1. Сүйектердің құрылысы,жіктелуі


Сирақтың бұлшықеттері, олардың қызметі



бет66/110
Дата19.11.2023
өлшемі289,1 Kb.
#124835
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   110

73.Сирақтың бұлшықеттері, олардың қызметі.


Сирақтың бұлшықеттері, т. Crurales орналасуына қарай: алдыңғы, артқы және латералды топ бұлшықеттен тұрады. Артқы топ бұлшықеттер беткей және теренде орналасқан бұлшықеттерге бөлінеді. Атқаратын қызметі жағынансирақ бұлшықеттері: латералды топтары қызметі жағынан ию және аяқ басын ішке бұру қызметін атқарады. Алдыңғы топ бұлшықеттері жазушы, артқы топ бүгуші және сыртқа бұру немесе супинаторлық қызмет атқарады. Алдыңғы топ бұлшықеттерге: 1) асықты жіліктік алдыңғы бұлшықет, т. tibialis anterior, 2) бас бармақ башпайын жаза- тын ұзын бұлшықет, т. extensor hallucis longus-, 3) башпайларды жазғыш ұзын бұлшықет, т. extensor digitorum longus ж& т&аы. Артқы топ бұлшықеттерге: а) беткі қабаты: 1) сирақтың үш басты бұлшықеті, т. triceps surae; 2) табан бұлшықеті, т. plantaris. ә) терең қабаты: 1) тақым бұлшықеті, т. popliteus, 2) башпайларды бүккіш ұзын бұлшық- ет, т. flexor digitorum longus-, 3) бас бармақ башпайын бүгетін ұзын бұлшықет, т. flexorhallucis longus, 4) артқы асықты жіліктік бұлшықеті, т. tibialis posterior жатады. Латералды топ бұлшықеттерге: 1) асықты жілік шыбығының ұзын бұлшы- қеті, т. peroneuslongus, 2} асықты жілік шыбы- ғының қысқа бұлшықеті, т. peroneus brevis, 3) асықты жілік шыбығының үшінші бұлшықеті, т. peroneus tertius жатады.
Асықты жіліктің алдыңғы бұлшы- қеті, т. tibialis anterior, сыртқы пішіні ұзын және жіңішкелеу келіп, алдыңғы топ бұлшықеттерінің медиалды қапталында орналасқан. Бүл бұлшықеттің медиалды беті асықты жіліктің алдыңғы бетімен беттесіп орналасса, латералды беті — башпайларды жаз- ғыш бұлшықеті, т. extensor digitorum мен бет- тесіп орналасқан. Қызмегі: аяқ басын жазып, медиалды қырын көтеру.
Саусақ башпайларын жазғыш ұзын бүлшықет, m. extensor digitorum. Бір қауырсынды бұлшықет- терге жатады. Қызмегі: II-V башпайлардың дисталды ба- қайшықтарын жазып қоймай, үшінші асықты жілік шыбығының бұлшықеті, m. peronei tertiiap- қылы аяқ басының латералды қырын ішке қарай пронациялайды.
Бас бармақ башпайын жазатын ұзын бұлшықет, m. extensor hallucis longus
Қызметі: сирақ асықты жілік буынында аяқ басын иіп, бас бармақты жазады.
Сирақтың артқы топ бұлшықеттері беткей және тереқде орналасқан бұлшықеттерге бөлінеді. Беткей бұлшықеттерге: сирақтың үш басты бұлшықеті немесе балтыр, қамбала тәрізді бұлшықеттерден тұрады. Теренде орналасқан бұлшықеттері: қысқалау келген тақым бұлшы- қетінен және ұзындау келген үш бұлшықетінен тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет