66.Кіндік қатпарлары және шұңқырлары, олардың практикалық маңызы.
1. Кіндік қатпарлары және шап шұңқырлары, олардың практикалық маңызы.
1. Жалпы ішастар қатпарлары — ішастар астымен өтетін қан тамырлармен, түтіктермен, байламдармен немесе жиналған шелмаймен түзілген париеталық ішастардың дупликатурасы болып табылады.
* Іштің алдыңғы қабырғасының артқы бетінде орналасатын қатпарлар:
ортаңғы кіндік қатпары яғни plica umbilicalis mediana:
— ортаңғы кіндік жалғамасынан тұрады lig. umbilicale mеdianum, ол нәрестенің несеп түтігінің яғни urachus қалдығы
медиалды кіндік қатпары яғни plica umbilicalis medialis:
- медиалды кіндік жалғамасынан тұрады lig. umbilicale mediale, ол кіндік артериясының a. umbilicalis қалдығы
латералды кіндік қатпары яғни plica umbilicalis lateralis:
-төменгі құрсақүстілік артериялар мен веналардан тұрады яғни аа. et vv. epigastricae inferiores.
* Сонымен қатар кіші жамбаста орналасатын қатпарлар
-- ерлерде — тiкiшек-қуық қатпары яғни plica rectovesicalis;
-- әйелдерде — тiкiшек-жатыр және қуық-жатыр қатпарлары plica rectouterina et plica vesicouterina.
Іштің алдыңғы қабырғасының ішкі бетінде, жоғарыда айтылған қатлар арасында, тікелей шап байламдарының үстінде 3 жұп шұңқыр орналасады:
жұп қуық үстілік шұңқыр яғни fossa supravesicalis — ортаңғы кіндік қатпарының екі жағында орналасқан:
медиалды шап шұңқыры fossa inguinalis medialis — латералды кіндік қатапарынан медиалды орналасқан және шап түтігінің сыртқы есігіне, яғни беткей шап сақинасына яғни annulus inguinalis superficialis-ке сәйкес келеді;
латералды шап шұңқыры яғни fossa inguinalis lateralis — латералды кіндік қатпарының латералды жағында орналасқан және шап түтігінің ішкі тесігіне, яғни терең шап сақинасына яғни аnnulus inguinalis profundus-ке сәйкес келеді
Шап байламының астында медиалды шап шұңқырынан төмен сан түтігінің ішкі тесігіне annulus femoralis profundus-қа сәйкес сан шұңқыры яғни fossa femoralis орналасады.