1. Сүйектердің құрылысы,жіктелуі


Тік бұлшықет қынабының кіндіктен төмен деңгейдегі құрылысы



бет57/110
Дата19.11.2023
өлшемі289,1 Kb.
#124835
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   110
Байланысты:
Анатомия сессия шпор (2)

2. Тік бұлшықет қынабының кіндіктен төмен деңгейдегі құрылысы:
а) Алдыңғы қабырғасы: сыртқы, ішкі және көлденең бұлшық еттердің апоневрозынан, aponeurosus m.obliquus externi abdominis et interni abdominis et m.transversus abdominis тұрады.
ә) Артқы қабырғасы: құрсақтың көлденең бұлшықетінің фасциялық қабықшасынан, fascia transversus, және ішастардан, peritoneum тұрады.


63.Артқы және бүйір құрсақ қабырғаларының бұлшықеттері, қызметі.


Іштің артқы топ бұлшықеттері

Белдің шаршы бұлшықеті, m.quadratus lumborum ол іштің артқы қапталында яғни 12 қабырға мен мықын сүйегі қырқасының аралығында орналасқан. Ал сыртқы пішіні шаршы тәрізді болып келеді. Бұл бұлшықеттің өзі 2бөлігі болады:


а) алдыңғы бөлігі — мықын сүйегі қырқасының ішкі ернінен яғни labium internum және бел - мықын байламынан - lig. iliolumbale басталып, 12-қабырға мен кеуде омыртқасына барып бекінеді.
ә) артқы бөлігі — ол да мықын сүйегінің қырқасынан және бел-мықын байламынан басталып, өрлеме бағытта өтіп, 1 -4 бел омыртқалардың көлденең өсіндісіне барып бекінеді. Ал қызметі: бір жақты жиырылған кезде, мы- қын сүйегін жоғары көтерумен қатар, 12-қабырғаны төмен тартып, омыртқа бағанасының бел бөлігін бүксе, екі жақ бөлігі бірдей жиырылғанда омыртқа бағанасының бел бөлігін шалқайтады.
Ал Нервтендірілуі: қабырғааралық нервтер, n.intercostales мен белнервтері nn.lumbales арқылы нервтендіріледі.
Қанмен қамтамасыз етілуі: қабырға астылық, бел және бел-мықын артериялары арқылы, aa.subcostalis, lumbalis, iliolumbalis, қанмен қамтамасыз етіледі.

Іштің бүйір топ бұлшықеттері. Жалпы Бүйір бұлшықеттері жалпақтау келеді бір-бірімен беттесіп, қиғаш және келденең жауып орналасқан үш жұп бұлшықеттерден тұрады:


1. Іштің сыртқы қиғаш бұлшықеті, m.obliqus externus abdominis іштің бұлшықеттерінің ішіндегі ең беткей орналасқан бұлшықет болып саналады. Бұл бұлшықеттің талшықтары тісшеленіп, төменгі 8ші қабырғалардан басталады. Еске салакететін бір жәй бар жоғарғы 5 тісшелері алдыңғы тісшеленген бұлшықеттің яғни m.serratus anterior аралығынан басталса, төменгі 3 тісше- лері арқаның аса жалпақ бұлшықетінің тісше- лерінің аралығынан тісшеленіп басталады. Бұлшықет талшықтары, қиғаш бағытта алға және төмен қарай өтіп, апоневроз қабықшасына ұласады. Қызметі: Іштің қуысындағы қысымды реттеуші бұлшықет болып саналады. Бір жақты жиырылған кезде: тұлғаны қарама-қарсы жағына қарай бұрып, жамбас сүйегін бекемдесе, екі жақтық бөлігі бірдей жиырылған кезде кеудені алға тартып, омыртқа бағанасын бүгу қызметін атқарады. Ал нервтендірілуі: Қабырға аралық нервтер, nn.intercostales мен мықын-құрсақтық нерві, n.iliohypogastricus, арқылы нервтендіріледі. Бұл бұлшықеттердің Қанмен қамтамасыз етілуі қабырғаралық артқы артерия, a.intercostalis posterior, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет