1. Сүйектердің құрылысы,жіктелуі


Алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшық еттері, қызметі. Тік бұлшықеттің қынаптарының пайда болуы



бет56/110
Дата19.11.2023
өлшемі289,1 Kb.
#124835
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   110

62.Алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшық еттері, қызметі. Тік бұлшықеттің қынаптарының пайда болуы.


Алдыңғы құрсақ қабырғасының бұлшықеттері
1.Іштің тік бұлшықеті, т.rectus abdominis оның сыртқы пішіні жалпақтау келген, төссүйегінің семсерлік өсіндісінен, шат сүйегінің қасағасына дейінгі аралықта орналасқан жұп бұлшықет болып саналады . Бұл бұлшықет қабырғаның 5-7 шеміршектікбөлігінен және төс сүйегінің семсерлік өсіндісінен басталып, төмен қарай бағыт алып жіңішкелеу келіп шат сүйегінің төмпешігі, tyberculum pubicum мен қасағасының яғни symphysis pubica аралығына барып екінеді.Тік бұлшықетінің ерекшелігіне тоқтайтын болсақ, көлденең бағытта кіндіктік сақинадан, annuius umbilicalis жоғары орналасқан екі, төме- нірек, бір кейбір кезде байқалмайтын аралық сіңіршелер, intersectiones tendineae арқылы бірнеше сегменттерге бөлінеді.
2. Пирамида тәрізді бұлшықеті, т. pyramidalis сыртқы пішіні пирамида тәрізді болып келген. Бұл бұлшықет, іштің тік бұлшықетінің шат сүйегіне бекитін жерінің алдыңғы қапталынан басталып, іштің бұлшықеті апоневрозының ақ сызықшасына яғни- linea alba ға барып бекінеді. Ал Қызметі: іштің қуысындағы қысымды реттеуші бұлшықеттердің қатарына жатады сонымен қатар жиырылған кезде іштің апоневрозды ақ сызықшасын яғни linea alba-ны керу. Нервтендірілуі: қабырғааралық артқы нервтер, nn.intercostales posteriores мен мықын-іштік нервтер, n.iliohypogastricus арқылы нервтендіріледі. Ал Қанмен қамтамасыз етілуіне келсек қабырғааралық артқы артерия яғни a.intercostalis posterior мен ішүстілік жоғарғы және төменгі артериялар a.epigastricae superior et inferior арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.
Іштің тік бұлшықетінің қынабы
Іштің тік бұлшықеті, m.rectus abdominis дәнекер тканды қынабтың яғни vagina m.rectus abdominis ішінде орналасқан.Қынаптың алдыңғы және артқы қабырғалары ажыратылады.Бірақ қабырғалардың құрылысы біркелкі орналаспаған.
1. Тік бұлшықет қынабының кіндіктен жоғары деңгейінің құрылысы:
а) Алдыңғы қабырғасы:
-сыртқы қиғаш бұлшықеттің апоневроздық қабықшасы - aponeurosus m.obliquus interni
-алдыңғы табақшасынан lamina anterior дан тұрады.
ә) Артқы қабырғасы:
-ішкі қиғаш бұлшықет апоневрозының - aponeurosus m.obliqui interni
-артқы табақшасы - lamina posterior
-көлденең бұлшықетгің апоневрозынан - aponeurosusт. transversus abdominis
-фасциялық қабық-шасынан - fascia transversalis және ішастардан - peritoneum тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет