1. Сүйектердің құрылысы,жіктелуі


Тілдің шырышты қабығының бүртіктері



бет96/110
Дата19.11.2023
өлшемі289,1 Kb.
#124835
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   110
Тілдің шырышты қабығының бүртіктері:
1.Тілдің жіптәрізді және конустәрізді бүртіктері, papillae fdiformes et papillae conicae, тілдің бүкіл дорзалді бетін жауып, тіл ұшынан түбіне дейін орналасқан. Тілдің дорзалді бетінің бархыттәрізді болып келуі осы бүртіктерге байланысты. Жіптәрізді және конустәрізді бүртіктердің негізгі қызметі: жалпы сезімдерді (сипап- сезу, ыстык-суық, ауру және қысым) қабылдау.
2. Саңырауқұлақтәрізді бүртіктер, papillae fungiformes тілдің бүйір беттерінде, аркашығында шашыранды түрде, тіл ұшында топталып орналаскан. Мұндай бүртіктердін қызыл түсті болып келуі кан тамырлар капиллярларының беткей орналасуына байланысты. Кызметі: тамақтың тәтті және қышқыл дәмін анықтау.
3. Науашыктәрізді бүртіктер, papillae vallatae, бүртіктердің жалпы саны 7 - 12-дей. олар тіл түбінің маңында бүрыш құрап орналасқан. Науашықтәрізді бүртіктердің көлденең ені 2-3 мм- дей. Бүртіктердің үшында дәм сезгіш рецепторлар орналасқан. Қызметі: дәмді сезу.
4. Жапырақтәрізді бүртіктер, papillae foliatae, олар тілдің бүйір кабырғаларында орналаскан. Қызметі: тұзды, тәтті сезімдерді қабылдау.Тілдің шырышты қабығы тіл түбіне қарай өтіп, копқабатты эпителиймен қапталған шырышты кабыққа жалғасады. Тіл түбінің шырышты қабығын кұрап, көмейдің бөбешігіне, epiglottis, қарай өтіп, ортаңғы тіл— бөбешік катпарын, plica glossoepiglottica mediana, және латералді тіл — бөбешік қатпарын, plica glossoepiglottica lateralis, аралығында орналаскан қорғаныш кызметін аткаратын тілбөбешік калтасын құрайды. Тілдін төменгі бетінің шырышты қабығы бұрыш кұрап орналаскан шашақтәрізді екі катпарды кұрайды. Шашақтәрізді қатпарлар, тіл ұшында бұрыш құрай тұйісіп, ауыз қуысының түбінде алшақтай өтіп, аралығында тіл жүгеншігін, frenulum linguae, кұрайды. Тіл жүгеншігінің төменгі бөлігінің бүйір қапталында, тіласты бүртігі, caruncula sublingualis, орналаскан. Бұл бүртіктің артқы бүйір капталында, тіласты сілекей безінің меншікті түтіктері ашылатын тіласты қатпары, plica sublingualis, орналаскан. Тіл бұлшықеттері, musculi linguae, колденең-жолақты ерікті бүлшықеттерден түрады Топографиялық орналасуына қарай тіл бұлшыкеттері скелеттік және меншікті бұлшықеттерге бөлінеді. 1.Тілдің скелеттік бұлшықеттері:
1.Біз-тіласты бұлшықеті, т. styloglossus, самай сүйектің бізтәрізді өсіндісінен басталып, тіл түбінің маңында тілдің меншікті жоғарғы және төменгі бойлық бұлшыкеттеріне жалғасады. Қызметі: тілді жоғары және артка тарту.
2. Тіласты-тіл бұлшықеті, т. hyoglossus, тіласты сүйегінің денесінен және үлкен, кіші мүйіздерінен басталып, тілге карай өтіп, тілдің көлденең бұлшықетіне жалғасады. Қызметі: тілді төмен және артқа қарай тарту.
3. Иек—тіласты бүлшықеті, т. genioglossus, ол төменгі жақсүйектің иектік кылканынан, spina mentalis, басталып, тілдің меншікті вертикалді бұлшыкетіне жалғасады. Қызметі: тілді төмен және алға карай тарту.
2.Тілдін меншікті бұлшықеттері: 1. Тілдің жоғарғы бойлык бұлшықеті, т. longitudinalis superior, тілдің біз—тіласты бұлшықетінің тікелей жалғасы. Бұлшықет тіл түбінің маңынан басталып, бойлай алға карай өтіп, тіл ұшындағы фасциялдык кабыққа барып бекиді. Қызметі: тілді қысқартып, тіл ұшын жоғары көтеру.
2. Тілдің төменгі бойлық бұлшықеті, т. longitudinalis inferior, бұл бұлшыкетте біз-тіласты бұлшықетінің тікелей жалғасы. Ол тіл түбінің маңындағы фасциялдық қабықтан басталып, тіл ұшына қарай алға карай өтіп, тіл ұшындағы фасциялдық қабыққа барып бекиді. Қызметі: тілді қысқартып, аркашығын жоғары көтеріп, тіл ұшын төмен түсіру. Біржакты жиырылғанда тілді бүйір жағына тартады.
3. Тілдің көлденең бүлшықеті, т. transversus linguae, ол тілдің тіласты — тіл бұлшықетінің бүйір қапталында орналасқан фасциялдык тінге барып бекиді. Қызметі: тілдің көлденең енін кішірейту.
4. Тілдін вертикалді бұлшықеті, т. verticalis linguae, тілдің бүйір бөлігінде орналасып, тілді жалпайтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   110




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет