77. Бұлшықет- кіші жіліншік өзектері (жоғарғы және төменгі) шекаралары, құрамы.
Бұлшықет- кіші жіліншік төменгі өзегі Сanalis musculoperoneus inferior сирақ тақым өзегінен тармақталады.
Алдыңғы қабырғасы fibula-ның артқы беті.
Артынан musculus flexor hallucis longus және musculus tibialis posterior құрайды.
Өзектен кіші жіліншіктік қантамырлар өтеді.
Бұлшықет-кіші жіліншік жоғарығы өзегі canalis musculoperoneus superior сирақтың төменгі ұшында жатады.
Ол fibula-ның латериальды бетімен және musculus peroneus longus арасында орналасқан.
Өзекке кіші жіліншіктің жалпы жүйкесі кіріп, беткей және терең тармақталады.
Жоғарғы бұлшықетті-кіші жіліншіктік өзегі
(canalis musculoperoneus superior)
Өзек сирақтың жоғары үштен бір бөлігінің латеральді бөлігінде орналасқан. Ұзын кіші жіліншіктік бұлшықеттің құрсағы (m. peroneus longus) сирақтың жоғарғы жартысында кіші жіліншік сүйегінің (fibula) мойыны мен денесінің латеральді беткейінде жатады. Ұзын кіші жіліншіктік бұлшықеттің құрсағы мен кіші жіліншіктік сүйектің латеральді беткей аралығында вертикальді бағытталған жоғарғы бұлшықет-кіші жіліншіктік өзегі (canalis musculoperoneus superior) жатады.
Жоғарғы бұлшықетті –кіші жіліншіктік өзектің қабырғалары:
Медиальді-кіші жіліншік сүйектің жоғарғы 1/3 бөлігі мен мойнының латеральді беткейі;
Латеральді-ұзын кіші жіліншіктік бұлшықеті;
Өзектің ішінен беткей жіліншіктік нервісі (n. peroneus superficialis) жалпы кіші жіліншіктік нервісінің тармағы өтеді.
Кейін ол өзектен ұзын және қысқа кіші жіліншіктік бұлшық еттер аралығы арқылы табанның дорсальді беткейіне бағытталады.
Төменгі бұлшықетті-кіші жіліншіктік өзегі
(canalis musculoperoneus inferior)
Өзек сирақтың ортаңғы бөлігінің артқы беткейінің терең қабатында орналасқан. Ол сирақ-тізе асты өзектің тармағы болып саналады.
Төменгі бұлшықетті-кіші жіліншіктік өзегінің қабырғалары:
Алдынан-кіші жіліншік сүйектің ортаңғы бөлігінің артқы беткейі;
Артынан-бірінші бәшпәйді бүгетін ұзын бұлшықеті;
Медиальді-артқы үлкен жіліншіктік бұлшықеті;
Негізгі қабырғалары болып артқы және алдыңғы қабырғалары саналады. Кіші жіліншілік сүйегінің орналасуына сәйкес, өзектің бағыты вертикальді Кейін a. peronea өзектен латеральді топ бұлшықеттеріне кетеді. Өзектің құрамына a. peronea-дан басқа бір аттас веналар да кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |