Төртінші кеңес: мектеп шаруалары мен бала қиындықтарына байланысты сабырлы болуға тырысыңыз.
Бала мектептен келді – оны бірден сұрақ астына алуға асықпаңыз, бойын еркін ұстауға мүмкіндік беріңіз. Егер оның ренжіген күйін байқасаңыз, біраз уақыттан соң сабырлы әңгіме барысында оның ренішіне не себеп болғанын ақырын білуге тырысыңыз.
Есте сақтаңыз: бала үшін бір нәрсені білмеу және жасай алмау қалыпты жағдай. Ол сол үшін де – бала, мұнымен оны жазғыруға болмайды. Кінәлау баланың өзін-өзі бағалауын төмендетеді, өзіне сенімділігінен айырады.
Баланың қателесуге құқы бар. Сіздің балаңыз мектепке оқу үшін келді. Адам оқуды бастағанда кейбір нәрселер ойдағыдай бола бермейтіні анық.
Ата-ананың сабырлығы мен сенімділігін көріп бала мектептен қорқудың қажеті жоқ екенін сезінеді.
БЕСІНШІ КЕҢЕС: балаға құрдастарымен қарым- қатынас құрып, өзін сенімді сезінуіне көмек беріңіз
Баланы адамға үйірлігі үшін мақтаңыз, оның мектептегі жаңа таныстықтары үшін қуанғаныңызды айтып білдіріңіз.
Балаңызбен құрдастарымен қарым-қатынастың тәртібі жайлы сөйлесіңіз, өз балаңыздың өзгелерге көз тартарлық болып көрінуіне көмек беріңіз.
Балаңызды достарына көрсете алуы үшін жаңа ойындарға үйретіңіз.
Жай ғана шай ішуге балаңыздың сыныптастарын үйіңізге шақырыңыз, ал кішкентай қожайын қонақ күтуді үйренеді.
Балаңыздың мектептегі жолдастарының назарын қымбат ойыншықтар мен киімдермен сатып алуға тырыспаңыз. Бұлай балаңыз өзгелерге керек болуды үйрене алмайды. Мұндай жағдайда қызыңыз немесе ұлыңыз сыныптастарының тарапынан қызғаныш пен көреалмаушылық сезімдеріне тап болуы ықтимал.
Өзіне сенімді және көпшіл бала кез-келген жағдайға тез бейімделеді.
АЛТЫНШЫ КЕҢЕС: Өз балаңыздың мектептегі жетістіктеріне байланысты парасатты болуға үйреніңіз
Балаңызды мектеп күнделігінің қосымшасына айналдырмаңыз. Әрине мектептегі жетістіктер маңызды. Бірақ, бұл балаңыздың бүкіл өмірі емес.
Мектептегі баға — балаға берілген пән бойынша дәл қазіргі уақытқа қойылған баға. Баға баланың жеке басын сипаттай алмайды.
Өз балаңызды өзге балалармен салыстырмаңыз.
Балаңызды мектептегі жетістіктері үшін мақтаңыз. Және ешқандай да жақсы баға балаңыздың бақытынан маңызды емес.
Баланың алғашқы сәтсіздіктеріне барлық үмітіңіздің өшкеніндей қарамаңыз.