану жағынан алып қарайтындар оны азаматтардың және тұтас бір ұлттың қоғамдық құрылым мен басқару түрін таңдауы деп түсіндіреді. Экономика саласында еркін базар, еркін бәсекелестік принциптері негізінде өндіргіш күштер дамитыны, адамдардың еркіндік аясы кеңейе түсетіні рас. Әр адамның, әр ұлттың еркіндік дәрежесін олардың табысы мен меншігінің көлемі ғана емес, сонымен бірге олардың материалдық және рухани игіліктерді өздерінің таңдауы мен орынды жұмсай алу мүмкіндігі анықтайды. Саясатта еркіндік мәселесі ұлттың құқықтық мемлекет құру идеясымен байланысты. Кез келген қоғамдағы жеке адам мен ұлттың еркіндік дәрежесі, ең алдымен, билік жүйесіне, оның түрлеріне (деспоттық, либералдық-демокр., т.б.) байланысты болып келеді. Либералдық-демократиялық басқару моделінің саяси еркіндік саласындағы негізгі принципі — жеке адамдардың үстемдігі емес, ең алдымен заңның үстемдігі, яғни адамдардың заңмен ғана шектелетін еркіндік құқыларын пайдалана алуы. Жеке адам мен ұлт еркіндігінің шектелуі немесе тежелуі әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты. Мыс., тоталитарлық, авторитарлық жүйелердің үстемдігі, яғни демократтық құқыларға, саяси бостандықтарға (сөз, жиналыс, митинг, бірлесу, сайлау және сайлану, т.б.) қысым жасалуы, сондай-ақ, материалдық жоқшылық, рухани жұтаңдық, шектен тыс эгоизм және т.б. Шынайы еркіндік — адамдар арасындағы мәдени қарым-қатынастардың кепілі. Ендеше оның ғылыми мәні мен мазмұнын әрбір азаматтың айқын түсінуіне қол жеткізу ұлттық идеология мен саясаттың басты міндеттерінің бірі болып табылады.
2.Тұлғаны, оның еркіндігінің, өмірді, табиғатты және мәдениетті сақтау жауапкершілігінің қалыптасу шарттары.
Бостандық дегеніміз – барлық нәрсеге ерік беру, рұқсат беру емес, ол ең алдымен, жауапкершілік, қажеттілікті түсіну. Бостандықтың алғы шарты – адамға таңдау мүмкіндігін беретін ақыл-ойы және жан-жақты терең білімі. Өмір сүрудің жаңа, қазіргі кезеңінде табиғат пен әлеуметте еркіндік түсінігін терең түсіну қажеттілігі баю үстінде.Еркін болу – яғни, әлемде толық және ақылды болып қалуға мүмкіндік беретін шынайы тосқауылдарды түсіне білу, ал адам әлемді жасаушы объективті заңдарға сәйкес іс әрекет жасау керек.Э.Фромм еркіндікті адамның негізгі өсу мен даму жағдайы деп санаған. Ол – адам бас тарта алмайтын ұлы сый және ауыртпалық. Еркіндік – адамның өзінің іс әрекетіне жауапкершілік таныта отырып таңдаған альтернативаларды саналы ұғынуымен байланысты. Қазіргі философтар мен психологтардың зерттеулері бойынша жауапкершілік ересек тұлғаның әлеуметтік мінез құлқын ішкі реттеушісі ретінде орын алады деп қорытынды жасаған. Мұнда әңгіме жас жайында емес, оның тұлғалық өсуінде болып отыр. Кішкене бала үшін қажетті сыртқы жағдайлар мен шектеулер орын алатын болса, ал ересекте тұлғаның өзінің еркін қабылдаған мақсаттары мен құндылықтары болып табылады. Ересектер үшін сыртқы стимулдар мен еске түсірулер қажет емес. Тұлғаның ішкі еркіндігі, бостандығы оның жауапкершілігімен шектелмейді, керісінше, жауапкершілігінің арқасында мәнге және мазмұнға ие болады. Жауапкершіліктің дамымауы немесе оның тіптен болмауы адамға толығымен еркін тұлға болуға кедергі жасайды, бірақ, сонымен бірге ол оны жағдайларға құл етіп, ішкі бақылауға тәуелді етеді.Сонымен еркіндік мәселесі жауапкершілік мәселесімен тығыз байланысты.Жауапкершілік – еркіндіктің басқа бір жағы болып табылады. Ол ересек тұлғаға тән және өзін саналы түрде жасайтын іс әрекеттерінің себептері мен өзінің ойлары мен әрекеттерін ішкі бақылауда көрінеді. Әлеуметтік жауапкершілік өзінің жеке эгоистік қызығушылықтарына емес, қоғам мен басқа адамдардың қызығушылықтарына сәйкес өзін өзі ұстай білудегі адамның бейімділігі. Тек еркін және жауапкершілігі жоғары тұлға өзін әлеуметтік мінез құлқын жан –жақты дамыта алады және жоғары дәрежеде өзінің потенциалын аша алады.Сонымен, жоғарыда тұлға жайында айтылғандардың барлығын қоса келе, оның қалыптасуына әсер ететін факторларды бөліп көрсетеміз.
Олар:
адамның өзінің қабілеттілігі мен нышандарын көрсете білуге мүмкіндік жасайтын іс әрекеті;
адамның басқа адамдармен ауызба- ауыз сөйлесуі кезінде ғана емес, адамзаттың адами қасиеттерін, салт дәстүрлері, әлеуметтік нормалар мен ережелерді меңгеруі арқылы көрінетін, болатын қарым -қатынасы;
жеке және әлеуметтік мінез құлық жауапкершілік әдістері мен формаларын болып жатқан жағдайларға байланысты таңдап алуда көрінетін адамның шығармашылығы, мұны еркіндік сөзінің синонимі деп алуға да болады.
Мінекей осы факторларды адам негізгі қоғамдық рөлдерді меңгеруі арқылы әлеуметтену процесінде дамытады.
3.Алаш қайраткерлерінің философиясы еркіндік және тәуелсіздік идеялары.
Алаш қозғалысының негізгі идеясы демократиялы қоғам қалыптастырып, сөзсіз еркіндік пен дамудың алғышарты ретінде қазақтың ұлттық мемлекетін құру болатын. Бүгінгі Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті – сол идеяның жемісі. Алаш идеясы әсірешіл ұраншыл қазақтың ойы емес, жалпыадамзаттық құндылық этикасын сақтай отырып, отарлық езгінің құрсауында тұншыққан жұртын азаттыққа шақыру болатын. Тарихшы Мәмбет Қойгелді «Тарих - күрес алаңы» кітабында Алаш идеясы жайында: «Қазақ ұлтшылдығының өзекті жібі, діңгекті ойы «менің ұлтым өзгеден ерекше, артық» сияқты мазмұндағы ұран болған жоқ. Ол елім деген қазақтың оқыған азаматының надандық пен отарлық езгінің құрсауында тұншыққан жұртын азаттыққа шығару, өзгемен тең ету жолындағы қызметке әзірлігін білдіретін шешімі және осы мақсат үшін күреске шақырған үндеуі болатын», – дейді. Және сондай-ақ «Қазақ ұлтшылдығының концептуалдық деңгейде және жалпыадамзаттық құндылықтар арнасында қалыптасып, оны ұлт зиялыларының сенім және күрес қаруы дәрежесіне жеткізу ісінде Әлихан Бөкейхан жетекші рөл атқарды» дегенді де М. Қойгелді зерттеулерінде жиі келтіріп отырады. «Әлихан Бөкейхан жай қатардағы ұлт азаттық қозғалысысының белсенді тұлғасы емес. Ол – жаңа мазмұн, сипаттағы қазақ азаттық қозғалысының негізін қалаушы көш бастаушысы, лидері. Оның азаттық қозғалысын жаңа интеллектуалдық деңгейге көтеру ісіндегі еңбегін кезінде бүкіл ел-жұрты, патшалық және советтік биліктер мойындаған», –деп жазды алаштанушы ғалым М.Қойгелді. Алаш үкіметі үшін жетекші рөл атқарған Әлихан Бөкейханның қызметін тіптен қарсыластары да мойындады. Сондай оппенттердің бірі Бақытжан Қаратаев Бөкейханға жолдаған хатында: «Меніңше жалғыз сен ғана халықтың ықыласына лайықсың. Жалғыз сен ғана халқым үшін қызмет жасадым деп айтуға хақылысың», – деп жазды.
Алаш идеясы ұлттық бірігу концепциясына алып келді. Ол тұста қазақтың оқыған, саяси орталықтарда білім алған, мемлекет құрылысын қалыптастыру жөн-жосығын білетін ұлт зиялыларының басын біріктірді. Соның арқасында Алаш идеясын аясында мыңдаған қазақтың басы бірікті. Мұхтар Құл-Мұхаммед «Алаш қайраткерлері саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы» атты еңбегінде: «Қазақстанның Ресейге бодан болғаннан бергі тарихындғы жиырмасыншы ғасырдың алғашқы ширегін «саяси күрестер мен рухани жаңғыру кезеңі» деп айтуға әбден болады. Бұл кезеңде саяси күрес сахнасына Ресейдің аса үлкен ғылыми, саяси орталықтарында білім алған, сол кезеңдегі Еуропадағы саяси күрестің бет алыс бағдарларынан әбден хабардар, экономика, құқық тарихы мен теориясын терең меңгерген қазақ зиялыларының үркердей озық ойлы тобы шықты. Олардың басым көпшілігі ғылымға емес – утопияға, демократияға емес – авторитаризмге негізделген большевизм идеясын қабылдамай, баррикаданың арғы бетіне шығып, өз елінде, өз жерінде отырып азап шеккен қазақ халқының мұң-мұқтажын қорғауды мақсат еткен «Алаш» партиясын ұйымдастырды. Ел алдындағы ұлы мақсаттарды жүзеге асыратын атқарушы билік органы – «Алаш Орда» үкіметін құрып, ұлттық-аумақтық негіздегі «Алаш автономиясы» мемлекеттігін жариялауға талпыныс жасады». Бұл идея сол уақыттағы советтік-тоталитарлық жүйеге ұнамады. XX ғасырдың басында қалыптасқан Ұлттық идеяны советтік билік өз қолымен тұншықтырып, саяси көшбасшылар мен ұлт зиялыларына қуғын-сүргін ұшыратты. «Қазақ халқының ұлттық, саяси санасын қалыптастырудағы ең биік белес болған XX ғасыр басындағы осы бір қазақ зиялылары алдыңғы қатарлы тобының саяси қызметі де, құқықтық көзқарастары да, тіпті ғылыми, әдеби мұралары да ұзақ жылдар бойы жабық тақырып саналып, зерделі зерттеулерге обьект бола алмады», – дейді алаш қайраткерлері тақырыбында сүбелі үлес қосқан ғалым Мұхтар Құл-Мұхаммед. Әлихан Бөкейхан Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құру идеясы қазақтың ұлттық ерекшеліктерін сақтай отырып, халықтың сана-сезімін оята жүріп, бодандық құрсауын бұзып шығуға болатынын көрсетті. Жемісін Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті көрді. Бүгінгі билік сол идеяны мойындамаса да, Әлиханды ұлт көсемі ретінде тани алмаса да, Алаш көсемінің құрған мемлекетінде өмір сүріп отыр. Ұлы «Орыс идеясы» іспетті ұлттың саналық рухани болмысын анықтайтын «Алаш идеясы» қазақ топырағында қалыптасты. Өркенін жайды. Ұлттық идея негізінен XX ғасырдың басында әлемдегі, Ресейдегі геосаяси жағдайдың өзгеруімен жүзеге асқанымен, оның әлеуметтік, саяси, рухани тамыры ғасырлар тереңінен бастау алғанын ұмытпаған абзал.
Пайдаланылған әдебиеттер.
1.философской мысли Казахстана. Алма-Ата: Казахстан. 1976-428 с.
2.Бөкейханов Ә. ІПығармалары Алматы. Қазакстан 1994-384 б.
3.Арон Атабек. Алаш и казахская нация. ТОО ХАК М.1991
4Атишев А.А. Политическая мысль Казахстана во второй половине XIX
21-ші лекция: Өнер философиясы
Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде. Антикалық эстетикалық ойлардың тарихы (софистер, Сократ, Платон, Аристотель).
Христиандық ортағасырлықтың көркемдік-эстетикалық әлемі (А.Августин, Иоанн Дамаскин).
Араб-мұсылмандық эстетика (Омар Хайям, әл-Фараби, Ибн Рушд, Ибн Араби, Руми).
Қайта Өрлеу дәуірінің эстетикасы (Л.Б.Альберти, Леонардо да Винчи, А.Дюрер, М.Монтень, Эразм Роттердамский).
Эстетика терминінің өзі (грекше «aisthetikos» — «сезімтал, сезімтал қабылдауға қатысты»), алғаш рет XVIII ғасырда неміс ағартушысы Александр Баумгартенмен ғылыми жорыққа енгізілді (1735 жыл).
Эстетикалық ой тарихында бұрын белгілі, «Гиппий Больший» диалогында Платон бейнеленген сұлулыққа екі көзқарас бар. Олардың бірі Платон Гиппиясы позициясында көрсетілген “не тамаша?” осылайша сипатталған белгілі бір заттарды атап өтеді. Сократтың мәселені басқаша қояды: “әдемі не бар?” яғни сұлулықтың мәнін анықтауға тырысады,яғни бұл мәселені өзі оған философиялық көзқарас арнасына аударады.
Эстетикалық ой тарихы
Эстетика терминінің бертін келе енгеніне қарамастан, эстетикалық ой тарихы ең кем дегенде 2,5 мың жылды алып жатыр. Біздің заманымызға дейінгі бірінші мыңжылдықтың өзінде-ақ ежелгі қытай, үнді, грек ойшылдары адамдардың нақты шындықтың көптеген құбылыстарын сезім арқылы әсерлене қабылдайтындығын байқаған. Соның барысында белгілі бір кеңіл күйлері — таңдану, жеріну, қайғыға ортақтасу, ашулану, сүйсіну, елжіреу, өзілдеу, тебірену, толқу және т.б. болғандығын тілге тиек еткен. Әрі сол күйлердің өлемге деген таза танымдық қатынастан езінің сезімдік тебіреніс сипатымен ерекшеленетіндігін білген. Осы тебіреніс-толқулар неліктен пайда болады деген сұраққа жауап іздеу барысында ежелгі дүние ғұламалары эстетикалық ойды дамытқан. Нәтижесінде, "сұлулык", "әсемдік", "аскақтык" және оған қарама-қарсы "сұрықсыздық", "мешеулік", сол сияқты "трагедиялық" жөне "комедиялық" туралы алғашқы түсініктер қалыптасады. Философиялық ғылымдардың пайда болған жері Грекиядан бастау занды. Антикалық эстетика, ежелгі грекиялық және римдік мәдениеттің құрамдас бөлігі. Антикалық эстетиканың негізгі ерекшеліктерінің бірі — оның космологизмі. Эстетикалық ой тарихында, қазіргі әдебиетте осы ғылымның көптеген анықтамаларын табуға болады Эстетика термині гректің «эстезис» яғни түйсік, сезімдік қабылдау деген сөзінен шыққан. Бұл терминді ғылыми айналымға Ағартушы дәуірінің философы Александр Готлиб Баумгартен (1714-1762) енгізген. Ол адамның рухани әлемінің үш маңызды құрамдас бөліктерін айқындаған: ақыл, ерік, сезім. Алдыңғы екі сфераны логика мен этика зерттеген.
М.С. Каганның пікірінше, А.Г.Баумгартен сезімдер туралы да ғылым болатынын қолдап, оны эстетика деп атаған. Баумгартен сезімдік қабылдауды сұлулықпен, өнермен тығыз байланыстыратын дәстүрдің негізін қалаған. Өнер мен сұлулық философтардың назарын әр уақытта өздеріне аударған. Сондықтан эстетиканың екі ғасырлық емес, екі мың жылдық тарихы бар.
Адамның әлемді бүтін, біртұтас қабылдауына мүмкіндік беретін сезімділік эстетиканың пәні болып табылады. Мұндай анықтама сұлулыққа да, биіктікке де, ұсқынсыздыққа да, торығуға, толғануға да қатысты және адамның осындай ерекше қасиетін тәрбиелейтін өнерді де енжар қалдырмайды.
Әлемді біртұтас қабылдау, қиялдау күші – адамды басқа тіршілік иелерінен ажырататын әмбебап қабілет. Ол ұғымдық ойлау әмбебап қасиеті сияқты адам баласына о бастан-ақ берілген.
Адамның осы екі әмбебап қабілеті бір-бірімен етене жақын және тығыз байланысты. Мұндай қабілеттің қарапайым формалары индивидте стихиялы түрде табиғи дами береді. Ал бұл қабілеттің жоғары жетілдірілген түрі өнерде дамиды.
Э.В.Ильенков диалектика деңгейінде ойланып-толғануды дамыту үшін философия тарихын, ал адам сезімталдығын жетілдіру, ұштау үшін әлемдік өнердің барлық байлығын бойға сіңіру қажет деген екен.
Адам сезімталдығын жетілдіру дегеніміз – индивидуалды, қайталанбайтын құбылыстардан әмбебаптық, жалпылықты көре білу. Мұндай өзіндік ерекшелігі бар, қайталанбайтын шығарманы тудыру – бұл суретшінің еншісі. Өнердің ерекшелігі – оның адамның жалпы, әмбебап қабілетін дамытуында. Сондықтан өнер эстетиканың пәніне кіреді.
Сұлулық – сезімдік қабылдаудың идеалы, басқа эститекалық феномендер сұлулық тұрғысынан бағаланады, қабылданады.
Сұлулық әр уақытта тарихи-нақты, әрбір тарихи дәуірдің өзіне тән сұлулық идеалы бар. Сұлулық әр уақытта ұлттық сипатта дамиды.
Сұлулықпен қатар эстетикалық санаға асқан сұлулық, торығу, күлу сияқты ұғымдар кіреді.
Эстетика теориясы эстетикалық іс-әрекет пен эстетикалық сананы оның әлемге қарым-қатынасы тұрғысынан зерттейді. Эстетикалық сана негізгі эстетикалық категорияларды түсіндіреді. Эстетикалық іс-әрекетті әдемілік заңдылықтарын сақтау тұрғысынан бағалау.
Эстетиканың табиғаттағы, материалдық және рухани іс-әрекеттегі, күнделікті тіршіліктегі бос уақыттағы әдемілік туралы ғылым ретіндегі құрылымы мынадай құбылыстарды зерттеуден тұрады:
1) эстетикалық сезім, көзқарастар, талғам, идеал, яғни эстетикалық сана;
2) адамның әлемге эстетикалық қарым-қатынасының жалпы заңдылықтары мен қасиеттерін бейнелейтін эстетикалық категориялар;
3) эстетикалық сана мен объективті реалдылық байланыстың көпжақтылығын анықтау.
Әлемді эстетикалық тұрғыдан игеру заңдылықтары өнерде жан-жақты толыққанды ашылады, эстетиканы өнердің мәні мен заңдары туралы ғылым деп те қарастыруға болады.
Көбінесе сұлулық туралы ғылыми деп анықталатын эстетика шындықты эстетикалық тұрғыдан, яғни сезімділік көзімен қабылдаудың жалпы заңдылықтары туралы да ғылым болып табылады.
Сезімділік пен сезінушілік мағынасы жағынан бір-біріне жақын ұғымдар.
Эстетиканың субъектісі – сезінгіш, қоғамдық адам.
ХХ ғасырда мәдениеттің адамның тікелей бақылау аясынан шығып кетуі оның өміріне қауіп төндіретін қателерді тудырды. Қоршаған ортаның ластануы, космосты милитаризациялау, табиғи ресурстардың азаюы, адамдардың мәдени деңгейінің төмендеуімен қатар дамып отырған бұқаралық мәдениеттің қанат жаюы жалпы адам болмысына кері әсер етуде. Сұлулыққа, Ақиқатқа, Игілікке енжарлық танытатын бұқара адамы феноменінде адам өркениетін құрдымға жетелейтін жаңа соғыс, жаппай бүлдіру қозғалыстары, техногендік катастрофалар дамып отырғаны бүгінгі күннің ащы шындығы.
Мұндай жағдайда дәстүрлі сұлулық философия аясында қалыптасқан эстетиканың мүмкіндігі жеткіліксіз. Эстетикалық ғылымда парадигма өзгерту қажеттілігі пісіп-жетілді.
Дәстүрі мол, тарихи тамыры терең эстетикалық ойлау процесінің көпөлшемділігі, көпжақтылығы бұл күндері ерекше көзге түсуде. Соңғы кездері «плюралистік эстетика» ұғымы пайда болды. Бұған ХХ ғасырдың 60-70 жылдарында қанат жайған модернистік өнер бағыттарының дамуы әсер етті.
Өнер - бұл көркем кейіпі түрінде шындықты шығармашылықпен бейнелеу және жаңғырту. Көркем шығармашылық - бұл идеяны сезімдермен қабылданатын бейнелерде іске асыру.
Өнер деп көркем шығармашылықты да, оның нәтижесін - көркем өнімін де атайды.
Өнер қоғамдық сананың түрлеріне жатады.
Әрбір адам үшін өнер - өмірдің ажыратылмас бөлігі.
Өнер адамға жақсы әсер етеді, көңіл-күйін көтеріп, басқа адамдардың ішкі жан дүниесін, сезімдерін түсінуге, олардың қуанышы мен уайымына ортақ болуға бағыттайды
Өнер арқылы танымның ерекшеліктері:
Дүниені көркем кейіптер арқылы бейнелеу
Сезімдермен қабылданатын көрнекі сипаты
Дүниені субъективті қабылдау
Өнер қоғамның рухани мәдениетін жеткізіп тұрады
Пейзаж, натюрморт, порт-рет, музыка, мүсін өнері немесе сәулет өнері белгілі дәуірдің мәдени менталитетін көрсетеді
Мәдениет феномені ретінде қарастырылған өнер туралы теория көркем шығармашы-лық үрдісінің жалпымәдени бастауларын айқындайды
Өнер 25-15 мың жыл бұрын, палеолит дәуірінде пайда болған және адамзат тарихымен бірге дамып келе жатыр
Биологиялық теория бойынша, «адамның өнерге қабілеті табиғи эволюция жолымен қалыптасып, туа біткен қабілетке айналды»
Өнер - «әшекейлеу инстинктіні» жүзеге асыру, басқа жынысты өзіне қарату тәсілі деп түсіндіреді Ч. Дарвин, О. Вейнигер, К. Грос және т.б.
Бұл теорияның негізін қалаушылар – Ф. Шиллер, Г.Спенсер, Г.Аллен, К.Гросс, К. Ланге: «өнердің шығу себебі – бос уақыттың болуы және адамның еңбекте жойылмаған қүш-қуатын өзіне ұнайтын ермекке жұмсау қажеттілікте. Ойын ретіндегі өнер – «еліктеу». Мәдениет туралы, сонымен бірге, өнер туралы ойын концепциясын біртұтас түрде тұжырымдаған Голландияның тарихшысы Йохан Хейзинга «Homo ludens» («Ойыншы адам») атты еңбегінде
Өнердің тарихи типтері
Қоғамның тарихи дамуына сәйкес өнердің тарихи типтері қалыптасқан:
алғашқы қауымдық қоғамның өнері
Ежелгі Шығыс және антикалық өнер
ортағасырлық өнер
Қайта Өрлеу дәуірінің өнері
Жаңа заман өнері
XIX ғ. екінші жартысындағы өнер
қазіргі заман (XX-XXI ғғ.) өнері
Өнердің нақты-тарихи сипаты: Ипполит Тэн: «…қайсы-бір көркем шығарманы, сүретші-ні немесе сүретшілер мектебін түсіну үшін, сол замандағы ақыл-ойдың және өнегелі-ліктің даму деңгейін дәлме-дәл көз алдымызға елесте-туіміз керек»
Өнердің тұлғалық сипаты
Өнерді тұлға жасайды және өнердің үндеуі тұлғаға бағытталады. Өнер адамның барлық сезімдерін, уайымдарын жеткізеді, адамның мінез-құлқысының, қылықта-рының себептерін ашып береді.
Суретші құбылыстардың, оқиғалардың ішкі мән-мағынасын индивидуалды бітім, кейіп түрінде көрсетеді.
Өнер философиясының мәселелері адамның психикасы мен психология мәселелерімен тығыз байланысты
Көркем шығармашылықтың субъектісі: Бұл - жасаушы, суретші; егер өзінің жасампаз қасиеттері ең жоғарғы деңгейде көрініс берсе, ол - гений. Ол суреттерде, фрескаларда, мүсіндерде, музыкада, әдебиетте әсемдікке ұмтылысты білдіреді
Оның дарындылығы, таланты – оның көркем әрекетінің алғышарты. Оның шығармашылы-ғының стимулы - қиялында қалыптасқан бейнелерді сезімдермен қабылданатын түрде бейнелеп жеткі-зуге рухани қажеттілік
Сократтың пікірінше, «өнер - бұл құбылыстарды жәй көшіру емес, ол дүниені еліктеу арқылы бейнелеу. Суретші дүниені зерттеп, көптеген жалқы заттардың белгілерін таңдап, жинақтап, жалпылайды. Осындай әрекет арқылы өзгертілген табиғат идеалға дейін көтеріледі. Сократ өнерде адамның рухани қасиеттерін, яғни түрі-түсі де, пропорциясы да болмайтын жанның қалпысын бейнелеу мүмкін бе? - деген сұрақ қояды. Сократ өнер философиясына «калокагатия» ұғымын (грекше: «калос» – «әдемі; «кагатос» – «ізгі») еңгізді
Әл Фараби әдеміліктің көзін шын дүниеден, табиғаттан, адамнан көрген. Ол «еліктеу» мен «үйлесімділік» деген ұғымдарды талдайды, әсіресе, «Музыка туралы үлкен кітап-та» музыкалық үйлесімділікке көп көңіл бөледі. Бұл кітаптың негізгі идеясы - музыканы қабылдауда сезімнің және эмоциялық қабылдаудың рөлін көрсету. Адамның дауысы барлық музыкалық аспаптар үшін үлгі ретінде қарастырылады. Әуеннің үйлесімділігі дыбыстардың үндестігіне байланысты. Осыған қарап, жетілген және жетілмеген әуендерді ажыратады. Абу Насыр әл-Фараби өзі «кипчаги» деп атаған музыкалық аспапты жасап шығарған.
Омар Хайямның поэзиясында шарап пен махаббаттың бейнелері өмірдің рәміздері ретінде қолданылады. Шарап бейнесінде болмыстың шын құндылығы көрсетіледі. Шарап – өмірге қуаныштың, көңілденудің, жастық шақтың, ақсақалдар даналығының рәмізі. Шарап құмырада сақталады. Адам денесі де қыштан жасалған құмыра. Ерте ме, кеш пе, дене топыраққа айналады, одан жаңа құмыра жасалады. Осылай даналық ұрпақтан ұрпаққа өтіп жатады.
Омар Хайям кез-келген жағдайда адам болуға шақырады
Леонардо да Винчи сурет өнерін бірінші орындағы өнер деп есептейді. Сурет өнері барлық өнерлерден гөрі ең көрнекі, және де ең интеллектуалды өнер, яғни ғылымға тең. Сондықтан Леонардо сурет өнерін мүсін өнерінен жоғары қояды. Леонардо суреткердің ақылын құдайдың ақылына теңестіреді, өйткені жануарлардың, өсімдіктердің қасиеттерін өктем түрде және еркін сипаттайды(Леонардо да Винчи Сурет салу өнері туралы трактат)
XVIII ғ. өнер философиясы
эстетика ғылымы ретінде: Д. Дидро: Өнер «табиғи жараты-лыстарға» еліктеуі керек (Д. Дидро «Сурет салу тәжірибесі. Өнер туралы ойлар»)
Александр Баумгартен философия саласына «эстетика» терминін еңгізді (грекше «aisthetikos» – сезу, сезімдік қабылдау
Эстетиканың категориялары анықталды: әдемілік және ұсқын-сыздық, асқақтық және төмендік, трагикалық және комикалык
Эстетика – табиғатта, өмірде, көркем шығармашылықта әдеміліктің мәні мен формалары туралы, қоғамдық сананың ерекше түрі ретіндегі өнер туралы философиялық ғылым
Өнер, бір жағынан, кәсіпшіліктен айырылатын адам әрекетінің ерекше түрі ретінде түсіндіріледі, екінші жағынан, ғылым ретінде танылады
Пайдаланылған әдебиеттер.
1.Философской мысли Казахстана. Алма-Ата: Казахстан. 1976-428 с.
2.Бөкейханов Ә. ІПығармалары Алматы. Қазакстан 1994-384 б.
3.Арон Атабек. Алаш и казахская нация. ТОО ХАК М.1991
4Атишев А.А. Политическая мысль Казахстана во второй половине XIX
22-ші лекция: Негізгі эстетикалық категориялар және өнердің әлеуметтік рөлі мен қызметтері
Эстетикалық тәжірибе. Адам өмірінің эстетикалық өлшемі. Негізгі эстетикалық категориялар: сұлулық-ұсқынсыздық, трагикалық-комедиялық, асқақ-төмен. Сұлулықтың құндылы-ғы.
Философия және өнер. Өнер – мәдениет феномені, оның тұлғалық және және әлеуметтік қызметтері.
Көркем шығармашылық субъектісі. Өнер әлеміндегі адам. Адамның мінез-құлқы, іс-қимылы, жан тебіреністерінің се-бептерін ашудағы өнердің мүмкіндіктері.
Эстетика (грек. aіsthetіkos – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым. Эстетика ғылым ретінде осыдан 5 мың жыл бұрын – Мысырда, Вавилонда, Үндістанда және Қытайда дүниеге келіп, Ежелгі Грекия мен Римде кеңінен дамыған. Демокрит, Аристотель, Эпикур, Лукреций Кар, т.б. өз еңбектерінде сұлулықтың объективті негізі – шындық өмірдің заттық қасиеттерінде, байланыстарында, қатынастарында, заңдылықтарында деп білді. Эстетика — философиялық ғылым. Ендеше, ол да этика сияқты нақты ғылымдар өлшеміне сай келмейді. "Эстетика" ұғымын ғылыми қолданысқа XVIII ғасырдың орта шенінде неміс философы Александр Баумгартен енгізді. Ол эстетиканы грек тіліндегі "айстетикос" сөзінен құрас- тырып шықты. Этимологиялық тұрғыдан алғанда "айстетикос" — сезім, сезіммен қабылданатын деген мағынаға ие. Этимологиялық түбір өлі күнге дейін "анестезия" сезінде кездеседі.А.Баумгартен сезім арқылы қабылдауға мүмкін кемелділікті әсемдік деп білген, әсемдіктің бірден-бір керініс табатын саласы өнер деп қарастырған.Сөйтіп, неміс философы эстетикаға әсемдікті және оның өнерде көрініс табуын зерттейтін ілім деген анықтама берген.Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені игеруге деген талпынысы А.Баумгартен эстетика ұғымын енгізбей тұрып-ақ белгілі болған. Эстетиканың тікелей өнермен байланыстығын есте ұстасақ, өнер тарихы — адамзат тарихы екендігін де мойындаймыз. Адамзат есін білгелі өнермен бірге жасасып келеді.Бізге белгісіз, бұлыңғыр ондаған мың жыл бұрын да өнердің бастапқы белгілері байқала бастаған. Атап айтсақ, тас дәуірінің алғашқы кезендерінің өзінде-ақ адамдар өнердің алғашқы нышандарын тудырып, оны өрі қарай дамытып отырған. Ал Платонға сәйкес, сұлулық дегеніміз ., мәңгілік және өзгермейтін, сезімнен тыс идея, өнер туғызатын сезім иірімдері осы идеяның көрінісі ғана болып табылады. Ол сұлулықты пайдаға, көркемдік форманың толымдылығын–идеялық мазмұнға қарсы қойып, формалистік Эстетиканың дамуына ықпал етті. Гегель өз еңбектерінде Эстетикалық қызметті түсіндіруге негіз ретінде тарихнама принциптері мен қарама-қайшылықтарды алды, мұның өзі оған эстет. қызметті капит. өндірістің қарама-қайшы сипатымен салыстыруға, Эстетикалық ұғымның жай-жапсарын түсіну үшін еңбектің мағынасын анықтауға мүмкіндік берді.Қазіргі философия ғылымында Эстетикамәселесі мен міндеттері көбінесе мына жәйтпен айқындалады: адамның дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінуі бір-бірімен тығыз байланысты үш нәрседен тұрады: 1) объективті шындықтағы эстет. ұғым; 2) субъективті эстет. үғым (эстет. сана); 3) өнер (субъективті және объективті эстет. ұғымдардың бірлігі ретінде). Эстетика дүниені эстет. тұрғыдан ұғынып-түсінудің объективті негізін адамдардың қоғамдық мәнісін және табиғат пен қоғамды өзгертуге бағытталған жасампаздық күштері ашылатын олардың шығарм. қызметінің іс жүзіндегі көрінісі ретінде анықтайды. эстетика– негізінен философияның бір саласы. Ол адамның ақиқатқа эстет. қатынастарының (оның ішінде өнердің) жалпы заңдылықтарын зерттейді, ал өнер зерттеу ғылымдары өнердің қаз-қалпындағы ерекшелігіне назар аударады. Философия сияқты дүниетану ғылымы бола отырып, Эстетика эстет. сана мен өнердің қоғамдық болмысқа, адам өміріне көзқарасы туралы мәселені шешуді өз проблематикасының басты назарына қояды. Осы мәселенің материалистік шешімін басшылыққа ала отырып, Эстетика өнердің табиғаты мен көркем шығарм. процесінің түрлі жағын: өнердің шығу тегін оның мәнісін және қоғамдық сананың басқа формаларымен байланысын, оның тарихи заңдылықтарын, көркем образдың ерекшеліктерін, өнердің мазмұны мен форманың өзара байланысын, көркемдік әдіс пен стильдің маңызын, т.б. ғыл. тұрғыдан ашып көрсетеді.
2.Негізгі эстетикалық категориялар.
Қандай да болмасын эстетикалық теория белгілі бір эстетикалық категориялар жүйесінің болуының өзі әлгі теорияның ғылыми дәйектілігін танытады, іс жүзінде теория етеді. Эстетикалық категориялардың қалыптасу тарихы философия тарихымен тығыз байланысты. Эстетиканың негізгі категорияларының бірі әсемдік. Оны, ең кең түсініктемесінде, кемел үйлесімділік деп қарастыруға болады. Әсемдікті түсіндірудегі үйлесімдік (гармониялық) деп отырғанымыз, белгілі бір тұтастықты құрастырып отырған бөлшектердің элементтерінің сыртқы қарама қайшылық өлшеміне сай бірлігі. Әсемдік – материалдық және рухани дүниенің адамды ләззатқа бөлейтін сипаты. Эстетикалық ұғым ретіндегі әсемдік әдемілікпен тектес. Бірақ, әдемілік объектілердің сыртқы және ішкі қырларын бірдей қамтыса, әсемдік құбылыстардың сыртқы көзге түсетін және пішіндік ерекшеліктерін эстетикалық тұрғыдан қабылдауға жатады. Әсемдік ең алдымен, тепе-теңдік, тұтастық, үйлесімдік, ырғақтылық, мақсатқа сәйкестілік, түс пен жарықтың белгілі бір мөлшері т.б. табиғи өлшемдерін эстетикалық түсінуде адамның сезім мүшелерімен қатар, оның ішкі түйсігі мен ақыл парасаты ерекше рөл атқарады. Пішіннің сырқтқы әсемдігі оның ішкі мазмұнымен сәйкес келмеуі мүмкін. Ізгілік пен жылылықтан алыс әсемдік кейпіне ежелгі қазақ аңыздарындағы Пері қызы, грек мифологиясындағы Нарцисс бейнелері жатады. Әсемдікті рухани сұлулықтан алшақтатып жіберегн дұрыс емес. Өмір мен өнерді әсемдік рухани қуаныш пен ләззатқа бөлей отырып, қоғамда зор танымдық және тәрбиелік рөл атқарады. Адам дүниені әсемдік үлгісінде қайта құруға ұмтылады. Адамның түрі де, киімі де, жаны да, ойы да әсем болуы керек. Адамның сұлу тұлға мұратына ұмтылуына қай халық өмірінде болмасын үлкен көңіл бөлінген. Мысалы, Қазақтар киелі әйел Құдай Ұмайды өте әсем, сұлу және қайырымды, жарқын жүзді, күміс шашы аспанды жарқыратқан, күн сәулесімен кемпірқосақ нұрына шомылған, қолында балаларды қорғайтын алтын садағы бар жас келіншек немесе қыз ретінде таныған. Ендігі бір тоқтала кететін категориямыздың бірі – эстетикалық мұрат. Эстетикалық мұрат – белгілі бір кезеңнің эстетикалық санасын анықтайтын басылымдылық, доминанты. Эстетикалық мұрат дегеніміз адамзат ұрпағының өз дәуіріне сай армандау, шырқау мүмкіндігі жайлы бүкіл ұғым түсінігінің жиынтығы. Эстетикалық мұратты идеалды болу, жүзеге асуға тиістілік деп қарастырса да жөн. Өйткені, ол қашан да болашаққа меңзейді, жанжақты жетілген мүлтіксіз сұлулыққа жетелейді. Эстетикалық сезім шындық өмір құбылыстарын немемсе өнер шығармаларын эстетикалық тұрғыдан қабылдау процесінде болатын көңіл-күй сезімі. Эстетикалық сезім осы қабылдау туғызатын өзіндік ерекшелігі бар күйзеліс болып табылады және әсемдік немесе асқақ, трагедиялық немесе комедиялық сезім ретінде көрінеді. Өнер шығармалары эстетикалық сезімді көркем образдар арқылы көрсетіп, идеялық ғана емес, сондай-ақ көңіл-күй тәрбиесін берудің пәрменді құралы болып табылады, олар адамдар үшін қуаныш пен шабыт көзі болуға тиіс. Эстетикалық талғам әр түрлі эстетикалық қасиеттерді көңіл-күй сезімімен бағалау, ең алдымен, сұлулықты, әсемдікті ұсқынсыздықтан ажырата білу жөнінде қоғамда практика қалыптастыратын адам қабілеті. Өнер шығармалары бағаланатын талғамды эстетикалық көзқарасын бұрмалайды, оны нағыз сұллулыққа немқұрайлы етеді, ол кейде адамның сұрықсыз не нәрселерден ләззат алуына апарып соғады. Эстетикалық талғамның жетілуі оның өмір мен өнердің эстетикалық игіліктерді қаншалықты терең және жан-жақты танып білумен сипатталады. Дамыған эстетикалық тәрбиенің аса маңызды міндеттерінің бірі. Эстетика ілімінің атқаратын көптеген қызметтерінің ішіндегі эстетикалық дүниетанымды тәрбиелеу қызметіне тоқталатын болсақ, онда эстетикалық тәрбиенің мәні оның шығармашылыққа тәнті жасампаз тұлға тәрбиелеуінде болып тұр. Эстетикалық тәрбиенің өзіндік ерекшелігі оның тұлғаға тікелей емес, жанама түрде әсер етуінде. Мысалы, егер адамгершілік тәрбиесінде тікелей тәлімдік басым ғой, ал эстетикалық тәрбиеде тұлға көркемөнер туындыларынан ой түйіп, солардан алған эстетикалық әсер нәтижесінде таза өзінің қалауымен жол таңдайды. Эстетикалық тәрбие жастардың эстетикалық талғамын, эстетикалық мұратын, эстетикалық ұстанымдарын қалыптастыру нәтижесінде эстетикалық сананы сомдайды. Эстетикалық сананың сомдалуы қоғам үшін болсын, тұлғанын өзі үшін болсын үйлесімді дамыған белсенді тұлғаны қоғамдық өмірге даярлауымен бағалы. Эстетикалық тәрбие алған адам өзінің адамсүйгіштігмен, бекзаттылығымен, сыртқы кейпінің, мәнерлерінің, өзін-өзі ортада ұстай білуінің жоғары әсемдік талғамға сай келуімен танылады. Эстетикалы тәрбиелі жан қалай болса солай жүріп тұрмайды, не болса соны киіп шықпайды, жөнді жосықсыз әрекеттерге бармайды. Эстетикалық тәрбиелі жастар бойына талғампаздық қасиетін дарытады. Мұндағы талғампаздықтың мәні адамның сұлулық пен ұсқынсыздықты, асқақтық пен мешеулікті, шынай әсемдікпен жалған көзбояушылықты ажырата біледі.
3.Қазақ халқының сұлулық философиясы.
Қазақ халқының адам мен дүние жүзі арасындағы құндылық қатынастардың көрінісі ретіндегі әсемдік пен сұлулық аясын және ұлттық көркемөнер, мәдениет саласын зерттейді. Қазақ эстетикасы халықтың көркемдік әрекетінің алуан түрлерінен көрініс тапқан. Қазақ халқының қалыптасуы барысындағы эстетикалық ой-пікірлердің дамуы бірнеше кезеңдерден өткен. Халықтың эстетикалық құндылықтары алдымен фольклорда – тұрмыс-салт жырларында, аңыздар мен мифтерде, батырлық және лирикалық эпоста көркем түрде баяндалған. Халықтың дәстүрлі тұрмысы мен бүкіл тыныс-тіршілігіне ежелден бастап-ақ сұлулық, эстетикалық көркемдік тән болды. Эстетикалық бастама дәстүрлі тұрмыста, күнделікті іс-әрекетте көрініс тауып, ондағы сұлулық пен мейірімділік ұғымдары қатар қойылды. Қазақ эстетикасы мәдениетінің тарихы мынадай кезеңдерге бөлінеді:
исламға дейінгі ежелгі эстетикалық процестер;
орта ғасырлардағы түркі даналарының эстетикалық ой-пікірлері;
қазақ хандығы дәуіріндегі эстетикалық процестер;
қазақ ағартушыларының эстетикалық ойлары;
кеңес дәуіріндегі эстетикалық ұғым;
Қазақэстетикасының Батыс пен Шығыстың дәстүрлі көркем мәдениет үлгілерінің типтік ерекшеліктеріне ұқсамайтын, оларды сіңіре отырып дамыған өзіндік төлтума мәдениеті болды. Қазақ халқы «адам мен әлем біртұтас» деген философиялық тұжырымға көзбен көріп, қиял қанатымен жетіп, ой тезіне салып, іштей білген тәжірибесі, көшпенді өмірі арқылы ие болды. Осы рухани сырластық деңгейі халықтың әдет-ғұрып сырына, эстетикалық негізіне айналған. Қазақ эстетикасында табиғатқа шексіз сүйіспеншілік, оны сезініп түсінуі, онымен бірге ажырамас біртұтастықта өмір сүру талғам-түсінігі ерекше орын алды. Қазақ эстетикасының келесі арнасы – Қазақстан жерін мекендеген түркі тілдес халықтардың өзіндік мәдениетімен, жазуымен, өнерімен байланысты. Ислам ренессансы эстетикасын қалыптастыруда қазақ топырағында дүниеге келген Әбу Наср әл-Фарабиерекше орын алады. Қазақтың төлтума эстетикалық мәдениеті хандық дәуірінде қалыптасты. Ол ақын-жыраулар шығармаларында өзінің шарықтау шыңына жетті. Асан Қайғы, Қазтуған, Доспанбет, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар жырау, Шал, т.б. ақын-жыраулардың эстетикалық ізденістері көшпенділердің дүниені қабылдауын білдіреді. Оған айрықша романтикалық асқақтық тән. Қазақ этикасы – қазақ халқының ұлттық әдеп жүйесін моральды, адамгершілікті зерттейтін философиялық пән. Осы уақытқа дейін табиғат, қоғам мен адамның арасында үйлесімділік, тылсым бірлік бар екенін көрсетуге тырысып, оны ұғымдар деңгейінде ашудамыз. Үйлесімділік, гармония – бұл кез келген болмыстың атрибуты. Үйлесімділік бар жерде әсемдік те, сұлулық та бар. Табиғаттың әрбір бөлігі, құбылысы қайталанбас, керемет үйлесімділікпен қалыптасқан.
Үйлесім, үндестік – іргелі эстетикалық ұғым. Ол – дүние болмысының бүтіндей, жан жақты, әмбебап сәйкестігі табиғат пен адам қатынасының кездейсоқ көрінісі емес, олардың өзара әбден бауырласып, біте қайнасқан, бірегей бірлестігінен туатын нағыз жарастық үйлесімі деген мағынаны ашады. Осы тұрғыдан И.С.Тургеневтің мына бір ойы көңіл аударарлық: «Өзіңмен өзің үйлесіп, әрі қарабасыңда қыруар қайшылықғыңның болуы ғажап емес пе? Жаратылыс – біртұтас, бірегей, ғаламат ғажайыптар әлемі, әр адам дәл осындай болуға тиіс – ақ – шынында да сондай екен ... Бізсіз табиғат қайтер еді, - табиғатсыз біздің күйіміз не болар еді? Бірінсіз бірін түсіну қиын».
Көркемдік таным үлгісінде шегі тек көрнекті, жер бедеріне, дүние келбетіне тарихи қатынас, көзқарас құбылысы арқылы ғана емес, сонымен бірге көзге көрінбейтін адам өмірімен, тұрмысымен белгілі бір дәрежеде сабақтас үздіксіз жатқан әр қилы жаңалықтар арқылы да өрісін кеңейтіп келеді.
Күллі әлемнің әдемілігі, сұлулық сипаты жаратылыс шындығына, әр құбылыстың мән – мағынасына рухани жан жылуымен беріліп сезінгенде ғана танылады.
«Әуелі көзді көрсін деп беріпті, егер көз жоқ болса, дүниедегі көрікті нәрселердің көркінен қайтып ләззат алар едік» деп Абай айтып кеткен еді.
Аристотель – сұлулық сырын заттың көлемі мен орналасу тәртібінде деп есептесе, жаратылыс көркінің құрылымдық белгілеріне Платон - өлшем мен теңдестікті, Леонардо да Винчи арақатынас жарасымын жатқызады.
«Сұлулық дегеніміз – адам жанымен танылып, адам санасында бейнеленген табиғи - әлеуметтік құбылыс» - деп жазады профессор В.Л.Тугаринов
Өнер қоғамдық сана мен адам қызметінің өзгеше формасы, көркем тұлға арқылы берілетін шындықтың бейнесі, дүниені эстетикалық игерудің аса маңызды тәсілі. Қоғамдық болмыстың бейнелік формасы бола отырып, өнер қоғамның рухани өмірінің басқа да құбылыстарымен, яғни ғылыммен, техникамен, саясатпен, моральмен тығыз байланыста болады.
Өнер дегеніміз – адамның дүниеге деген эстетикалық қатынасын бейнелейтін көркем образдарда туындататын шығармашылық іс - әрекет.
Ол қоғамдық сананың бір түрі. Оның негізгі ерекшелігі - әсемдік, сұлулық арқылы адамның шындық туралы сезімі, идеалдары беріледі. Яғни өнер шындықтың жай ғана копиясы, суреті емес, оның өнер иесінің санасында түрленуі немесе өзгеріске ұшырауы.
Әлемге эстетикалық қатынас – адам мәдениетінің маңызды қыры. Оның құрамына эстетикалық іс - әрекет, эстетикалық сезім, қабылдау, қажеттілік, идеалдар кіреді.
Эстетикалық іс - әрекет – бұл дүниені материалдық – практиалық негізге сүйеніп, рухани, әлеуметтік, психологиялық игеру.
Өмірдің өзі сияқты өнер де көпжақты және көп мағыналы, әртүрлі тәсілдердің көмегімен іске асады. Сәулет өнері, мүсіндеу өнері, сөз өнері, ырғақ өнері т.б. Бұлардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері, тәсілдері бар. Мысалы, шешендік өнер – қазақ халқына тән көркемдік шеберліктің тамаша түрі. Ол көрген – білгенді көкейге тоқып, көп үйренуді тілейтін, тартысқа түсіп, жалықпай жаттығу арқылы жетілетін өнер. Нағыз шешен үшін сөз шебері болу жеткіліксіз. Табанда тауып сөйлейтін тапқыр, топта тайсалмай сөз бастайтын батыл, сөз сайысында саспайтын салқын қанды болу қажет.
Ерте заманнан – ақ «өнер алды қызыл тіл» деп сөз өнерін қадір тұтып қастерлеген қазақ халқы жалпы әдеби мұраға, оның ішінде өрнек – айшығы мол ақындар айтысына айрықша мән берген. Айтысты өзінің рухани мол өмірінің жарқын көрінісі, көнермес асыл мұрасы тұрғысында буыннан буынға жалғастырып, үлгі етіп отырған.
Өнердің бірнеше функциясын атап көрсетуге болады.
Біріншіден, оған танымдық функция тән. Өнер туындылары күрделі қоғамдық құбылыстар туралы бағалы ақпарат беріп отырады. Кей жағдайларда адамның санасының терең қабатында дамып, енді көпшілік санасында қылаң бере бастаған күрделі өзгерістер алдымен өнерде бейнеленеді, сонан соң біраз уақыт өткен соң ғана ол ғылыми зерттеудің нысанына айналады.
Кез келген өнер туындысының бастапқы нысаны адам болып табылады. Жалпы өнерді, әсіресе көркем әдебиетті адамтану немесе оқулығы деп бағалау кездейсоқтық болмаса керек. Мұның өзі өнердің екінші бір функциясына, тәрбиелік мәніне меңзейді. Өйткені, кез келген өнер туындысы адамның адамгершілік және идеялық қалыптасуына әсер етеді.
Дегенмен, олардың танымдық және тәрбиелік функциясы оның ерекше сипаттамасы емес, өйткені мұндай міндетті қоғамдық сананың барлық түрлері орындайды. Өнердің ерекше функциясы, яғни оны шын мәнінде өнер ететін функциясы – эстетикалық функциясы болып табылады.
Көркем өнерді қабылдап, түсіне отырып, адам рахатанады, өйткені, шындықтағы әдемілік пен сұлулық адамды бейжай қалдырмайды, ол оның жүрегіне не үлкен қуаныш, не үлкен мұң ұялатып, үлкен толғаныс, не тербеліс тудырады. Көңіл – күй тәрбиесін берудің пәрменді құралы бола отырып, эстетикалық сана – адамдар үшін қуаныш пен әсердің көзі болуға тиіс. Эстетикалық сана адамдардың талғамын тәрбелейді.
Эстетикалық талғам адамның шын мәніндегі сұлулықтан ләззат алу қабілетін, еңбекте, тұрмыста, мінез – құлықта, өнерде әсемдік қабылдау, жасау қабілетін білдіреді.
Өнер философиясы: өнердің түрлері.
1. Өнер түрлерін жіктеудің өлшемдері
2. Кеңістіктегі өнер
3. Уақыттық өнер
4. Кеңістіктік – уақыттық өнер
Өнер әр дәуірдің көркемөнер іс - әрекетінің жалпы міндетіне бағына отырып, бір – бірімпен өзара байланысқан, бірақ әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар жеке түрлерінің жүйесі болып табылады.
Объективті реалдылықтың қасиеттері мен қырлары әртүрлі және көпжақты. Мысалы, музыка адамның ішкі – жан дүниесінің қуанышын, күйзелісін, торығуын жақсы бере алады, ал адамның сыртқы әдемілігін, үйлесімділігін мүлдем бере алмайды.
Өнердің әр түрінің қайталанбас өзіндік ерешелігі бар.
Эстетикада өнерді үш топқа бөледі:
1. кеңістіктік өнер – сәулет, мүсін, бейнелеу т.б.
2. уақыттық өнер - әдебиет, музыка
3. кеңістіктік – уақыттық өнер – театр
Кеңістіктік өнерді статикалық, уақыттық өнерді динамикалық, кеңістіктік – уақыттық өнерді синтетикалық деп атауға болады. Бұларды қабылдау органының ерекшелігі арқылы да көрсетуге болады: кеңістік өнер көзбен көріледі, уақыттық өнер құлақпен естіледі, ал кеңістіктік пен уақыттық өнер көзбен де, құлақпен бір уақытта қабылдана береді.
Бұл жіктеудегі ұғымдар шартты және салыстырмалы. Бұл жерде кеңістік пен уақыт ұғымы ерекше көркемдік мағынада алынып отыр. Шын мәнінде кез келген өнер уақыт пен кеңістікте бір уақытта өмір сүреді.
Өнерді статика мен динамика тұрғысынан жіктеу де салыстырмалы, мүсіндеу мен бейнелеу қозғалмайтын заттар, музыка мен өнер - өзгергіш процестер. Бірақ мүсіндеу мен бейнелеу де қозғалысты бере алады, поэзия мен музыка да заттық әлемді бере алады. Екеуінің өзара айырмашылығы абсолютті емес. Бірақ бұл айырмашылық бар, ол бұл өнер түрлері үшін өте маңызды, сондықтан осы қасиеттер жіктелуде көрініс береді.
Барлық өнерді бейнелейтін және айқындайтын деп екіге бөлетін жіктеу де бар. Бұлай бөлуге негіз бар, бірақ ол да шартты.
Ешнәрсе айқындамай бейнелейтін, немесе ешнәрсе бейнелемей айқындайтын өнер жоқ. Кез келген өнер бейнелеуге де, айқындауға да бейім, екеуінің бірлігі өнердің әр түрінде ерекше көрініске ие.
Бейнелеу - бұл ұқсастық, өнердің образдарының шындықпен ұқсастығы. Айқындау – бейнелеуге тән ішкі идеялық эмоциялық мағына. Бұл бірлік кез келген өнерге тән, онсыз өнер болуы мүмкін емес, бірақ бұл бірлік өнердің әр түрінде өзіндік сипатқа ие.
Өнер адамның іс - әрекетімен тығыз байланысты, бұл да оны жіктеуге негіз болады.
Сәулет өнері мен декоративті – қолданбалы өнер еңбек іс - әрекетімен тығыз байланысты, театр, өнері ойын іс - әрекетімен байланысты.
Көркем өнер іс - әрекетінің табиғатынан табиғатынан туындайтын мынадай жіктеу бар.
Қолданбалы өнер – сәулет, декоративті – қолданбалы өнер.
Бейнелеу өнері – мүсіндеу, бейнелеу, графика, көркем, сурет, уақыттық өнер
Сөйлеу өнері - әдебиет, уақыттық өнер
Дыбыс өнері – музыка
Көрсету «ойын» өнері – хореография, кино, теледидар, эстрада, цирк – кеңістік уақыттық өнер.
3. Кеңістік өнерге сәулет , мүсіндеу, бейнелеу өнері жатады.
Сәулет өнері дегеніміз – материалдық, техникалық, көркемөнер құралдарының көмегімен адамға жайлы өмірлік ортаны жасауға бағытталған ерекше шығармашылық іс - әрекеттің түрі мен нәтижесі. Өмірлік сәулеттік орта ұғымының негізін тұйықтаған, сонымен қатар табиғатпен байланысқан кеңістік құрайды.
Сәулет өнерінің шығармасы сыртынан да, ішкі жағынан кеңістікте қабылдайды.
Сәулет өнерінің негізгі ұғымы – архетектоника. Ол сәулеттегі түрдің құрылысының принципі, композицияның әртүрлі элементтерінің жиынтығы.
Сәулет өнерінің дамуында екі жол бар – органикалық және органикалық емес сәулет. Органикалық сәулетте конструкция мен бөліктерді пластикалық өңдеу, органикалық емес сәулетте геометриялық түрлердің реті мен дұрыстығын қадағалау бар.
Сәулет өнерінде тәртіп пен еркін конструкция арасында ұдайы қақтығыс болып тұрады.
Мүсіндеу дегеніміз – материалдық дененің кеңістікте көлемді кеңістіктік бейнесін жасайтын бейнелеу өнерінің бір түрі. Бұл өнердің негізінде адамдардың жабыстыру, өсіру, кесу сияқты іс - әрекеттері жатыр. Өзінің көздеген ойын іске асыру үшін материалды бетінен ішіне, тереңінен сыртқа қарай бейімдейді.
Мүсінші реалды кеңістікте үш өлшемді көлемді кеңістіктің пластикалық түрін жасауға тырысады.
Бейнелеу өнері - көрінетін жазықтықта сурет пен түрдің көмегімен көрінетін әлемді бейнелеу. Түрдің көмегімен түр, жарықтың қатынастарының неше түрін көрсетуге болады. Тициан, Рембрандт, Гойя, Суриков, Левитанның картиналарынан сезімге толы, тірі натурадан айнымайтын образдарды көреміз.
Өнерде көркем әдебиет өте маңызды. Ол шындықтың дамуының іргелі құбылыстары мен процестерін өте терең және жан – жақты көрсете алады. Әдебиеттің ықпалы мен маңызы дәуірдің тынысын дөп басып, дәл табуымен және оны тікелей, әдемі бере алуымен анықталады. Орыстың классикалық әдебиеті реалистік бейнелеу өнеріне, музыкаға, театрдың дамуына әсер етті.
Әдебиеттің басқа өнердің ішіндегі бастапқы ролі көптеген өнердің әдебиетке негізделуінен көрінеді. Театр өзінің барлық түрімен, кино, теледидар, тіпті эстрада әдеби сюжеттерден туындайды. Өнердің бұл түрлерінің дамуы көркем әдебиеттің дамуымен тығыз байланысты.
Әдеби тақырыптар мен сюжеттер басқа өнердің түріне тақырып болады. Әдеби шығармалардың мағынасы басқа өнермен ашылады.
4.Пайдаланылған әдебиеттер.
1. Нысанбаев Ә.Н., Әбжанов Т.Ы. Қысқаша философия тарихы. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. – 272 б.
2. Мұсаева Н.Р. Мүлгіген жанды рух оятар // Ақиқат, 1998 ж. – № 8. – 52–53
3. Малинин Г.В., Дунаев В.Ю. Человек и социальное государство
4. Кішібеков Д. Қазақ халқының мінез-құлқы, ойын-сауықтары, рухани тіршілігі // Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. – Алматы:
23, 24-ші лекция: Қоғам және мәдениет. Қоғамдық сана феномені: формалары, құрылымы, мәні
Қоғам философиялық ұғым ретінде. Қоғамдық және жеке сана, олардың өзара әрекеті. Қоғамдық сана деңгейлері: Әлеу-меттік психология және идеология.
Антикалық философиясындағы әлеуметтік ой: Платонның идеалды мемлекеті, Аристотельдің «Саясатының» негізгі тұ-жырымдары. Адам әлеуметтік болмыс ретінде. Августин: «Фәни шаһар» мен «Бақи шаһар».
Мәдениет, оның табиғаты мен мәні. Материалдық және ру-хани мәдениет. Мәдениетжәне коммуникация. Адамның ішкі және жүріс-тұрыс мәдениеті. Этикет.
Қазақтың ұлттық мәдениеті – қазақ халқының ұлттық біре-гейлігінің негізі және оның «Рухани жаңғыру» жобасы аясын-да дамуы.
Қоғам философиялық ұғым ретінде, қоғамның түрлері. Қоғам дегеніміз не? Бұл сұраққа ойщылдар, философиялық мектептер әртүрлі жауап береді. Біреулері бұл – санамен біріккен қауымдастық деп есептейді. Екіншілері үшін қоғам тірі қалу мақсатымен ұйымдасқан билогиялық жаратылыстардың жиынтығы болып табылады. Үшіншілері тіршілік ету құралдарын өндіру мақсатында құрылған адамдардың өзара әрекеттесуінің жемісі деп санайды. Жалпыланған түсіндірме мынадай: бұл – адамдардың бірлескен қызметінің ұйымдасқан формасы. Бірлескен өмірдің адамдарға ғана емес, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарларға да тән екендігін айта кету керек. Мұндай жағдайда адамдар бірлестігінің өзге өмірдің төменгі формаларындағы бірлестіктерден сапалық айырмашылығы бар ма екен? Бар. Адамзат қоғамы тек биологиялыққа ғана емес, сондай-ақ мәдени принциптерге де негізделген. Өйткені адамдардың бірлескен өмірі – бұл тек қорғаныс, тамақ табу мен ұрпақты жалғастыру ғана емес. Қоғам адамдарға дүниені тануға және түрлендіруге, өзі мен бірлескен өмірді жетілдіруге, жинақталған тәжірибені бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беруге көмектеседі.Осылайша, қоғам – бұл адамдардың жай ғана бірге өмір сүруі ғана емес, сондай-ақ олардың бірлескен қызметі, яғни саналы түрде қойылған мақсаттарды жүзеге асыруы. Қоғам – бұл ортақ қажеттіктерімен, мүдделерімен және мақсаттарымен біріккен адамдардың зерделі ұйымдастырылған мәдени өмірі мен қызметінің формасы.Қоғам инвидидтердің, яғни жекелеген адамдардың жай ғана механикалық қосындысы болып табылмайды. Қоғам ол әртүрлі жеке қасиеттері бар индивидтердің біріккен жүйесі. Мысалы, ешқандай адам Жердің бет әлпетін өзгерте алмайды. Бірақ біріккен кезде адамзат тап сондай қуатты геопланетарлық күш болып табылады. Аристотель Платонның мінсіз мемлекет теориясын сынады, ондағы ортақ мүлік идеясына қарсы шығып жекемешікті қорғады. Оның пікірінше, ортақ меншік еңбекке немқұрайлы қарауға әкеліп, оның жемісін бөлісуде қиындықтар туғызады, әркім аз еңбектеніп көп және сапалы үлесін алуға тырысады, ол достық пен келісімділіктің орнына айтыс пен алдауға алып келеді.
Адам қоғамының мынадай негізгі сипаттамалары бар:
біртұтастық – элементтер мен қосымша жүйелердің бірыңғай жүйеге енуі;
өздігінен ұйымдастырылатындығы – ішкі күштер мен үрдістердің тіршілік етуімен дамуына әсері;
серпінділік – әлеуметтік формалар мен құрылымдардың қозғалғыштығы мен өзгергіштігі;
даму – қоғамның прогрессивті немесе регрессивті бағытқа қарай күрделі бағытталған өзгерістері;
заңдылық – қоғамның танып-білуге және адамдардың әлеуметтік өмірін жетілдіру үшін пайдаланылуы мүмкін белгілі бір объективті заңдарға бағынуы.
Кез келген қоғам тірі адам индивидтерінен құралады. Индивидтердің белгілі жиынтығы қоғамның өмір сүруінің алғышарты болып табылады, алайда ол толыққанды қоғам емес. Индивидтер қоғам құру үшін, бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуі және соль қоғамның өзі орнықтылық және жүйелілік сипат алуы қажет. Индивидтердің тек осындай жиынтығын ғана қоғам ретінде қарастыруға болады. Қоғамды мемлекеттен ажырата білу қажет. Мемлекет – бұл аумақтық және саяси қауымдастық. Ол аумағының ортақтығымен, саяси билігінің ұйымымен және оның егемендігімен, қатынастарды құқықтық реттеуімен сипатталады. Қоғам бір сәтте және кездейсоқ қалыптасуы мүмкін емес, курделі, көп функциялы жүйе болып табылады. Әлеуметтік философияда қоғам өмірі үшін еңбек құралдарын ойлап табу мен өндірудің маңыздылығы негізделінеді. Қоғамның түрлеріне тоқталатын болсақ оларБос уақыт қоғамы - еңбек өзінің бұрынғы мәнінен айрылатын қоғам концепциясы. Осындай қоғамдарда жалдамалы еңбектің ең аз көлемі бұрын еңбек ие болған мәнге жеткен бос уақытқа мүдделілікке әкеледі делінген. Молшылық қоғамы - 50 жж. аяғындағы базистік экономикалық дефицит және қамтамасыздандырылмағандық негізінен женілген, бірақ жеке байлық «жалпыға ортақ босандықпен» (мысалы, автомобильдер шамадан көп өндірілді, бірақ жолдарды жөндеу және қоршаған ортаны ластауды бақылауға көңіл бөлінбеді) қатар жүрген және капитализмнің ауытқуларынан зардап шеккен тұлғалар жеткілікті қамтамасыз етілмеген кездегі американдық қоғамға берілген баға.Тәуекел қоғамы - қазіргі қоғамның жайы туралы тұжырымдама; оған сәйкес қоғамға әрқашан адамзат білімінің өсуі мен қоршаған орта әсерін көрсететін «сенімсіздіктен жасанды пайда болған» деп сипаттама беріледі (мысалы, ядролық соғыс, экологиялық апат себептеры бойынша).
Мәдениет, оның табиғаты мен мәні.
Мәдениет( латын – cultura- өңдеу, егу деген сөзінен шыққан) – табиғат объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Бұл сөзде адам еңбегінің ерекшелігі, оның адамның іс- әрекетімен байланыстылығы, адамның және оның қызметінің бірлігі негізделген. Кейіннен «мәдениет» деген сөз жалпылық маңыз алды, адам жасағанының бәрін де «мәдениет» деп атады. Осы ұғымды мәдениеттің мазмұнды белгілері, түсінігі көрсетілді. Мәдениет-адам жасаған әлем сияқты «екінші табиғат».
Мәдениет-жеке адамның өмір сүру мақсатымен құндылық жүйесі адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол-өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. Адамдар өздерін қоршаған ортаға оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылымдардың, топтардың, таптардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүру жағдайына, талабына сәйкес пайда болып, қалыптасады. Мәдениет -әлеуметтік фактор, қоғамның қозғаушы күші. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Жеке адам мәдениеті мен қоғам талабы тікелей байланысты.Адам, оның қызметі мен өзара қатынасы бар жерде мәдениет бар.Мәдениет материалдық және рухани: бірі- материалдық өндірістің, екішісі- рухани өндірістің өнімі деп құралады. Себебі материалдық және рухани мәдениеттің өнімдері-еңбек құралдары және көркем шығармалар әр түрлі мақсатта пайдаланылады. Материалдық мәдениетті де мәдениетке айналдырған адамның идеясы мен білімі, ол рухани иәдениеттің өнімі материалдық формада болады, соның нәтижесінде ол объективке айналуы мүмкін және қоғамдық өмірдің факторы болып қалады. Сондықтан мәдениетті материалдық және рухани демей-ақ тұтас бірлікте алып қарауға да болады.Өміршең мәдениет қоғамдық адаммен ажыратылмайды, адам-мәдениет субъектісі. Адамдық сапасы тілді игерудің нәтижесі, қоғамдық өмір сүретін құндылықтарға, әдет-ғұрыптарға, ену, осы мәдениетке тән іс-әрекеттің дағдысын бойына сіңірді. Мәдениет- адамдықтың өлшемі, ол адамның қоғамдық мән есебінде дамуын сипаттайды. Сондықтан мәдениет адаммен тікелей қатынаста өмір сүреді. Ол қатынастың мәні мынада, адам бұрынан жасалып келген мәдениетті бойына сіңіріп, қабылдайды, өзінің болашақ қызметінің алғышарттарына айналдырады. Сөйтіп өз білімін, икемін, қабілетін дамыта отырып өзінің мәдениетті, адамдық мәнін жасайды.
Тілдің пайда болуы дүниетанымның қалыптасуына алып келді. Тіл болмаса не айтамыз? Дүниені тілсіз тану мүмкін емес. Тіл дегеніміз-дүниетаным. Дүниетаным- адамдармен табиғатқа, жалпы құндылықтарға, моральдық номаға тұлғаның жалпы қатынасын білдіретін негізгі ( бастапқы) сенім, қалып, таным немесе қоғам мүшелерімен ортақ көзқарас қалыптастырып, қоршаған ортамен қатынас қалыптастырудағы негізгі өлшем.Дүниетаным адамның дүнеині ақиқатпен теориалық және практикалық жағынан бірлікте тану мақсатындағы рухани-практикалық тәсілі. Дүниетанымда тұтас адамзат әлемі моделі сияқты мәдениет категорияларының жүйесі көрініс тапқан. Қазақ сөз түсінер, сөз ұғар, бір ауыз сөзге тоқтаған адамды өте жоғары бағалап, «Аталы сөзге арсыз ғана таласады»-деген.
Ұлт өз дүниетанымын тілі, мәдениеті, рухани мұрасы, діни нанымы т.б. арқылы білдіреді.Қазақтардың ең алғашқы дүниеге көзқарасы мифологиялық космоцентірлік, яғни, адам мен ғарыштың біртұтастығы идеясы болды. Оларда ғарыш пен жердің ғайыптан пайда болғаны туралы, күннің, айдың және басқа да аспан шырақтарының қайдан шыққаны туралы айтылған. Сонымен бірге фетишизм, тотемизм, анимизм элементтері, адамдардың құдайлық күштермен « қарым-қатынасындағы» аралық міндеттер қоғамдағы ерекше топтың- шамандардың қолында болды. Ерте қазақи түркілер арасында әртүрлі діни наным-сенімдер болған.
3.Қазақтардың ұлттық мәдениеті-қазақ халқының ұлттық бірегейлігінің негізі және оның рухани жаңғыру жобасы аясында дамуы.
Қашан да қоғамға қажет нәрсе ұлттық бірегейлік, себебі, мемлекеттің тұтастығы қоғамдағы ұлттың және зиялылардың азаматтық бірегейлігіне тәуелді. Ұлттық бірегейлік ұрпақтың (халықтың) рухани деңгейінен шығады, рухани деңгей арқылы көрініп, жүзеге асып отырады. Ұрпақтың рухани деңгейі ұлттық тәрбие, діни сауаттылық, тарих білімі, интеллектуалдық қызметі, мәдениеті, қабілеті, өнері, білімі, еңбекқорлығы негізінде көрініп отырған. Рухани деңгейі бар қоғамда ұлттың және оны демеп отыратын зиялылардың азаматтық, тұлғалық бірегейлігі сақталмақ. Керісінше жемқорлыққа, парақорлыққа халықтың көзі үйренген ортада ұлттық бірегейлік түгіл азаматтық бірегейлік болмайды, болса да қоғамда елдің табиғатына, ұлттың мінезіне жат нәрселердің орын алуы себепті тарихтан келе жатқан дәстүрден (ұлттық бірегейлік пен тұлғалық бірегейліктің жолынан) өсіп келе жатқан ұрпақтың ішкі әлемі алшақтай түспек.Қазақ қоғамында ұлттың ұлттық бірегейлену дәстүрі ұлт руханияты, ұлт тұлғаларының интеллектуалдық қызметі арқылы жүріп отырса, қазір бұл құбылыс қалай жүруде? Тарихымыздан белгілі жеке адам ойшыл, ақын, батыр, ғалым болсын, өз бетінше ұлтшыл, ұлтжанды болған емес, болмайды да. Қазақтың тұлғаларының қалыптасуында оның бойындағы қабілетінің дамуына ықпал еткен елдің рухани тәжірибесі, құндылықтар, ортаның үйретер өнегесі бар. Бұл үнемі ескерілетін нәрсе. Міржақып Дулатов «Қазақ зиялылары» атты мақаласында былай деген: «Адамның алдымен адам сипаты болуы шарт. Өзінен басқаның тілегін тілей алмаған, арын, иманын қара басының пайдасы үшін қысқа күнде қырық сататын соғылғандардан қаны тамып тұрған ұлтшыл артық. Бірақ, біздің қазақтың ұлтшылдары өзге жуан елдердің ұлтшылдарындай емес екені бәрімізге белгілі. Бізді ұлтшыл қылған нәрсе – біздің кемдікте, қорлықта жүргендігіміз, көрінгеннен соққы жегендігіміз еді егер теңгеруші табылады екен, ұлтшылдықты ортақшылдыққа айырбастауымыз қиын емес». Қазақ зиялыларының өмірі айқын дәлел болып отырғандай, жеке адамның ұлтжанды, ел азаматы, тұлға дәрежесіне көтерілуі ұлттық сана, ұлттық рух арқылы ғана жүзеге асып отырған. Сондықтан да, ұлттық рух ұлттық және тұлғалық біргейліктің тұтқасы. Ұлттық рух дегеніміз елдің рухани өмірінде пайда болатын өткінші әдеттерге, нәрселерге бағынбайтын, төзбейтін, берілмейтін, жеңілмейтін халықтың, жеке адамның ерекше мінезі. Ұлттық рух адамның бойында қоғамдық сананың барлық түрлерін дұрыс білу арқылы нығайып отырмақ.
Ұлттық рух ұрпақтан ұрпаққа, бабадан немереге, әкеден балаға үйретілетін тағылым, яғни кісілік өнеге. Егер ол жастарға үйретілмеген жағдайда бәрібір ұрпақ оны өз бетімен іздейді. Себебі әр адамның танымының түбінде ұлттық рухты аңсау сезімі жатады. Тарихының тәжірибесіне сүйенбесе өз бетінше ұлтына, жұртына қызмет етемін дейтін адамның мінезі шектен асып кетуі мүмкін. Тарих тағылымы, тарихтың тәжірибесі бойында азаматтық мүмкіндігі бар адам үшін рухани қазық.
Тарихтағы қазақ қоғамының тәжірибесінен көріп отырғанымыздай, мемлекет қоғамда нағыз ұлт зиялыларының институтын сақтап, нығайтып отыруға мүдделі, үнемі осыған мән беруі тиіс. Қазақ елі тарихта бұған ерекше мән берген. Қазақ ұлты және оның зиялылары заман талабына сай ел мүддесіне қызмет етудің талабының өзгеріп отыратындығын терең білген. Сол себептен, қоғам тарапынан қашан да ұлттық бірегейлікке ерекше мән беріліп отырған. Себебі адамзат өркениеті биіктеген сайын қоғамның құрылысы да өзгере бастайды, әлемде болатын жаңалық барлық адамзат қоғамына ықпалын тигізбей қоймайды. Әлемдік өркениет өрісінде мемлекет өзінің дербестігін сақтап қалу, нығайту үшін қоғамдық ортада, мемлекеттің ішкі өмірінде ұлттық бірегейлік сақталуы қажет
Адамның барлық объективті мүмкіндіктері (дүниені тану, түсіну, ұғыну т.б.) және одан қисынды туындайтын шығармашылық, жасампаздық іс - әрекеттері нақты тарихи дәуірде, қолайлы жағдайларда ғана іске асырылады. Адамның басқа адамсыз күні жоқ, о бастан – ақ ол өз болмысын басқаларсыз қарастырмаған.
Адамның дүниеге қарым – қатынасының мәнін ашу – негізгі міндеті болып табылатын философия қоғамды жан – жақты зерттеп, оның түпкі заңдылықтарына ерекше көңіл аударып отырған.
Философияның қоғамды ерекше құбылыс ретінде қарастырып, оның мәнін ашатын бөлімі - әлеуметтік философия деп аталады. Ол қоғамды біртұтас динамикалық жүйе ретінде ала отырып, оның негізгі және қозғаушы күштерін анықтап, өмір сүруі мен дамуының тетіктерін айқындайды, әлеуметтік процестердің қисынын түсіндіреді.
Әлеуметтік философия дегеніміз – қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтарын түсіндіретін теория. Ол социологиямен тығыз байланысты. Социология қоғамдағы жеке жүйелердің өмір сүріп, даму заңдылықтарын зерттейді. Мысалы, отбасы социологиясы, білім беру социологиясы, ғылым социологиясы.
Әлеуметтік философия мен социология бірін – бірі толықтырады. Ғылыми білімнің тарих, археология, этнография, саясаттану сияқты салаларымен біріге отырып, қоғамның толық сипатын бере алады. Дегенмен, қоғамды философиялық зерттеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Өйткені, тарихты санасы бар адам жасайды. Сондықтан қоғамдық өмір әртүрлі көріністерге өте бай. Оның терең қабаттарына бойлай отырып, заңдылықтарын анықтау оңай жұмыс емес. Қоғамдық болмысты тануға ең жетілген эксперименттік база көмектесе алмайды. Бұл жерде көптеген фактілерді жинақтап, талдап, түсіндіретін ақыл – ойдың ғаламат күші мен біліктілігі қажет. Әлеуметтік философияда әртүрлі ойлар мен теориялардың ақиқаттығын бірден тікелей дәлелдеу қиын, олардың дұрыс – бұрыстығына көз жеткізу үшін уақыт қажет.
«Өмірдегі ең дана нәрсе - уақыт» - деген қазақ халқы түйіндеген пікір кездейсоқтық емес. Мұны қоғамның күрделі, қат – қабат болмысы айқын дәлелдейді. Қоғам дамуының маңызды заңдылықтары XIX – XX ғасырлардың алып ойшылдары Гегель, К.Маркс, П.Сорокин шығармашылығында ашылған.
Қоғам – материя қозғалысының жоғарғы деңгейі. Оның қалыптасуының негізгі факторы еңбек болып табылады. Еңбек ете отырып, адам еңбегімен жасалған болмыс қоғам деп аталады.
Адам тарихта екі түрлі «ипостась» немесе қырда өмір сүрді. Ол – бір жағынан, тарихтың алғы шарты, екінші жағынан оның нәтижесі. Өйткені алғашқы тарихи іс - әрекеттің иесі – пенде. Оны іс - әрекетке итермелейтін негізгі күш – қоршаған ортадағы өз болмысын сақтау, ұрпақ жалғастыру, тағы басқа қажеттіліктер, оның терең тамыры өмір сүру мен дамуға жұмсалған қуаттың орнын толтыруда жатыр. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуынан кейінгі маңызды секіріс адамның қоршаған дүниені жаңғыртуға бағытталған мақсатты еңбегінен туындайтын оған тән қажеттіліктер жүйесінің қалыптасуы десек артық айтқандық болмас еді.
Адам жетілген сайын оның қажеттілктері де көбейеді, тереңдейді. Адамдардың бір – бірімен араласуының, достасуының, білуге деген құштарлықтың, ақиқатқа, мейірімділікке, сұлулыққа ұмтылуының оның тіршілігіндегі аса зор қажеттілікке айналғанына таң қаласың. Қажеттіліктердің табиғаты қоғам дамуымен тығыз байланыста. Мысалы, барынша қара дүрсін шаруашылық шеңберінен шыға алмаған орта ғасырлық адамның тіршілігінің ғылыми – техникалық прогресс өркендеген, электроника мен роботтар жұмыс істейтін қуатты демократиялық қозғалыстар, ақпарат тасқыны дүниесінде өмір сүретін осы замандағы адамдар тіршілігінен сапалық айырмашылығы бар.
Әлеуметтік философиядан көрнекті еңбек жазған С.Э.Крапивенский адамды белсенді іс - әрекетке итермелейтін негізгі қажеттіліктерді төрт топқа бөлген. Ең алдымен, материалдық және рухани қажеттіліктер. Материалдық қажеттіліктер рухани қажеттіліктерден бұрын пайда болған. Өйткені адам шығармашылық, сүйіспеншілік, бостандық, еңбек пен бақыт, қайғы мен қуаныш сезімдерінен рухани ләззат алу үшін өзіне қажетті материалдық игіліктермен, яғни, өзін тамақтандырып, киіндіріп, қозғалыс құралдарымен қаруландыруы қажет еді.
Екіншіден, қоғамдық және жеке адам қажеттіліктері. Бұл екеуі бір – біріне тең болмайды, тіпті олардың арасында қайшылықтар жиі туындап отырады. Тарихи процестің әрбір субъектісі өз мүддесінен қоғам мүддесін жоғары қояды, соған өз іс - әрекетін бейімдейді деу тарихи аңқаулық, тіпті ақиқаттан алшақ кету болар еді.
Үшіншіден, түпкі стратегиялық, ұзақ уақытқа бағытталған, сонымен қатар, кезеңдік сәттік қажеттіліктер. Адам да, қоғамда өз өмірін жоспарлап тіршілік етеді. Жоспарлау дегеніміз – ауқымды және қосалқы, жеке және жалпы міндеттерді анықтау деген сөз. Мысалы, ауқымды қажеттеліктерге қоғамның болашағын ғылыми түрде бағдарлай отырып, оның өркениет жолында дамуына жағдай жасайтын мүдделерді анықтап отыру жатады. Сонымен қатар, қоғамда кезек күттермейтін бүгінгі таңда шешуді керек ететін мүдделер де бар.
Төртіншіден, адам мен қоғамның дамуынан тікелей туындамайтын, бірақ оған қажет кейбір қызығу объектілері. Адамдарда бұлар көпжақты болатыны соншалықты, кейбіреулері оның өмір сүруіне кері әсер етуі мүмкін. Мұндай жағдайдың мысалы ретінде маскүнемдік, нашақорлық сияқты әлеуметтік ауруларды атауға болады.
Адамдар өзін қоршаған ортадағы табиғат күштері мен заттарын ғана өзгертіп отырмайды, олар өздерінің бір – біріне қатынастарын да өзгертіп, қайта жасайды.
Маркстың ілімі бойынша, қоғамдық өмір – практикалық өмір. Өйткені, адамдардың тіршілігінің кез келген саласы нақты қимыл - әрекеттерден тұрады.
Қоғамдық практиканың бастапқы түрі – материалдық өндірістік іс - әрекет. Бұл іс - әрекет әлі де басқа практикалық іс - әрекеттердің негізі болып келеді. Бірақ, оның мүмкіндігі бұрынғыдан әлдеқайда жоғары. Байырғы еңбек құралдарын жетілдіре, дамыта отырып, соған сүйене отырып, адам өз талабына сай жасанды ортаны дүниеге келтірді, оны өзінің эстетикалық, этикалық талғамдарына сәйкес етіп ұйымдастырды. Материалдық құндылықтарды өндіруші ретінде адамның өзі де өсіп, нығайып отырды, оның кәсіптік шеберлігі артып, жалпы білімдік деңгейіне қойылатын талаптар да кеңейе түсті, жалпы мәдениет өрісі кеңи бастады. Материалдық өндірістік қатынастарды нығайту, ұлғайту процесінде әлеуметтік практика қалыптасып, дамыды.
Қоғам идеясы адамның өзіне о бастан – ақ орын тепкен. Өйткені, ол – қоғамдық жан. Егер адамның мәнін түсінсең, қоғамның мәні де айқын болады. адам тарихының алғашқы шарттары тірі пенделердің тіршілік етуі деп – К.Марск пен Ф.Энгельс бекер айтпаса керек.
Қоғам дегеніміз – жалпы қажеттіліктері, қызығушылықтары мен мақсаты бір адамдардың мәдени өмірі мен іс - әрекетінің белгілі бір заңдылықтарға негізделіп ұйымдастырылған формасы. Адам қоғамының негізгі сипаттары:
біртұтастық – элементтер мен жүйелер бір құрылымға біріктірілуі;
өзіндік ұйымдастырушылық – ішкі күштердің дамуы мен өмір сүруіне ықпал етуі;
динамизм - әлеуметтік құрылымдар мен формалардың қозғалып, өзгеріп отыруы;
заңдылық – қоғамның дамуы белгілі заңдылыққа бағынуы.
28. Қоғам өздігінен дамитын жүйе.
1. Қоғамның құрылымдық жүйесі.
2. Қоғамның өздігінен дамуының заңдылықтары.
3. Қоғамдық дамудың бастаулары мен қозғаушы күштері.
Әлеуметтік философияда қоғам материяның бізге белгілі қозғалысының ең жоғарғы түрі болып сипатталады.
Қоғам күрделі жүйе, оны бірнеше салаға бөлуге болады.
Біріншіден, бұл – экономикалық сфера немесе материалдық өндіріс әлемі. Адамға қажетті материалдық игіліктерді білім мен арнайы еңбек құралдары – техниканың көмегімен жасау. Экономика қоғамдық прорестің қозғаушы күші, қоғамдық өмірдің негізгі шарты.
Екіншіден, бұл әлеуметтік сфера немесе әлеуметтік топтар әлемі. Ол нақты тарихи – экономикалық негізде қалыптасып дамиды.
Үшіншіден, бұл саяси немесе басқару сферасы. Бұл адамдардың мемлекетті, басқа да әлеуметтік институтты басқару жолындағы іс - әрекеттері.
Төртіншіден, қоғамда рухани сфера, яғни сезімдер мен идеялар әлемі бар. Ол тарихи процестің саналы факторына ықпал ете отырып, қоғамда аса маңызды роль атқарады.
Қоғамдық дамудың заңдары – табиғат заңдары сияқты объективті өмір сүреді. Өйткені, олар адамдардың сана – сезімінен тыс қалыптасады, дамиды, өрістейді және өз уақыты келген жағдайда тарих көшінен өтіп отырады немесе ығысады.
Қандай заңдылықтардың қай уақытта қалыптасатыны әлеуметтік алғы шарттарға байланысты болады. Кезінде құл иеленушілерге, сонан кейін феодалдарға өз ыңғайына сай келетін қоғамдық қатынастарды сақтап қалу мүмкіндігі болмады. Өзі пісіп – жеткен жағдайда кез келген қоғамдық қатынастар өзінен - өзі ығысып, басқа қоғамдық қарым – қатынастарға орын беріп отырады. Бұл – тарихтың бұлжымас заңдылығы. Табиғат пен қоғамдық қатынастардың заңдылықтарында бір ұқсастық бар. Бұл - өте маңызды іргелі ұқсастық. Өйткені, олардың заңдылықтары адамнан, оның іс - әрекетінен, еркінен тыс өмір сүреді. Мысалы, өз еркімізге сүйеніп, зат пен денелердің еркін түсуі немесе Архимед заңын алып тастай алмаймыз, сол сияқты біз қоғамның дамуындағы материалдық қатынастардың шешуші ролі туралы, құн туралы заңды өзіміз біліп алып, сонан соң жойып жібере алмаймыз.
Материалдық игіліктер өндіру адамзат қоғамының өмір сүруі мен дамуының негізін құрайды. Бірақ, табиғат пен қоғамдық дамудың заңдылықтарының өте маңызды бір айырмашылығы бар: ол – олардың іске асу механизмінде көрініс табады. Табиғат заңдары адамның іс - әрекетінен тыс іске асырыла береді. Ал қоғамдық заңдылықтарда өзіндік ерекшелік бар. Өйткені, біз жоғарыда атап өткеніміздей, қоғамдық дамудың заңдары тек қана адамның іс - әрекеті арқылы іске асады.
Егер адам немесе адамдар арасындағы қарым – қатынастар болмаса, ешқандай да социологиялық заңдар, іске асырылып, қажетке жаратыла алмайды. Табиғат пен социологияның заңдарының осы бір ұқсастығын еске ала отырып, К.Маркс қоғам дамуы табиғи – тарихи процесс деп анықтады. Қоғамның дамуы, бір жағынан, табиғи процесс, өйткені ол табиғат сияқты қажетті және объективті. Сонымен бірге, қоғамның дамуы тарихи процесс, өйткені, ол – адамдардың іс - әрекетінің жемісі.
Социологиялық заңдардың ерекшелігін қарастыру мәселесі біздерді олан әрі тереңдей түсуге мәжбүр етеді. Басқа сөзбен айтсақ, әрбір тарихи оқиғаның объективті жағдайлары және оларды іске асырудың субъективті факторлары бар.
Тарихтың объективті және субъектвті факторлары – қоғамдық дамудың екі түрлі шарты. Адамдардан тәуелсіз және олардың қызметінің бағыты иен ауқымын көрсететін шарттар объективті фактор болып табылады. Мысалы, табиғат жағдайлары, өндірістің дәрежесі, материалдық, саяси қажеттіліктері осы шарттарға жатады. Субъективтік факторға бұқараның, топтардың, партиялардың, мемлекеттің, жеке адамдардың белгілі бір мақсатқа бағытталған іс – әрекеттері, олардың санасы, еркі, іс – қимылға бейімделігі жатады. Объективті факторлар әруақытта негізгі болып табылады, бірақ олардың әрекеті субъективті фактордың әрекеті түрінде ғана көрінеді. Субъективті факторлар өздеріне қажетті объективті жағдайлар туғанда шешуші роль атқара алады. Өзінің бағыты бойынша субъективті фактор прогрессивтік, консервативтік немесе реакциялық болуы мүмкін. Объективтік жағдайлар мен субъективтік факторлардың өзара қарым – қатынасы, тарихты адамдардың өздері жасайтындығын айқын көрсетеді, бірақ қалай болса солай өз еркіне сүйеніп емес, керісінше, тарихи дамудың объективті заңдылығына иек артып отырады. Субъективті фактордың құрамында ұйымдастыру және идеологиялық элементтері болады. Адамдар өз іс - әрекеттерін терең және жан – жақты ұйымдастырған сайын, олар өз алдарына қойған мақсаттарын айқын түсіне алады. Мұның өзі оларға қажетті практикалық іс - әрекеттерді дәл тауып, дұрыс пайдалануына жол ашады. Еркіндік дегеніміз – қажеттілікті жан – жақты тану. Тарихи процестің осы маңызды екі жағын әруақытта еске алып дұрыс түсіндіру оңай емес. Сондықтан да біржақтылыққа ұрынып отыру жиі кездесіп отырады. Сондай біржақтылықтың бір көрініс – волюнтаризм болып табылады. Волюнтаризм – ақиқат атаулының бастапқы негізін ерік деп танитын, қоғамдық дамудағы объективті заңдарды мүлдем жоққа шығаратын субъективті идеалистік бағыт. Адамның еркін абсолютке айналдырып, оның іс - әрекетінің объектвиті заңдылықтырға тәуелдігін жоққа шығарады. Революциялық қозғалыстар тарихындағы Ресейдегі халықшылдар, эсерлер, қазіргі уақытта батыстағы кейбір анархистер волюнтаристерге жатады. Біздің еліміздің тарихында волюнтаризм элементтері көп болғанын мойындауымыз қажет. Волюнтаристік қимылдардың айқын көріністері Шыңғыс Айтматовтың «Жан пида» романында бейнеленген. Тарихқа волюнтаристік көзқарастардың терең тамырларын антикалық, орта ғасырлық дәуірлерден көруге болады. Волюнтаризм қазір де жан – жақты дамып отыр. XIX ғасырдың екінші жартысында позитивизмнің ықпалы нәтижесінде тарихтың объективті заңдылықтарын теріске шығаратын бірқатар мектептер қалыптасты. Германияда бұл В.Виндельбанд, Г.Риккерт, М.Вебер; Англияда- Б.Рассел, С.Федерн, А.Тойнби; Америкада – Д.Дьюи, Э.Богардус, Г.Беккер – Чейз. Мысалы: Арнольд Тойнби тарихи заңдар – осы уақытқа дейін дәлелденіп келген болжамдар деп пайымдайды. Тойнби Юмның себеп – салдарлық қатынастардың объективті табиғатын теріске шығаратын теориясын қайталайды. Тарихи заңдылықтарды мүлдем мойындамайтын ойшылдар өте сирек. Олардың көбісі тарихтың өткен жолындағы бұрынғы тәжірибелеріне көбірек көңіл бөліп, оларды болашақта түсіндіруге пайдалануға көңіл бөледі. Тарихи заңдылықты теріске шығару, тарихтағы аналогияны мойындаумен алмастыралады. Волюнтаризмге қарама – қарсы теория фатализм – деп аталады. Фатализм – адам іс - әрекетінің еркіндігін жоққа шығарады, дүниеде болатын барлық процестер бостандыққа, шығармашылыққа орын қалдырмайтын қажеттіліктің үстемдігіне бағындырылады. Теологиялық фатализм – тарихтағы оқиғалар мен адам өмірінің құдайдың құдіретімен анықталатынын негізге алады. Фатализм - өте көп дамыған құбылыс, оны философия тарихынан, әдебиеттен жиі кездестіруге болады. Мысалы, атақты ойшыл – жазушы Л.Н.Толстой фаталистік нанымдарды уағыздаған.
Тарихнамада және әлеуметтік философияда, тарихтағы кездейсоқтықты рөлі туралы әртүрлі пікірлер қалыптасқан. Мысалы, Демокрит, Спиноза, Гоббс, XVIII ғасырдың материалистері оны мүлдем жоққа шығарады, ал Вольтер, француз ағартушысы, тарихты кездейсоқтықтың ойыны – деп қарастырды. Тарихи тәжірибе көрсеткендей, қоғамдық өмірде қажеттілік пен кездейсоқтық өзара диалектикалық тарихи қажеттілікте өмір сұріп отырады. Кездейсоқтық тарихи қажеттіліктің формасы болып табылады. В.Г.Белинский шығармаларында мынандай мысал бар. Теңізге шығу Россияның одан әрі дамуы қажеттілігінен тікелей туындаған. Ал I – Петрдің Балтық теңізінің Нева өзенінің бас жағына шығуы кездейсоқтық болып табылады. Егер ол Балтық теңізінің басқа жағынан шыға алса, онда басқа қала салынуы мүлдем ықтимал еді. Әлеуметтік философия көп уақытқа дейін социумның негізгі элементін анықтау мәселесімен жан – жақты айналысып, әртүрлі пікірлерді салыстырумен болды. Мысалы, социумның негізгі элементі, индивид немесе отбасы деп қарастырылды. Бірақ жеке алынған индивид те, отбасы да әлеуметтік құбылыс бола алмайды. XIX ғасырдың ортасында және XX ғасырда ақиқатқа жақын екі бағыт қалыптасты. Ол Карл Маркс және Питирим Сорокин мектептері еді. Оның бірнішісі қоғамдық байланыс пен соның нәтижесінде қалыптасатын адамдар арасындағы қатынасқа ерекше көңіл бөлді. Кейбір айырмашылықтарына назар аудармай – ақ, тоқ етеріне тоқталсақ, Питирим Сорокин да осындай пікірге келеді. «Индивид тек физикалық, биологиялық немесе психологиялық феномен, ал әлеуметтік қасиет адамның маңызды қарым – қатынасын қажет етеді» - деп жазады Питирим Сорокин. Екі ғалымның ізденістері бір ғана ойды дәлелдейді. Қоғамның негізгі бөлігі, өзегі қоғамдық байланыстар, қарым – қатынастар. Адам өзі қалыптасып, тарихи дамудың негізгі субъектісіне айнала бастағаннан бері көпжақты және көпмәнді қарым – қатынастарға түсе бастады. Адамдардың кез – келген өзара қарым – қатынасы қоғамдық мәнге ие болып отырады. Қоғамдық қатынастар – адамдардың бірлескен практикалық және рухани қызметі процесінде олардың арасында қалыптасқан қатынастар. Адам өз өмірінде көптеген жүйелік қатынастарды басынан кешіріп отыратын болғандықтан, ол әмбебап субъект болып табылады. Адамның іс - әрекеті оның қоғамдық қарым – қатынастарының негізі. Барлық қарым – қатынастарды үлкен екі топқа бөлуге болады: материалдық және рухани қарым – қатынастар. Материалдық қарым – қатынастар сияқты рухани қатынастар да объективті. Объективтілік дегеніміз – заттық түрде өмір сүру ғана емес, мәселен көптеген материалдық қарым – қатынастарда заттық белгі жоқ. Объективтілік кез келген зат, құбылыс адам санасында бейнелене отырып, одан тыс өмір сүретіндігін білдіреді. Сондықтан да әр дәуірге лайық өмір сүретін рухани қарым – қатынастар біздің сана сезіміміз үшін объективтілік болып табылады, өйткені олар бізден, біздің қоғамдық санамыздан тыс өмір сүреді. Қоғамдық қатынастардың негізі – қоғамдық сана және оның жүйелік құрылымы, одан қоғамда моральдік, саяси құқықтық, көркем өнер, философиялық, діни қарым – қатынастар туындайды. Саяси қарым – қатынастар саяси іс - әрекеттің субъектісі таптың, ұлттық қозғалыстардың, партияның, мемлекеттің көзқарастары мен идеяларын бейнелейді, сондықтан олар рухани қарым – қатынас болып табылады, сонымен бірге олар саяси практикалық іс - әрекет нәтижесінде қалыптасып отырады. Сөйтіп, бір қарым – қатынастың өзі екі түрде көрінеді рухани әрі материалдық.
Қоғамдағы адамдар арасындағы өзара қарым – қатынас жалпы қоғамдық қарым – қатынастардан өзгеше. Ол – жеке адамдардың өздерінің арасында қалыптасатын қатынастар. Олар этикалық өлшемдерге негізделеді, өйткені адам өзінің жеке өмірі қарым – қатынастарын адамгершілік талаптарына сүйеніп, құрады. Өзіне көңілі жақын адамдардың ұлтына, кәсібіне, әлеуметтік статусына онша мән бермейді. Өйткені, тұрмыстық қажеттіліктер мен уақытты бірге өткізу мүмкіндігі қызықтырады. Бұл жағдайда адамдардың рухани – мәдени деңгейлері маңызды роль атқарады. Қоғам деңгейінде бір – бірімен әрекеттесетін пенделердің саны әр түрлі, көпжақты болады. Мысалы, П.Сорокин осы белгілеріне сүйеніп, қоғамда төмендегідей адам аралық қарым – қатынастар болады деп пайымдаған: а) екі пенде арасында (ері мен әйелі, оқытушы мен оқушы, екі дос); б) үш пенденің арасында (әке, шеше және бала; ері, әйелі және ашына); бес және одан да көп кісілер арасында (әртіспен немесе шешенмен оның тыңдаушылары арасында; көппен көптің арасында (мысалы, ұйымдаспаған топтың арасындағы).
Халықтың екі тобында – жастар мен зейнеткерлер арасындағы қалыптасатын қарым – қатынастар аса үлкен роль атқарады. Зейнеткерлер - әлеуметтік дамудың барлық сатысын басынан өткеріп, оның ыстығы мен суығын жеке өмірінде көрген, тәжірибесі мол, азаматтық дүниетанымы берік адамдар, ал жасөспірімдер мен жастар әлі пісіп – жетілмеген, буыны қатпаған, әлеуметтік тәжірибесі әлі қалыптаспаған топ. Жастардың зейнеткерлерден артықшылығы – олардың жастық энтузиазмы, қайраты, күші және болашаққа деген сенімі, өмірден күтетін дәмесі мен оларды алға жетелейтін үміті.
Осы екі үлкен топты біріктіретін маңызды фактор – олардың қоғамдағы әлеуметтік топтар мен таптар қарым – қатынасынан тысқары, алшақ өмір сүру жағдайы. Жастар әлі қоғамның негізгі әлеуметтік өміріне белсене араласа қоймаған, ал қариялар қоғамдық өмір қатынастарынан ығыстырылу жағдайында тіршілік етеді. Сондықтан, осы екі топта жеке адам аралық қатынас кеңінен орын алады. Түптеп келгенде, қоғамдық қатынастардан адамаралық қатынастарды бөлектеу салыстырмалы сипатта болады. Өйткені, кез – келген, адамаралық қатынас қоғамдық қатынас болып табылады.
29. Қоғамның экономикалық, саяси, құқықтық және әлеуметтік болмысы.
1. Қоғамның экономикалық болмысы.
2. Қоғамның саяси – құқық болмысы.
3. Қоғамның әлеуметтік болмысы.
4. Қоғамның қоныстану болмысы.
Қоғам - дегеніміз басқа да барлық организмдер сияқты ғылыми техникалық прогрестің, ресурстық, потенциалдық, ақпараттық және басқадай байланыстардағы өзгерістердің әсерімен, сондай – ақ бүкіл әлемнің, геосаяси қалыптың, әсіресе көрші елдердің әсерімен дамиды.
Қоғам көпжақты, әртүрлі қатынастар жүйесі. Олар бір – бірімен тығыз байланысты, бірінен – бірі туындап отырады. Дегенмен, қоғамдық қатынастар өзінің маңызына, атқаратын рөлінен қарай бірдей немесе бір қатарда бола алмайды. Мысалы, әр адам өзінің өмірін ұйымдастыруда материалдық жағдайы мен басқа да мүмкіндіктерін есепке ала отырып, ең алдымен, қандай қажеттілікті қанағаттандыру керектігін анықтайды, әрине тіршілікті қамтамасыз ететін тамақ, тұратын баспана, киетін киім болмаса, басқа құндылықтар туралы ойлау қиын болатыны сөзсіз.
«Материалистік түсінік бойынша, тарихтағы шешуші нәрсе, сайып келгенде, тіршіліктің өзін өндіру және ұдайы өндіріп отыруы болады, - дейдіФ.Энгельс – Ал оның өзі тағы да екі түрлі болады. бір жағынан – тіршілік заттарын, ... киім – кешектерді, пәтер – үйлерді және осыған керекті құралдарды өндіру; екінші жағынан – адамның өзін өндіру тұқым жая беру түрінде болады».
Материалдық өндіріс – тарихи процестің негізі. Адамдар материалдық игіліктерді өндіру үшін белгілі бір өндірістік қатынастарды тудырады.
Адам баласы басынан әртүрлі қоғамдық өндіріс әдістерін өткізді. Олардың даму дәрежесін бейнелейтін бір ортақ көрсеткіш бар. Ол еңбек құралы. Еңбек – күрделі процесс, қозғалыс, даму. Құрал бола алатын кез келген зат еңбек құралы бола бермейді. Ол ең алдымен, адамның қажеттілігін өтеуге жарамды болып, оның тікелей қатысымен еңбектенуге қолайлы құралға айналуы керек. Ертедегі тас дәуірі – жабайы адамдар тастан жасаған балта, балға, пышақ тектес құралдарды қару еткен заман болған еді.
Еңбек құралы мен адам бір уақытта пайда болып, бірге жасап келеді. Олар бір – бірімен біте қайнасқан.
Табиғат заттарын игеру бірқалыпты бола бермейді, күрделеніп отырады. Адам еңбек құралдарын жетілдіре берді. Бұл процесс шексіз. Адамның табиғатпен байланысы ұлғайып, тереңдеген сайын оның керексінуі артады, еңбек қарулары өзгереді, өздері де жаңаша қалыптаса береді.
Адамның от жаға біліп, пайдалануы өміріне түбегейлі өзгеріс әкелді. Ол металлургия өндірісінің өзегіне айналды. Тас, қола, темір «ғасырлары» деп аталған әртүрлі технологиялық өндіріс әдістері өмірге келді.
К.Маркстің «экономикалық дәуірдің айырмашылығы не өндіретіндігінде емес, қалай және қандай еңбек құралдармен өндіретігінде» деген тұжырымы өміршеңдігін көрсетті. Шындығында, еңбек құралы қоғамның өсу дәрежесін белгілейді және бейнелейді. Ұзақ мерзімді қамтыған қоғам дамуының тарихы еңбек құралдарының даму тарихы десе де болады.
Адамзат тарихының балаң дәуірінде өндіргіш күштердің дамуының деңгейі мейлінше төмен болды, соған сәйкес қажеттіліктер де қарапайым еді.
XX ғасырда әлеуметтік қажеттіліктер жан – жақты дамып, күрделене түсті. Адамдар ешқашан қол жеткенге қанағаттанып, тоқырап қалған емес, керісінше, өндірісті үздіксіз жаңартып, алған білімін, ашқан жаңалығын, тәжірибеде пайдаланумен келеді. Жаңадан пайда болған өндіріс құралдары адамнан білім мен тәжірибені, қабілетті талап етеді. Күнделікті тұрмысқа, өндіріске енген электроника адамдардан едәуір дәрежедегі дайындықты керек етеді.
Еңбек құралдарының дамуы нәтижесінде техника пайда болды. Техника- жасанды органдар жүйесі, оған адам өзінің көптеген функцияларын сеніп тапсырады. Қазіргі замандағы техника – адамға таусылмас энергия мен шексіз мүмкіндік беретін ерекше әлем.
Еңбек құралдары мен техника өндірістің құралдары болып табылады. Оларды материалдық өндірістің заттық бөлшегі деп қарастыруға болады.
Өндіріс тәсілінің құрылымында адам ерекше орынға ие. Адамның жан қиярлық еңбегі, қажымас қайраты, кәсіптік шеберлігі, ұйымдастыру қабілеті кез – келген материалдық өндірістің дамуындағы аса маңызды фактор. Адам - өндіріс тәсілінің тұлғалық бөлшегі.
XX ғасырда нақты білім жүйесі ретінде ғылым қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналды. Материалдық өндірістің өсу қарқыны, денсаулық сақтаудың келелі мәселелері, адам өмірін ұзартудағы жетістіктердің бәрі ғылымның дамуына байланысты.
Қоғамның тарихы – адам мен өндіріс құралдарының өзара әрекеттесуінің тарихы. Әрбір адам жаңа экономикалық және әлеуметтік, тағы да басқа қатынастарды игеріп және жете меңгеріп отырады.
Өндіріс тәсілінің маңызды элементі - өндірістік қатынастар. Олар материалдық өндіріс процесінде адамдар арасында қалыптасатын әртүрлі байланыстар мен қатынастарды білдіреді.
Өндірістік қатынастардың жүйелік құрамы күрделі, оған әртүрлі бағыттағы қатынастар кіреді. Меншіктік қатынастар, құралдар мен еңбектің нәтижелері кімнің қолында екенін анықтайды. Меншік иелері жеке адам, әлеуметтік топ немесе мемлекет болуы мүмкін.
Өндіру процесінде оған тікелей қатынастын адамдар арасындағы қатынастарды технологиялық қатынастар деп атауға болады.
Өндіріліген өнімді бөлу мен иемдену, айырбастау, сату мақсатында әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы қатынастар аса маңызды роль атқарады.
Адам өзін сақтап және келешек ұрпақты өсіріп, адамзат өмірін жалғау үшін игіліктерді шығарғанда бір – бірімен экономикалық байланыс қатынасын жасайды. Жекелеген қоғамдық – экономикалық формациялардың өндірісіне енеді, іс - әрекет жасайды, өндірісті дамытады, қоғамдық қатынастарды қамтиды. Сөйтіп, еңбекшілер – қоғамдық қатынастарды бойына сіңірген, іске асыру үлгісін жасаушы, таратушы.
Әрбір тарихи дәуірде адамдар әртүрлі өндіріс тәсілін дамытты.
Балаң дәуірдегі жинақтау өркениетінде материалдық өндірістің қарапайым түрі дамыды, еркектер аң немесе балық аулады, еңбек құралдарын дайындады, ал әйелдер үй шаруашылығын басқарды.
Аграрлы өркениеттің материалдық өндірісінің негізі жер өңдеу мен мал өсіру облды. Жер өңдеумен қатар қолөнер де ілгеріледі. Қосымша өнім пайда болып, сауда – саттық дамыды, саудагерлер әлеуметтік топқа айналды.
XVIII ғасырдың ортасынан бастап өндірістік өркениет қалыптасты. Осы дәуірде ағылшын ғалымы Дж.Уатт алғашқы бу машинасын ойлап тапты. Табиғатты игеруге мүмкіндік беретін көптеген машиналар пайда болды. Темір жолдар салынып, елдің өндірістік қатынасы нығая түсті. Газеттер мен телефон бірыңғай ақпараттың және рухани кеңістіктің қалыптасуына ықпал етті. Өндірісті көркениеттің тамаша жетістігі – адамдардың космосты игеруі. Бұл өркениет саяси партиялар, профсоюз, парламентарий сияқты қоғамды өмірдің маңызды институттарын тудырды.
XX ғасырдың 60 – 70 жылдарында материалдық өнідірістің жаңа бағыттары дами бастады. Олар адамзаттың өркениеттің, жаңа сатысына, яғни постиндустриялық өркениетке көтерілгендігін дәлелдейді. Оған дейін индустриялдық қоғам дамыды. Көрнекті батыс ғалымы Р.Арон өзінің «Тарих философиясы» деген еңбегінде индустриалдық қоғамның негізгі қасиеттерін атап көрсетеді:
1) өндірісті ғылыми түрде ұйымдастыру;
2) материалдық молшылықтарға жету;
3) ұлттық өнімде өндірістің үлесінің көбеюі және соған сәйкес ауыл шаруашылығының үлесінің кемуі;
4) баюдың көзі ретінде соғысты жою;
5) «индустриалдық қоғамда» өндіріс құралдарына деген меншік формаларының еш маңызы жоқ.
Р.Арон атап көрсеткен индустриалдық қоғамның маңызды белгілері одан әрі тереңдеп, постиндустриялық, яғни индустриялықтан кейінгі қоғам деген ұғымды туындатты. «Постиндустриялық қоғам» теориясын жасаушылардың бірі болған Д.Белл (1919 ж.) қызмет көрсету экономикасы, «плюралистік демократия» және «меритократия» сияқты қоғамның жобаларын ұсынды.
М.С.Горбачев «Основы философии» деген кітабында постиндустриялық өркениеттің материалдық және рухани негіздерін атап көрсетеді. Оларға мыналар жатады:
- адам өзінің көптеген функцияларын техникалық тетіктерге тапсырады;
- адамзаттың керемет энергетикалық қоры, қазіргі уақытта планетада 250-ге жуық атомдық электр станциялары мен жылу – энегетикалық цехтары жұмыс істейді;
- халық шаруашылығында жаңа және икемді өндіріс технологиялары қолданылады;
- ауқымды ақпараттық инфаструктура, бұған космостың байланыс құралдарының көмегімен құралған ақпарат жүйелерін қосуға болады;
- адамның шаруашылық іс - әрекеттерінің көпжақтылығы, мемлекеттік және жеке меншіктің түрлерінің өзара мидай араласып кетуі, әлеуметтік бағытталған нарықтық экономиканың құрылуы;
- біртұтас әлемдік экономикалық организмнің қалыптасуы, елдер мен аймақтар арасындағы шаруашылық байланыстардың нығаюы.
Сонымен қатар, қоғамда рухани өндірістің, яғни ғылыми білім мен ақпарат алудың көздері де ерекше дами түсуде.
Ғылыми техникалық прогресс және ғылыми – техникалық революция ұғымдары адамның еңбек ету әрекетінің ұдайы дамуып отыруының объективті логикасын көрсетеді.
Ғылыми – техникалық прогресс деп өндіріс тәсілінің барлық заттық элементінің ұдайы жетілдіруі мен ғылымның нақты білім жүйесі ретінде одан әрі дами беруі бағытын айтамыз. Адам нақты бір міндетті шешу үшін жаңа технологияны, еңбек құралдарын жасайды және энергия көздерін іздестіреді.
Ғылыми – техникалық революция дегеніміз – қазіргі ғылым мен техника жүйесінде болып жатқан, осы жүйенің барлық компоненттерін, технологиялық қатынастардың барлық жақтарын қамтитын түбірлі сапалық өзгеріс.
Техника өз дамуының жаңа кезеңіне, яғни ғылыми техникалық революцияның нәтижелерін өндірісте қолданудың сара бағыты болып табылатын автоматтандыру кезеңіне аяқ басты. Адам технологиялық процеске тікелей қатысып, оны басқарады, ал ол орындайтын еңбек процестерін технологиялық жүйенің өзі атқарады.
XX ғасыр ғалымдары ашқан революциялық табыстар техникалық даму дәрежесіне өте үлкен әсер етіп, атом реакторларын, атом үдеткіштерін,космос ракеталарын, электрондық есептеу машиналарын, нәзік регистратор аппаратурасын, космос байланыс жүйелерін жасауға жол ашты.
Қоғамның әлеуметтік құрылымы күрделеніп, одан сайын жіктеле түседі. Онда жаңа кәсіптік топтар пайда бола береді. Мысалы, менеджерлер, программистер, космонавтар т.б. Қала халқының саны өсіп, ал ауылдағылардың саны күрт азаюда.
XX ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым – қатынасы күрт өзгерістерге ұшырады. Адамның табиғатқа әсер етуі бұрынғыдан терең көлемді сипатқа ие болуда. Бұл экологиялық мәселелерді тудырады.
Ғылыми – техникалық прогресс адамдардың биосферадағы іс - әрекетінің аясын кеңейте түсуде. Ал оның аясына космостың жерге таяу кеңістігі де ене бастаған, басқа планеталардың ресурстарын пайдалану туралы мәселе қарастырылуда.
Ғылым мен техниканың күрт өсуіне байланысты адамдардың білім деңгейі мен кәсіптік шеберлігі де арта түсуде. Енді өз ісінің шын мамандары мен шеберлерінің қолы жүрер сәті туды. Себебі, нарықтың заңы солай. Бұл үрдіс XXI ғасырда одан әрі кеңейе береді. XXI ғасырдың жалпы белгілері – жоғары технология, жаңа байланыс жүйелері, информатиканы дамыту. Осы жалпы бағыттан Қазақстанды тыс қалды деуге болмайды. Сондықтан да:
- электроника және физиканың оны қамтамасыз ететін тиісті бағыттары;
- есептеуіш техника мен математиканың оны қамтамасыз ететін салалары;
- машина жасау және оның технологиясы XXI ғасырдағы Қазақстан ғылымының жаңа салаларына жатады.
Әрине, мұндай түбегейлі өзгерістер дәуірінде адам да оған әруақытта дайын болуы қажет. Демек, ендігі жерде күнделікті күйбең тіршілікке алданып, уақыт өткізбей, ең болмаса, бір мамандқыты игеріп алудың қамына кірісу керек, меңгеріп қана қоймай, оның ұңғыл – шұңғылын жетік біліп, өз ісінің шебері болған адам ғана заман талабына сай еңбек ете алады.
Ғылыми техникалық революция қоғамға кері де әсер ете алады. Өйткені ол адам баласындағы табиғи бьастаулар мен қоршаған ортаның әдемілігін, үйлесімділігін бұзады.
Ғылыми – техникалық революцияның салдары тіл, дәстүр, мораль, адамгершілік сияқты дәстүрлі мәдениет үлгілеріне әсер етіп, әлеуметтік психологияны, отбасылық қатынастарды өзгертуде.
Саяси сала қоғамдық өмірдің күрделеніп, ондағы әлеуметтік жіктелудің тереңдеп, әлеуметтік теңсіздіктің қалыптасуы нәтижесінде пайда болды. Ол үлкен топтардың қарым – қатынасының реттелуімен тығыз байланысты, оның негізгі элементі билік орталығы болып табылатын мемлекет.
Саясат дегеніміз – билікті өз пайдасына шешу, өзінің талап – тілегін жүргізіп отыруға мүмкіндік алу үшін индивидтер мен әлеуметтік топтар арасындағы айрықша іс - әрекеттің формасы. Бұл іс - әрекет адамдардың мүлдесі мен еркінің, эмоциясы мен ақыл – ойының өзара қабысуы. Саясат – бұл биліктің қатынастар жүйесі. Саясаттың философиялық анықтамасының мәні осында.
Саясат индивидтер мен әлеуметтік топтардың өзара әрекеттесуінің сферасы. Өйткені олардың меншіктік, құқықтық, адамгершілік, тағы да басқа мүдделері өзара бәсекеге түседі.
Саясат әрқашан да күрделі және шатасқан іс - әрекет, одан не нәрсе күту керек екенін айту қиын. Саясат – мемлекетті және қоғамды басқарудың өнері, сондықтан ол саналы іс - әрекеттер саласы. Саясатта саналы іс - әрекет етіп, көрнекті табыстарға жету үшін көптеген қасиеттер қажет.
Саяси билік – деп белгілі әлеуметтік топ пен индивидтің әр түрлі ұйымдар мен заңдардың, идеялардың, қатынастардың күшіне сүйене отырып саясатта өз еркін жүргізу қабілетін айтамыз. Билік ету дегеніміз – басқа адамдардың іс - әрекетіне, тәртібіне әсер ете отырып, өз мүддесін іске асыру. Саяси биліктің күре тамыры – мемлекеттік билік болып табылады. Бұл күш қоғамда тұрақтылық пен реттілікті орнатады.
Саяси өмір қоғамның мүдделері бір – біріне қарама – қарсы әлеуметтік топтарының қалыптасуы нәтижесінде өрбіп дамыған. Қоғам күрделене түсті, әлеуметтік мүдделерді өзара мәмілеге келтіру мақсатында саясат пайда болды. Халық басқарушыларға, элитаға және бағынушыларға, бұқараға бөлінді. Саясаттың негізгі функциясы мемлекеттің көмегімен ықпалды топ пен таптың мүддесін қорғау үшін бүкіл қоғамды басқару болды.
Саяси сала – қоғамның әлеуметтік өмірінде туындап, дамып отыратын процестердегі салдары мен бейнесі.
Саяси қажеттіліктер мен мүдделер - адамдардың саяси қызметінің қозғаушы күші. Бұған меншіктік қажеттіліктер, олардың идеалы мен абыройы, адамгершілік жөніндегі ойлары жатады.
Саяси сана қоғамның саяси өмірінің рухани жағын бейнелейді. Оған саясат пен мемлекект туралы қарапайым көзқарастар мен ілімдер, теориялар жатады. Саяси сана жоқ жерде толық қанды саяси өмір де болуы мүмкін емес. Саясат туралы білім мен көзқарастарына сүйене отырып, адамдар оған саналы түрде ат салысуға, саяси фактілер мен құбылыстарға баға беруге мүмкіндік алады.
Қоғамның саяси өмірін зерттей отырып, философия саясат субъектілерінң саяси мәдениетіне, лидерлер мен бұқараның өзара қарым – қатынасына, саясатқа қатысушылардың рухани деңгейіне ерекше көңіл аударады. Философия саяси өмірдегі субъективті бастаманың жоғары деңгейін атап көрсетеді. Ол, сонымен қатар, қоғамның қаншалықты деңгейде демократиялық, яғни саясатқа қатысушылардың мүмкіндіктері бірдей ме, бірдей емес пе деген мәселелерге көңіл қояды. Саяси өмірідің институттарына әртүрлі партиялар, қоғамдық ұйымдар мен ассоциялар жатады. Дегенмен, саясаттың негізгі құралы мемлекет болып табылады.
Саясат билікті сақтау, тұрақтау, функциясын орындап қана қоймай сонымен қатар қоғамда азаматтық келісім, ізгілік орнатуға да атсалысады.осы мақсатта іс - әрекеттің өркениетті формалары констуктивті диалог, компромисс, партнерлік кеңінен қолданылады.
Саясатта айлакерлік те, екіжүзділік те, таза емес ойын да, жауыздық та, қаталдық та бар.
Саяси қатынастар әлеуметтік топтар мен индивидтер арасында билік үшін күрес жолында қалыптасатын байланыстар мен бағынушылақтар.
Саяси іс - әрекеттер саяси принциптер мен идеяларға сүйенеді.
Ең алдымен, заңның үстемділігін барлық жерде қамтамасыз ете алатын нақты құқықтық мемлекет құру бірден – бір қажеттілік. Мұны жүзеге асыру үшін мемлекеттік құрылымдардың өздері заңда белгіленген ережелер бойынша қимыл жасауы керек. Саяси процестің басқа субъектілеріне қойылатын талап та осындай. Сонымен қатар, қоғамдағы барлық азаматтар заңға сәйкес өмір сүріп үйренуге тиіс. Бұл толыққанды демократияға көшудің сара жолы.
Демократияның қанат жаюы экономикалық өмір шарты мен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін басқа да іргелі құқықтардың іс асырылуымен тығыз байланысты.
Орталық Азияда халықаралық экстремизм қысымының ұлғайып келе жатқанын еске ала отырып, халықтың аса күрделі ұлттық және мәдени құрамын ұдайы назарда ұстап, процестерді дұрыс бағытта дамытып отыруымыз керек.
Саяси жүйені демократияландыру сот жүйесін жетілдіру, құқықтық реформа, өкімет органдарының өкілеттілігін кеңейту, сайлау процесін, азаматтық қоғам институттарын нығайту бағыттарын дамыту арқылы іске асырылады.
Қоғам өте күрделі жүйе. Ол өзінің сан ғасырлық даму барысында адамның материалдық - өндірістік, әлеуметтік – саяси, рухани – адамгершілік салаларына енгеннен кейін сан түрлі қажеттілік тудыратын орасан мол материалдық және рухани қазыналар туғызды. Бір адамдар әсем бұйымға әуес болса, келесі біреулер театр алдында, кітап дүкенінде көбірек болғанды ұнатады. Адамның қажеттілігі қарапайым материалдық мұқтаждықтан асқақ рухани сұранысқа дейін жетеді.
Қоғамда белгілі бір әлеуметтік құрылым болады. Әлеуметтік құрылым ұғымы қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс күштерінің және өндірістік қатынастардың деңгейіне байланысты қалыптасқан қауымдардың тұтастығы мен олардың өзара тұрақты қатынастарын білдіреді. Әлеуметтік құрылым қатарына адамдардың жас шамасына, жынысына, ұлтына, кәсібіне, туған жеріне, тағы басқа да ерекшеліктеріне байланысты шоғырланған топтары жатады. Бұл осы топтардың қажеттеліктері мен қызығушылықтарының іс - әрекеті мен белсенділігінің себептерінің әлемі. Мұның өзі қоғамдық өмірге тән ерекше сипаттағы әлеуметтік кеңістікті қалыптастырады.
Бұл жүйенің өзіндік құрылымы бар, яғни әр элементтің әлеуметтік кеңістікте өз орны, өзіне тән сипаттары бар.
Әлеуметтік құрылым – салыстырмалы, тұрақты және бірқалыптағы топтарының жиынтығы мен олардың арасындағы өзара іс – қимыл жасаудың, байланысудың белгілі бір реті.
Әлеуметтік кеңістікте жіктелудің мынандай түрлері бар:
- адамдардың әлеуметтік – таптық қауымдастығы (таптар, топтар)
- әлеуметтік демографиялық топтар (жастар, әйелдер, қариялар)
- адамдардың шағын топтары (отбасы, еңбек ұжымы)
Әлеуметтік қауымдастық дегеніміз – жалпы қызығу объектілері мен іс - әрекеттері, психологиялық ерекшеліктері мен өмір салты бір – бірімен ұқсас адамдардың біртұтастық жиынтығы.
Қауым – адамзат басынан өткерген дүние жүзі халықтарының бәріне ортақ алғашқы қауымдық құрылыстың негізгі экономикалық ұясы. Онда өндіріс құрал – жабдықтарына қоғамдық меншік болған. Еңбек ерлер мен әйелдер, еркектер мен балалар арасында табиғи түрде бөлінді. Өндірілген өнімді бірлесе отырып, бөліп, тұтынып отырды.
Қауымның дамуы – қауым мүшелері тұрақты атқаратын еңбек түрлерінің күрделеніп, көбейе түсуімен және осы түрлердің өзара байланысының күшеюімен сипатталады.
Қоғамдық еңбек күрделене түскен сайын қоғамның әлеуметтік жүйесі де біркелкі болмайды, ол да өзгеріске ұшырап отырады.
Қоғамның әлеуметтік құрылымының біркелкі болмайтыны туралы көне дүние философтары айтып кеткен. Мәселен, Аристотель «Әрбір мемлекетте үш бөлік бар: өте дәулеттілер, ең жарлылар және үшіншілер, яғни солардың тұрғандар».
Қоғамдағы таптар туралы ілімді жан – жақты дамытқан К.Маркс еді. Ол жұмысшы табы мен капитал арасындағы қарама – қайшылық қоғамның ішкі қасиетінен туындайтындығын, яғни капитал дүниесінің өзінен бастау алатындығын көрсетті.
К.Маркстің таптар туралы ілімі кеңес одағында ерекше маңызға ие болып, оның бастапқы қағидалары көп жылдар бойы қоғамның әлеуметтік жіктелуінің теориялық, методологиялық негізі болып келді.
К.Маркс ерекше көңіл аударған меншіктік қатынас пен өндіріс тәсіліне сүйене отырып, қоғамда жұмысшы табы мен колхозшы, шаруа табы ғана бар деп есептедік. Ал интеллигенцияны аралық топ деп қарадық.
Бір жақтылыққа кеңес ғалымдарының ішінде алғашқы көңіл аударған белгілі социолог Р.В.Рывкина болды. Ол 1989 жылы «талдау құралдарының әдістемелік және теориялық құрамында әлеуметтік стратификация (бөлшектеу) теориясының алар орны ерекше. Біз үшін әлеуметтік топтардың, олардың меншікті иелену жүйесінде, билік, табыс және бедел мәселесінде іс - әрекет методикасын анықтау өте қажет» деп жазған.
Р.В.Рывкина атап көрсеткен әлеуметтік стратификация теориясының авторы 1922 жылы шетелге кеткен әйгілі орыс ғалымы П.Сорокин еді. Ол АҚШ-та жемісті еңбек етті. 25 жыл бойы Гарвард университетінің социология кафедрасын басқарды.
П.Сорокин тарихта жіктелуге, әсіресе әлеуметтік жіктеуге тап болмаған қоғамның болмағандығын, олай болмады деп ойлау миф екендігін айқын дәлелдейді. Оның ойынша, кез – келген қоғамда әлеуметтік стратификацияның үші түрі бар.
Бірінші – кәсіптік, яғни адамдар технологиялық белгі бойынша бөлінеді.
Екінші – адамдардың экономикалық жіктелуі, олардың тұрмыс деңгейі, кіріс – табыс мөлшері әртүрлі. Үшінші жіктелу – саяси стратификация деп аталады, өйткені кез келген қоғамда оны басқаратын элита және оған бағынышты бұқара өмір сүреді.
Әлеуметтік жіктелу Конституциясында барлық адамдардың теңдігі жазылған демократиялық қоғамдар да орын алған. Жіктелу отбасында, шіркеуде де, тіпті кез келген әлеуметтік топ та болуы мүмкін.
Қоғамның жікке бөлінуі табиғи және заңды құбылыс. Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтік біркелкілікті орнатуға бағытталған коммунистік идея ешуақытта тәжірибеде орындалмас еді.
П.Сорокин кез келген тарихи дәуірде жіктелу күштері мен қоғамдағы топтарды бір – бірімен жақындастыруға тырысқан күштердің арасында әрдайым күрес жүріп отырады деп пайымдаған. Бірінші күш – ұдайы және тұрақты жұмыс істейді, ал екіншілері - өз жұмысын келеңсіз, тіпті кейде бір сезімге берілумен жүргізеді. Мысалы, кеңес өкіметі кезінде қоғамдық меншіктік қалыптастыру жолдары белгілі бір күш қолдану арқылы іске асырылды, не болмаса селоны қаланың деңгейіне көтеру үшін адамдардың дәстүрлі өмір сүру салтының жекелеген элементтерін жою т.б.
Әлеуметтік стратификация – қоғамдағы халықтың табиғи, қалыпты жіктерге (топтарға) бөлінуі. Әртүрлі топтар арасында құқық пен артықшылықтар (привилегии), міндеттер мен жауапкершіліктер әртүрлі бағытта, сарында бөлініп отырады. Л.Сорокиннің ілімінің үлкен танымдық мүмкіндігі бар, өйткені ол қоғамды оның ішкі әртүрлігі мен көпжақтылығы тұрғысынан қарастырады. Бұл идеяның методологиялық маңызы өте жоғары, өйткені, ол қоғамды қоғамдық еңбектің дамуымен, оның көпжақты көріністерін бейнелейтін күрделі біртұтастық ретінде түсінуге жол ашады.
Қоғамдық өмірдің әлеуметтік саласын зерттеуде маркстік көзқарас та маңызды роль атқарады. Әлеуметтік саланың объективті негізі қоғамның материалдық өмірі болып табылады.
А.Айталиев «Ұлттану» тақырыбындағы көрнекті еңбегінде адамдар өздерінің жүріп өткен тарихи жолында басынан кешірген алғашқы топтар төңірегіндегі бірқатар терминдерді анықтап көрсетеді. Ол өз талдауын «нәсіл», «нәсілдік топ» ұғымын саралаудан бастаған.
Адамдардың антропологиялық жалпы белгілері бойынша топтасқан бірлестігі – нәсіл деп аталады. Нәсіл – шығу тегіне және әртүрлі тұқым қуалайтын ерекшеліктеріне байланысты бірлескен – адамдар тобы.
Ру – алғашқы қауымның экономикалық қатынасының барысында туыстық байланыстармен топтасқан адамдар бірлестігігінің түрі. Рудың экономикалық негізі жерге деген қоғамдық меншіктік қатынас.
Алғашқы қауымдық құрылыстың маңызды қауымдастың түрі – тайпа болды. Ол – белгілі бір территорияда тұратын, ортақ тілі, діні, әдет – ғұрпы бар рулар мен рулық қауымдастықтың одағы. Тайпаның ыдырауына мүліктің оқшаулану мен ақсүйектердің жіктелуі, қолбасылар рөлінің артуы себеп болды. Рулық қатынастардың товарлық қатынастармен алмасуына байланысты тайпалар халықтарға біріге бастады.
А.Айталиев халық ұғымының әдебиетте үш мағынасы бар екендігін көрсетеді. Біріншіден, белгілі бір елде қоныс теуіп, өмір сүретін адамдар тобы – халық деп аталады.
Мысалы, Қазақстан халқы, Ресей халқы. «Халық» осы мағынада территориялық, мемлекеттік ұғымды білдіреді.
Екіншіден, халық ұғымы этникалық қауымдастықты бейнелейді. Орыстар, қазақтар, еврейлер т.б. Құрамы біркелкі елдерде ұлт, мемлекет, халық ұғымдарының мазмұны біртектес.
Үшіншіден, халық деп – көп ұлтты мемлекеттің сан жағынан аз халықтың тобын атайды.
Ұлт деп жер, тіл, экономикалық қатынастар, мәдени ерекшеліктер мен психологиялық ортақтығы негізінде қалыптасқан адамдардың тарихи - әлеуметтік этникалық бірлестігін айтады.
Ұлттың бірнеше маңызды белгілері бар. Біріншіден, территорияның ортақтығы. Бірақ тек қана белгілі территория емес, сол территорияда өрбіген шаруашылық кәсібі маңызды болған. Мысалы, біздің қазақ халқының өмір салты, еңбек тәжірибесі, талғамы, мінез – құлқы, әдет – ғұрыпы көшпелі мал шаруашылығының адам өмірі мен психологиясына тигізген әсерінен туындайды.
Екіншіден, ортақ территорияға тілдің де ортақтығы қосылады. Ұлттық тіл - әдебиетте, бекіген осы ұлттың барлық өкілдеріне тән сөйлеу.
Үшіншіден, экономикалық өмірдің ортақтығы. Ол елдің әртүрлі аймағының белгілі бір кәсіпке бейімделуі мен олардың арасындағы сауда – саттық қатынасының нығаюымен тығыз байланыста болады.
Әр ұлттың өзіне тән менталитеті болады. Менталитет – қазақша, «діл» деген ұғыммен барабар. Менталитет дегеніміз – ұлттың «қоршаған әлемді белгілі бір кейіппен, қалыпта сезіну, түйсіну, түсіну және іс - әрекеттер жасау мақсатында қордаланған табиғи – тарихи дайындықтары мен ыңғайларының жүйесі» деп жазды С.Е.Нұрмұратов.
А.Айталиев философия және саяси ойлар тарихында этнос болмысын белгілі бір бастаулармен байланыстыру орын алғандығын атап көрсетеді. Оған биологиялық, географиялық, діни, экологиялық, мәдени, тіл, таптық тағы басқалар жатады. Осы сипаттағы барлық теориялардың жинақтап, сұрыптап, саяси - әлеуметтік және табиғи – биологиялық тұжырымдамалар деп екіге бөле отырып, ғалым Л.И.Гумилевтің пассионарлық теориясын ерекше атап өтеді.
Гумилев ұлттың пайда болып, қалыптасуында атмосфера, гидросфера, биосфера маңызды роль атқарғандығына ерекше назар аударған.
«Этностардың бір – бірінен айырмашылығы олардың қоршаған табиғи – территориялық ортаға бейімделуіне байланысты. Әр ландшафт өз этносын өмірге әкеледі. Ал өз ландшанфтынан айрылған этнос (жер аударғанда, көп ұлттың қалаға көшкенде, тағы басқа жағдайларда) басқа бір этносқа жанды қауымдастыққа айнала бастайды.
Этнос қалыптасуын, дамуын және бірте – бірте сөніп ыдырауын Л.Гумилев бес кезеңге бөледі.
Бірінші кезең – этностың материалдық және рухани күш жинау кезеңі. Оны автор «императив» деп атайды.
Екінші кезең – «пассеизм», ұлттың тарихи сахнаға шығуы, оны құрайтын аталастар өздерін ата – бабаларының жалғасы ретінде сезініп, ұлттық мұраға үлесін қосады. Тағы да бір табыс – жеңіс, тағы да бір ғимарат, тағы да бір әдеби ғылыми туынды, тағы да бір шыңдалған семсерден, ұлттық құндылықтар осылай тырнақтап жиналады. Бұл кезеңді Л.Гумилев қуатты құлшыныс (пассионарность) деп атайды.
Үшінші кезең – «актуализм» немесе «гүлдену», «сұйылу» деп анықталады. Бұл тұста адамдар өткенін ұмыта бастайды, ұлттың болашағын ойламайды, оны білгісі де келмейді. Олар өздері үшін ғана өмір сүріп, жеке қара бастары үшін ғана ерлік жасайды. Бірте – бірте тоғышарлық психология күш алып, бұрынғы ұлттық мұра шашылып – төгіліп, ысырап болады. Оны орынсыз жұмсау, алдамшы молшылық, гүлдену сияқты жалған ойлар тудырады.
Төртінші кезең футуризмге – этностың бұрынғы тарихын өткен заман деп бағаламау, бүгінгі ұлттық мүддені тиімсіз деп қабылдамау, болашаққа, арманға ғана сену.
Бесінші кезең – ұлттың ыдырауына, күйзеліске ұшырауына байланысты. Пассеизм, актуализм, футуризм және күйзеліс, немесе ыдырау ұлт қалыптасуының дамуының өзара байланысты үйлесімді кезеңдері. Ол шамамен 1200 – 1500 жылға созылады. Даму үстінде ұлт табиғаты күрделі өзгерістерге ұшырайды, бүлдіргіш процестер мен жасампаз процестер де жаңа этникалық қауымдастықтар қалыптасуға алғы шарттар жасайды».
Қазақстанда қазіргі уақытта тарихи мәдени шығу тегі жағынан алшақ тұрған этностар өмір сүруде. Қазақстандық екі негізгі ұлт – екі үлкен этностың, (түркі және славян) өкілдері. Бұдан басқа немістер, корейлер, поляктар, еврейлер, татарлар тұрады. Бұл халықтардың әлеуметтік жағдайлары біркелкі емес. әлеуметтік кәсіптік құрылымдары, әлеуметтік дәрежелері, аймақтық, қоныстық жағдайлары да әртүрлі.
Мұндай жағдайда қоғамдағы жарастық, үйлесімдік, бір ұлттың екінші ұлтқа төзімділікпен, түсіністікпен қарауы, өзара сыйластықпен қатынас жасауы қоғамдық әл –ахуалдың оңдылығын, өркениетті даму жолында екенін көрсетеді.
Бүгінгі таңда әртүрлі этникалық топ адамдары арасында өзара түсіністік кеңістігін орнатып, әлеуметтік және экономикалық қайта құруды ілгері апару үшін әркімнің бойында жеке азаматтық сезім мен адамгершілік жауапкершілікті қалыптастыруда патриоттық және интернационалдық тәрбиенің маңызы зор.
Патриотизм дегеніміз - өз елін, өз отанын, өз аймағын сүю, сыйлау ғой. Ол ашық қоғам, нарық, демократия сияқты құндылықтарға қайшы келмейді. Керісінше, ол демократиялық дамуды мақсат еткен қоғамның ең жоғарғы құндылығы болып табылады.
Өйткені өз ұлтын, өз елін, өз Отанын қадірлей бағалай білетін адам ғана басқа ұлттар өкілдеріне шынайы адамгершілік, сыйлау тұрғысынан қарай алады.
Әрбір ұлттың тарихына, дәстүріне, өмір сүру салтына, мәдениетіне, ұлттың құндылықтарына үлкен сыйластықпен қарап, оны аялау интернационализмге жетелейді.
Интернационализм әлеуметтік реалдылықта бүкіл әлемнің, табиғаттың объективті біртұтастығын айқындайды. Интернационализм термині «халықаралық» деген мағынаның синомимі ретінде бүгінгі таңдағы журналистік, дипломатиялық лексикада жиі қолданылуда. Ол жалпы Жер планетасында интернациялану процесінің ауқымды бола түсуін меңзейді.
Маргиналдар – белгілі бір себептерге байланысты қоғамның негізгі әлеуметтік табына, тобына кірмей қалған аралық жағдайдағы адамдар. Маргиналдар мәдениет аралық өзара байланыстың нәтижесінен туындаған. «Бұл құбылыспен адамдардың шынайы өзіндік ұлттығынан айрылған және басқа этностың мәдениетіне бойлап ене алмай, екі ортадағы шекаралық жағдайда өмір кешіп жатқан азаматтардың сана сезімін, дүниетанымын өмір салтын атаған», - деп жазды С.Е.Нұрмуратов.
«Маргинал» (кейінгі латын тілінде – шетте тұрған, «шекарада орналасқан»дегенді, ал француз тілінде – «қосымша», «жанама», бір нәрсенің шетінде жазылған дегенді білдіреді).
Бұл терминді Р.Парк 1928 жылы жарияланған «Адамдар миграциясы және маргинал адам» деген еңбегінде алғаш рет қолданған.
XX ғасырдың 20 – шы жылдары Р.Парк Азияда Гавай аралдарына және Оңтүстік Африкаға саяхат жасайды. Қазақстандық мәдениеттанушы ғалым А.Құлсариева Гавай аралдарында, бір жағынан Америкадан, Еуропадан және Азиядан жеткен ұлттық мәдениеттердің, дәстүрлердің, діндердің, ал екінші жағынан, жергілікті полинезиялық мәдениеттің дамуы, әрі солардың өзара араласуы нәтижесінде бұдан (гибрид) мәдениет қалыптасқандығын айтады. Яғни Батыс және Шығыс мәдени дәстүрлері өзара ұшырасып, жаңа мәдени тип қалыптастырды.
Гавай аралығындағы осындай өзгерістерден алған әсерінен Р.Э.Парк жаңа өркениетті дамытатын, өрістетін жана типті тұлғалар да болуы қажет деген қорытынды жасап, осы жаңа тұлғаларды «маргиналдар» деп атады. Оның пікірінше, «маргинал адам» - екі түрлі, бір – бірімен жиі қақтығысатын мәдениеттер шекарасында орналасқан индивид. Ол қандайда бір әлеуметтік топтардың ортасында аралық шекаралық жағдайда орналасқан, өзінің бұрынғы әлеуметтік байланыстарын жоғалтып, өмірдің жаңа талаптарына бейімделген адам.
Маргинал адам - екі түрлі халықтардың мәдени өмірі мен дәстүрлерінде өмір сүруші, әрі оларға саналы түрде қатысушы адам. Ол ешқандай өз өткенінен және дәстүрлерінен қашып кете алмайды да және ешқашан өзінің жаңа орнын таппақ болып жатқан бөтен қоғамда толығымен қабылданбайды да.
Тұрғын халық – қоғам дамуының аса қажетті табиғи жағдайы. Белгілі бір аймақта тіршілік ететін халықсыз табиғаттың байлығын меңгеру де, ілгерілеп даму да мүмкін емес, тіпті өндіріс те болмайды. Өйткені кез келген өндіріс белгілі бір мөлшерде адамдар санын қажет етеді.
Халықтың жынысты, этникалық құрылымы, туу, өсу, қоныс аудару процесінің барысы туралы мәселелерді демография ғылымы зерттейді. Демография - әлеуметтік, экономикалық, биологиялық, саяси, медициналық мәселелерге көңіл аудара отырып, миграция, табыс көзі мен еңбек русурстарын бөлумен де айналысады.
Демография жас, жыныс, отбасылық белгілеріне сүйене отырып, халықтың жастық, жыныстық динамикасын да анықтайды.
Осы белгілер тұрғысынан халықтың құрылымының екі қыры бар: біріншісі, белгілі бір аймақтағы әйелдер мен ер адамдардың, екіншісі, әр түрлі жастағы адамдардың қарым – қатынасы.
Этностық және демографиялық факторлармен қатар қоғамда арнайы қоныстану жүйесі бар. Тұрғылықты жер, қоныстануды әлеуметтік жүйеге енгізіп, оны арнайы қарастырған С.Э.Крапивенский.
«Қоныстану құрылымы – қоғамды ұйымдастырудың кеңістіктегі түрі. Бұл ұғым адамдардың өзі тіршілік етіп отырған территорияға қарым – қатынасын білдіреді» - деп жазады С.Э.Крапивенский. Адамдар негізінен қала мен ауылда немесе селода өмір сүреді.
Қала мәдениет ошағы, онда кинозалдар, театр, музейлер, кітапханалар шоғырланған. Тіпті қаланың өзінің пайда болуы да аса маңызды мәдени – рухани шығармашылық болып табылады. Өйткені, қаланы әдемі, ыңғайлы ететін адамдардың көркемдік ойының мүмкіндігі, өзінің кеңістікті, кескінді, мөлшерді игерудегі бар өнерін қала құрылысына жұмсайды.
Қала халқының рухани деңгейі мен белсенділігі жоғары, өйткені қала тұрғындары кәсіптік іс - әрекетпен белгілі уақытта, белгіленген мөлшерде айналысады. Оның жұмыстан бос уақыты мол, өзін - өзі дамытуға мүмкіндігі бар. Бос уақытында өзі ұнатқан ісімен айналыса алады, кітап оқиды, білімін тереңдете алады.
Ауыл немесе селоның өзіндік ерекшеліктері бар. Ауыл адамдары ашық – жарқын, қонақ – жайлы, еңбекқор. Ауыл тіршілігі адамдардан үлкен табандылықты, жігерді қажет етеді. Күні – түні еңбек етуге тура келеді.
Ауыл адамдары білім, өнер көздерінен тікелей нәр ала алмайды. Сондықтан олардың рухани деңгейі жалпы қалаға қарағанда төмен болуы мүмкін. Бірақ мұны біржақты түсінуге болмайды. Ауыл өмірінің жанға жайлы қарапайым ритмі адамдарға жақсы әсер етеді.
XX ғасырда қала мен ауыл айырмашылығы бірте – бірте жойыла бастады. Бұл процесс қала типтес поселкалардың пайда болуымен кең өріс алды. Қала мен село тұрғындары бірыңғай технологиялық әдіс арқылы өндірісті игере бастады.
Жалпы қалалық өмір деңгейінің өріс алуы – урбанизация деп аталынады.
Қазақстанда адамдардың қалада шоғырлануы өсе түсуде. Мысалы, Алматыда 1939 жылы 220 мың халық тұрса, бұл күндері ол 1,5 млн. тұрғыны бар үлкен қалаға айналып отыр. Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Шымкент қалаларының тұрғындары 2 – 3 есе өсті.
Адам қалада тұрсын немесе ауылда күнелтсін, бәрібір ол белгілі бір топтың немесе таптың өкілі.
Таптар дегеніміз – адамдардың қоғамдық өндірістің белгілі бір жүйесінде алатын орнына, өндіріс құрал – жабдықтарының қатынасына, еңбекті қоғамдық жолмен ұйымдастырудағы рөліне қарай, яғни қоғамдық байлықтан алып отырған үлесінің мөлшеріне және ол үлесті бөлу әдістеріне қарай жіктелетін үлкен топтары. Бұл анықтаманы «Философиялық сөқздіктен» алып отырмыз.
Латын сөзі «classis» топ, жік, класс дегенді білдіреді. Қоғам дамуының алғашқы кезеңінен бастап – ақ, онда әртүрлі топ өмір сүрген. Класс, тап туралы жүйелі ілім марксизм философиясында жасалды. Оның туындауының тарихи негізі – капиталистік қоғам. Өйткені, капитализмде қоғамдық қарым – қатынастар жүйесі кәдімгідей жеңілдеді, соның нәтижесінде тапқа тән белгілер дараланып, көріне бастады. Қазіргі замандағы тап теориясында оның көрнекті екі бағыты көзге түседі: маркстік және либералды – демократтық.
Маркстік теорияда таптың негізгі белгісі ретінде адамдардың өндіріс құрал – жабдықтарына меншіктік қарым – қатынасы алынады. Таптың экономикадағы жағдайы оның басқа да – саяси, құқықтық, идеологиялық, әлеуметтік, адамгершілік, мәдени жағдайын анықтайды.
Батыстың өркениетті елдерінде кең тараған либералды – демократиялық ілім бойынша да тапқа бөлудегі белгі – экономикалық болып табылады. Бірақ оның марксизмнен айырмашылығы, ол негізгі емес, екінші қатардағы фактор болып табылады. Бұл жерде, ең алдымен, кіріс көлемі есепке алынады. Кірісінің көлеміне қарай таптар жоғары, орташа, төменгі деп бөлінеді.
Жоғарғы тапқа, яғни байлар табына миллионерлер мен миллиардерлер жатады. Бұлар – сауда, финанстық - өндірістік буржуазияның өкілдері. Сан жағынан көлемі өте аз. Әртүрлі елдерде олардың саны 0,25 пайыздан 1 пайызға дейін болады.
Орташа тап саны жағынан өте көп. Оған әртүрлі меншік иелеріне, яғни мемлекетке, буржуазияға, әртүрлі қорларға жалданып еңбек ететін адамдар кіреді.
Төменгі тапқа табыстары күн көру минимумінен әлдеқайда төмен адамдар жатады. Бұлар мүгедектер, пенсионерлер, бомждар, тентіреп жүргендер. Батыс елдердің ғалымдарының пікірі бойынша, төменгі тап сан жағынан жоғары тапқа сәйкес келеді.
Мемлекет салық саясаты мен қолында бар басқа да тетіктерді пайдаланып кіріс бөлісуді реттеп отырады, сондықтан да таптар арасындағы айырмашылық ашық антагонизм дәрежесіне көтерілмейді.
Қазақстан әлеуметтік жүйесінде күрделі өзгерістер пайда болуда. Айналасы 3-4 жылдың ішінде Қазақстанда бұрын болмаған таптар пайда бола бастады. Бұлар – кәсіпкерлер, фермерлер, банкирлер, жеке меншік фирмалардың, дүкендердің, ресторандар мен қонақ үйлердің иелері т.б. Кеңес өкіметінен қалған таптар мен әлеуметтік топтардың жағдайы күрт өзгерістерге ұшырады. Қоғамда жіктелу процесі өте үлкен қарқынмен жүріп жатыр. Қазақстанда меншік иелері табы қалыптасуда. Бұл республикадағы маңызды жаңалық. Мұның өзі экономикалық сипатының өзгергенін көрсетеді.
Нарықтық экономика әлеуметтік жүйені түбірлі өзгертеді. Меншіктің жаңа түрлері – жеке, корпоративті, акционерлік, коллективтік, жартылай жеке, жартылай мемлекеттік болып қалыптасуда. Оның иелері – кішігірім, орта кәсіпорындардың, сауда үйлерінің, акционерлік компаниялардың өкілдері.
Республикада шетелдермен бірлескен компаниялар да жұмыс істей бастады. Сөйтіп Қазақстанда меншік иелері табы қалыптасуда. Бірақ оның саны әлі аз, жағдайы тұрақты емес.
Олардан басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындардың, ұйымдардың, банкілердің, министрліктердің қызметкерлері бар. Олар тек жалақы алады. Әрине, жалақы тек қарапайым ғана мұқтаждықты қанағаттандыра алады. Сондықтан адамдар жұмыс орнын ауыстыруға мәжбүр болды.
Қазақстанның қазіргі жағдайында әлеуметтік мобильдік жиі орын алып отыр. Жұмысшы немесе қызметкер кәсібінің өсіп, жаңа мамандық алуына байланысты басқа тап немесе топқа өтеді. Өндірістің тоқтап тұруына байланысты көптеген адамдар өзінің байырғы мамандығымен жұмыс істей алмайды. Сондықтан ол екінші мамандық алуға тырысады. Байырғы үйреншікті жұмысын жоғалтқандардың көбісі қызмет ету жағына ауысуда. Қызмет көрсету саласының көлемі көбейе түсуде. Мұның себебі, қонақ үйлер, дүкен, мода үйлері, дене шынықтыру комплекстері, казино, санаторий сияқты адамдарға әртүрлі қызмет көрсететін объектілердің қатары өсе түсуде.
Қоғамның нарықтық қатынастарға бет тұра бастауы әлеуметтік кесел – жұмыссыздықты тудырды. Экономикалық жағынан тиімсіз кәсіпорындардың жабылып қалуы жұмыссыздардың санын көбейте түсті. Бірақ адамдар қарап отырған жоқ. Сауда – саттық жасап, қажет жерінде өзінің еңбегін сатып күн көріс жағдайын жасауда. Ауылды жерлерде тұратын азаматтар өзінің жекеменшік шаруашылығына еңбек етіп, малын бағып, өзін - өзі асырап отыр.
Көптеген дамыған елдер орта тап қоғамын құрамыз деп жариялады. Орта тап – деген ұғым қоғамдық ғылымдарға XX ғасырдың басында еніп, батыс елдеріне насихаттала бастады. Бұл топқа алғашқы кезде дәрігерлер, адвокаттар, кәсіпкерлер, фермерлер, кейбір кәсіпкер жұмысшылар жатқызылды. Бүгіндері бұл таптың шекарасы кеңейтіліп, бұған 10 мың мен 100 мың доллар арасында табысы бар адамдар енгізіді. Бұл топтың негізі белгісі – экономикалық көрсеткіш. Қазір орта тапқа қоғамның барлық стратының өкілдері кіре алады. «Орта тап» теориясы батыс қоғамында адамдардың көпшілігі табысты және ықпалды деген пікірді дәлелдеуге бағытталған. Америка Құрама Штаттары, Англия өздерін орта тап қоғамымыз деп жариялады.
Қоғам өміріндегі қазіргі қиындықтарға қарамастан Қазақстан да өркениетті ел. Оның кәсіпкер мамандары, ғылымы, мәдениеті, бай шикізат қоры, көптеген елдермен жан – жақты байланысы бар. Сондықтан Қазақстанда да орта тап қалыптасуына жағдай жасалынатынына сенуге болады.
Қоғамның әлеуметтік жүйесінде білім беру, білім алу да маңызды роль атқарады. Білім – қазіргі өрлеудің, тұрақты дамудың негізі. Білім жүйесінің әлеуметтік функциясы терең және қомақты. Өйткені ол - әлеуметтік ауысулардың негізгі құралы. Жоғары білім алған жұмысшы интеллигенция қатарына, ал менеджерлік дайындықтан өткен инженер басқарушылар тобына өтеді. Сонымен қатар, білім - әлеуметтік құрылымның нақты түрлерінің қайтадан пайда болуының негізгі шарты. Арнайы дайындықсыз, білімсіз дәрігердің, педагогтың, инженердің орнын басуға болмайды. Білім арқылы адамдар белгілі бір әлеуметтендіру процесінен өтеді, белгілі әлеуметтік рөлді орындауға мүмкіндік беретін дағдылар мен бейімделулерді үйренуге болады.
Білімнің мәдени функциясы ұлттық мәдениетті сақтап, ұрпаққа жеткізуінен көрінеді. Білімсіз мәдениет болмайды, ол оның негізін құрайды.
30. Қоғамның рухани болмысы.
1. Қоғамның рухани болмысы.
2. Қоғамдық сананың даму заңдылықтары.
3. Қоғамдық сананың құрылымы.
Қоғамның материалдық, саяси, әлеуметтік болмысымен қатар руханилық та аса маңызды қажеттілік. Шын мәніндегі руханилық – адам жетістігінің биік шыңы болып табылады.
Руханилық дегеніміз не? Ол қандай негіздерден тұрады? Бұл тарихи тамырлары терең, қиын да қызықты мәселелердің бірі. Адам, қоғам тарихының рухани қабаты философияның әруақытта назарын аударып отырған.
Рухани өмірді зерттеуге Сократ, Платон, Гегель, З.Фрейд, А.Камю, Абай, Шәкәрім сияқты көрнекті философтар үлкен үлес қосты.
Руханилықтың түпкі мәні «рух» сөзінен өрбитіні айдан анық нәрсе. Рух деген сөздің «Қазақ тілінің түсіндіреме сөздігінде» табиғи материалдық бастамалардан өзгеше затсыз, идеалды бастаманы, қуатты, батылдықты білдіретіндігі анықталған. Жалпы осы анықтаманы қабылдай отырып, «затсыз, идеалды бастама» деген не сөз деп ойланып көрейік. Әрине, зат, құбылыс, нәрсе табиғатта дербес өмір сүреді, өзіне тән табиғи заңдылықтар аясында өзгеріске ұшырап, дамып отырады. Олардың әрқайсысында адамдар іс - әрекеті шеңберіне кіріп, өзінің мәндік, мағыналық қабатын өзіне сылып тастайтын табиғи қажеттілік бар. Адамдар өзінің өмір сүруіне сәйкес белгілі бір уақыт – кеңістікте мәңгілік мүлгіген қажеттіліктер әлеміне жан бірітіп, оларды қозғалысқа келтіріп, іс - әрекет аясына ендіреді.
Мүлгіген табиғи процестерге жан бітіру – ақыл – ойдың нәтижесінде ғана іске асады. «Ақыл – ой дегеніміз – рух» деген Гегель анықтамасы осындай түп төркіннен туындайды. Гегельдің ойынша, рух ақиқаттың тікелей өзі, сондықтан ол адамдардың адамгершілік өмірі. Ал ол жеке индивидтің, адамның өмірі. Мұның өзі дүниеде, объективтік шындықта зат, нәрсе, құбылыстармен қатар, одан тыс, бірақ болмыстың тынысын қамтамасыз етіп тұратын жан – жақты, сан алуан байланыстар бар екендігіне меңзейді.
Идеалды, затсыз бастама дегеніміз – сол байланыстар әлемінің адам санасында бейнеленуі.
Бейнелеудің өзі әртүрлі деңгейде, әр түрлі формада болады.
Рух – дегеніміз заттардың, құбылыстар мен нәрселердің байланыстың қабаты. Сол себепті де оның мағыналық потенциалы әлдеқайда терең.
Адам материалдық игіліктерді ғана тұтынып қоймайды, егер ол өз болмысын тек заттар өндіру мен тұтынумен шектесе, онда оның өмірі сүреңсіз, мәнсіз болар еді. Рухани қажеттіліктер адам өміріне нәр береді, оны қызықты, жан – жақты етеді. Рухани дүниелерді жасау, тудыру процесі адамды дамудың жаңа сапасына жетелейді. Таптырмайтын керемет рухани дүниелері арқылы адамдар мәңгілікке қол созады. Егер материалдық игіліктер уақыт өткен сайын өз маңызын жойып, тозып, модадан шығып қалса, ал рухани қазына ғасырдан ғасырға жетіп, жаңа ұрпақтарды таңдандырады, сүйсіндіреді, рахатқа, ләззатқа бөлейді.
Леонардо да Винчидің «Джоконда» атты суретінің салынғанына бірнеше ғасыр өтсе де жаңа ұрпақ оған таң тамаша қалудан танбайды. Руханилық күрделі құрылымы бар әлеуметтік – мәдени құбылыс. Қазақ тілінде бұл мәселеге жан – жақты талдау жасаған С.Е.Нұрмұратов. Ол руханилықты адамның субстанциалдық өзегі ретінде көрсете отырып,оның білімділік, имандылық, моральдық, эстетикалық, философиялық, психологиялық, өнерлік, шығармашылық негіздерін түсіндірген.
Рухани құндылық – адамның рухани іс - әрекетінің нәтижесі. Рухани өндіріс – қоғамдық дамуды жеделдететін, оған серпін, тың ұмтылыс беріп отыратын ерекше күш. Өйткені, қоғам дамуының бағытын, бағдарын анықтап, баға беріп, болашағын болжап отыратын ілгері ойлар, ең алдымен, идея, принцип, теория түрінде өмір сүреді.
Рухани өндіріс қоғамдық сананы, қоғамдық пікірді тудырады. Оның негізін қоғамдық сананың адамдар үшін позитивті немесе кері мағынасы бар әртүрлі құндылықтар жүйесін жасап шығару мүмкіндігі құрайды.
С.Е.Нұрмұратов философиялық әдебиеттерде құндылықтарды әртүрлі тәсілдермен жіктейді, топтайды дей келіп: «мәселен, мақсат – құндылықтар немее жоғарғы (абсолютті) құндылықтар және құрал – құндылықтар (инструментальді) құндылықтар. Материалды және рухани құндылықтар, оң және теріс сипаттағы (жалған) құндылықтар деп бөлу де кездеседі. Бұл бөлінудің бәрі салыстырмалы түрде екені белігілі, өйткені олардың бәрі адам өмрінің біртұтас әлемін құрайды» деп жазды.
Қоғамдық сана қоғам заңдылықтарының кейбір ерекшеліктерімен де тығыз байланысты.
Қоғамдық сана – қоғамда болып жатқан өзгерістерге сүйене отырып, оның болашағы туралы болжам жасайды, уақыт өткен сайын оның болмысының өзгерістері қайда апаратынын түсіндіреді. Бұл қоғамдық сананың алдын ала бейнелеу мүмкіндігін білдіреді.
Қоғамдық сананың қоғамдық өмірді бейнелеуінің әртүрлі деңгейі бар. Қарапайым сана адамдардың өмір сүру жағдайынан тікелей туындайды. Оған адамдардың өзі және қоршаған орта, әртүрлі оқиғалар туралы пікірлері жатады. Қарапайым сананың негізін шындықты тура бейнелейтін дұрыс мағына құрайды. Қарапайым сананың көмегімен адамдар қоғамның беткі жағында жатқан оқиғалар мен қатынастарды түсіндіруге тырысты.
Теориялық сана ғылыми білімнің құралдарымен жасалған идеялар мен көзқарастардың, ілімдердің жүйесі. Ол жеке адамдардың күшімен жасалады. Адамзат тарихында қоғамдық өмір туралы экономикалық, саяси, құқықтық ілімдер болған.
Теориялық сана өзінің мәні жағынан қоғамдық болмыстың түпкі байланыстарын, заңдылықтарын білдіреді. Қоғамдық болмыс қоғамдық санада әр қырынан көрінеді. Бұл қоғамдық өмірдің күрделілігімен, жан – жақтылығымен, түсіндіріледі. Қоғамдық сананың формалары шындықтың әртүрлі қасиеттерін бейнелейді. Сондықтан олардың мағынасы ғана емес, тану тәсілі де әртүрлі болады.
Қоғамдық сананың түрлері бір уақытта пайда болмаған. Олар қоғамдық болмыстың күрделеніп, сонымен қатар, адамның танымдық мүмкіндіктерінің жетіле, кеңейе түсуімен байланысты қалыптасып отырған.
Қоғамдық сананың тарихи, бірінші формасы – моральдық сана. Моральдық сана қоғамның қалыптасумен бірге дамыған, өйткені белгілі бір тәртіп ережелеріне, қалыптарына сүйенбейтін, әлеуметтік ұжым болуы мүмкін емес. Алғашқы қауымдық құрылыста эстетикалық, сонан соң діни сана пайда болған. Саяси сана таптық қоғамның дамуының жемісі, ал құқықтық сана таптық қоғам дамып, күрделеніп, ондағы жіктеулер нығая түскен кезде қалыптасқан.
Қоғамдағы атқаратын функциясы мен маңызына қарай қоғамдық сананы екі топқа бөлуге болады: біріншіден, әлемді игерудің рухани практикалық формалары, екіншіден, рухани – теориялық формалар. Бірінші топқа – моральды, саясатты, құқықты, екіншісіне эстетиканы, дінді, философияны жатқызуға болады.
Қоғамдық сана қоғамдық болмысты ақиқатты бейнелей отырып, адамдардың пратикалық іс - әрекетіне тірек, бастау болады. Соның нәтижесінде нақты саяси ілімдердің, іс - әрекеттердің бағдарламасы мен адамгершілік, саяси мұраттар қалыптасады.
Кейбір жағдайда қоғамдық сана қоғамдағы жағдайды дұрыс түсіндіре алмай, соның нәтижесінде жалған көшірме, сурет қалыптасып, ол саясат пен экономиканың, адамгершіліктің, экологиялық мәдениеттің дамуына кері әсер етуі мүмкін. Осындай жалған сананың мысалы ретінде, большевиктердің әлемдік революция ілімін біздің елімізде 1980 жылы коммунизм құру жоспарын айтуға болады.
Қоғамдағы жалған сананың бір көрінісі – утопия. Утопия – ойша құрылған әлеуметтік идеал, ойша жүзеге асырылған қоғам. «Утопия» ұғымын ағылшын ғалымы Томас Мор енгізген. Утопия арнасында социалистік қоғамдық идеал дамып отырды.
Қазіргі замандағы батыс идеологиясы мен мәдениетінде, әсіресе А.Азимов, Р.Брэдбери шығармаларында тарихи мұраттардың дағдарысы, революциялық күрестің мәнсіздігі, әлеуметтік кеселдің жойылмайтындығы сөз болады.
Адамның еркіндігі сарқылған, яғни оның мысын табиғи немесе әлеуметтік жағдайлар басып отырған уақытта жатсыну санасы қалыптасады. Бұл сананың айқын көрінісі ретінде мифологиялық сананы алуға болады.
Мифологиялық сана көне дәуірде фантастикалық аңыздар, әңгімелер түрінде туған. Ол табиғатты жандандырып, оған адамның барлық қасиеттерін теліген. Мифологиялық сана әлемдегі барлық халықта әруақытта болған.
К.Маркс «әрбір мифология табиғат күштерін қиял түрінде және қиял түрін өзгертуі, демек ол табиғаттың бұл күштерін шын мәнінде жеңгенде ғана жойылады» деп жазды. Мифология – дүниетанымның көне формасы, онда адам – қатынасы да, адамгершілік жайлы көзқарастары да бейнеленді.
Діни сана да адамның әлсіздігін көрсетеді. Адамдар діннің көмегімен нақты күнделікті өміріндегі оған жетіспейтін құндылықтарды, яғни ізгілік, махаббат, рухани демеуді табуға тырысады. Дін - әлемнің қатыгездігінен, мейірімсіздігінен құтылудың жолын іздестіру.
Авторитарлық сана билік иелерін ерекше құрметтеп, культке айналдырудан туындайды. Бұл сананың қалыптасуына демократияның әлсіздігі және биліктің бір адамның қолында шоғырлануы, бұқараның білім деңгейінің төмендігі, олардың патриархалдық психологиясы әсер етеді.
Қоғамдық сана – қоғам дамуының керемет рухани күші. Тарих көшінің кейбір дәуірлерінде ол күрделі өзгерістерге жетелейді. Қоғамдық сананың күші оның функцияларында көрініс береді.
Қоғамдық сана танымдық – ақпараттық рөл атқарады. Оның негізінде қоғамдық сананың қоғамдық болмыс мүмкіндігі жатыр. Осы білімге сүйене отырып, қоғам туралы жан – жақты түсініктер алуға болады.
Қоғамдық сана коммуникативті – құндылық міндетін де атқарады. Сананың өрісі психикалық өмірдегі тек қана саналы істермен ғана шектелмейді, оның құрамында санасыздық та, немесе бейсаналық та орын алып отырады.
4.Пайдаланылған әдебиеттер.
1.Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. – Алматы: 2.Айталы А. Қазақстандық демократия ұлттық мұратты сақтай ма, әлде астамшылықты сақтай ма? // Саясат. – 2001. – №7–8. – 52–55 бб.
3. Дулатов М. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1991. – 384 б. 86. Аристотель. Саясат. Жетінші кітап (Н). ХІІІ. – 265 б.
4.. Косиченко А.Г. Свобода как условие духовного развития // Адам әлемі. – 2001. – № 4. – С. 72–77.
25, 26-ші лекция: Тарих философиясы
Тарихты философиялық пайымдау пәні ретінде талдау.
Тарих түсінігімен уақыт туралы көріністердің байланысы.
Орта ғасырлардағы және Қайта Өрлеу дәуіріндегі тарих фи-лософиясы. (Эсхатология, Августиннің тарихнамасы, Д.Вико тарихи цикл теориясы).
Тарихты десакрализациялау: білім беру тұжырымдамалары. Г.Гегель тарихының философиясы. Тарихты және оның қоз-ғаушы күштерін марксистік түсіну.
Тарихтың «сыни» философиясы: Дилтей, Риккерт, Ясперс және осьтік уақыт ұғымы. О.Шпенглер мен А.Тойнбидің та-рихнамасы.
Қазіргі заман философиясындағы «тарих мәні», «тарихтың соңы» мәселелері.
Тарихты бағалау мен талдау философиясы, яғни көп жағдайда тарихи зерттеулер мен тарихты түсіндіру нәтижелері. Тарих философиясы деген термин екі түрлі мағынаға ие: біріншіден, тарихты онтологиялық және гносеологиялық талдау
Ол адамзаттың тарихи дамуының неғұрлым іргелі заңдары мен принциптерін зерделеуге арналған. Бұл жерде мынадай мәселелер үлкен маңызға ие болады: тарихтың мағынасы мен тағайыны, тарихи үдерістердің қозғаушы күштері мен тетіктері, әлеуметтік прогресс және оның критерийлері, адамзат тарихының бірлігі мен саналуандығы.
Тарих философиясы өтіп жатқан оқиғалардың мәнін оларды өткен заман оқиғаларымен қатар қойып салыстыра отырып ашуға және осы негізде жақын болашақты болжауға ұмтылады. Тарих мағынасы проблемасын түсіндірмелеуде екі тәсілдің болуы мүмкін. Біріншісі, адам ұғымын қоғамның жалпы сипаттамаларынан шығаруға, оның мәнін «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы» ретінде түсінуге ұмтылады (К.Маркс). бұл жағдайда тарихтың барысы мен оның мағынасы «әркімнің еркін дамуы барлығының еркін дамуының шарты болып табылады» дейтін заңды болашаққа қарай қозғалыс ретінде түсініледі. Адам өмірінің мағынасы осы жарқын болашақ үшін жұмысқа және қарсыластарымен күреске телінеді.
Керісінше, екінші тәсіл, қоғам өмірінің мағынасын жеке адам өмірінің мағынасынан, оның қасиеттері мен сапаларынан «шығаруға» ұмтылады. Бұл ретте қандай да бір дәл белгіленген мақсаттарға қол жеткізуге емес, тағдырдың барлық бұрылыстары кезінде «өз бақшаңды өсіруге» ұмтылу қажет (Вольтер). Адам және оның қазіргі тарихы – біздің тіршілік етуімізге мағына беретін қоғамның шынайы және бірден бір мақсаты.
Алайда заманауи тарих философиясының негізгі міндеттерінің шеңберіне болашақ дамудың жалпы сызықтарын немесе үрдістерін көре білу де кіреді. Кейінгі жылдары тарих философиясынан әлеуметтік эволюционизм атты бағыт бөлініп шықты. Ол тарихи үдерісті төменгіден жоғарыға қарай дамудың бірыңғай сызығы ретінде қарастырады.
Маркстік философия тарихы. 19 ғасырдың 40-жылдары Карл Маркс пен Фридрих Энгельс негізін қалаған философиялық, экономикалық және әлеуметтік-саяси көзқарастар жүйесі
Маркстік философияның пайда болуының тікелей әлеуметтік алғышарты – өнеркәсіптік жұмысшы табының дамуы және оның революциялық қызметінің өсуі болып табылады. Маркстік философияның дүниеге келуінің ғылыми себептері де болды. Бұл кездегі ұлы ғылыми жаңалықтар табиғатта да, қоғамда да барлық құбылыстар бір-бірімен тығыз байланыста және ұдайы даму үстінде болатынын дәлелдеді. Маркстік философияның негізін қалаушылар: Карл Маркс, Фридрих Энгельс, В.И.Ленин.
Маркстік философиясының негізгі сипаттары:
Диалектикалық әдіс материалистік принциппен біртұтас бірлікте қарастырылады.
Тарихи процесс материализм тұрғысынан табиғи, заңды процес ретінде түсіндіріледі.
Әлем тек түсіндіріліп қана қоймайды, оны өзгертудің жалпы методологиялық негіздері зерттеледі. Философиялық зерттеулер жалаң ұғымдардан гөрі адамдардың материалдық – практикалық іс - әрекеттеріне бағытталады.
Диалектикалық – материалистік көзқарастар пролетариаттың, барлық еңбекшілердің мүддлері мен байланыстырылады.
К.Маркстің философия мен әлеуметтік ғылымға енгізген екі маңызды жаңалығы бар, оның бірі – қосымша құн теориясы, екіншісі тарихты материалистік тұрғыдан түсіндіру. Маркстің пікірінше, адам табиғат қойнауынан әмбебап табиғи жан болып шықпайды. Ол тарихи процестің барысында әмбебап тіршілік иесіне айналады. Адамды жануарлар әлемінен бөліп тұратын, басқаша айтсақ, оны тіршілік баспалдағының жоғары сатысына көтеретін санасы, ақыл – ойы емес, өзіне қажетті құрал – жабдықтарды өндіру, жасау икемділігі. Осының арқасында адам табиғатты игереді, оның кеңістігі мен уақытында өз мүддесі мен талап игілегіне сай өзіндік екінші табиғаты жасайды. Осының барысында өндірісітік қатынастар қалыптасады. Осы өндірістік қатынастар, өндіргіш күштердің деңгейін қоғамның басқа жүйелеріне базис, негіз болатын экономикалық жүйені құрайды. Мемлекеттік, қоғамдық институттар, қатынастар қондырма ролін атқарады. Базис пен қондырма бір – біріне әсер етеді. К.Маркс тарихи процестегі қайталанып отыратын заңдылықтарды анықтау мақсатында қоғамдық – экономикалық формация ұғымын ұсынды.
Марксизм ілімі бойынша тарих барлығы бес формациядан:
алғашқы қауымдық,
құл иеленушілік,
феодалдық,
капиталистік және
коммунистік формациялардан тұрады.
Соңғысы адамзат дамуының ең биік сатысы деп саналды. Дегенмен, марксизм қоғам өміріндегі әлеуметтік және саяси үдерістерге үстірт қарады, түпкі мақсатқа жетуде қантөгіске толы тап күресіне басымдық берді, оның қоғам дамуының ағымына қарай икемділігі шамалы болды. 19 ғасырдың аяғынан бастап марксизм социал-демокриялық қозғалыстың негізгі идеологиясына айналды.
Бірақ 20 ғасырдың бас кезінде бұл қозғалыс екіге бөлінді:
В.И. Ленин, т.б. бастаған төңкерісшіл бағыт.
Э.Бернштейн, т.б. бастаған реформашылдық бағыт.
Реформашылдар бірте-бірте марксизмнің негізгі теорияларынан бас тартып, қазіргі Батыс Еуропа елдеріндегі социал-демокриялық идеологияны қалыптастырды. Ал Ленин бастаған солшыл күштер Ресейдегі Қазан төңкерісінен кейін коммунистік тоталитарлық жүйенің негізін қалады. 1990 жылға дейінгі кезеңде марксизм социалистік елдердегі мемлекеттік идеологияға айналды. Социалистік жүйе құлағаннан кейін, марксизмді зерттеп, баға беретін жаңа кезең басталды
Маркс адамның дамып, қалыптасуында әлеуметтік орта мен мәдени факторлар маңызды роль атқаратындығына ерекше назар аударады.
К.Маркс, Ф.Энгельс идеяларын онан әрі В.И.Ленин, Г.В.Плеханов дамытты.
Қазіргі өркениет оның өзгешелігі және қарама-қайшылықтары
Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.
Ғасырлар бойы қалыптасқан Өркениет пен мәдениет ұғымының мағыналарын төмендегідей топтастыруға болады:
мәдениет пен Өркениет бір, олар синонимдер (И.Гердер, Э.Тайлор);
Өркениет – мәдениеттің ақыры, оның “кәрілік” шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш.Фурье, О.Шпенглер);
Өркениет – мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Вольтер, Д.Белл);
Өркениет – тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л.Морган);
Өркениет – этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А.Тойнби, Н.Я. Данилевский, т.б.);
Өркениет – мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.
Қазіргі заманғы өркениеттің басты ерекшелігі әлемдік экономикалық жүйелердiң, процестердiң, ынтымақтастық, экономиканың шоғырлану және жаһандану, саясат, ғылым және мәдениет құру болып табылады. Қазіргі заманғы капитализм - әлемдегі экономикалық жүйелердің соңғы. Ол шамамен 500 жыл бар, бірақ әлемдік империясының айналады ешқашан. Трансұлттық корпорациялар бірыңғай мемлекеттік бақылау тыс болып табылады. Олар ұлттық шекаралар арқылы еркін үлкен капитал көшіп жатыр. Өркениет және жаһандану процестері тұрақты динамикасы болып табылады, және олардың сипаттамаларын білу теріс салдарын алдын алуға көмектеседі.
Қазіргі заманғы өркениеттің келбеті өзінің көптүрлігімен, кереғарлықтарымен, қайшылықтарымен және ғылым мен техниканың мейлінше жетілуімен айқындалады. Оның негізгі бағыттарына автоматтандыру және ЭЕМ, материалдардың жаңа түрлерін шығару, энергияның жаңа көздерін ашу, ғарышты игеру жатады.Қазіргі замандық өркениетің ғаламдық проблемаларына планетаны мекендеген күллі адамзат қоғамына, сондай-ақ биосферада тіршілік ететін жанды организмдердің бәріне және Жердің өзінің табиғи ресурстарына тура қатысты дүниежүзілік мәні бар проблемалар жатады. Олардың бастылары мыналар:
-дүниежүзілік ядролық соғысты болдырмау;
-дүниежүзілік экологиялық дағдарыстың бетін қайтару;
-дүниежүзілік демографиялық ахуалды, халықтардың қоныстауын реттеу;
-ұлтаралық кикілжіңдерді шешу;
-экономикалық даму қарқыны жоғары және артта қалған елдер арасындағы алшақтықты қысқарту.
Ғылым мен технологияның мүмкіндіктері даму өркениетінің дамуына өз үлесін қосуда. Өркениет адамдық қадір-қасиет пен қарым-қабілеттің бүршік жарып бой түзеуіне ыңғайлы жағдай туғызады. Осылайша, адам қоғамда өзіне тиесілі құрметті орнын табады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.“Философия”- Есіркепова Г.К., Шымкент, 2008ж.
2. Қазақ энциклопедиясы
3.“Философия”-Н.Р.Мусаева, Шымкент 2006ж.
27, 28-ші лекция: Дін философиясы
Дін философиясының пәні мен мәртебесі. Діннің анықтама-сы.
Діннің пайда болу тұжырымдамалары: эволюционизм (Э. Тейлор), діннің тұжырымдамасы (З.Фрейд), структурализм (К. Леви-Стросс), Фейербах, Ф.Шлейермахердің дін философия-сы, С.Кьеркегордың діни философиясы.
Ұлттық діндердің философиялық және дүниетанымдық негіздері (индуизм, даосизм, синтоизм, конфуций діні).
Дін – дүниеге көзқарас және дүние түйсінімі, сондай-ақ осыларға сәйкес мінез-құлық пен ерекеше іс-әрекеттер (табыну). Ол Құдайдың немесе құдайлардың өмір сүруіне, оның табиғаттан тыс екендігіне сенуге негізделеген. Философиядағы сияқты дінді де әңгіме адамдар өз өмірінде негізге алуы тиіс дүние туралы ең жалпы түсінімдер туралы болады. Өйткені дін адамның дүниені түсіндіру мен өзін-өзі түсіну әркеті мен қажеттігі ретінде пайда болған.
Әдетте, діни түсінімдер құдай туралы, дүниені құдайдың жаратқаны, жанның өлмейтіндігі, адамның орындауы тиіс құдай өсиеттері және т.б. туралы ілімде білдіріледі. Бұл іргетастық діни идеялар өз сипаты бойынша философиялық идеяларға ұқсас. Алайда олар дін шеңберінде негізделмейді, сенім негізінде қабылданады және ешқандай сынға ұшырауға жатпайды. Философия болса, өз тұжырымдарын дәлелдеуге ұмтылады. Ол логикалық пайымдаулардың көмегімен идеялардың теориялық жүйелерін дамытады және бұл ретте өз қорытындыларын үнемі сынға ұшыратады. Философиялық ой қасаң қағидалардан азат болуы тиіс, ал кез келген дінде оларға қандай да бір күмән келтіру күнә ретінде айыпталатын қағидалар бар.
Философияда рационалдық үрдістердің дамуы оның теологиямен (құдайылық іліммен) – құдайдың мәні және іс-әрекеттері туралы ілімді негіздеудің діни-философиялық жүйесімен шұғыл жік ажыратуына әкелді. Мұны бірқатар ойшылдар (Декарт, Спиноза, Кант, Гегель, Рассел және басқалар) жүзеге асырды.
Алайда құдай болмысын дәлелдеу, діни догматтарды рационалды негіздеу міндеті қойылған кезде дін философиямен етене жақындаса түседі. Мұндай міндет қою діни философияның құрылуына әкеледі. Алайда бұдан діни ілім философиялық ілімге айналмайды: оның өзі емес, оны негіздеу философиялық болып шығады. Философия мен діннің арақатынасын мынадай сызбада ұсынуға болады:
Әртүрлі діни-философиялық доктриналар бар, оларда діни мазмұн дәлелдемелермен бекітіледі. Бірақ дінмен үйлеспейтін толып жатқан философиялық ілімдердің өмір сүретіні де өз-өзінен түсінікті. Философтар дінге сенушілер де, атеистер де болуы мүмкін.
Дін философиясының пәндік саласы діннің дүниеге көзқарастық проблемаларын зерделеу, діннің негізінде жатқан жалпы идеялар мен принциптерді зерттеу болып табылатынын түсіну маңызды.
Буддизм (санскритше – बुद्धधर्म, buddha dharma Будданың ілімі) — дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады. Буддалық діни ілім көзқарастардың күрделі жүйесі б. т.
Ол діни шығармалар жинағы "Трипитакада" ("Үш себет") баяндалған. Буддизмнің уағыздарының өзіне тән ерекшеліктері бар. Буддизмде дүниені жаратушы құдай жайындағы идея айтылмайды. Буддизм фәни өмірдің азаптары - ауру, кәрілік, өлімнен құтылу жолын іздейді. Ол өмірдің қасіреті - нәпсінің тілегіне байланысты деді. Адамның денесі уақытша өмір сүреді. Ал нәпсі қанағатсыз тілегімен, өлімнің қорқынышымен ылғи бейнет туғызады. Сондықтан нәпсінің тілегінен құтылу керек. Ол үшін төрт асыл ақиқатты білу қажет:
Азап бар;
Азапта себеп бар;
Азапта соң бар;
Жол азаптың тоқталуы бар.
Аһимсаны жүзеге асыру үшін Буддизм Веданы жоққа шығарады. Будда ілімінде этика мәселелеріне көп көңіл бөлінген. Буддизмнің негізіне қоршаған ортадан бөлінбей қарастырылатын жеке адамды дәріптеу және болмысты бүкіл дүниемен байланысып жатқан ерекше психологиялық процесс ретінде қабылдау принциптері алынған. Буддизмдегі негізгі ең ірі бағыттар - хинаяна және махаяна. Буддизм өзінің даму барысында үш кезеңнен өтті: хинаяна, әркімді туу - өлу айналымынан құтылуды үйрететін алғашқы даналық мектебі (б.з.б. V ғ. - б.з. басы); екінші, бодхисаттва - құтқарушы көмегімен құтылу; үшінші, махаяна (б.з. V ғ.-ына дейін) кезі. Махаяна негізінде будда (ісөкірек көзі ашылған) болуға мүмкіндік беретін жаңа тиімді әдістер уағыздалды (V ғ.-дан кейін). Ол важраяна деп аталады. Азияның көптеген елдерінде Буддизм қазіргі кездің өзінде қоғамдық және жалпы мемл. өмірге елеулі ықпал етіп отыр. Бұл елдердің бірқатарында Буддизм мемлекеттік дін болып есептеледі. Буддизмң көзқарасына дүниеден безушілік, жеке даралық тән. Қанаушы қоғамда байлық, күш, өкімет кімнің қолында болса, соған жалбыры- ну жер бетіндегі азап шеккені үшін күнәдан қүтқарады деп түсіндіреді. Сондықтан адам өткінші, жалған өмір сүретін мысал денесін ойламай, мәңгі өмір сүретін жанын құтқарудың қамын ойлауы керек. Ол дінді қабылдаған елдердің өміріне едәуір ықпал жасады.
Христиан діні (гр. Χριστός, Khristos, cөзбе-сөз аудармасы мәсіхтелгендер) Ибраһимдік дін (грекше Χριστός (Khristós) ағылшын тілінде 'anointed' - орыс тілі 'помазанный' - қазақша 'басты уқалау, сулау немесе басқа мәсіһ шалу') — Христостың өмірі мен Жаңа Өсиет іліміне негізделген монотеистік дін .
Әлем бойынша ең көп таралған дін. .Христиандардың басым бөлігі Исаның Құдайдыңұлы және Көне өсиетте айтылған адамзатты құтқарушы екеніне сенеді. Сондықтан христиандар Исаны Христ немесе Мессия көреді.
Христиан теологиясы Христиандықты ұстанушылар мойындаған экумендік сенімдерді негізге алады.
Христиандық пен Інжілді түсіндіруде ортақ бір пікірлер жоқ. Бірақ бүкіл христиандар діннің негізі болатын, келісілген ортақ ұстанымдар бар екенін айтады. Аса көп таралған тармақтары - католицизм, православтық және протестантизм.
Христиан діні әдебиеті негізгі төрт жанрдан тұрады:
Інжілдер (Матфей, Марк, Лука, Ионн);
апостолдардың арнаулы хаттары;
Христос шәкірттерінің істері туралы жазбалар;
ақыр заман туралы өсиет.
Ислам (араб.: إسلام) — әлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін. Христиандықтан кейін дүниедегі ең көп таралған дін болып табылады. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Аллаһтың заңдарына)«мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Аллаһтың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы Құран Кәрім (араб.: القرآن الكريم) — классикалық әдеби араб тілінде (араб.: الفصحى) Аллаһ тарапынан түсірілген.
Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Аллаһ әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т.б. бар. Мұсылмандардың сенімі бойынша ең соңғы пайғамбар — Аллаһтың елшісі Мұхаммед ﷺ.
Ислам дінінің екінші мәртебесі — Ислам. Бес негізден құралып, көбінесе адамның сыртқы қасиеттері мен істерін реттейді:
Екі куәлікті (шаһадат) «Лә иләһә илл-Аллаһ Мухаммад расулу-Ллаһ» айту
Бес уақыт парыз намазды орындау
Рамазан айында ораза тұту
Мал-мүлкі белгілі мөлшерден асқан адамға одан зекет беру
Өмірінде бір рет қажылыққа бару
Ислам шариғаты — ол адамның Аллаһпен, басқа адамдармен, қауыммен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын, рұқсат етілген және тиым салынған нәрселерді реттейтін Құран, Сүннет және сәләфтардың (шииттерде — Әһлі-бейттің) сөздерімен, ғалымдардың иджтиһадымен міндетті болған заңдар жинағы. Бұл заңдардың ең маңыздысы — Исламның бес парызы
Ислам тарихы әдеттегіде сол заманда билік құрған халифалардың шыққан тегіне байланысты аталады. Мысалы: Аббаси халифтері Пайғамбардың (Аллаһтың оған салауаты мен сәлемі болсын) көкесі Аббастан тараған. Аллаһтың елшісі Мұхаммедтің заманын пайғамбарлық ғасыры атайды. Осы заманда Ислам діні араб тайпаларының арасында тарап, олар мұсылмандықты қабылдай бастады. Пайғамбардың өлімінен кейін Ислам үмметін кезекпен 4 ұлы сахаба — Әбу Бәкір, Омар ибн әл-Хаттаб, Осман ибн Аффан және Әли ибн Әбу Талиб басқарып, халифтер болды. Бұл кезді «Әділетті халифтер» (араб.: خلفاء الراشدون) заманы деп атайды. Бұл заманда Ислам халифаты Арабия түбегінің сыртына тарала бастады. Әділетті Халифтерден кейін билік басына Умәйя әулетінің халифтері келіп, олардың кезеңі «Умәуи заманы» (араб.: العهد الأموي) аталды. Умәуилер заманында халифат Иберия түбегіне (қазіргі Испания) шейін жетіп, сол жақта халифат билігі орнады. Халифаттағы билікке Пайғамбардың көкесі Аббас ибн Абдуль-Мутталибтың әулеті таласып, Умәуи халифтерінен билікті тартып алды. Аббасилер кезеңі (араб.: العهد العبّاسي) сонымен қатар «Исламның алтын ғасыры» деп аталады, себебі осы халифтердің кезінде ғылымдар мен әдебиет бұрынғы арабтардың жетістіктерінен асып түсіп, үлкен даму алды. Аббасилердің билігі көптеген себебтермен әлсіреп, бұрынғы халифат жерлерінде дербес Тулунилер, Фатимилер, Селжұқилер және т.б. мемлекеттер пайда болды. Осы кезде кресшілердің Иерусалим қаласын басып алуды мақсат еткен жорығы басталып, 194 жылға созылған крест жорықтары басталды.
Кейбір мұсылман мемлекеттері кресшілерге қарсы соғысқа шығып, олардан басып алынған қалаларды қайтарды. Бұл жағдай Мысырда мәмлүктердің билігі келіп, кресшілерді Шам қалаларынан қуып шыққанға шейін жалғасты. Осы кезде шығыста Шыңғыс ханның немересі Хұлағу халифаттың астанасы болған Бағдадты басып алды. Аббасилер халифат атанасын Әл-Қаһираға (Каир) көшірді, бірақ осы уақыттан бастап аббасилердің билігі тек формальды түрде сақталып, нағыз билік мәмлүк сұлтандарының қолында шоғырланды. Осыдан кейін Аббасилер заманындағыдай мұсылмандарды біріктіретін мемлекет Осман империясы құрылғанға шейін болған жоқ. Осман сұлтандары мұсылмандардың қол астына бұған дейін жауланбаған көптеген жерлерді қосты. Оның ішінде Европадағы Балқан түбегін жаулау мен сол жақта Ислам дінін тарату болды. Жетінші Осман сұлтаны Мұхаммед I кезінде Константинополь қаласы мұсылмандардың қол астына өтті. 1516-шы жылы сұлтан Селим І Шам мен Мысыр жерлерін басып алып, ақырғы аббаси халифінен халиф атағын алды. Осыдан кейін 408 жыл бойы Осман әулеті халифтер ретінде билік құрды. Және бұл кезең «Османилер заманы» (араб.: العهد العثماني) аталып кетті. Бұл кезде Осман империясынан бөлек Ирандағы Сефевилер мемлекеті, әмір Темір мемлекеті сияқты бірнеше мемлекеттер құрылды. Осман империясы құлағаннан кейін мұсылмандар бір-бірін ортақ дін, тіл мен мәдениет біріктіретін дербес мемлекеттерге бөлініп кетті.
Исламның түбегейлі орнығуына VIIIғ. ортасында, 751 ж. Тараз қаласының маңындағы араб әскербасы Зияд ибн Салих пен қытай қолбасшысы Гао Сяньчжи арасында бірнеше күнге созылған Атлах шайқасында арабтардың жеңіске жетуі айтарлықтай ықпалын тигізді. Қытай әскері күйрей жеңіліп, Жетісу мен Шығыс Түркістан азат етіледі. Араб әскерінің бұл жеңісі Орта Азия жерінде ислам діні мен мәдениетінің орнығуының бастуы еді.
Қазіргі уақыттағы Қазақстан жеріне исламның таралуы бірнеше ғасырларға созылды. Бастапқыда жаңа дін оңтүстік өңірлерге ене бастады. X ғ. аяғына қарай ислам Жетісу мен Сырдариядағы отырықшы халықтың басты дініне айналды. X ғ. басында мұсылмандықты Қарахан әулеті билігінің негізін қалаушы Сатұқ қабылдайды, ал оның ұлы Боғра-хан Харұн Мұса 960ж. Исламды мемлекеттік дін деп жариялайды.
Орта Азиялық мұсылман ғылымы мен мәдениетінің дамуына ортағасырлық шығыс мәдениеті тың серпін берді. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари және Мұхаммед Хайдар Дулати атты ұлы ойшылдар ғылым мен философияның көрнекті өкілдеріне айналды.
Дін және философиялық білім.
Діни дәстүрлер ерте заманнан бастап, бүгінгі заманға дейін әрбір халықтардың рухани өміріне үлкен әсерін тигізуде. Сол себептен діннің негізін білу үшін азамат осы кезге дейін іздеуде.
Дінді философиялық анықтау әрбір тұрғыда болды. Оның себебі, біріншіден «анықтау» методы мен принциптеріне байланысты. Екіншіден идеалистік және материалистік тұрғыдан анықтау.
Философтардың идеалистік топтары (олар да әрбір салаларға бөлініп кетеді) дінді адамның сапалық түсінігі ретінде, туа туғаннан берілетін сезім ретінде, оның керектілігін және мәңгілігіндәлелдейді.
И.Кант (1724-1804):
Ол Құдайдың барлығын дәлелдейтін теологиялық көзқарастарды санай отырып, Құдайдың болмысын моральдік принциптерімен теңейді.
И.Кант өзінің «Кіршіксіз таза парасат шеңберіндегі дін» деген еңбегінде танымның трансцендентті нәрсенің (о дүниеліктің) қарама-қайшылығын сезімінен басталуға тиіс екенін көрсете келіп, жалпы алғанда, философияның қарама-қайшылығын ашып берді, ал трансцендентті нәрселерге ол құдайлар және адамның трансцендентальды (осы дүниенің) ерекшелігі туралы түсініктерді жатқызды. құдай құбылыс ретінде белгі бермегендіктен, оның бар екенін дәлелдеу де, теріске шығару да мүмкін емес деді. Құдай туралы мәселе – діннің ісі деді. Біз құдайдың барлығын дәлелдей алмаймыз, бірақ моральдік принциптер, өнегелілік сезімдер, құдайдың барлығын дәлелдеуге даяр тұрады.
неміс философы Г.В.Ф. Гегель (1770-1831)
Құдайды абсолюттік идеямен, абсолюттік руханимен теңеп барлық нәрсе солардан шығып, соларға қайта оралады – деді.
Материалистік философияда дін жеке адамның және қоғам өмірінің күрделі рухани құбылысы есебінде қарастырылады. Оның негізгі аспектілері:
Дін – дегеніміз жеке адамның, ұжымның, қоғамның рухани өмірінің айғағы;
Дін – дегеніміз әлемді рухани-практикалық тұрғыда меңгеру;
Дін – рухани өндіріс аймағы;
Дін – қоғамдық сананың бір формасы, идеалдылық жемісі мен формасы.
Материалистік философияның өкілінің бірі Л.Фейербах (1804-1871), дінді адам болмысы бейнесі ретінде түсіндірді. «Адамды жаратқан құдай емес, керісінше, адам өзіне сәйкес, өз бейнесі бойынша құдай жасап шығарған» деп түсіндірді.
К.Маркс болса, дін туралы былай деді: «Адам дегеніміз – адамның дүниесі, мемлекет осы қоғам дінді, дүниеге бұрыс көзқарас туғызады, өйткені олардың өзі – теріс дүние.
Дінтану
Жеке басқа ғылымдардың салаларымен атап айтсақ (философия, психология, социология, феноменология, дін тарихі және т.б.) араласа отырып дамиды. Олардың ішінде ең бір басты орны философиялық мазмұны болып есептеледі.Себебі философия әмбебаптық көзқарас болғандықтан, оның жалпы зандылық көзқарасы мен категориялары барлық ғылым салаларына тікелей қатынасы бар.
Дінтанудың дін философиясынан айырмашылығы:
Дін мәдениеттің негізгі жүйесі болғандықтан, діннің негізін білу әр адамға парыз іс.
Гуманистік көзқарастың қалыптасуы дінге де тікелей байланысты.
Дінтану пәніне қоғамдағы діни қауымдар мемлекет қатынастардың арасындағы байланыстардың заңдық жолдарын білуге, қайырымдылық, адамгершілікке тәрбиелеу процесінде жәрдем өте зор.
Дінтану пәні ар-ождан бостандылықтың мәні мен мағынасын білуге жәрдем береді.
Теология
Құдай және ілім, яғни құдай туралы дін ілімі – белгілі діннің ілімдeрін жүйелеу деген түсінік береді. Құдай – реалді күш және адам өзінің өмір сүру процесінде онымен қатынас жасайды. Теология – барлық үлкен діннің догмаларының жүйесі.
Ең ертедегі діни түсінік – өлген адамдардың аруағына табыну. Ол кезде әлі «дербес» құдайлық түсінік болмады. Алғашқы таптық қоғамға дейін құдайлардың мүсіндері тікелей қоршап тұрған табиғаттан алынып отырды. Сол кездегі ең бір қарапайым және жабайы діни сенімдер фетишизм, тотемизм, магия және анимизм деп аталады.
Дүниежүзілік діндер феномені.
Дін өзінің кең таралуы мен маңызына қарай әлемдік және ұлттық дін болып бөлінеді.Дүние жүзі халқы ұстанатын әлемдік 3 дін бар:
1. Христиан діні;
2. Ислам діні;
3. Буддизм.
Ислам. Исламның қалыптасуы, догматикасы және тарихи формалары.
Мәдениеттің басқа үлгілерімен салыстырғанда ислам әлемі бір шама жас. Ол VII ғасырдың бірінші жартысында пайда болды. Жаңа діннің пайда болуы арабтардың тағдырын түбегейлі өзгертіп, біріктіруші рөл атқарды. Ислам пайғамбары – Мұхаммед 570жылы Мекке қаласында дүниеге келген, ислам ілімі бойынша, ол Адам, Ибрахим, Мұса, Иса және т.б. Пайғамбарлардан бері келе жатқан монотеизмнің (тек бір ғана Құдай бар екендігіне сену) негізгі ілімдерін растауға жіберілген Алла елшісі. Ислам ілімі мұсылмандардың қасиетті Құран кітабында мазмұндалған аңыз бойынша оны Алла жердегі Мұхаммед пайғамбарға Жәбірейіл періште арқылы жіберген, ол жеті маңызды қағидаға негізделген: бір Құдай Аллаға, періштелерге, барлық діни кітаптарға, Алланың барлық елшілеріне ақырғы заманға сенім.
Ислам дінінің бес парызы:
1. Алладан басқа құдай жоқ және Мұхаммед Алланың елшісі екендігіне куәлік ету;
2. Күн сайын бес рет намаз оқу;
3. Ораза ұстау;
4. Зекет беру;
5. Меккеге қажылыққа бару.
Мұхаммедтің жолын ұстаушылар мұсылмен ретінде мешіттерде намаз оқыды. Араб аристократиясы исламның көмегімен өз билігін нығайтты, арабтарды мемлекеттік бірлігін қамтамасыз етті және көрші елдерді жаулай бастады. Арабтардың орасан зор мемлекеттік бірлестігі – араб халифаты басқыншылары жорықтардың нәтижесінде пайда болды. VIII ғ ортасында Бағдат халифаттың басты қаласына айналды. Арабтар Орта Азия жерін 712 ж бастап жаулап алды. Осының нәтижесінде бүкіл афро- еуразиялық даланы біріктірген ортақ мәдениет қалыптасуына да мүмкіндік туды. Бұл жағынан алғанда ислам діні осы елдердегі мәдениеттерді араластырып, қорытып жаңа үлгі шығаруға себепкер болды.
Буддизм және оның негізгі бағыттары. Будда (санскрит сөзі – көзі ашылған деген мағынада) діні - Орталық, Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде, сондай-ақ Қиыр Шығыста таралған ең ерте шыққан әлемдік діндердін бірі. Ол біздің дәурімізге дейінгі V1 ғасырда Үнді жерінде пайда болған. Будда туралы аңыз. Будда теологтарының уағыздауынша, діннің негізін салушы Сиддхартха Гаутама Солтүстік Үнді еліндегі шакья тайпасы патшасының ұлы болып табылады. Алайда бұл туралы әдебиетте нақтылы деректер жоқ. Буддашылардың ұғымында әрбір ең жоғарғы қасиеттілікке жеткен жан будда бола алады, яғни көзі ашылады. Жер бетіндегі өмірінде Шакьямуни (шакья руынан шыққан тақуа) деп аталған буддалардың бірі адамдарға құтқару туралы ілімді жеткізген, оны ізбасарлары санскрит сөзімен дхарма (ілім, заң) деп атаған. Сол себепті будда термині Шакьямуни деп те ұғынылады. Аталмыш дінді зерттеушілердің пікірінше, Будданың тарихта орын алғанына шек келтіріледі. Мысалы, Рис-Рәвиус, А. Мензис Будданы мифтік бейне деп есептейді. Қазіргі ғалымдардың көпшілігі осы пікірді қолдайды. Будда дінінің пайда болуы Үнді елінің б.д.дейінгі V1 ғ.саяси-әкономикалық жағдайымен байланысты. Бұл кезде Үнді елінде таптық қоғам қалыптасып, оның қайшылықтары көріне бастаған. Оған қосымша болған елдегі касталық (қоғамдық топ) жүйе болды. Ең жоғары ката брахмандар (абыздар) қоғамдық өмірде басты орын алды. Ал олардың діні қоғамның кастағ бөлінуін жақтады. Будда дінінің шығуы, касталық жүйенің төменгі әлеуметтік сатысында тұрғандардың, брахмандардың үстемдік етуіне наразылық білдіруінің көрінісі. Будда діні брахманизм дінінің көптеген әдет-ғұрыптарынан қол үзіп адамдар будда іліміне бой ұсынып құтқарыла алады деп жариялады. Сөйте тұрып брахманизм дінінің бірқатар идеяларын да ұстап қалды.
Буддизмнің пайда болуы. Зерттеушілердің пікірінше, бұл дін осыдан 2500 жылдай әріде пайда болған. Оны құрған Индияның солтүстігінде орналасқан шакья тайпасынан шыққан Шакьямуни деген тұлға. Ол жер – жерді аралап жүріп, өзінің ойында пайда болған ұғымдарды адамдарға уағыздаған. Өзін Будда (атақты білгіш) деп таныстырған. Ол өзін жердегі адамзатты, жан – жануарларды азаптан құтқарушы есебінде жіберілген адам екендігін түсіндірген. Өзі сол шакья тайпасының Готама руынан шыққан Сиддхартха патшасының кейпін алған.Буддизмнің пайда болғанынан алдыңғы кездерде Индияның мәдениеті өте жоғары деңгейде болды. Оның жазбасы, өзіндік әдет-ғұрпы, діндері болған. Индия мәдениеті әлемдік Месопотамия, Египеттердің мәдениетінің қатарында болды. Үндістанда біздің дәуірімізге дейінгі 6 ғасырда құл иеленушілік қоғам құрылды. Қоғамды билеп-төстеушілер брахмандар мен әскери қауым болды. Брахмандар мен әскери қоғам бір – бірімен бақталастықта болды. «Монахтардың өлеңі» деген буддистердің бір діни әдебиетінде үй – жайын тастап, қайыршылық жолда жүрген, тақуа деп аталатындардың «бостандығын» жырлапты. Бұл кезде Индияда буддизмнен басқа да көптеген діндер болды. Әр жердің өз құдайы бар, әрбір істің немесе құбылыстың өз құдайы бар дегенді уағыздайды.
Индияда адамдар қоғамдық касталарға бөлінді. Брахмандар: оларды құдай аузынан жаратқан деген ұғымда болды. Сол себептен олардың ішінен қазылар, оқытушылар, баяндамашылар шығады. Ол ең жоғарғы каста, билік те солардың қолында.Кшатрийлер:оларды құдай екі білегінен жаратқан деген ұғымда болды.Олар білім алады, тәрбиеленеді, соғыстың кезінде, қорғану кезінде қару – жарақтар алып жүреді. Бұл бүкіл елді осы екі каста билеп алды деген ұғымның дәлелдемесі. Ваишьялар: оларды құдай санынан жаратты деген ұғымда болды, олар сондықтан да ең қиын жұмыстарды орындайды, егін егеді, саудамен айналысады, мал бағады. Сонымен қатар олар діни оқу орындарына қаражат бөледі. Шудралар: оларды құдай аяғынан жаратқан, олар түпкілікті зәнгілер (дуана пақырлар) . Олар жоғарғы үш кастаға қызмет етеді. Бұлардың кәсіптері ең лас, қара жұмыстар.
Міне, осы касталардың бөлінуі де, олардың тұрмыстық орындары да діни тұжырыммен белгіленген. Тәртіптері қатаң: төменгі кастадағы адам жоғары кастадағыға үйленуіне тыйым салынады; ер адам өз кастасынан төменгі кастадан үйленуіне болады, бірақ төртінші каста – шудрадан емес; брахмандарды Құдайдың таңдаулы адамы дейді; патша қандай жағдай болмасын брахмандардан салық алмайды (ыдыс, киім, т.б.); брахманға өлім жазасын берсе де, оның тек шашын сыпырып алып тастайды, ал басқа кастадан болса, ол үкім орындалады:10 жастағы брахман 100 шудрадан артық бағаланады. Шудралар – бұралқылар, хайуанаттан да төмен, иттен де күні қараң, қорлықтағы адам; шудралардың бірі брахманға қолын созып, таяқ көтеріп қалса немесе жай брахманды ұстамақ болса, онда оның қолы кесіледі, ал тепсе аяғы сындырылады. Шудралардың бірі брахманды үйретемін деп әрекет жасаса, оған қайнап тұрған зәйтүн майын ішкізу жазасы беріледі. Буддизм басқа діндермен байланысты болып, брахманизмді жоққа шығарғанымен, оның әсерінен арыла алған жоқ. Жанның ауысуы, Карма, Сансара, Нирвана жайлы идеялар буддизмнің қайнар көздері – веданта, ньяя философиялық мектептері, вайшешика діни мектебі болып табылады.
Қазіргі кезеңдегі буддизм. Қазіргі кезеңдегі буддизм өте күрделі, қарама – қарсы құбылыстарға тап болған жағдайлар да кездеседі. Кейбір халықтарда орта ғасырлардан қалған әдет-ғұрыптар, ілімдер, ағымдар сақталғанымен дінге көптеген өзгерістер енгізіліп, көп жағдайда көптеген ережелерін қалдырған. АҚШ «буддизмді оқыту институтын» құрды. Ондағы ойы бұл дінді құрметтеу емес еді, жердегі дүниеге, өмірге қызықпау мәселесін үгіттеп, жоғарғы өмірге қызықтыруға жасалған агрессорлық бағыт еді. Азия елдерінде социалистік идеологияның тарауынан буддистердің арасында қызығушылық пайда болып, «буддизм социализмі» деген ұран пайда болды. Бұл ұран бүкіл Азия елдерін жайлады. Цейлон, Бирма, Кампучия, Лаос, Тайланд, Жапон елдерінің буддистері бұл ұранмен социалистік режимді қолдағандарын білдіріп, социализм құруда халықпен бірге болды. Дін туралы айтсақ, әлемдік үш діннің бірі болған буддизмнің әдет-ғұрыптары, бағыты ерекше. Ислам діні мен христиан дінінің кейбір ережелері, шығу тарихы жағынан қандай да заңдылық, көңілге сенім енгізерліктей жағдайлардың барлығын ескерсек, будда діні біздерге түсініксіз екенін айту артық емес.
Христиан дінінің пайда болу тарихы және негізгі формалары.
Христиан дінінің пайда болуы. Христиан діні біздің дәуіріміздің 1-ғасырының екінші жартысында Кіші Азияда пайда болды. Оның шығу және жылдам таралу себебін анықтау үшін сол кездегі жағдайларға тоқталуымыз керек Шындығында христиан діні Шығыс халықтарының діни ғана емес, философиялық түсініктерін де қабылдады. Христианшылдықтың идеялық төркіні, біріншіден, әр түрлі шығыс діндерінің мифологиясы, екіншіден, ежелгі дүниедегі арнайы философиялық ұғымдар еді. Шығыс діни жүйесінде христиандарға үлкен ықпал еткен иудаизм – еврейлердің ежелгі монотеистік діні. Христиан дінінің қасиетті кітабы – Библияның құрамына иудаизмнің қасиетті кітабы - Көне өсиет те (Ветхий Завет) кірген. Ол құдайдың әлемді, өсімдік және жануарларды, адамды жаратуы туралы Көне өсиет қағидаларын өзгеріссіз сақтады. Қазіргі кезге дейін Көне өсиет христиан және иудаизм дініндегілер үшін де қасиетті кітап болып саналады.
Христиан дінінің әлемдік мәні.Христиан діні 20 ғ. дейін әлемде өз үстемдігін жүргізіп, идеологиялық монополияны сақтап келгенмен, христиан шірекулерінің саясаттағы ықпалының құлдырау ғасыры болды. Осыған байланысты олар өз саясатын өзгертуі қажет болып, саясатқа араласудың жаңа жолдарын қарастыра бастады. Қазіргі кездегі кез келген шіркеу иерархы – саясаткер. Дегенмен шіркеулер әлемдегі көптеген бейбітшілік жолындағы күрестерде үлкен роль атқарып келеді. Мәселен, үлкен апаттарға қарсы, ядролық қаруды жоюда т.б.с.с. Бүгінде конфессионалдық ерекшееліктеріне қарамастан христиан шіркеулерінің қайсысы болмасын әлеммн тығыз байланыста болуда белсенділігін көрсетуде. Христиан әдебиеті негізгі 4 жанрдан тұрады: 1. Інжілдер, 2. Апостолдардың арнау- лы хаттары, 3. Апостолдардың ісі туралы жазбалар, 4. Христос өсиеттері. Діншілдер олардың ішінен ең маңыздысы Інжілдер дп санайды. Ал алғашқы үшеуі ескі грек мемлекетіндегі Синопа қаласында жазылғандықтан синоптиктік деп аталады. Інжілдердің бір-біріне қайшы жерлері де аз емес, яғни әр кезеңдегі әр түрлі саяси-әлеуметтік көзқарастарды да меңзеп келген. Қазіргі заманғы христиандық және саясат. Христиандықтың тарихы — тұтастай халықтардың тағдырын өз уысында ұстауға бағытталған шіркеулердің өз ішіндегі және халықаралық деңгейдегі үздіксіз күрестер тарихы. Ол өзінің басынан құлдырау және дәуірлеу кезеңдерін талай өткерді. XX ғасырға дейін әлемде өз үстемдігін жүргізіп, идеологиялық монополия сақгап келді.
Суфизм. Аль-Газали, Ходжа Ахмет Яссауи.
Сопылық – исламдағы мистикалық бағыт. Оның тану объектісі - Құдай. Оны танып білудің өзіндік ерекшелігі бар, өйткені Құдай сияқты өте қасиетті объектіні тануға логикалық ойлау немесе парасаттың шамасы келмейді. Ол үшін ерекше бір жағдай – адам жанының терең түкпірінде жататын бір киелі күш қажет. Ондай күш бар ма? Бар болса, ол қандай күш деген сұрақтар бірден көкейге оралады. Иә, адамды адам ететін, оған ерекше рухани қуат беретін, оның өмірін мәнді де сәнді ететін, жүрегігің түкпірінде нәр алып, әрдайым жанып тұратын ерекше күш – ол сүйіспеншілік Құдайтану адамнан ерекше әсерленушілікті, сүйіспеншілікті, онымен ерекше сырласуды қажет етті.
Құдай тану – ерекше сүйіспеншілік сезімін бастан кешіру. Құдай, ең алдымен, сүю объектісі, ал оған шын көңілімен берілген сопылар шексіз сүюшілер.
Сопылық жолына түсіп, құдай сұлулығын танудың алғы шарттарының бірі – Аллаға махаббат болып табылады. Махаббат бар жерде үлкен пәктік те, терең жан тәрбиесі де, тұнық сезімталдық та бар.
Сопылық жол – Алла тағалаға жетудің, Құдайды танудың сүйіспеншілік жолы.
Сопылық жолының төрт сатысын көрсетуге болады:
1) «шариат» - мұсылман дінінің заңдарын бұлжытпай орындау;
2) «тарикат» - беделді қария сопының айтқанын тыңдайтын, орындайтын «мюрид» ролінде болу; дұға оқу және сапалы байқау нәтижесінде жеке ерікті басып тастау;
3) «марифат» - ақылмен емес жүрекпен құдайдағы әлемнің бірлігін тану, барлық діндердің бірдейлігі, жақсылық пен жамандықтың салыстырмалылығы.
4) «хакикат» - құдаймен танып болғанның толық бірігуі.
Сопылар жалғыз беп көптің, құдай мен адамның қатынасын ерекше атап, соның мәнін іздегендіктен көптеген адамгершілік этикалық ұғымдарға кезігеміз.
Сопылық өз бетінше ойланып, еркіндікке ұмтылатын адамдарды қызықтырды. Өйткені ол таяу Шығыста әруақытта бағаланатын бейтарап ой – қиялмен емін – еркін айналысуға мүмкіндік берді. Сопылық ұғымдарын пайдалана отырып, сырт көзге исламның аясында қалып, бірақ іс жүзінде одан шығып кетуге болатын еді. Шығыс перипатиктері ақыл- ойды жоғары қойып, трактаттар жазса, сопылық бағыт мәдениеттің поэзиялық әдісімен өз ойларын насихаттаған. Философиялық суфийлік ағымның негізін салушыларға Әл - Ғазали . Қожа Ахмет Ясауи (1093 ж.ш., кейбір деректерде 1103, 1041, Сайрам (Исфиджаб) — 1166 ж. Түркістан (Ясы)) — түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының, байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, пәлсапашы. Олардың ілімі бойынша мәдениеттілік дегеніміз жан – жақты жетілген, толыққанды адамды үлгі - өнеге етіп қабылдау, сопылық бағыттағы тағы бір гуманисттік идея – ғарыш пен адамның тұтастығы. Осы тамаша ғарыш адам арқылы өз шегіне жетеді. Өйткені адам ғарыштың нұсқасы. Ежелгі гректердегі микродүние мен макродүние арасындағы үйлесімділік идеясы араб – парсы – түрік Ренессансында да осындай өз көрінісін табады. Осыдан кейін сопылық бағытты мистикалық деу идеологиялық жала екендігінде күмән жоқ.Араб халифатының көптеген сопылары Түркістан жеріне ағылады. Олар халыққа түсінікті ету үшін өз идеяларын жергілікті түрік тілінде уағыздайды. Осы бағыттың көрнекті өкілі, кейін мұсылман пірлерінің біріне айналған – Қожа Ахмет Иассауи.
Қожа Ахмет Иассауи жазған негізгі шығарма- «Диуани хикмет» («Ақыл кітабы»). Иассауи туралы Ы. Алтынсариннің берген бағасын келтірейік: «Муштафид ғұламалар арасындағы ұлықтары төртеу: имам Ағзам, имам Мәлік, имам Шафиг, имам Ахмед Ханбал Яссауи. Бұл төртеуі шариғат мәнісін толық тексеріп халыққа түсіндіріп берді». Иассауидың басты көздеген мақсаты- Құдаймен табысу, оның бейнесін көру. Құдайды тану сопылар үшін бүкіл өмірінің мәні болып табылады. Иассауи былай дейді: «Кімде – кім Құдайды есіне алса, ол ойымен өзінің табысқанын көре алады» Иассауи суфизмнің биік шыны – оның пайғамбар жасына келгенде, менің пайғамбардан артық өмір сүруім мүмкін емес деп жер астында қазылған жеке бөлмеде қалған өмірін өткізеді. Ол: «Мұхаммедті жаратылыстан тыс адам ретінде көрсетіп, оны құдай қатарына қосты». Иассауи іліміндегі адамгершілік ойлардың дін арқылы түсіндіріледі. «Кімде - кім жамандық жасаса, ол күнәдан арыла алмайды, кімде - кім жақсылық жасаса, ол құдайдың сүйіктісі болады» - дейді.
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақ энциклопедиясы
“Философия”-Н.Р.Мусаева, Шымкент 2006ж.
Кішібеков С., Сыздықов Ұ. Философия. Оқулық. Алматы. 2000.
Тойнби А.Дж. Постижение истории. М., 1991. 349 б.
Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. А-ты, 1970. 271б.
Гегель Г.В.Ф. Философия религии. В 2-х томах, Т.1. - М., 1976. 527 б.
Н.Ә.Назарбаев “Сындарлы он жыл”. Алматы, “Атамұра”, 2003 ж. 142б.
29, 30-шы лекция: «Мәңгілік Ел» идеясы және «Рухани жаңғыру» – жаңа Қазақстан философиясы
«Мәңгілік Ел» және «Ұлы Дала» категориялары.
Қазіргі Қазақстандағы жаңғыру үдерісі: әлеуметтік-саяси, экономикалық, мәдени қырлары.
Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары. Рухани жаңғыру. ХХІ ғасырдағы ұлттық сана-сезімді қалыптастыру мәселелесі.
«Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласы және және қазақ елі-нің тарихи-мәдени құндылықтары.
Ұлттық сана - ұлт руханиятының негізі. Ұрпақтан ұрпаққа тарихтың білімі, тұлғалар тағылымы, ұлттық тәрбие арқылы беріліп отырады. Ұлттық сананы ұлт руханиятының өзегі дейтін себебіміз, тарихта қазақты ұлт ретінде сақтап қалған дүние - ұлттық сана, ұлттық сананың рухы. Ұлттық сана ұлттың рухани әлемінде сақталып, ұрпаққа рухани дүниелер арқылы беріліп отырғандықтан да тарихтың қиын кезеңдерінің өзінде елдің бірлігі жоғалмаған.
Тарих өрісінен ұлттық болмысымыздың рухани негізіне айналған ұлттық сана құбылыстарын зерделеу қиын емес. Қазақ ұлтының ұлттық санасының тарих өрісіндегі құбылысы елдік, бірлік, ар-намыс, батырлық, ержүректілік, тектілік, кісілік, имандылық, адалдық, тазалық, намысшылдық, қамқорлық және ұлттық қасиетке терең болу. Қазақ қоғамының тарихи кеңістігінде ел болмысының рухани негіздеріне айналған ұлттық сана құбылыстары ең алдымен жеке адамның ерік жігерін қалыптастырып отырған. Табиғатпен етене араласқан қазақ халқы рухани өмірде елдікті, ұрпақтың ауызбіршілігін сақтайтын сапа-қасиеттерді қалыптастырып, кейінгі буынға жеткізуді мақсат еткен. Сезімталдықтың, дарындылықтың, даналықты қадірлеудің, зиялылардың жауапкершілігінің арқасында қазақ ұлты тарихи өмірдің күрделі оқиғаларына парасаттылық танытып, ерік жігерімен төтеп бере білетін ұрпақты қоғам алдына шығарған. Соның нәтижесінде қоғамның әлеуметтік құрылымы табиғи заңдылықпен дамып, елдің әлеуметтік жағдайын өзгертетін (күрделендіретін) құбылыстар қазақ қоғамының ішіне тұтастай ене алған жоқ.
Ұлттың тарихы ұлт пен оның тәрбиелеп шығарған тұлғаларының интеллектуалдық болмысының өрісінен шығады. Рухани болмыстың негізі ұлттық сана. Тарихты сақтау ұлттық сананы құрметтеу, тарихты білу ұлттық сананы иеленіп отырумен тең. Әрбір тарихи уақыт өрісіндегі жекелеген адамдардың интеллектуалдық қызметі оның бойындағы ұлттық санасымен көрініп отырады. Халыққа ортақ қасиеттер мен тәжірибелерге тұнып тұрған ұлттық сана тарих даналығымен ортақ құндылыққа айналады.
Ұлттық сана қоғам кеңістігінде ұлт болмысының және ел мүддесінің қажеттіктеріне сай шындық пен жалғанды ажыратып, халық ішінен нағыз талант иелері мен білімділерді шығарып, оларға бағыт көрсететін құбылыс. Ұлттық санаға қатысты Міржақып Дулатов былай деп жазып кеткен, «Бір кісі бір іске жарайтын болса да аз болмас. Халыққа қызмет етемін деген кісіге бәрі бір. Депутат бол, газет шығар, бала оқыт...өзгеміздің бәрі сай болып жалғыз депутатқа қарап тұрған іс жоқ. Халқың надан болса, мың депутатың болсын онан пайда тағы жоқ. Депутаттықты таңсық көріп, атағына қызығып яки бәсеке үшін баратын кісі болмасқа тиіс. Екі қазақ таласып, бір орысқа олжа болса, онан тапқан абыройға түбінде ие табылмай жүрмесін. Осыны әркім ескерсе екен» . Халықтың жағдайын, елдің қажеттігін биіктен қарағаннан, халықтың ішінде жүріп көрген ұтымды. Әлеуметтің, әлеумет мүшесі әрбір адамның көңіл күйі халықтың ішінде ғана жүргенде білінеді. Биікте тұрып қоғамда болып жатқан нәрсені адам көрсе де, оның ішкі жағдайына үңіле алмауы мүмкін. Осы себептен, тарихта қазақ зиялылары халықтың ішінде жүріп, тікелей елдің мәселесін көтеріп, оны шешудің оңтайлы жолын халықпен бірлесіп іздеген.
Қазақтың ұлттық деңгейінен қарасақ, ұлттық сана дегеніміз елдің өткен тәжірибесімен өзінің бойындағы бар мүмкіндігін (адамгершілік, қабілет, білім) қатар иеленіп, қоғамында орын алып, өзекті болып отырған әлеуметтік мәселелерге жауапкершілікпен қарайтын, жеке басына ие және қоғамын игілікке жетелей білетін, өз болашағына жауапты, ел болашағына ізгілік әкелетін нәрселерді танып, иелене алған адамның түсінігін, ұғымын, ой өрісін, іс-әрекетін айтамыз
Н.Назарбаевтың «болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және рухани жаңғыру жобасы
2017 жылғы 12 сәуірде Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласын жариялап, онда қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты бағыттарын айқындап берген еді.Мемлекет Басшысының бастамасымен басталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, бұл – шын мәнінде, ұлттық деңгейдегі ауқымды жоба. Ол қоғам тіршілігінің барлық саласын қамтитындығымен бірегей. Бұл ретте, Қазақстан азаматтарының қоғамдық санасының мазмұны олардың мүдделерімен, идеяларымен, құндылықтарымен тығыз байланысып, мәдениет, мінез-құлық тәжірибесі, салт-дәстүр, ғылым, адамгершілік императивін қоса алғандағы рухани негіздерге арқа сүйейді.
Бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму және сананың ашықтығы ХХІ ғасырдағы ұлттық сананы жаңғыртудағы басты бағыттар екендігі белгілі. – Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алдымен экономикалық реформаларды жүргізіп барып, содан кейін ғана саяси реформаларды жүргізу керектігін атап өткен еді. Сондықтан да, күллі жер жүзі көз алдымызда өзгеріп жатқандықтан, қоғамдық сананы жаңғыртудың ерекше маңызға және өзектілікке дәл қазір ие болуы заңдылық. Бұл орайда мықты әрі жауапты адамдардың Біртұтас Ұлтын қалыптастыру Қазақстан табысының маңызды шарты. Олай болса, сананы жаңғырту әр қазақстандыққа әсер етуі керек, өйткені заманауи сын-қатерлер жағдайында еліміздің әр тұрғыны елдің және тұтас қоғамның прогресі үшін өзінің өмірлік стратегиясын бейімдеуге дайын болуы керек. Ұлттық комиссиямен «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 6 бағытының іске асырылуы қамтамасыз етілді. Соларға нақтырақ тоқталсақ. Бірінші бағыт – қазақ әліпбиінің латын графикасына көшуі. Президент атап өткендей, бір жағынан – латыншаға көшудің терең тарихи логикасы бар, екінші жағынан – әлемде технология мен коммуникация дамуының заманауи ерекшеліктерін көрсетеді. Сондықтан да қазіргі латын графикасы жаңа технологиялармен, компьютермен, цифрландырумен байланыстырылады Бұдан әрі оқу-әдістемелік, көркем әдебиетті әзірлеу мен басып шығару бойынша жұмыс басталады. Екінші бағыт – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық». Қазақ тіліне аударылатын кітаптарды іріктеп алумен айналысатын Жұмыс тобы құрылды. Оның құрамында ЖОО мен ҒЗИ ғалымдары және танымал саясаттанушылар, қоғам қайраткерлері бар. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында оқулықтарды іріктеу бойынша Іс-қимыл жоспары жасалды. ЖОО-дың ұсыныстары негізінде 800 атаудан тұратын оқулықтардың бастапқы тізімі жасалды. Алғашқы 18 оқулық мемлекеттік тілге аударылып, басылып шықты. 12 сәуірде Елбасының қатысуымен осы оқулықтардың тұсаукесері болып өтті. Жобаның 100kitap.kz. ресми сайты іске қосылды. Жалпы, жоба, үйретудің тәсілдері мен әдістемелері спектрін кеңейтуге арналған, олар қазақстандықтарға, әсіресе, студенттер мен оқытушыларға қолжетімді болады. Үшінші бағыт – «Туған жер». Бұл жобаның ерекшелігі – өңірлердің белсенді қатысуы, сонымен қатар, кәсіпкерлерді, меценаттарды және мүдделі азаматтарды тарту. Туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік арқылы көрсетілген патриотизм – ұлттық-генетикалық кодтың негізі. Жоба аясында 700-ден астам нақты жобалар іске асырылды, 320-дан аса жоба іске асырылып жатыр, бүкіл республика бойынша 150-ден астам жоба бастамаланды.Төртінші бағыт – «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы». Бұл қоғамдағы ең танымал жобалардың біріне айналды. Осы бір жылдың ішінде барлық өңірлер өздерінің бірегей жерлері туралы айтып берді. Жалпыұлттық және өңірлік маңызы бар нысандардың тізімі жасалып, жалпыұлттық маңызы бар 183 нысан анықталды.2018 жылғы 15 қаңтарда Ұлттық музейде «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы бойынша ІІ Республикалық форум болып өтті. Бесінші бағыт – «Жаһандағы қазақстандық мәдениет». Жоба қазақстандық мәдениетті шетелде танымал ету бойынша жүйелі жұмыстар құруға бағытталған. Бұл ретте, заманауи мәдениетті сыртқы болмысы бойынша да, ішкі мазмұны бойынша да ілгерілетуге басымдық жасалады. 2017 жыл бойы заманауи отандық мәдениетті шетелде ақпараттық ілгерілету және танымал ету бойынша кешенді іс-шаралар атқарылды. Тәуелсіздік жылдарындағы отандық мәдениет жетістіктері түгенделді. Мәдени шығармаларды іріктеу келесі критерийлер бойынша жүргізілді: жобаға енетін шығармалар Қазақстан тәуелсіздігі кезеңінде өмірге келген болулары керек, олар жаңашылдығымен, бірегейлігімен ерекшеленіп, заманауи қоғамның эстетикалық және көркем талғамына жауап берулері керек. Алтыншы бағыт – «Қазақстандағы 100 жаңа есім», бұл 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шын мәніндегі визиттік карточкасына айналды. Бұл жоба түрлі саланың көрнекті тұлғаларын бүкіл Қазақстанға таныстырды. Бұлар Тәуелсіздік жылдарында табысқа жетіп, ел мойындаған әншілер, композиторлар, спортшылар, ғалымдар, журналистер және басқа да өз ісінің хас шеберлері
Қазақстанның қоғамдық санасының жаңғыртудың негізгі бағыттары
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат — мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.
Рухани жаңғыру — адамның ішкі әлемінің жаңаруы, сананың сезімі, жаңа өзгерістерді қабылдау қабілеті. Біз рухани жаңарудағы өркениеттің дамуымен байланыстымыз. Біздің Елбасымыз рухани жаңарудың бірнеше қағидаларын енгізді. Олар бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және ұлттық сәйкестікті сақтау сияқты қағидалар.
Мемлекет басшысының жоғары рухани дамуға қатысты сөзі дүниетанымдық саладағы жаңғыру бойынша қолданылған жаңаша ұғым. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғырудың 6 бағытын белгілейді:
1. Бәсекеге қабілеттілік;
2. Прагматизм;
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау;
4. Білімнің салтанат құруы;
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы;
6. Сананың ашықтығы.
Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағидаларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді.
«Мәңгілік ел» және «Рухани жаңғыру » Жаңа Қазақстан Философиясы
«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті
халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім.
Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым.
Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты, негізгі іргетасы бірлік . Бірлік – ол елдің рухани бірлігі, халықтың мәдени, тілдік, ділдік, ақпараттық кеңістікке деген бірлігі. Қазақстандықтардың әлеуметтік, мәдени, рухани бірегейлігін дамыту ұлттық идеологияны дамытудың басты факторы болуы тиіс.
«Мәңгілік Ел» идеясы біздің мәңгілік халық, мәңгілік мемлекет болып қалуымызды қуаттайды, халқымыздың өз тамыр-тегін, ұлттық рухы мен өзіндік бірегей даму жолын сақтауға, әлем қауымдастығында өз рөлін айқындауға, тарихи-мәдени құндылықтарды мұқият сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге, адамгершілік бағдарды қалыптастыруға, дамытуға, қоғамның зияткерлік әлеуетін күшейтуге үндейді.
Сондай-ақ «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы жас ұрпақты өз отанына деген сүйіспеншілік пен патриотизмге, ұлттық салт-дәстүрге, руханият пен мәдениетке құрмет сезіміне тәрбиелеуді талап етеді. Сол себепті жас ұрпақты «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясына тәрбиелеу бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі.
«Мәңгілік Ел» идеясы мәңгілік халық, мәңгілік мемлекет ретінде халқымыздың көп ғасырлық арман-мұратына, ел дамуының нақты нәтижелеріне негізделген. «Мәңгілік Елдің» жұмылдырушы күш-қуаты келесілерге негізделген:
1) өз барабарлығын, өз тамыр-тегін, өз ұлттық рухы мен өзіндік бірегей даму жолын сақтауға;
2) әлем қауымдастығындағы өз рөлін айқындауға;
3) тарихи-мәдени құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу үшін сақтауға мүдделілікке;
4) маңызды міндеттерді барынша ауқымды түрде шешуге ұмтылысқа.
Оның басымдықтары – дәстүрлі құндылықтарды қолдау; ұлттық барабарлықты анықтайтын адамгершілік бағдарларды қалыптастыру және дамыту, қоғамның зияткерлік әлеуетін күшейту. Негізгі өлшемдер – гуманизм мен әділеттілік, әлеуметтік-адамгершілік прогресс болмақ.
«Мәңгілік Ел»– Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру стратегиялық мақсатын жүзеге асыруға бағытталған қуатты жұмылдырушы бастама. «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы маңызды құраушыларын (этносты қалыптастырушылық, азаматттық және жалпымемлекеттік), сонымен қатар Мықты және Қуатты Қазақстан мемлекетін құруда басшылыққа алынатын «Қазақстан – 2050».
Стратегиясының негізгі алты бағыттарын негізге алады:
Бірінші. Жаңа қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу. Жаңа қазақстандық патриотизм – бұл этникалық айырмашылықтардан тыс бүкіл қоғамды біріктіруі тиіс барлық мүмкіндік.
Екінші. Барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігі. Біз барлығымыз тең құқықты тең мүмкіндіктерді иеленген қазақстандықтармыз. Біздің жерімізде бейбітшілік пен тыныштық орнауына біз тікелей жауаптымыз.
Үшінші. Қазақ тілінің дамуы және тілдердің үш тұғырлылығы. Жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі болып табылады. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз және оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту керек.
Төртінші. Мәдениетті, дәстүрлі және даралықты қайта өркендету. Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды.
Бесінші. Ұлттық зиялы қауым рөлін көтеру. Зиялы қауым қалыптасқан мемлекет кезеңінде жаңа жалпыұлттық құндылықтар жасауда жетекші күш болуы керек.
Алтыншы. Мемлекеттің зайырлы сипатын нығайту – бұл Қазақстанның сәтті дамуының маңызды шарты.
Төртінші. Мәдениетті, дәстүрлі және даралықты қайта өркендету. Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды.
Бесінші. Ұлттық зиялы қауым рөлін көтеру. Зиялы қауым қалыптасқан мемлекет кезеңінде жаңа жалпыұлттық құндылықтар жасауда жетекші күш болуы керек.
Алтыншы. Мемлекеттің зайырлы сипатын нығайту – бұл Қазақстанның сәтті дамуының маңызды шарты.
Қазақстанның бірінші жаңғыруы 25 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды дербес мемлекет ретінде бастағанымыздан басталған болатын.Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда — Астананың салынуымен басталды.
Үшінші жаңғыру Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласымен жалғасын табуда. Ұлт санасының жаңғыруын мақсат еткен бұл еңбек- бағдарламалық құжат. Бұл іргелі мақаланы халық Мәңгілік Ел мұратын жүзеге асырудың түп негіздерін көрсетіп берген тұжырымдамалық бағдарлама ретінде қабылдауда. Бұл халқымызға рухани жол көрсететін нақты бағдар екеніне күмән жоқ.
Нағыз ұлттық жаңғыру тек Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгенде ғана, Елбасының ұзақ мерзімді стратегиясының негізінде басталды деп айтуға болады. Қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталып отырған бұл идеяның ұсынылуы уақыт талабы мен ел дамуының тарихи кезеңіне сай, маңызы зор шешім болып отыр. Бұл идеяның үшінші жаңғырудың өзегіне айналуы, елімізге мүлдем жаңаша сипат, тың серпін әкелері анық.
Сананы рухани жаңғыртуға бәсекеге қабілетті, білімді елдің ғана шамасы жетеді. Сол себептен Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Елбасы аталған мақаладан жаңаша бастау алатын «Туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынып отыр. Әрбір азаматтың өзінің туған жерінің гүлденуі үшін нақты үлес қосуға үндейді.
Жас буын өкілдері халықтың игі дәстүрінен тәлім алып, елжандылық, патриоттық қасиеттерді бойына сіңіріп өсу үшін нақ осындай бағдардың маңыздылығы зор. Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, туған өлке туралы түсініктер оқу- тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс- шараларда Отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт- дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылуда.
Ең бастысы-жас ұрпақ бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. Жастар тәрбиесіндегі басты ұстаным- өзін-өзі басқаруға мүмкіндік беріп, еркіндікті, сөз бостандығын, пікір бостандығын сездірту, олардың ұстанымдарымен санасу. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын»,- дегені жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу ісінде баға жетпес ұсыныс.
Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы- қоғам дамуына тың серпін беріп, барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болар тарихи бастама. Бұл игі бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру- баршамыздың міндетіміз.
Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Оның ең негізгісі ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу. Құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білу. Бұл ретте, Елбасы «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек»,- екенін атап көрсетті.
«Президент рухани жаңғырудағы ұлттық сана-сезім көкжиегін кеңейтуде екі нәрсенің басын нақты ашып беріп отыр. Оның бірі ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғырудың болмайтындығы. Екіншісі, алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту. Мұндағы басты идея болашақ пен өткенді үйлесімді сабақтастыра білу. Елбасының идеясы тарихқа деген көзқарасты түзету мен ұлттық бірегейлікті сақтап, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту жайлы болып отыр.
Елбасының «Бізге тарих туралы өздерінің субьективті пайымдарын тықпалауға ешкімнің қақысы жоқ»,- деуі шешімді пікір. Рухани жаңғыруда қойылып отырған маңызды мәселенің бірі «сананың ашықтығы». Жаһандану үрдісіндегі басты талап әлемдік тілдерді игеруге ұмтылу. Бұл біздің ғаламдық үрдіске толыққанды араласуымызға жол ашады.
Әлемдік озық тәжірибе мен жетістіктерге қол жеткізуімізге мүмкіндік туғызатыны анық. Елбасы рухани жаңғыру жолында таяу жылдары атқарылуы тиіс негізгі міндеттерді де нақты анықтап беріп отыр. Соның бірі латын әліпбиіне көшу. Бұл орайда, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдайтын боламыз. «Президент рухани жаңғыруды жүзеге асыруда, әлемде ешкімге ұқсамайтын дербес ұлт болуымыз үшін «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыру міндетін қойып отыр.
Қоғамдық сананы жаңғыртудың негізгі бағыттары.
1. Бәсекелік қабілет
Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.
Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары болуы мүмкін.
Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында.
Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы.
Прагматизм
Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгертпейінше, біздің толыққанды жаңғыруымыз мүмкін емес.
Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады.
Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді.
Тек өткен ғасырдың ортасында, небәрі бірнеше жыл ішінде миллиондаған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Бағзы замандардан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай өзгеріп, ас та төк ысырапшылдыққа ұласты. Соның кесірінен, Жер-Ана жаратылғаннан бері шөбінің басы тұлпарлардың тұяғымен ғана тапталған даланың барлық құнары құрдымға кетті. Түгін тартсаң майы шығатын мыңдаған гектар миялы жерлеріміз экологиялық апат аймақтарына, Арал теңізі аңқасы кепкен қу медиен шөлге айналды.
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау
Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.
Оның екі қыры бар.
Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту.
Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.
Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қандай қатері болуы мүмкін?
Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгісін бәріне ортақ, әмбебап үлгіге алмастыру ретінде қарастыруда болып отыр. Алайда, өмірдің өзі бұл пайымның түбірімен қате екенін көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда. Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.
Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана.
4. Білімнің салтанат құруы
Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет. Тәуелсіздік жылдарында қыруар жұмыс жасалды. Біз он мыңдаған жасты әлемнің маңдайалды университеттерінде оқытып, дайындадық. Бұл жұмыс өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында қолға алынған «Болашақ» бағдарламасынан басталды. Елімізде өте жоғары деңгейдегі бірқатар университеттер ашылды, зияткерлік мектептер жүйесі қалыптасты. Басқа да көптеген іс тындырылды.
Дегенмен, білімнің салтанаты жалпыға ортақ болуға тиіс. Оның айқын да, бұлтартпас себептері бар. Технологиялық революцияның беталысына қарасақ, таяу онжылдық уақытта қазіргі кәсіптердің жартысы жойылып кетеді.Экономиканың кәсіптік сипаты бұрын-соңды ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген.Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімдар адамдар ғана табысқа жетеді.
Осыны бек түсінгендіктен, біз білімге бөлінетін бюджет шығыстарының үлесі жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылып отырмыз.Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
Биыл Еуразия құрлығының ұлан-ғайыр аумағын астаң-кестең еткен 1917 жылдың қазан айындағы оқиғаға 100 жыл толады.Күллі ХХ ғасыр революциялық сілкіністерге толы болды. Бұл осы аумақтағы барша ұлттарға мейлінше әсер етіп, бүкіл болмысын өзгертті.Әрбір жұрт тарихтан өзінше тағылым алады, бұл – әркімнің өз еркіндегі шаруа.Біреуге өзіңнің көзқарасыңды еріксіз таңуға ешқашан болмайды. Бізге тарих туралы өздерінің субъективті пайымдарын тықпалауға да ешкімнің қақысы жоқ.Өткен ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды.
Біріншіден, ұлттық дамудың көнеден жалғасып келе жатқан өзімізге ғана тән жолы біржола күйретіліп, қоғамдық құрылымның бізге жат үлгісі еріксіз таңылды.
Екіншіден, ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды. Оның жарасы бір ғасырдан бері әлі жазылмай келеді.
Үшіншіден, қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете жаздады.
Төртіншіден, еліміздің көптеген өңірлері экологиялық апат аймақтарына айналды.
Әрине, тарих тек ақтаңдақтардан тұрмайды.
ХХ ғасыр Қазақстанға бірқатар игіліктерін де берді.
6. Сананың ашықтығы
Көптеген проблема әлемнің қарқынды өзгеріп жатқанына қарамастан, бұқаралық сана-сезімнің «от басы, ошақ қасы» аясында қалуынан туындайды.Бір қарағанда, жер жүзіндегі миллиардтан астам адам өзінің туған тілімен қатар, кәсіби байланыс құралы ретінде жапатармағай оқып жатқан ағылшын тілін біздің де жаппай және жедел үйренуіміз керектігі еш дәлелдеуді қажет етпейтіндей.Еуропалық Одақтың 400 миллионнан астам тұрғыны ана тілдері – неміс, француз, испан, итальян немесе басқа да тілдерді сыйламай ма? Әлде 100 миллиондаған қытай мен индонезиялықтар, малайлар ағылшын тілін еріккеннен үйреніп жатыр ма? Бұл – бәзбіреулердің әншейін қалауы емес, жаһандық әлемге еркін кірігіп, жұмыс істеудің басты шарты. Бірақ, мәселе бұған да тіреліп тұрған жоқ. Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді.
Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.
Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздің өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек.
Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава – Жапония мен Қытайдың бүгінгі келбеті – осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудың нағыз үлгісі.
Пайдаланылған әдебиеттер
Әбішев Қ.Ә. Философия. Алматы, 2000.
Абдильдин Ж.М. Соч. в 5-ти т. Алматы, 2000-2001.
Қазақ энциклопедиясы
«Егемен Қазақстан» газеті
«Айқын» газеті
Достарыңызбен бөлісу: |