1-ші лекция: Ойлау мәдениеті



бет3/12
Дата19.06.2023
өлшемі499,72 Kb.
#102433
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақ халқының философиялық мұрасы : жиырма томдық. - Астана : Аударма. - 2005

4-ші том : Ислам философиясы. - 534 с

  1. Қазақ халқының философиялық мұрасы : жиырма томдық. - Астана : Аударма. - 2005

5-ші том : Орта ғасырдағы түркі ойшылдары. - 528 с. - ("Мәдени мұра")

  1. Әл-Фараби

Әлеуметтiк-этикалық трактаттары / Әл-Фараби. - Алматы : Ғылым, 1975. - 419 с. - (Каз.ССР Ғылым Академиясы.Философия және право институты)
3-ші лекция: Дүниетанымның тарихи типтері
1. Философия және дүниетаным.
2. Дүниенің ғылыми, философиялық, діни бейнелері. Мифология, дін және
философия.


Философия ұғымын зерттеу үшін, ең алдымен, оның нені зерттейтінін, адам мен қоғам өміріндегі орны қандай екенін түсіну керек. Ол тек ғылымдардың бірі ме, әлде ол ғылымнан жоғары нәрсе ме? 
Білім мен сенімнің, ой мен сезімнің, көңіл күй мен мақсат мүдденің, үміт пен ниеттің тағы басқа түрлі жақтарының бірігуі болып табылатын дүниеге көзқарас адамдардың дүние және өзі туралы біртұтас ұғымдардың жиынтығы деуге болады. Дүниетаным, дүниеге көзқарас дегеніміз — айнала қоршаған орта, бүкіл әлем, тұтас дүние туралы, ондағы адамның орны, тіршіліктің мән-мағынасы туралы көзқарастардың, пікірлер мен түсініктердің жүйеленген жиынтығы. Көп өлшемді бұл құбылыс (дүниеге көзқарас) адам өмірінің практикалық іс-әрекеті мен мәдениетінің түрлі салаларында қалыптасады.
Бірнеше ғасырлар бойы ойшылдар дүниетанымдық білімнің бастауы, оның шындық критериі туралы сұрақ қойып келді. Бірақ бұл дүниетанымдық проблема XVIII ғасыр аяғында Германияда айқынырақ қисынға келтірілген. «Дүниетаным» ұғымын енгізген неміс зерттеушісі және философ Кант: «егер адамға шынында керек ғылым бар болса, онда ол білу мүмкіндігін береді», - деген қорытындыға келді, «әлемдегі орнын қалай тиісті түрде алуға болады, адам болу үшін қандай болу керек екенін дұрыс ұғыну»1 
Дүниетанымның төрт аспектісін бөліп алуға болады: онтологиялық, гносеологиялық (танымдық), аксеологиялық (құндылық) және праксио-логиялық. Онтология - болмыс дамуының жалпылама заңы туралы ілім. Онтологиялық мәселе материалистер үшін сыртқы дүниенің объективті өмір сүруін, оның мәңгі, шексіз тіршілігін мойындаушылық, ал идеалистер үшін рухтың болмысын алғашқы, қозғаушы күш ретінде уағыздаушылық. Практикалық немесе праксиологиялық қатынас – адамның әлемге және өзіне адам қызметінің шегі, тәсілі мен мүмкіндік жағынан қатынасы. Құндылық қатынас (аксиологиялық қатынас) – адамның әлемге және өзінің тіршілік әрекетіне қатынасын өмірдің мәні арқылы көрсету. Бұл арқылы адам мен әлем туралы басқа дүниетанымдық білім өзгереді, адам өміріндегі құндылықтардың мәнін түсіну (адамгершілік, эстетикалық, әлеуметтік-саяси және т.б). Адам болмысының екі ажырамас бөлігі – рухани және практикалық кезең. Бір жағынан адамның практикалық қызметі (адамның табиғаты және адам өзгерісі) танылған және жете түсінілген қызметке негізделген, яғни адамның шындықты рухани меңгеруі. Екінші жағынан, сана (білім мен құндылық) шындықты рухани меңгеру секілді өндірістік пен қоғамдық-тарихи қызмет нәтижесінде пайда болады және дамиды. Дүниетанымның тұтастығын құрастыратын негіз – білім. Білім адамның көкірегіне қоныс теуіп, санасына ұялап, оның өмір тәжірибесінің елегінен өтіп барып, сенімге айналады. Сенім дегеніміз – дүниеге көзқарастың түп қазығы, бағыттаушысы, адамның өз позициясына, тоқыған ойына, істеген ісіне, ұмтылған мұрат-мақсатына деген беріктігі. Сенімі берік адамның көзқарасы, дүниетанымы нақты, ісі қонымды, бағыты қашан да айқын.
Дүниеге көзқарастың қалыптасуы табиғи, әлеуметтік және нақты мәдени ортаға тәуелді. Дүниеге көзқарасты ғылыми және ғылыми емес, қарапайым деп бөлуге болады. Сөйтіп, қарапайым дүниетанымда мифологиялық, діни және ғылыми көзқарастар, материалистік және идеалистік ағымдар араласып жатады.
Ал тарихи тұрғыдан алғанда дүниеге көзқарастың мифологиялық, діни, натурфилософиялық және философиялық түрлері қалыптасты.
Миф–бұл:
1) Қоғамдық сана, қоғамның қарапайым рухани формасы; 
2) Бастапқы білім, сенімнің элементтері, саяси көзқарастар, өнердің әр-түрлі түрлері мен өзіндік философияға байланысқан адамзаттың рухани мәдениетінің алғашқы формасы.
3) Сол дәуірдегі дүниені қабылдау және дүниені түсіндірудің сананың ортақ синкретикалық формасы.
Дін (Теоцентризм) – дүниетанымның тарихи, әлеуметтік және психологиялық негізделген типі. Оның негізінде дүниеге қөзқарастың қоғамдық-тарихи формалары ретінде дүниені түсіндірудің және адамдардың санасы мен мінез-құлқына ықпал жасаудың ұқсас міндеттерін шешу және «о дүниелік» күшке деген сенім жатар.
Философия дүниетанымның рефлексивті типіне жатады. Адамның бұл өмірдегі орны мен дүниеге көзқарасы жайлы ойлаулардан тұрады. Өзінің ойлауына, өзінің санасына, ішкі жан дүниесіне сырттай қараған көзқарас – философиялық сананың бір қыры.
Философия дүниеге көзқарастың бір түрі. Дүниеге көзқарас - дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниеге көзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.
Мифология (гр. Myfos - аңыз, logos - ілім) - әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б.
Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше.
Философия (қазақша пәлсапа) - дүниеге көзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы - нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.
Космоцентризм - әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .
Теоцентризм - барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш - Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық Еуропа философиясына тән ерекшелік).
Антропоцентризм - негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады).
Философияның пайда болуы адамзат баласының білім деңгейі мен ой-санасының едәуір дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге келді.
Философияның онтологиялық мәселесіне байланысты философияда негізгі екі бағыт пайда болды. Олар материализм және идеализм.
Онтологиялық сұрақ - дүниенің бастамасы не, дүниенің негізі материя не сана, рух па деген деген сұрақ төңірегінде мәселе қозғаса, ал гносеология - дүниені танып-білу мүмкін бе әлде мүмкін емес пе деген сұрақ қояды.
Дүниенің алғашқы бастамасы, түп негізі не деген сұраққа жауап беру барысында философияда екі негізгі бағыт пайда болды, олар: материализм және идеализм.
Материалистік бағыт-дүниенің негізі кез-келген бір материядан тұрады, материя-санаға тәуелсіз реалды өмір сүретін, өзіндік заңдылықтармен дамуға қабілетті деп тұжырымдайтын пікір.
Материя — адамның санасынан тыс, тәуелсіз өмір сүретін және санада бейнеленетін (сана арқылы сипаттауға болады) обьективті шындық. Материя әлемде нақты өмір сүретін шексіз көп обьектілер мен формалардың субстанциялық негізі болып табылады.
Материалист - философтардың қатарына саналатындар: Демокрит, Фалес, Анаксимандр, Анаксимен, Эпикур, Бэкон, Локк, Спиноза, Дидро, Герцен, Чернышевский, Маркс, Энгельс, Ленин т.б.
Идеализм - философияның негізгі мәселесін шешудегі материализмге қарама-қарсы бағыт, яғни материя мен сана қатынасында дүниенің бастамасы ретінде сананы (идеяны), рухты жақтайтын көзқарас.
Идеализм екі түрлі пікірге бөлінеді:
- Объективті идеализм (Платон, Лейбниц, Гегель),
- Субъектвті идеализм (Беркли, Юм).
Обьективті идеализм өкілдерінің тұжырымдауы бойынша тек қана реалды идея ғана бар, идея - алғашқы, барлық қоршаған орта, шындық - «идеялар әлемі» және «заттар әлемі» болып бөлінеді. «Идеялар әлемі» (эйдос) әлемдік зердеде өмір сүреді, заттар әлемі - өзіндік тіршілігі жоқ, жекелеген заттар Жаратушыға ғана тән құбылыс, «идеялар әлемі» санадан тәуелсіз өмір сүреді, себебі, адамның ойы, идея тіпті табиғаттың өзі абсолюттік идеяның, дүниежүзілік, әлемдік рухтың бір бөлшегі ғана, яғни дүниенің негізі - о дүниелік сана, «абсолютті рух». Обьективті идеализм әдетте теологиямен бірігіп кетеді де, діннің өзіндік бағыт алған философиялық негізі болып табылады.
Субьективті идеализм - бүкіл дүние - біздің санамызда, субьектінің сана-сезімінің жасаған немесе біздің түйсіктеріміздің, алған әсеріміздің жиынтығы. Бұл жағдайда алғашқы бастамаға адамның санасы алынады да, сонан кейін барып одан табиғат шығарылады, соған орай заттар мен бүкіл дүниенің объективті өмір сүруі, олардың даму заңдылықтары теріске шығарылады, өйткені адам санасынан тыс материя да, рух та жоқ»,- деген пікірді ұстанды.
Уақыт өте келе дүниенің бастамасы мәселесіне байланысты философияда бірнеше пікірлер қалыптаса бастады. Олардың қатарына: монизм, дуализмдеизм саналады.
Монизм (гр. Monos - біреу, жалғыз) – дүниенің алғашқа негізі ретінде бір ғана бастаманы мойындайтын философиялық ілім. Идеалистер үшін алғашқы бастама - идея, сана. Материалистер үшін - материя алғашқы бастама болып табылады.
Дуализм (лат. Duo - екеу) –монизмге қарсы, дүниенің негізі екі бастамадан тұрады, екеуі бірін-бірі толықтырып отырады деп тұжырымдайтын пікір. Негізін салған Р.Декарт.
Деизм - (лат. Dues - Құдай) дүниенің негізін Құдай жаратты, бірақ, адамның іс-әрекетімен қоғам өміріне араласпайды деп тұжырымдау. Негізін салған 17 ғ. Ағылшын философы, лорд Чербери.
Философияның негізгі сұрағының екінші жағы дүниені танып-білу мәселесі екендігі жоғарыда айтылған болатын. Бұл мәселені қарастыру барысында қарама-қарсы көзқарастар пайда болды, олар философиядағы гностицизм және агностицизмдік көзқарастар.
Гностицизм (гр. gnostos - білім) дүниені танып-танып білу мүмкіндігіне сенетін, мойындайтын ілім. Адамның санасы, зердесі дүниенің барлық қыр-сырларын танып-біле алады деп тұжырымдайтын философиялық көзқарас.
Агностицизм (гр. а - теріске шығару, ал gnostos - білім) - дүниені танып-білу мүмкіндігін теріске шығаратын ілім. Терминді алғаш ағылшын жаратылыс зерттеушісі Гексли енгізді.
Дүниеге философиялық көзқарастың мәні онтологиялық және гносеологиялық мәселелерді қарастырумен ғана анықталып, шектелмейді. Әлемді философиялық тұрғыдан қараған кезде танып-білудің қандай әдіс қолданылатындығын естен шығармауымыз керек. Егер философия тарихына жүгінетін болсақ, бір-біріне қарама-қарсы екі ойлау әдісі-диалектика мен метафизикалық әдістерін аңғарамыз.
Диалектика (гр. Diolegomai - әңгімелесу, пікірлесу) – обьективті шындықтың, табиғаттың, қоғамның, ойлаудың даму заңдылықтарын зерттейтін ілім. Антика дәуірінің өзінде-ақ дүниенің, тіршіліктің өзгермелілігін мойындап, шындық атаулыны үнемі дамып, өзгеріп отыратын процесс ретінде қабылдады. Осы жағдайларға байланысты кез-келген нәрсенің бірлігі мен қарама-қайшылықтар күресінің қатынасын көрсетуде диалектиканың маңызы зор (Гераклит, Пифагоршылдар).
Метафизика. Ерте заманда бұл сөз өмірдегі барлық нәрсенің түп негізі туралы ілім деге мағынаны білдірген. 16 ғасырдан бастап «Метафизика» терминімен қатар сол мағынада «Онтология» терминіде қолданылды.
Метафизика - заттар мен құбылыстар бір-бірімен байланыссыз, қозғалмайтын, мәңгі-бақи бір қалыпты, ішкі қайшылықтары жоқ деп есептейтін философиялық ілім (сөзбе-сөз аударғанда - «физикадан кейінгі келетін» мағынасын білдіреді).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет