Буынның қосымша элементтері: 1. Буын ішкі шеміршектері.
2. Синовиальді қапшықтар.
3. Жалғамалар.
4. Буын қатпарлары.
5. Синовиальді қынаптар.
1. Буын ішкі шеміршектері буын беткейлерІнің сәйкестігін ұлғайтады. Буын ішкі шеміршектеріне менискілер мен дискілер, буын еріндері жатады. Бұл буын шеміршектері өздерінің айналымында буын қапшығымен жабысады. Буын дискісі тұтас пластинка ретінде орналасып, буын қуысын өз ара катынаспайтын екі камераға бөледі.
Менискілер тізе буынында кездесіп, буын беткейлерінің шетінде
орналасып, буын қуысын жартылай бөледі.
Буын еріндері буын ойығын ұлғайтады. Мысалы: иық буыны.
2. Синовиальді қапшықтар. Жіңішкерленген жерлерде синовиальді қабықтан синовиальді қапшықтар түзіледі. Буын қапшықтары беттесетін буын беткейлерінің үйкелісін тежейді. Ол буын қуысымен байланысуы және жеке болуы мүмкін.
3. Жалғамалар: Жалғамалар буын капсуласын мықтап үстап, сүйек қосылыстарының беріктігін үлкейтеді.
А. Капсулаға байланысты: 1. Капсула ішкі жалғамалар, буын қуысында орналасып, синовиальді қабықпен жабылған.
2. Капсулалық жалғамалар, капсуланың фиброзды қабығының қалыңдаған талшықтары болып саналады.
3. Капсула сыртқы жалғамалар,
Б. Жалғаманың қызметіне байланысты: 1. бағыттаушы
2. ұстап түрушы деп бөлінеді.
4. Буын қатпарлары, буын қуысына кіріп түрады, капсуланың созылуына қарай жайылып, буын қуысының көлемін үлкейтеді.
5. Синовиальді қынаптар, екі қабаттық муфт түрінде ұзын жіңішке сіңірлерді қоршайды.
5. Буынды қысқаша сипаттау схемасы. 1. Буынның аталуы (қазақша жэне латынша).
2. Буынның анатомиялық жіктелуі.
3. Буын пішіні.
4. Қимыл білігінің санына байланысты.
5. Буынның қызметі.
6. Буынның міндетті элементтерінің сипаттамасы.
7. Буынның қосымша элементтері.
6. Иық буыны. 1. Иық буыны.
2. тоқпан жіліктің басы мен жауырынның буын ойығынан.
3. Қарапайым, комплексті буын.
4. Шар тәрізді буын.
5. Көп өсті.
6. Бүгілу, жазылу, экелу, әкету, айнала қимыл.
7. Буын беткейлері конгруэнтсіз.
8. Конгруэнттілігі буын ернінің эсерінен ұлғаяды, қүс түмсық-тоқпан жалғамасы.