Әдебиет майданына жаңа талантты ақын жазушыларда қосылды: Қалқаман Әбдіқадыров, Өтебай Тұрманжанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Тайыр Жароков, Әбділдә Тәжібаев, Жиенғали Тілепбергенов, Елжас Бекенов, Ғали Орманов, Қажым Жұмалиев, Ғалым Малдыбаев, Ә.Әбішев, Ә.Сәрсенбаев, Ғ.Сланов, Ж.Саин, Д.Әбілев, Қ.Аманжолов, Қ.Бекхожин, т.б. келуі. Жамбыл, Нұрпейіс, Кенен, Қайын, Нартай сияқты халық ақындарының жырлары. Халық поэзиясындағы көркемдік-идеялық ізденістер оның кәсіби қаламгерлерге әсерін тигізді. Соғыс жылдарындағы қазақ әдебиеті (1941-1950ж.) Үлы Отан соғысы кезіндегі қазақ поэзиясында Жамбыл творчествосының алатын орныерекше. «Ленинградтық өрендерім», «Москваға», «Алынбас қамал» Соғыс кезінде қазақ поэзиясында үгіттік қуаты мол, жалынды өлеңдерд жарық көрді. Т.Жароков «Жұлдыздай жанған Москва», «Ленин қаласы», Ә.Тәжібаев «Ленинград»; Д.Әбілев, «Торабында көп жолдың», Ғ.Орманов «Ел арманы»; Ә.Сәрсенбаев «Туыс», т.б Соғыс жылдарындағы қазақ әдебиеті (1941-1950ж.) Отан қорғаушылардың патриоттық бейнесі көрініп және оны сомдауға бағытталған ізденістер пайда болды. Поэзияда лирикалық кейіпкердің рухани әлемін бейнелеу әдіс-тәсілдерінің орныға бастау алды. Қазақ әдебиетінің сыны мен әдебиетгану ғылымының өркендеу жолдары. Абай Құнанбаев творчествосын зерттеуші ғалымдардың еңбегінің ерекше маңызы. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, Қ.Жұмалиев, М.С.Сильченко, Б.Кенжебаев, З.Ахметовтердің еңбектері жарық көрді. Қазақ әдебиетінің 1950 жылдардан кейін дамуы XX ғ. екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің тарихын жүйелей оқыту мен зерттеудің басты принциптері. Қазақ әдебиетінің алпысыншы жылдардан кейінгі даму сипаты туралы әдеби-эстетикалық, қоғамдық-саяси ойлардың маңызы мен мәні. С.Сейфуллин, Б.Майлин, Қ.Жансүгіров сықылды қазақ әдебиетінің негізін салушы жазушылардың шығармаларының әдеби айналымға оралуы, олардың творчествосының зерттеле басталды. Қазақ прозасының жанрлық байлығы мен стильдік көп қырлылығы көрінді.