1-слайд Тақырыбы: Қазақтардың Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне қатысуы


Жердің жетіспеуі ХVІІІ ғасырдың 50-жылдарында қазақ шаруаларын жайылым үшін күреске шығуға итермеледі



бет2/7
Дата06.03.2023
өлшемі1,15 Mb.
#71980
1   2   3   4   5   6   7

 

Жердің жетіспеуі ХVІІІ ғасырдың 50-жылдарында қазақ шаруаларын жайылым үшін күреске шығуға итермеледі.

7-слайд

7-слайд

Қазақ шаруалары жер мәселесін жоғары правительдердің араласуымен бейбіт жолмен шешуге тырысты

  • Нұралы хан патша үкіметіне 1742 жылы 19 қазандағы енгізген жерді пайдалануды шектеу тәртібін жоюды талап етіп, хат жазды.
  • Патша үкіметі жарлығымен 1748 жылы тұрғын үйлер, хуторлар казактарға арнап салынды.
  • Патша үкіметі казактарды Ресейдің оңтүстік-шығыс шекараларын кеңейту үшін пайдаланды.

8-слайд

8-слайд

Шекараға таяу орналасқан қазақтар патша үкіметінен зардап шекті

  • Патша үкіметі Орынбор губернаторы И.Неплюевтің ұсынысымен 1747 жылы 15 мамырда қазақтарды жуасыту(қорқыту) үшін Жайық және Орынбор казактары күшімен «Әскери тіміскілеу» жарлығы ешбір себепсіз қазақ ауылдарын бас салып, қырып – жоюларына бастама болды.
  • 1747жылдың 31 желтоқсанында екінші құпия қаулысында «Қазақтарды қорқытып ұстау мақсатында Орынбор губернаторы қазақтардың бір немесе екі ауылын шауып, тірі жан қалдырмай қырып тастасын (әйелдер,қарттар, балалармен қосып) » делінген.
  • А.Медрасов басқарған отряд жазықсыз байбақты руының бес ауылын тонап,үйір-үйір жылқыны айдап әкетті.
  • Тобыл бекінісінде 1759 жылы «шабындықты бүлдірдің»- деп қызылқұрт старшыны Жәмбет батыр ауылын 40 казак қоршап, халықты қайқы темірмен, найзамен шаншып, оқ жаудырып, ойрандап кеткен.
  • Патша үкіметінің казак әскерлерінің осылай басынуы Қазақстан-дағы толқудың басталуына және қазақтардың Е.Пугачев көтері-лісіне қатысуына итермеледі.

     

    Казак – ХV ғасырдың аяқ кезі мен ХVІ ғасырдың бас кезінде қашқын

    шаруалардан құралған еркін казактардың қауымдары.

9- слайд

9- слайд

Е.Пугачевтың қазақтармен байланыс жасауға әрекеттері

  • 1773 жыл Е.Пугачев Кіші жүз аумағында құпия болып қайтты.
  • Жайық казактарынан көп бұрын көмегіне ие боламын деп үміттенді
  • Ел ішіндегі ықпалы күшті старшындармен кездесті.
  • Жыл аяғында Кіші жүз жеріне 400 адам жасағымен тағы да келді.
  • Жасақ құрамында татар , орыс,чуваш,башқұрт, черемистер болды.
  • Көтеріліс жетекшісі жасағының құрамы көп ұлтты екендігіне кәміл сендіргісі келді.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет