1-ситуациялық есеп
Әйел екі ай бойы етеккірінің келмегендігіне, таң ертең лоқсу және құсу, қышқыл
нәрселерді қалайтынына шағымданады.
Обьективті : қынап және жатыр мойны шырыштары көгерген, жатыр 12апта жүктілікке дейін
үлкейген, тығыздығы қамыр тәрізді, сипағанда қатаяды.
1. Жүктіліктің жорамалды, күмәнді және нақты белгілерін атаңыз?
2. Жүктіліктің ерте мерзімін анықтаудың қандай белгілері бар?
3. Әйелді жүктілікпен есепке алу кезінде қандай зерттеулерден өту керек?
4. Жамбастың сыртқы өлшемдерін өлше.
2-ситуациялық есеп
Сіз гинекологиялық бөлімнің қабылдау бөлімінің дәрігерісіз. Сізге ішінің көбіне оң жағындағы қатты ұстама ауру сезіміне, лоқсуға, әлсіздікке, бас айналуына, құсуға шағымданып жүкті әйел келіп түсті.
Тапсырма:
Науқасқа сұрақтарыңызды қойыңыз.
Диагноз қойыңыз.
Дифференциалды диагностика жүргізіңіз.
Жүргізу тактикасын анықтаңыз.
3-ситуациялық есеп
20 жастағы әйел босанғаннан кейінгі 3ші тәулік - жағдайы қанағаттарлық, көкірек
бездерінің ауырсынуына шағымданады., Т- 36,6, РS- 78 соқ 1 мин, екі көкірек
бездері ісінген, көлемі ұлғайған біркелкі тығыздықта,пальпацияда ауырсынуылы,
ұштары жарылған.Іші жұмсақ , жатыр тығыз, ауырсынусыз, түбі кіндіктен 4 с \к
төмен. Лохиялар су-қан аралас, иіссіз, орта мөлшерде.
Жағдайын бағалаңыз, кеңес беріңіз.
4-ситуациялық есеп
Д- 40 жастағы 5ші босануы, босанғаннан кейінгі 4ші тәулік , ұрық салмағы- 4500,0 . Қарау үстінде- Т- 36,6 шағымы жоқ, РS-72соқ 1 мин. , сүт бездері жұмсақ , ұштары таза, іші жұмсақ , ауырсынусыз , жатыр тығыз, ауырсынусыз . Лохиялар қанды-су, иіссіз, орта мөлшерде..
Жағдайына сипаттама беріңіз, кеңес беріңіз.
5-ситуациялық есеп
20 жастағы науқас 38,4 С дейін дене қызуы көтерілуіне шағымданған. Ауру менструация келуімен байланысты. Іш астында ауырсыну байқалады. Арнайы қарау кезінде екі жақты қосалқыларда ауырсыну анықталды. Жатыр ұлғаймаған, инфильтрат жоқ.
Сіздің айқын диагнозыңыз?
6 – ситуациялық есеп
Сіз гинекологиялық бөлімнің қабылдау бөлімінің дәрігерісіз. Сізге пациент келіп түсті, 58 жаста, жыныс жолдарынан қанды бөліністерге шағымданады.
Тапсырма:
Пациентке сұрау жүргізіңіз.
Диагноз қойыңыз.
Ажырату диагностикасын жүргізіңіз.
Жүргізу тәсілін анықтаңыз.
7-ситуациялық есеп
Сіз гинекологиялық бөлімнің қабылдау бөлімінің дәрігерісіз. Сізге іштің төменгі бөліміндегі тік ішекке иррадиацияланатын қатты ауру сезіміне, жүрек айнуға, жалпы әлсіздікке, дене температурасының 400С дейін жоғарылауына, қалтырауға, жыныс жолдарынан шырышты-іріңді бөліністердің болуына шағымданып әйел келіп түсті.
Тапсырма:
Пациентке сұрау жүргізіңіз.
Диагноз қойыңыз.
Ажырату диагностикасын жүргізіңіз.
Жүргізу тәсілін анықтаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |