ЖЕТІНШІ КЕҢЕС: балаңызға бірінші сыныптың бірінші жартыжылдығында шамадан тыс ауыртапалық жүктемеуге тырысыңыз.
Баланы мектептен келе үй жұмысын орындауға отырғызудың қажеті жоқ. Оған 2-3 сағат демалуға, егер мүмкін болса оның 1,5 сағат ұйықтап алуына мүмкіндік жасаңыз..
Бала үй тапсырмасын орындап жатқанда кедергі жасамаңыз. Өзі жасағаны
абзал. Сіздің міндетіңіз орындау емес көмек беру.
Қамтылмағанды қамтуға тырыспаңыз!! Балаларыңызды музыка, шет тілі, бассейн, мәнерлі сырғанау, сурет өнері сияқты қосымша үйірмелерге беріп
«зерек» бала жасауға талпынбаңыз. Мұндай жағдайда бала өз-өзіне иелік ете алмайды, ол үшін басқалар шешім қабылдайды және ол кей кезде баланың өзіндік қызығушылығы, қалауы мен күшіннен тыс болып жатады.
Сабақтардың уақыт бойынша және саны бойынша да тиімді дозасын табыңыз. Мұнда шектен шығу оңай. Ал бұдан қандай нәтиже шықпақ? Мұндай жағдайда бала кейде жаман қылықтарға бой алдырып барлық нәрсені, үлкендердің
нұсқауымен баратын сабақтарды жек көре бастайды және ешкім кедергі жасамайтын көшеге қашқысы келіп тұрады. Қарапайым жауап: оны мәжбүрлеп немесе күштеп емес еліктіруге және қызықтыруға тырысыңыз.
Болашақ бірінші сынып оқушылары – ұлдар мен қыздардың ата- аналары үшін нейро-психофизиологтардың ұсыныстары
Ешқашан сіздің алдыңызда жай ғана бала емес өзіне тиесілі қабылдау ерекшеліктері, ойлау қабілеті мен сезімталдығы бар ұл немесе қыз тұрғанын ұмытпаңыз. Оларды тәрбиелеу, үйрету тіпті, әр түрлі жақсы көру керек. Бірақ өте қатты жақсы көру керек.
Ешқашан ұл мен қызды салыстырмаңыз, бірін-біріне үлгі етпеңіз: олар әртүрлі, биологиялық жас жағынан да қыз бала өзімен қатар ұл баладан үлкен болады.
Ұл бала мен қыз бала әр нәрсені өзгеше қабылдайтынын, өзгеше көріп, еститінін, түйсінетінін, кеңістікті әртүрлі қабылдап және сол бағытта бейімделетінін, ал, ең бастысы әлемдегі не нәрсеге тап болса соны әртүрлі зерделейтінін Ұмытпаңыз. Және әрине, ересектер сияқты емес.
Солақайды күшпен қайта үйретпеңіз. Мәселе қолда емес, мидың құрылымында.