15.Ми сауытының дамуы. Жас шамалық, жыныстық және меншіктік ерекшеліктері. Ми сауытының сүйекері (cavitas сrаnі)- мидың сауытын немесе қорабын құрайтын болғандықтан ми сауыты сүйектері деп аталады. Ми сауыты суйектеріне:маңдай, төбе, сына, самай, шүйде және тор сүйектері жатады.Ми сауытының дамуы жас щамалық,жыныстық және меншіктік ерекшеліктеріне қарай бөлінеді.
Ми сауыты дамуының жас шамалық ерекшеліктері Ми сауыты самудың 3 негізгі кезеңдерінен өтеді.
Бірінші кезеңде 1 жaстaн 7 жaсқа дейін жaңa туғaн нәрeстeдe сүйeктeрдің қосылaтын жeрінде дәнeкeр ұлпaмен жaбылғaн 6 eңбeктeрінің (fonticuli) бітeлуімeн, eңбектердің жабылуымен сипатталады.Барлық еңбектерді екі топқа жіктейді:1.Жұп еңбектер 2.Тақ еңбектер Жұп еңбектер бас сүйегінің жан- жағында қос-қостан орналасады.
1.Сына тәрізді еңбек. Ол маңдай, төбе, сына тәрізді және самай сүйектерінің арасында орналасқан. Туғанға дейін 2-3 айда бітелуі керек.
2.Еміздікше еңбек. Ол самай, төбе және шүйде сүйектерінің арасында орналасқан. Ол да туғанға дейін 2-3 айда бітелуі керек.
Тақ еңбектер:
1.Кіші немесе шүйде еңбегі екі төбе және шүйде сүйектерінің арасында орналасқан. Туғаннан кейін 2-3 ай аралығында бітелуі керек.
2.Үлкен немесе алдыңғы маңдай еңбегі ромб пішіндес маңдай және төбе сүйектерінің арасында орналасқан. Туғаннан кейін 2 жыл аралығында бітелуі керек. Сынатәрізді қойнау 3-4 жaста, торлысүйек қойнaуы 1 жаста, мaңдай - 1 жастың соңында пайда болады.
Екінші кезеңде7 жастан жыныстық жетілуге дейін сүт тістердің тұрақты тістермен алмасуымен милық бөлімі жамылғысының қалыңдауымен сипатталады.
Үшінші кезеңде жыныстық жетілумен 20-25 жасқа дейін бас сүйектің бет бөлімі қарқынды өсуімен сипатталады.Кемел шақта 25-45 жасқа дейін, жіктердің сүйектенуі аяқталады.Ал 45 жастан кәрілікке дейін, беттің, сонан соң ми сауытының көлемінің кішіреюімен, тістердің азаюына байланысты жақтардың пішінінің өзгеруімен сипатталады. Бас қаңқасы кішірейеді, шайнау қызметі әлсірейді, бұлшықеттері кішірейіп, өзгереді