1. Сүйектердің құрылысы,жіктелуі


Төс - буғана - емізік аймағы



бет47/110
Дата19.11.2023
өлшемі289,1 Kb.
#124835
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   110
Төс - буғана - емізік аймағы - regio stеrnоcleidomastoidea аттас бұлшықет контурына сәйкес.
Мойынның латералды аймағы - regio cervicalis lateralis төс – бұғана емізік бұлшықеттін артқы жиегімен , трапеция тәрізді бұлшықеттін латералды жиегімен және бұғананың жоғарғы жиегімен шектеледі.
Мойынның артқы аймағы - regio cervicalis posterior жоғарғы желкелік сызықпен , мойын омыртқанын қылқанды өсінділері деңгейімен өтетін горизонталды сызықпен және трапеция тәрізді бұлшықеттің латералды жиегімен шектеледі.


58.Мойынның шандыр қабықтары мен қабықаралық кеңістіктері, олардың практикалық маңызы.


Мойынның клетчаткалық кеңістіктері
1 .Төс үсті шандыр аралық кеңістік - spatium interfasciale suprasternale төстің мойындырық тілігінің үстінде орналаскан . Алдынан беткей және артынан мойынның меншікті шандырының кеңірдек алды табағымен шектелген. Ол төс - бұғана - емізік бұлшықеттің артында сокыр калта түзеді.
2.Ағза алды кеңістік- spatium previscerale көмей мен кеңірдектің алдында мойын ішілік шандырдың париеталды және висцералды табақтарының арасында орналасып , төменнен алдыңғы көкірек ортамен байланысады.
3.Ағза арты кеңістік - spatium retroviscerale мойын ішілік шандырның париеталды және мойынның меншікті шандырдың омыртқа алды табактарының арасында орналасқан. Ол өңеш пен жұтқыншақтың артында жатып , бас сүйек негізінен басталып , артқы көкірек ортамен байланысады.
4.Бүйір шандыр аралык кеңістік - spatium interfasciale cervicale laterale мойынның бүйір үшбұрышы тұсында , мойынның меншікті шандырының беткей және омыртқа алды табактарының арасында орналасқан.
5.Саты алды кеңістік- spatium antescalenum, musculi sternohyoideus sternothyroideus және musculus scalenus anterior арасында орналасқан.
6.Саты аралық кеңістік - spatium intеrѕсаlеnum, musculus scalenus anterior және musculus scalenus medius шектейді.
7 . Омыртқа алды кеңістік - spatium prevertebrale мойынның меншікті шандырының омыртқа алды табағы мен мойын омыртқаларының арасында орналасқан.
8.Төменгі жақ сүйек асты кеңістік - spatium submandibulare төменгі жақ сүйек асты үшбұрышта жатады . Ол мойынның меншікті шандырының беткей және терең табақтарымен және төменгі жақ сүйек денесімен шектелген.
9.Құлақ маңы кеңістігі - spatium parotideum төменгі жақ сүйек арты шұңқырында орналасқан. Ол алдынан төменгі жақ сүйектің тармағымен , жоғарыдан және артынан самай сүйекпен , медиалды, латералды және төменнен шықшыт безіне капсула түзетін аттас шандырымен шектелген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет