68.Иықтың бұлшық еттері мен фасциялары, қызметі. Кәріжілік нерв өзегі, шекаралары, құрамы.
Иық белдеуінің бұлшық еттері: 1.Қылқан үсті бұлшық еті, Жаурынның қылқанүсті шұңқырынан басталып, тоқпан жіліктің үлкен томпағына бекиді.Қызметі: иық буынын тартып, оны жарақаттан сақтайды.
2.Қылқан асты бұлшық еті, Жаурынның қылқан асты шұңқырынан басталып, тоқпан жіліктің үлкен томпағына бекиді. Иықты сыртқа айналдырып иық буынын керіп тұрады.
3.Кіші дөңгелек бұлшық ет,малая круглая мышца, m.teres minor. Жауырынның латералды жиегінен,жаурынның төменгі бұрышынан басталып, тоқпан жіліктің үлкен томпағына бекиді.Қызметі:иықты артқа тартып, айналдырады,иық буынынң кереді.
4.Үлкен дөңгелек бұлшық ет, большая круглая мышца, m.teres major , жаурынның төменгі бұрышынан, қылқан асты бұлшық ет шандырынан басталып, тоқпан жіліктің кіші томпағына бекиді. Қызметі: иықты артқа тартып, денеге жақындатады. Иық белдеуінің бұлшық еттері.
5.Жауырын асты бұлшық еті, подлопаточная мышца, m.subscapularis, жауырынның қабырға бетінің шұңқырынан, қар сүйегінің кіші томпағына, иық буынының қапшығына бекиді, иықты ішке бұрады, оны денеге жақындатады иық буынын соғылудан қорғайды.
6.Дельта тәрізді бұлшық ет, дельтавидная мышца, m.deltoideus, бұғана сүйегінің латерал бөлігінен, акромионнан, жаурынның қырынан басталып, қар сүйегінің кіші томпағына бекиді.Қызметі: иықты сыртқа айналдырады. Иық бұлшық еттері алдыңғы және артқы топтарға бөлінеді. Иықтың алдыңғы топтағы бұлшық еттері: 1
1.Иықтың екі басты бұлшық еті (m.biceps brachii) ұзын басы жаурынның буын шұң-қырының жоғарысынан, қысқасы-жауырынның құстұмсық өсіндісінен басталады. Екі басы бірігіп, шыбық сүйегінің бұдырына бекиді. Бұлшық ет қарды және білекті шынтақ буынында бүгеді, білекті сыртқа қарай айналдырады.
. 2.Құстұмсық – иық бұлшық еті (клювовидно-плечевая мышца, m.corocobrachialis).Жаурынның құстұмсық өсіндісінен басталып, тоқпан жіліктің ортаңғы бөлігіне бекиді.
3.Иық бұлшық еті ( m.brachialis )тоқпан жіліктің 1/3 –нен басталып білектің шыбығына бекиді.Қызметі:бұлшық ет жиырылғанда білек бүгіледі..
Иықтың артқы топтағы бұлшық еттері: 1.Иықтың ұш басты бұлшық етінің ұзын басы (caput longustricipitis brachii, трехглавая мышца плеча) жауырынның буын асты төмпешігінен, қар сүйегінің артқы бетінен басталады. Шынтақ сүйегінің шынтақ өсіндісіне бекиді. Білек жазылады. 2.Шынтақ бұлшық еті,локтевая мышца, m.anconeus. Басталады: тоқпан жіліктің латералды айдаршық үстінен. Жабысады: шынтақ сүйегінің шынтақ өсіндісі мен денесінің артқы бетіне. Қызметі: Білекті жазады.
I. Art. radiocarpea
II. Буындык беткейлері: кәріжіліктің facies articularis carpea, discus triangularis жэне білезіктің проксимальді қатар сүйектерінің беткейлерінен (os scaphoideum, os lunatum et os triquetrum) түзіледі. Шынтақ сүйегінің басын discus triangularis жауып, оны кәріжілік-білезік буынының қуысынан бөліп тұрады. Кәрі жілік сүйегі мен discus triangularis ойысты проксимальді буындық беткейді, ал білезік сүйектepі- дөңес дистальды буындық беткейді түзеді.
III. Күрделі, кешенді.
IV. Эллипс тәрізді буын.
V. Екі білікті (козғалыс фронтальді және сагиттальді білектердің айналасында болады).
VI. Фронтальді біліктің айналасындағы қозғалыс-бүгілу(алақандық), жазылу(қол-басы сыртына қарай) және сагиттальді біліктің айналасында-әкету(кәрі жіліктік), әкелу(шынтақтық)