Абылай хан патша үкіметінің жасақтарына көмек көрсетуден үзілді-кесілді бас тартты.
Абылай хан өзінің қол астындағыларға патша үкіметінің шекара бекіністеріне шабуыл жасап тұруға ресми рұқсат берді.
Патша үкіметінің Жаңаесіл аймағынан қазақтарды күштеп қуып шықты.
Олар Керей,Қыпшақ,Қанжығалы, Қарауыл және Арғын рулары болатын.
Орта жүз қазақтары Троицк,Губелинская,Орск түбіндегі шайқастарға қатысты.
1774 жылы қазақтар Алабұға дала бекінісін толық талқандады (Звериноголов пен Петропавл бекіністер ортасында).
Орта жүз қазақтарының толқуының күшті болғаны сонша , патша үкіметі Сібір және Орынбор губерниясындағы әскерінің едәуір бөлігін оларға қарсы аттандырды.
1774 жылы тамызда Елек пен Жайық қалашығын 400 қазақ әскері Тасты және Шаған хуторларын талқандаған.
Сырым Датұлы бастаған байбақты ру жасақтары ерекше көзге түсті,Еділ бойындағы казактардың хуторларын шабуыл жасап қырып-жойды.Молдаван полк гусарларын тас-талқан етті.