1. Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды; Шылау сөйлем мүшесі бола алмайды



бет3/3
Дата25.11.2023
өлшемі26,49 Kb.
#126472
1   2   3
Шылаулар - лексикалык мағынаға ие болмағанымен, мәтiнде ерекше кызмет атқарады. Соның iшiнде жалғаулықты шылаулар – өзара байланысқан сейлеудiң бiрлiктерi арасында орнайтын түрлi логика-
семантикалық қатынастарды эксплицитті түрде бiлдiретiн тiлдiк құрал әрі олардың арасындағы байласымды жүзеге асырудын бiрден-бiр тәсілі болып саналады. Жалғаулықтар жекелеген дербес сөйлемдердің арасындағы мағыналык байланысты күшейте түседі. Ол мағыналық байланыстың түрі шылаудын бiлдiретiн грамматикалық мағынасымен (қарсылықты, талғаулықты, себептік т.б.) сипатталады. Сондай-ақ мәтіндегі бірліктердің арасындағы байласымды жүзеге асыруда қыстырма құрылымдардың атқаратын қызметі зор. Қыстырма құрылымдар сөз, сөздердiң тiркесi және сөйлем түрiнде де кездеседі. Қыстырма құрылымдар арқылы бiрiншiден, сөйлемдер арасындағы байласым нығая түссе, екiншiден, мәтіндегі ойға автордың қатынасын білдіріп, мәтіннің модальдылығын айқындайды. Бұл ретте автордың осы элементтер арқылы оқиғаға т.б. жағдайға әртүрлі қатынасын
бiлдiруiне мүмкіндік туады. Мәселен, мәтінде айтылған ойды құптайтындығы, оған қуанатындығы, күмәнданатыны, сенетiндiгi, растайтыны, ренжитiнi т.б. анық көрініп тұрады. Осындай мағыналық
ерекшеліктеріне байланысты шегендеуiштер (шылау, қыстырма құрылымдар) 9 семантикалык топқа бөліп қарастырылады:
1. Дұрыстықты, анықтықты, шүбәсiздiктi, сенімділікті, мақұлдауды, қоштауды, растауды, келісуді білдіретін шегендеуiштер: әрине, әлбетте, сөз жоқ, дауа жоқ, рас, шын, дұрысында, шынында, расында, расында да, шынында да, иә, бәсе, шындығында, ақиқатында, дұрыс;
2. Күмәндікті, сенiмсiздiктi, белгiсiздiктi, болжауды, жорамалдауды бiлдiретiн шегендеуіштер: мүмкiн, кім білсін, кім біледі, шамасы, шамалауымша, болжауымша, сiрә, құдай бiледi, менің ойымша, кайдам, неге екенiн қайдам, тегі, әлде, дәуде болса, бәлкім, бәлки, бiлем: айтты білем, байқаймын, солай ғой деймін, байқауымша;
3. Оқиғаға, фактілерге мәтін түзушiнiң эмоционалдық қатынасын бiлдiретiн шегендеуiштер: а) өкінішті, күйзелісті, опық жеудi бiлдiретiндерi: әттең, амал не, амал нешік, өкінішке орай, өкінішке қарай, амал қанша, не керек, әттеген, қап, өкінішті болғаны-ай: ә) таңдануды, таңырқағанды, армандауды, қуанышты, шүкіршілік етудi бiлдiретiн шегендеуіштер: ойпыр-ай, ең қызығы, бақытымызға қарай, бiр ғажабы, шүкір, құдайға шүкір, қудайға тәуба, бетім, бетім-ай, бәрекелді, мәссаған;
4. Хабардың бiрiздiлiгiн, оның мәндiлiк дәрежесiн бiлдiретiн шегендеуіштер: бiрiншiден, екiншiден, әсіресе, ең әуелі, ең алдымен, оның үстiне, алдымен, сонымен бiрге, сонымен қатар, ақырында;
5. Ойды нақтылау, анықтау, түсіндіру үшін қолданылатын шегендеуiштер: мысалы, мәселен, мәселенки, яғни, яки, екiншi сөзбен айтқанда, айтпақшы, айтқандай, жалпы, өйткені, сондықтан, сол себепті, сол үшiн, солай болғандықтан, себебі, неге десең, олай болса, ендеше;
6. Айтылған ойды жинақтап, қорытып айтуды бiлдiретiн шегендеуіштер: түйіп айтқанда, түптеп келгенде, қорыта айтқанда, тұтас, жалпы алғанда, бір сөзбен айтқанда, қысқасы, сайып келгенде, тоқ етерiн айтқанда, сонымен, сөйтіп, ұзын сөздің қысқасы;
7. Қарсылықты, теріске шығаруды, құптамауды, келіспеушілікті бiлдiру үшiн жұмсалатын шегендеуiштер: бiрақ, әйтпесе, керісінше, әйтсе де, сөйтсе де, әйтсе дағы, өйткенмен, әйткенмен, қалай дегенмен, алайда, дегенмен, сонда да, немесе, болмаса, сөйткенмен, ендеше, олай болса, қанша айтқанмен, қалай десең олай де, не болмаса, ал;
8. Айтылган ойға басқаның не мәтiн түзушiнiң пiкiрiн, көзқарасын бiлдiретiн шегендеуiштер: менiңше, менің ойымша, сiздiңше, бiздiңше, бізше, оның айтуынша, айтуы бойынша, айтуына қарағанда, айта кететін нәрсе, бiреудiң сөзiне қарағанда, айта кету керек, әдетте, негiзiнде;
9. Оқырманның назарын хабарға аудару мақсатында қолданылатын шегендеуiштер: бiлесiң бе, көрдiңiз бе, қарай гөр, несiн айтасың.
Шегендеуіштердің мәтiнтүзiмдiк кызметi мен бiлдiретiн мағыналық реңктерiне мәтіндерді талдау арқылы көз жеткізейік. Мысалы: Сахна мен сана жалпы жұртшылықтың түсінігінде де бiртұтас ұғым екені рас, себебі сахна сананы жаңғыртады, тәрбиелейдi, тулетеді, ал сана аркылы сахна толысады. (Е.Қ.)
Сана сахнада о баста болған. Жұмат Шаниннiн 1927 жылы «Гамлетті» коямын деп, әлемдік сахнаға қол соза талпынуы саналылық емей немене?! Бiрақ біз оны қаншалықты дамытып, жаңғырта алып отырмыз десек, гәп басқа. (Е.Қ.) Берілген мысалдарда сөйлемдердiң арасындағы тұлғалық байланысты жүзеге асыруда «себебі»
және «бірақ» жалғаулық шылаулар қолданылған. Алғашқы мәтiнде екi сейлемнiң арасында жұмсалған «себебі» шылауы алдыңғы сөйлемде айтылған хабардың солай болу себебiн онан сайын ашып көрсету үшiн қолданылып отыр. Сахна мен сананың неліктен бiртұтас ұғым екенi екiншi сөйлемнің мағынасы арқылы анықталған. Ал
келесі мәтiндегi үшiншi сөйлем алдыңғы екі сөйлеммен iргелес те, алшақ тұрып та байланысып тұр. Сөйлемдердің арасында орнаған қарама-қарсылықты мағыналық байланыс «бірақ» шылауы арқылы берілген. Алғашқы екi сөйлемде сахнада сананың болғандығы және Жұмат Шанин әлемдік сахнаға қол созуы арқылы iс-әрекетiнiң саналылықпен байланыста қарастырылуы үшінші сөйлемде, яғни кейiнгi ұрпақтың оны қаншалықты дамытып отырғандығы сөз болып, қарсы мағынада жұмсалған. Егер осы шылауды алып тастайтын болсақ, сөйлемдердің арасындағы лексика-грамматикалық байласымның әлсірегенін аңғарамыз. Мәтiндегi қолданысына қарай демеуліктер де мәтін
компоненттерінің арасындағы байласымды жүзеге асыруға қатысады. Мысалы: Жосып жүрген машиналар, өте алмай қалған жаяу адамдар әлi көп, жау қолы жақындаған сайын көбейе де бермек. Өткел табылып, бүгiнгi түн түгел біздің қолда болса малайлар жан сақтап қалар еді де, талайлардың ар-намысы төгілмес еді. Әсіресе, арып-талып келе жатқан бейбіт жұрт, көп азаптан құтылар еді (Ғ.Мүсірепов). Соңғы сөйлемдегі «әсіресе» демеулігі алдыңғы сөйлемде айтылған ойды онан сайын күшейтіп көрсету үшін жұмсалған. Бұл сөзді алып тастасақ, сөйлемдердің арасындағы мағыналық та, тұлғалық та қатынасқа ешқандай нұқсан келмеген болар еді, әйтсе де мәтiндегi ойдың аяқталуын бiлдiрiп әрі осы ойға ерекше екпін түсіру, өзге сөйлемдерден айқындап көрсету мақсатында жазушы бұл лексика-грамматикалық тәсiлдi қолданып отыр. Мысалы: ...Ойландыратыны. Қазақстан жерi осы уақытқа дейiн ғарышқа ұшу айлағы болғанымен бірде-бір қазақ ондай мәртебеге ие болмапты. Ал бүгінде, Қазақстан Республикасы – өзінің жекеменшiк жер серiгiн ғарыштағы орбитасына жеткізген әлемдегі санаулы мемлекеттердің бірі. Сөйтіп, Қазақстан ғарыштық державаға айналды. Ал ғарыштық держава болу алда қыруар жұмысты атқаруды талап ететіні сөзсіз, сондықтан да осы бағыттағы ойлары мен жоспары туралы автор қалың оқырманымен бөліседі (Е.Қ.).
Келтірілген мәтіндегі 5 сөйлемнің барлығы да бір-бірімен шегендеуіштердің қолданылуы арқылы тығыз байланысып, жымдасып жатыр. Әрбір сөйлем арасындағы қатынас қыстырма сөздер мен шылаулардың қолданылуы арқылы онан сайын нақтылана түскен. Бiрiншi сейлемдегі «ойландыратыны» деген қыстырма мәтінді тудырушының баяндалып отырған жағдайға байланысты өзіндік көзқарасын білдіреді, екінші сөйлемдегі ал шылауы оның алдында айтылған ойға қарама-қарсы мәнді білдіру үшін жұмсалып отыр.
Үшінші сөйлемдегі «сөйтiп» қыстырмасы екiншi сөйлемде айтылған ойды онан сайын айқындап, айтылған ойдың дұрыстығын нақтылау үшін жұмсалған. Ол екі сөйлемде айтылған ойлардың өзара қатынасын білдіріп тұр. Төртінші сөйлем екінші, үшінші сөйлемдерде айтылған пікірді толықтай теріске шығармағанымен, «ал» шылауы арқылы қарсылықты мағына беріліп отыр. Яғни, Қазақстанның ғарыштық
державаға айналуы үшін әлі де атқарылатын іс-шаралардың көптiгi сөз етілген. Соңғы сөйлемдегі «сондықтан», «да» шылауларының қабаттаса қолданылуы алдыңғы сөйлемде айтылған ойды нақтылай түсуге,күшейтуге жұмсалып отыр. Жоғарыда талданған мәтіндердегі байласымды жүзеге асыруға әртүрлі мағыналық реңктердi бiлдiретiн шылаулар мен қыстырмалар қатысса, ал төмендегі мәтіннің мазмұнына сәйкес мәтін байласымын жүзеге асырып отырған бiрлiктердiң бiр семантикалық топқа жататынын аңғару қиын емес. Мәтiнде Айнанын iс-әрекетін бағалау үшін автор сөйлемдердiң мағыналарын күмәндану, болжау мәнiнде кұрастыра отырып (аңсады ма, шығар, аққаны ма екен) оны байланыстыратын шегендеуiштерді (неге екенін өзі де білмеді, бәлкім, кiм бiлсiн) де осы мағынаға сәйкес сұрыптап қолданған. Соңғы сөйлемдегі «-ау» демеулiгiнiң қолданысы күмәндану, болжау мәнiн онан сайын басымдау етiп көрсету үшiн жұмсалған. Егер төмендегі мәтіннің қыстырма құрылымдарын алып тастасақ, онда сөйлем арасындағы
байласым сақталған болар еді, өйткені қыстырма құрылымдар сөйлемдердің арасындағы құрылымдық байласымды күшейте түсу үшiн қолданылады. Мысалы: Айнаның шамның сәулесімен боталаған жанары
жасаурай, енесін қатты қысып құшақтады. Неге екенін өзі де білмеді, екі иығы селкілдеп, ағыл-тегіл жылаған. Байтақ ел, бақытты күндерін аңсады ма, өз анасының жұпар иiсiн сағынып, кең кеудесіне басын қойғысы келген шығар, бәлкім, бұған дейін көкірегінде бұзып жатып, әбден қысылып, әбден сыздаған мұңның ененiң еміренісінен кейін иiп, бұлақ боп, көздiң жасы боп, сарқырап аққаны ма екен... Кім білсін. кiмнiң iшiне кiм кiрiп шыққан... бәрімізде де ашылмаған сыр, айтылмаған сөз бар-ау... (О.Бөкеев).
Жоғарыда талданған мәтіндерден байқағанымыздай, шегендеуіштер негiзiнен сөйлемдердің басқы бөлігінде орналасып, дербес сөйлемдердің арасындағы байласымды жүзеге асырады әрі түрлі логика-семантикалық қатынастардың грамматикалық көрсеткіші болып есептеледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет