Табан бұлшықеті, m. plantis тұрақсыз,рудименттік бұлшықеттердің қатарына жатады.Бұлшықет талшықтары,ортан жіліктің латералды айдаршығынан және тізе буыны қапшығының артқы бетінен басталады.Төмен бағытта өтіп, өте жіңішкелеу келіп,балтыр бұлшықеті мен камбала тәрізді бұлшықеттің аралығында орналасқан сіңіршеге ұласып,сирақтың төменгі бөлігінде өкшелік сіңіршемен бітісе жалғасып, өкше сүйегінің бұдырына, tuber саlсапае барып бекиді.
Қызметі: тізе буынының қапшығын тартып,жаншылудан сақтайды.
Аяқ басының бұлшық еттері аяқ үстінің, табанның бұлшық еттері болып бөлінеді. Аяқ үстінің бұлшық еттері: 1. Башпайларды жазатын қысқа бұлшық ет. 2.Үлкен башпайды жазатын қысқа бұлшық ет. Табанның бұлшық еттері үш топқа бөлінеді. Үлкен башпайдың бұлшық еттері: 1.Үлкен башпайды бүгетін қысқа бұлшық ет; 2.үлкен башпайды жақындататын бұлшық ет; 3.үлкен башпайды алыстататын бұлшық еттер. Кішкене башпайдың бұлшық еттері: 1.Кішкене башпайды бүгуші қысқа бұлшық ет; 2. кішкене башпайды алыстататын бұлшық ет. Орталық топтағы бұлшық еттер: 1.башпайларды бүгуші қысқа бұлшық ет; 2.табанның шаршы бұлшық ет; 3. құрт тәрізді бұлшық ет; 4.сүйек аралық бұлшық ет. Бұлшық еттердің атқаратын қызметтері аттарына сәйкес болып келеді.
75.Тақым шұңқыры, шекаралары, құрамы.
Тақым шұңқыры, fossa poplitea, ол тізе аймағының артқы қапталында орналасқан. Сыртқы пішіні ромб тәрізденіп келген.Бұл шұңқырдың; жоғарғы латеральды қабырғасы- санның екі басты бұлшықетінен, m. Biceps femoris тұрса; жоғарғы медиальды қабырғасы жартылай жарғақты бұлшықетінен,m. Semimembranosus тұрады; төменгі медиальды және латеральды қабырғалары, балтыр бұлшықетінің m.Gastrocnemius медиальды және латеральды бастарынан тұрады; табаны-ортан жілік тақымдық бетінен, facies poplitea тұрады. Тақым шұңқырында: қан тамырлар мен нервтер, лимфа тамырлары, олардың түйіндері, май қатпарлары орналасқан. Тақым шұңқыры төмен бағытта сирақ-тақым өзекшесіне, canalis cruropopliteus. ұласады. Сирақ- тақым өзекшесі, canalis crupopliteus немесе Грубер атты өзекшесі, ол сирақтың артқы бетінде, сирақтың беткей бұлшықеттері мен тереңде орналасқан бұлшықеттерінің аралығында бойлай тақым шұңқырынан өкшелік ахилл сіңірінің медиальды қапталына дейінгі аралықта орналасқан. Сирақ-тақым өзекшесінің алдыңғы қабырғасы: сирақтың жоғарғы 2/3 бөлігінде артқы асықты жілік бұлшықетінен, m.tibialis posterior, төменде алдыңғы қабырғасын бас бармақ башпайын бүгетін ұзын бұлшықеті, m,flexor halluces longus құрайды. Артқы қабырғасы сирақтың камбала тәрізді бұлшықетінен тұрады. Сонымен қатар, бұл өзекшенің үш тесігі: жоғарғы кіретін, алдыңғы және төменгі шығатын тесігі ажыратылады. Жоғарғы немесе кіретін тесігі: алдыңғы қабырғасы, тақым бұлшықеті артқы қабырғасы камбала бұлшықетінің доға тәрізді сіңіршесінен тұрады; бұл өзекшенің төменгі тесігі, сирақтың төменгі бөлігінде, камбала тәрізді бұлшықеттің ахил сіңіріне ұласқан жерінде орналасқан. Алдыңғы тесігі: сирақтың проксимальды бөлігіндегі сүйек аралық жарғақтың жоғарғы тесігі болып табылады. Бұл өзекшенің бойында артқы асықты жіліктік қан тамырлар мен нервтер орналасқан. Сонымен қатар, сирақтың төменгі 2/3 бөлігіндегі бұл өзекшеден латеральды бағытта төменгі асықты жілік шыбығы бұлшықетінің өзекшесіне өтеді.
-асықты жілік шыбығының бұлшықеттік, төменгі өзекшесінің, алдыңғы қабырғасы асықты жілік шыбығының артқы бетінен, артқы қабырғасын бас бармақты бүккіш ұзын бұлшықетінен тұрады. Бұл өзекше арқылы асықты жілік шыбығының бұлшықеттік қан тамырлары мен нервтері өтеді.
-асықты жілік шыбығының жоғарғы бұлшықет өзекшесі, ол сирақ-тақым өзекшесінің өз алдына дербес тармағы болып саналады. Өзекше, асықты жілік шыбығының латеральды бетімен ұзын асықты жіліктік шыбығы бұлшықетінің m. рeroneus longus бұлщықетінің аралығында орналасқан. Бұл өзекше арқылы асықты жілік шыбығы бұлшықетінің беткей нервісі, peroneus superficialis өтеді.