1-ші тақырып. Макроэкономика пәні. Ұлттық есеп-шот жүйесі. Семинар сабағы



бет22/34
Дата31.12.2021
өлшемі92,23 Kb.
#21210
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34
Байланысты:
makroekonomika

Қайта еске түсіретін түсініктер:

Халықаралық сауда. Импорт. Экспорт. Протекционизм. Фритредерлік. Ипорттық тариф. Экспорттық тариф. Экспорттық субсидиялар.

 

Тест сұрақтары:

1. Еркін сауда саясаты дегеніміз не?

A) Мемлекет сыртқы саудаға тікелей ықпал етуден бас тартып, негізгі реттеуші рөлін нарыққа жүктейді.

Ә) Отандық экономиканы қорғау.

Б) Сыртқы экономикалық қызметке мемлекеттің араласуы.

В) Мемлекетті қажетті байланыстармен қамтамасыз ету.

Г)  Жауаптардың барлығы дұрыс.

 

2. Халықаралық сауда саласында саясаттың қандай түрлері бар?



A) Экспорт және импорт.

Ә) Экспорт саясаты және импорт саясаты.

Б) Халықаралық саясат және сауда саясаты.

В) Халықаралық сауда саясаты және сыртқы сауда саясаты.

Г) Еркін сауда саясаты және протекционизм.

 

3.  А.Смиттің көзқарасы бойынша еркін сауда қағидасы:



A ) Елге аз еңбек шығындарымен өндіре алатын өнімдерді өндіруге мамандауға мүмкіндік береді.

Ә) Елде сирек кездесетін өндіріс факторларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Б) Елде қажетті табиғи факторлардың болмауына байланысты өндіре алмайтын өнімді импорттауға мүмкіндік береді.

В) ) Елде артық көлемдегі өндіріс факторларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Г) Елге артық көлемде өндіре алатын өнімдерді өндіруге мамандануға мүмкіндік береді.

 

4. Импорттық квота енгізу мынаған әкеледі:



А) Берілген тауардың ішкі рынокта көбеюіне.

Ә) Ішкі бағаның әлемдік рынок деңгейінен жоғары болуына.

Б) Отандық тұтынушылардың импорттық тауарларды қымбат бағамен сатып алуына.

В) Таза экспорттың азаюына.

Г)  Жергілікті сатып алушылардың тиімді жағдайына

 

5. Демпинг дегеніміз:



А) Импортқа қосымша салық салу.

Ә) Экспортер- фирмалардың өз тауарларын сыртқы рынокта әлемдік бағадан жоғары бағамен сатуы.

Б) Экспортер- фирмалардың өз тауарларын сыртқы рынокта әлемдік бағадан төмен  бағамен сатуы.

В) Экспорттық тауарлар көлемін сан жағынан шектейтін әдіс.

Г)  Импорттық тауарлар көлемін сан жағынан шектейтін әдіс.

 

1. Бір мезгілдегі ішкі және сыртқы  тепе-теңдіктің Кейнстік механизмі мынадай шартқа сүйенеді:



   А) Мемлекеттік реттеу шараларына.

   Ә) Автоматты тұрақтандырғыштарға.

   Б) Нарықтық пайыз мөлшерлемесіне.

   В)  Әлемдік пайыз мөлшерлемесіне.

   Г)  Сыртқы нарықтағы жағдайға.

 

 2. Манделл-Флеминг үлгісіндегі айырбас бағамының өсуі мынаған әкеледі:



   А) IS қисығы оңға жылжиды.

   Ә) IS қисығы солға жылжиды.

   Б) LM қисығы оңға жылжиды.

   В)  LM қисығы солға жылжиды.

   Г) LM, IS қисықтары оңға жылжиды.

 

 3. Бреттон-Вуд валюта-қаржы жүйесі бойынша валюта бағамы:



   А) Құбылмалы.

   Ә) Тұрақты.

   Б)  Ұзақ мерзім кезеңінде тұрақты.

   В)  Уақыт мерзіміне байланысты.

   Г)   Дұрыс жауабы жоқ.

 

4. Тұрақты валюта бағамы жағдайында мемлекет ынталандыратын қаржы   саясатымен бірге мына саясатты жүргізуі тиіс:



   А) Икемді  ақша несие-саясатын

   Ә) Тежеуші бюджеттік-салық саясатын

   Б)  Қатаң  ақша несие-саясатын

   В)  Протекционистік саясатты.

   Г)  Әлеуметтік саясатты.

 

5. Манделл-Флеминг үлгісінде IS және LM қисықтарының қиылысуы әлемдік пайыз мөлшерлемесі деңгейінен төмен  орналасса, онда:



   А) Шетел инвесторлары берілген елге капитал салуға тырысады

   Ә) Ұлттық өндірушілер тауарларды көбірек шығарады.

   Б)  Берілген  ел инвесторлары капиталды сыртқа шығаруға тырысады.

   В) Экономикаға ешқандай әсер етпейді.

   Г)  Мемлекеттік шығындар өседі.

 

11. Ашық экономикада инвестицияға салықтың төмендеуі мынаған әкеледі:



A)   Төмендегі жауаптар бәрі дұрыс.

B)   Нақты пайыз мөлшерлемесінің өсуіне.

C)   Капитал келуінің көбеюіне.

D)   Таза экспорттың азаюы.

E)    Капитал шоты сальдосының өсуіне.

 

12. Берілген елдің экспортының өсуі, басқа жағдай тұрақты болғанда:



A)   Жиынтықты сұранысты көбейтеді, бірақ ұлттық табысты азайтады.

B)   Жиынтықты сұранысты азайтады, ұлттық табысты көбейтеді.

C)   Таза сұранысты азайтады.

D)   Жиынтық сұраныс пен ұлттық табысты көбейтеді.

Жиынтық сұранысты азайтады

 

13. Төлем балансының тапшылығы қалай қаржыландырылуы мүмкін:



A)   Валютаның девальвациясы көмегімен.

B)   Сыртқы міндеттемені көбейту жолымен.

C)   Шетел валютасы резервтерін пайдалану арқылы.

D)   Сыртқы міндеттемені көбейту жолымен және (немесе) шетел валютасын шығындау жолымен.

E)    Төлемді кейінге қалдыру жолымен.

 

14. Капитал шотының және ағымдағы шоттың баланстандырылуы келесіні білдіреді:



A)   Капитал шотының сальдосы көбейген кезде ағымды шоттың сальдосы да көбейеді.

B)   Капитал шотының және ағымды операциялар шотының сомасы нөлге тең.

C)   Капитал шотының және ағымды операциялар шотының сомасы таза экспортқа тең.

D)   Капитал шоты және ағымды операциялар шоты мемлекеттік бюджетті баланстайды.

E)    Мемлекеттік шығындар мемлекеттік бюджеттің түсімдеріне тең.

 

Есеп:

Үкімет қант импортына 0,02$ 1 кг тарифін енгізу туралы шешім қабылдайды. Қанттың әлемдік бағасы 0,1$ 1 кг, еркін сауда жағдайында қанттың ішкі өндірісінің көлемі 6 млрд. кг жылына, ал импортқа тариф енгізілсе - 8 млрд. кг жылына.

      Еркін сауда жағдайында қантты ішкі тұтынудың көлемі жылына 16 млрд. кг, ал импортқа тариф енгізілсе - жылына 12 млрд. кг.

Есептеңдер:

А) қант импортына тариф енгізілгеннен бұл елдің тұтынушыларының ұтымын;

Б) бұл мөлшерден қоғамдық өндірушілердің ұтымын;

В) қант импортына тариф енгізілгеннен мемлекеттік бюджет табысының көбеюін.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет