1. Сүйектердің құрылысы,жіктелуі


Бөксе аймағының бұлшықеттері. Олардың топографиясы



бет70/110
Дата19.11.2023
өлшемі289,1 Kb.
#124835
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   110
Байланысты:
Анатомия сессия шпор (2)

80. Бөксе аймағының бұлшықеттері. Олардың топографиясы.


Бөкселік аймақ-regio glutealis , ол мықындық қырқамен бөкселік сызықшаның аралығында орналасқан.
Жамбас белдеу бұлшықеттері орналасуына қарай ішкі және сыртқы топ бұлшықеттеріне бөлінеді.
Ішкі топ бұлшықеттеріне:
1)үлкен бел бұлшықеті- m.psoas major
Сыртқы пішіні ширатылған ұршық тәрізді бұлшықет. Бұл бұлшықеттің беткей бұлшықет талшықтары тісшеленген 5 аяқшалары арқылы: 12 кеуде , жоғарғы төрт бел омыртқалардың бүйір қапталынан және сол омыртқалардың омыртқа аралық дискілерінен басталса, тереңде орналасқан бұлшықеттер талшықтары барлық бел омыртқалардың көлденең өсіндісінен басталады.
2)кіші бұлшықеті- m.psoas minor
Өте нәзіктеу келіп, белдің үлкен бұлшықеттің бетінде бойлай орналасқан.
Қызметі: мықын бұлшықетінің фасциялық, қабықшасын керу.
3)мықын бұлшықеті- m.iliacus
Үшбұрыш тәрізденіп, мықын сүйегінің мықындық ойысында орналасқан.
4)мықын-бел бұлшықеті- m.iliopsoas
Үлкен бел бұлшықеті мен мықын бұлшықетінің талшықтарының өзара бірігуінен құралған.
Қызметі: Санды жамбас буынында бүгіп, сыртқа қарай бұрап қоймай, санды қимылдатпай ұстаған жағдайда тұлғаны алға қарай иіп төмен қарай тартады .
5)ішкі жапқыш бұлшықеті- m.obturatorius internus
Жалақтау желпеуі тәрізденіп,жапқыш жарағының ішкі бетінен басталады.
Қызметі: Ортан жілікті сыртқа қарай бұру.
6)алмұрт тәрізді бұлшықет- m.periformis
Сегізкөз сүйегінің жамбас қуысынан қараған бетінен және 2 және 4 сегізкөз омыртқалардың аралық тесігінің латералдық бетінен басталады.
Қызметі: ортан жілікті сыртқа қарай бұрып аздап алшақтау
Cыртқы топ бұлшықеттеріне:
1)үлкен бөкселік бұлшықет- m.gluteus maximus
Өте мықты сыртқы пішіні ромб тәрізде келген ірі талшықты бұлшықет. Ол мықын сүйегінің сыртқы бетіндегі бөкселік артқы сызықшадан , сегізкөз сүйегі мен құйымшақ омыртқалардың бүйір бетінен және сегізкөз-бұдырлық байламнан басталады.
Қызметі: Жамбас буынын жазып, аяқты аздап артқа қарай бұрады. Аяқты мықтап ұстаған жағдайда, алға қарай еңкейген тұлғаны, артқа қарай шалқайтады.
2)кіші бел бөкселік бұлшықет- m.gluteus minimus
Мықын сүйгенің сыртқы бетінің алдыңғы бөкселік сызықшасы мен төменгі бөкселік сызықшасының аралығындағы жазықтықтан басталып,одан әрі бұлшықет талшықтары жинақталып ортан жіліктің үлкен ұршығының алдыңғы бетіне барып бекиді.
Қызметі: ортаңғы бөкселік бұлшықеттің қызметіне ұқсас келіп, аяқты алшақтатып иілген тұлғаны тіктеп ұстауға ықпал етеді.
3)бөкселік ортаңғы бұлшықет- m.gluteus medius
Бөксенің үлкен бұлшықетінің астында орналасқан. Сыртқы пішіні үшбұрыш тәрізді келген.
Қызметі: бұлшықеттердің беткей бұлшықеттер талшықтары жиырылған кезде ортан жілікті ішке қарай бұрса, тереңе орналасқан бұлшықеттер талшықтары, алға қарай иілген тұлғаны тік ұстауға ықпал етеді.
4)санның шаршы бұлшықет- m.guadratus femoris
Сыртқы пішіні төртбұрышты текше тәрізді болып келетіндіктен , санның текше тәрізді бұлшықеті деп аталуы сол себепті.
Қызметі: санды сыртқа қарай бұру
5)жоғарғы егіз бұлшықеті- m.gemellus superior
Қызметі: санды сыртқа қарай бұру
6)төменгі егіз бұлшықеті- m.gemellus inferior
Сыртқы пішіні үшбұрыш тәрізді.Қызметі: санды сыртқа қарай бұру.
7)сыртқы жапқыш бұлшықеті- m.obturatorius externus
8)жалпақ шандырды керуші бұлшықеті- m.tensor fasciae latae
Жамбастың латералды қапталында орналасып, сыртқы пішіні жалпақтау және сәл ұзыншалау болып келген.

81 сұрақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет