«Дүниетану» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар. Алматы «Атамұра» 2021 ж. Оқулық авторлары: Тұрмашева Б.Қ. , Салиш С.С. , Мирук Т.Н. Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағатты құрайды. Стандарт: «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) (ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 23.09.2022 ж. № 406 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен
Үлгілік оқу жоспары: «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен, (ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.08.2023 ж. № 264 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен ,№ 6 қосымша)
Үлгілік оқу бағдарламалары: «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығы ҚР Оқу-ағарту министрінің 21.11.2022 ж. № 467,(№ 13 қосымша) 05.07.2023 ж № 199 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен
«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығы, ҚР Оқуағарту министрінің 13.04.2023 ж. №96 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен.
«Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.08.2023ж.№ 246 бұйрығымен енгізілген қосымша өзгерістерімен.
"2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы" Әдістемелік нұсқаулық хат
«Дүниетану» пәнін оқытудың мақсаты: білім алушыларда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан адамның, қоғам мен табиғаттың өзара байланысы мен өзара шарттылығы туралы білім жүйесін қалыптастыру.
«Дүниетану» пәнінің мазмұны осы пән қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарының кіріспе курсы болып табылатындай өзгертілген. Ол Қазақстан халқының әлеуметтік, моральдық, шығармашылық және коммуникативтік жақтарының жалпы бейнесін көрсетеді, оқушыларда ең алдымен өзі, үйі және отбасы туралы сұрақтар негізінде қоршаған әлем туралы түсініктерін дамытуға ықпал етеді.
1-4-сыныптарда "Өмір қауіпсіздігінің негіздері" оқу курсын міндетті меңгеру қамтамасыз етіледі. Оқу курсының мазмұнын 1-4-сыныптарда"Дүниетану" оқу пәнінің шеңберінде: жылдық оқу жүктемесі 1-3-сыныптарда 6 сағаттан, 4-сыныпта 10 сағаттан бастауыш сынып мұғалімдері іске асырады. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі –МЖМБС) (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы