1. Сүйектердің құрылысы,жіктелуі



бет45/110
Дата19.11.2023
өлшемі289,1 Kb.
#124835
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   110
Байланысты:
Анатомия сессия шпор (2)

Мойын шандырлары Мойын аймағында беткей , меншікті және мойын ішілік шандырлар болады. Мойынның беткей шандырының - fascia colli superficialis басқа шандырлардан айтарлықтай айырмашылығы жоқ . Мойынның меншікті шандырын - fascia coli propria тіл асты сүйекке қатынасты екі бөлікке : тіл асты сүйек асты және тіл асты сүйек үсті бөледі. Мойын ішілік шандырдын висцералды және париеталды табақшалары болады.


В.Н Шевкуненко бойынша мойында 5 шандырлық табакшаға бөлінеді . Бірінші шандыр мойынның беткей шандырына ; екінші-мойынның меншікті шандырының беткей табақшасына , үшінші - мойынның меншікті шандырының кеңірдек алды табакшасына ; төртінші - мойын ішілік шандырға; бесінші - мойынның меншікті шандырының омыртқа алды табақшасына сәйкес келеді.
Мойынның беткей шандыры тері асты шелмайлық астында жатады , мойынның тері асты бұлшықетінің жан жағынан перимезий түрінде қоршайды .
1.Мойынның меншікті шандырының тіл асты сүйек асты бөлігі : мойынның меншікті шандырының беткей табағы мойыннын тері асты бұлшықетінің астында орналасқан . Ол төменнен төс тұтқасымен бұғананын алдынғы бетімен, жоғарыдан тіл асты сүйекпен бітісіп , төс - бұғана - емізік бұлшықетке келеді .
( Шевкуненко бойынша № 3 ) мойыннын меншікті шандырының кеңірдек алды табағы тіл асты сүйектен төс тұтқасы мен бұғананың арткы бетіне дейін таралады . Кеңірдек алды табағы жауырын - тіл асты бұлшықеті жиегінде беткей табақпен берік бітіседі . Соның нәтижесінде жауырын - бұғана апоневрозы немесе Рише парусы атауын алады . Бұл шандыр тіл асты сүйектің астында орналаскан бұлшықеттерге фиброзды футлярлар түзеді .
(Шевкуненко бойынша №5 ) мойынның меншікті шандырынын омыртқа алды табағы мойынның латералды және медиалды топ бұлшықеттеріне сүйек - фиброзды футляр түзеді . Ол бас сүйек негізінен ІІІ кеуде омыртканың төменгі жиегіне дейін орналасады.
2 . Мойынның меншікті шандырының тіл асты бөлігі беткей және терең табақшалардың арасында орналасқан . Табақшалардың арасында қосқарыншалы бұлшыкет, төменгі жак сүйек асты безі жатады . Бас аймағында ұрт жұтқыншақтық шандырға жалғасады .
Мойын ішілік шандыр ол ( Шевкуненко бо йынша 4 ) екі табақшадан тұрады . Париеталды табақша мойын қуысын ішінен көмкереді және висцералды табакша мойынның ағзаларын яғни жұтқыншақты , өнешті , көмейді , қалқанша безді жабады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет