Табан сүйектерінің аралық буыны Жалпы біз табан сүйектерінің аралық буынын латынша articulationes intermetatarseae деп атаймыз. Бұл буын беттері жазық келген және буын қапшығы мен байламдары жалпы қол ұшының буындарына ұқсас болады.Буын қапшықтары мына төмендегі байламдар арқылы нығыздалған:1. Табан сүйектерінің сүйекаралық байламдары, lig.metatarsea interossea .2.Табан сүйектерінің дорзалды байламдары, lig.metatarsea dorsalia.3. Табан сүйектерінің табандық байламдары, lig.metatarsea plantaria.
Табан- бақайшақ буындары 1. Табан-бақайшақ буындары, articulationes metatarsophalangeae. Ол табан сүйектерінің басы мен бақайлардың проксималды бақайшықтар негізінің беттесуінен құралған. Буын бастарының сыртқы пішіні шар тәрізді болып келген, көлденең бағытта орналасқан. Буын ойысы бақайдың проксималды бақайшықтар негізінің буын беттерінен тұрады. Буын беттері гиалин шеміршегімен қапталған. Ал буын қапшықтары бос және жұқалау болып келген. Буын қапшығы коллатералдық жанама байламдар, lig.metatarseum profundum, арқылы ықшамдал- ған. Оның қызметі: табан-бақай буындарында аздап фронталды білік бойынша 90% бойында бүгіледі, аздап 30% жазылады. Сагиталды жазықтықтың бойында шамалы ішке қарай тартылады және алшақтатылады.2. Бақайдың бақайшақ аралық буындары, articulationes interphalangea болып саналады. Оның буын беттерінің сыртқы пішіні мен атқаратын қызметі, қол ұшының саусақтарының бақайшық аралық буындарына ұқсас болып келген. Буын қапшық- тарының бүйір қапталы жанама байламдар, lig.collateralis, арқылы және табан бетінде орна- ласқан байламдар арқылы, lig.plantare, бекемделген. Оның қызметі: фронталды білік бойынша бүгіледі және аздап жазылады.
53.Шопар және Лисфранк буындары. Жалпы алғанда тілерсек-табан буындарын біз практикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, кесуге қолайлы анатомиялық құрылым болғандықтан, үш буын дара бір буын-Лисфранков буын ретінде қарастырамыз. Бұл буындардың аралығындағы медиальды және латералды сына-табан байламдарын Лисфранков буынының "кілті" деп атаймыз.
Сонымен қатар,тілерсек сүйектерінің көлденең буыны, articulatio tarsi transversa, анатомиялық құрылымы жағынан бөлек, асық- өкше- қайықша буыны мен articulatio talocalcanonavicularis, өкше- текше буынынан, articulatio calcanocuboidea, тұрады. Хирургиялық практикада кесуге қажет болған жағдайда, өте қолайлы анатомиялық құрылым. Бұл буын тілерсек сүйектің аралығында көлденең бағытга, "S" әріпіне ұқсас орналас- қандықтан, тілерсек сүйегінің көлденең буыны немесе Шопаров атты буын деп аталады. Хирургиялық тұрғыда кесуге қажет болған жағдайда, екі буынның сыртқы және табандық байламын кесіп, екі буынды бір деңгейде ұстап тұрушы екі жақтылық байламды, lig.bifurcatum, кеспесек, буын ажыратылмайды. Сол себепті, бұл байламды екі буынның ұстап тұрушы байламы немесе "кілті" деп атайды. Екі жақтылық байлам, lig.bifurcatum, ол өкше сүйегінің жоғарғы қырынан басталып, екі байламға: өкше-қайықша байламы, lig. Calcanonavicularis және өкше-текше байламына lig.calcanocuboidea, өкше-қайықша байламы, қайықша сүйегінің артқы латералды қырына барып бекісе, өкше-текше байламы, текше сүйегінің сыртқы бетіне барып бекиді.Бұл байламды кескен жағдайда тілерсектік көлденең буыны ажыратылады.