1. Сүйектердің құрылысы,жіктелуі


Мойынның беткей бұлшықеттері



бет44/110
Дата19.11.2023
өлшемі289,1 Kb.
#124835
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   110
Байланысты:
Анатомия сессия шпор (2)

Мойынның беткей бұлшықеттері


Мойынның тері асты бұлшықеті - musculus platysma тері астында орналасқан өте нәзік , жалпак табакша болып табылады. Ол musculus pectoralis major et musculus deltoideus-ті жабатын шандырдан басталып , бұлшықет артқы будаларымен бастың беткей шандырына , ал алдыңғы будаларымен ауыз бұрышына бекіп , кейбір ымдау бұлшықеттеріне яғни musculus depressor labii inferioris , musculus risorius-қа жалғасады . Ал Функциясы: мойынның терісін төмен қарай тартып , ауыз бұрышын түсіреді.
Төс - бұғана - емізік бұлшықеті яғни musculus sternocleidomastoideus-тің екі басы болады. Бұл бұлшықеттің медиалды басы manubrium sterni алдыңғы бетінен ; латералды басы еxtrеmitas sternalis claviculae басталып, бұлшықет қарыншасы жоғары және артқа бағытталып , самай сүйектің емізік тәрізді өсіндісі мен шүйде сүйектің жоғарғы желкелік сызықшасының бүйір бөлігіне бекінеді.Ал Функциясы : бұлшықет бір жақты жиырылғанда басты өз жағына бұрады және екі жакты жиырылғанда басты шалқайтады.

Мойынның терең бұлшықеттері Латералды және медиалды болып 2топқа бөлінеді.


Латералды топ бұлшықеттері – 3ке бөлінеді.
1.Алдыңғы және ортаңғы сатылы бұлшықет- musculi scaleni anterior et medius 1ші қабырғаның сыртқы бетін бекиді.
2. Артқы сатылы яғни musculus scalenus posterior 2ші қабырғаның сыртқы бетін бекиді.
Ал функциясы : омыртқа бағанасын тіктеп ұстаған жағдайда I және II қабырғаларды көтереді , кеуде қуысын тіктеп ұстаған жағдайда екіжақты жиырылып , омыртка баганының мойын бөлімін бүгеді , біржақты жиырылғанда мойынды өз жағына бұрады .
Медиалды топ бұлшықеттері шүйде сүйектен ІІІ кеуде омырткага дейін орналасқан және бұл бұлшықет 4топұа бөлінеді.
1.Мойынның ұзын бұлшыкеті яғни musculus longus colli мойынның барлық бөлігін сонымен қатар жұтқыншактың және өнештің артында орналасқан.Ал Функциясы: екіжақты жиырылғанда мойынды алға бұрады , бір жақты жиырылғанда өз жагына бұрады .
2.Бастың ұзын бұлшықеті musculus longus capitis III - VI мойын омыртқалардың көлденең өсінділеріндегі алдыңғы төмпешіктерінен басталып , шүйде сүйектің базилярлық бөлігінің төменгі бетіне дейін жалғасады . Ал қызметі: екі жақты жиырылғанда басты алға бұрады , бір жақты жиырылғанда өз жағына бұрады .
3.Бастың алдыңғы тік бұлшыкеті musculus rectus capitis anterior қысқа бұлшықет болып саналады , ауыз омыртқаның алдынғы доғасынан басталып, шүйде сүйектің базилярлық бөлігінің төменгі бетіне бекінеді. Ал қызметі басты алға иеді.
4.Бастың латералды тік бұлшықеті musculus rectus laterals ол ауыз омыртқасының көлденең өсіндісінен басталып шүйде сүйектің латералдық бөлігіне бекінеді ал қызметі басты бүйір қапталына қарай ию.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет