1. Сүйектердің құрылысы,жіктелуі



бет103/110
Дата19.11.2023
өлшемі289,1 Kb.
#124835
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   110
Байланысты:
Анатомия сессия шпор (2)

Ішастарға қатынасы : интраперитонеалды, яғни барлық жағынан жабылған.
Аш ішек – jejunum – он екі ішек – аш ішек иілімінен басталады, оның тұсақтары құрсақ қуысының сол жақ жоғары бөлігінде жатады. Оның диаметрі 3,5-4,5 см болып келеді.
Оның аш ішек деп аталу себебі, тамақтың бұл бөлікте көпке дейін тұрақтамай, тамақ тез мықын ішекке өтіп кетеді. Сондықтан да ол көп жағдайда бос болады.
Іleum, мықын ішек– аш ішектен кейінгі бөлім, жамбас сүйектің мықын бөлігіне жақын болып келеді. Жамбас қуысына бағытталып орналасқан.
Ерекшелігі : жуан, қабырғасы қалың, шырышты қабығы лимфалар мен қан тамырларына бай болып келеді.
Мықын ішек өсіндісі, diverticulum Mekelii –мықын ішек шажырқайының бекитін қабырғасының қарама- қарсы бетінде , соқыр ішектен 1 м қашықтықта орналасқан. Ұзындығы – 5-7 см. Эмбриондық даму кезінде уыздық түтік арнасының қалдығы.
Жіңішке ішек қырлары:

  • Шажырқайдың бекінетін орны – шажырқайлық жиек деп аталады. (margomesenteriales)

  • margo mesenteriales-қа қарсы бос жатқан жиек – бос жиек (margo liber)

Қабырғалары:
Жіңішке ішектің шажырқайлық бөлігінің қабырғалары он екі елі ішектігіндей құрылған. Кілегейлі қабығы бір қабатты призмалық, эпителиймен қапталған. Түзілген айналма қатпарлар саны - 700-900-ге дейін. Әрбір қатпардың ұзындығы ішек айналма өлшемінің 1/2-1/3 құрайды. Биіктігі шамамен 6-8мм болады. Қатпарлардың биіктігі аш ішектен мықындық ішек бағытында төмендейді. Аш ішектің кілегейлі қабығының меншікті табағында көптеген жекелеген лимфоидты түйіншіктер орналасады, олар мықындық ішекте - 25-30ға дейін ірі жиналымдар топтық лимфа түйіншіктерін (nodule lymphatici aggregatic) – Пейеров құлақшалары түзеді

135. Жіңішке ішектің шажырқайлық бөлігі, бөліктері қабырғаларының құрылысы, қызметі.


Жіңішке ішектің шажырқайлы бөлігі деп мықын және аш ішек, intestinum tenue mesen teriale, бөліктерін атаймыз.
Құрсақ қуысының төмендеген бөлігінде, көлденең жиек ішектен кейін орналасады. 2/5 бөлігі аш ішек, 3/5 бөлігі – мықын ішек құрайды.
Орналасуы: Flexura doadenojejunalis , он екі ішек – аш ішек иілімі мен angulus ileocaecale, мықын – соқыр ішек аралығында орналасқан. Іш қуысының mesogastrium, hypogastrium аймағында орналасқан.

Іш қуысының артқы бетіне шажырқайлар, mesenterium арқылы бекінген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет