2. Іштің ішкі қиғаш бұлшықеті, m.obliquus intemus abdominis жалпақтаукеліп, сыртқы қиғаш бұлшықеттің қапталында орналас- қан. Ол шап байламының 2/3 бөлігінен, мықын сүйегінің аралық ернінен яғни labium intermedium және арқаның кеуде-арқалық фасциялық қабықшасынан - fascia thoracolumbalis басталады. Бұлшықет талшықтары желпуіш бағытта өтіп, апоневрозға ұласып, одан әрі екі жапырақшаға бөлініп, тік бұлшықеттің қынабын және орталық сызықшалар маңында іштік дәнекер тканды ақтүсті сызықшасын яғни linea alba-ні құрайды. Бұл бұлшықеттің төменгі қиғаш бағытта орналасқан бұлшықеттік талшықтары шап өзекшесінің яғни canalis inquinalis жоғарғы қабырғасын құрайды.
Қызметі: тыныс алуға және іштің қуысындағы қысымды реттеуші бұлшықет болып саналады. Бір жақты жиырылған кезде тұлғаны жиырылған жағына бұрады.
Нервтендірілуі: қабырға аралық нервтер - nn.intercostales, мен мықын-іштік нерві, n.iliohypogastricus, және мықын-шаптық нерві - ilioinquinalis, арқылы нервтендіріледі.
Қанмен қамтамасыз етілуі: Қабырға аралық артқы артерия - a.intercostalis posterior, мен құрсақ үстілік жоғарғы және төменгі артериялар - aa.epigastriae superior et inferior, арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.
3. Іштің көлденең бұлшықеті, т. transversus abdominis - сыртқы пішіні жалпақтау келген болады. Іштің бүйір топ бұлшықеттерінің қуыстыққа қараған бетінде көлденең бағытта орна- ласқан. Қызметі: тыныс алуға және іштің қуысындағы қысымды ретгеуші бұлшықет болып саналады. Бір жақты жиырылған кезде тұлғаны жи- ырылған жағына бұрады
Нервтендірілуі: қабырға аралық нервтер, nn.intercostales, мен мықын-іштік нерві n.iliohypogastricus, және мықын-шаптық нерві n. ilioinquinalis, арқылы нервтендіріледі
Қанмен қамтамасыз етілуі: Қабырға аралық артқы артерия - a.intercostalis posterior, және ішүстілік жоғарғы және төменгі артериялар - a.epigastricae superior et inferior арқылы және бұлшықет-диафрагмалық артерия яғни a.musculophrenica арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.
64.Алдыңғы және артқы құрсақ қабырғасының әлсіз жерлері. Іштің ақ сызығы туралы түсінік, кіндік сақинасының түзілуі, Лесгафттың 4-бұрышы, петитов үшбұрышы, олардың практикалық маңызы.
Іштің ақ сызығы іштің жұп жалпақ бұлшықеттері апоневроздарының сіңірлі талшықтарының қиылысынан түзілген сіңірлі табақ болып есептеледі. Ол іштің тік бұлшықеттерінің арасында орналасып, семсертәрізді өсіндіні шат симфизімен байланыстырады. Ересек адамдарда іштің ақ сызығының ұзындығы 30 см-ден 40 см-ге дейін, ал оның ені әр деңгейде әр түрлі, семсер тәрізді өсінді деңгейінде-0,4-0,5 см., сәл төмен-1 см., кіндік тұсында-2-3 см-ге тең. Кіндіктен төмен іштің ақ сызығының ені жіңішкеріледі, бірақ 3-4 мм-ге дейін қалыңдайды, ал кіндікке дейін қалыңдығы-1-2 мм-дей.
Практикалық маңызы: құрсақ ішкі қысымының көтерілуінен іштің ақ сызыгының сіңірлі талшықтары созылуы мүмкін, соның салдарынан олардың арасында саңылау пайда болады. Ол саңылау арқылы ішпердеалды клетчаткасы шығып, жалған кірнелер пайда болады. Кейін түзілген саңылау арқылы ішперде салбырап, іштің ақ сызығының кірнелері-hernia lineae albae түзілуі мүмкін.
Іштің ақ сызығы кірнелері жиі кіндікке дейін кездеседі, себебі; бұл жерде іштің ақ сызығы жіңішке және жалпақ.
Іштің ақ сызығын құрсақ қуысына жасалатын операциялар кезінде жиі қолданады, себебі, бұл тұста қан-тамырлар аз немесе жоқ деуге болады.
Лесгафт-Грюньфельд ромбы,tetragonum lumbale