ІІІ деңгей Дем алу үлгілері туралы саралаңыз. Демге байланысты жаттығулар.
Ер адамдар мен қыздардың тыныс алу мүшелерінің кейбір ерекшеліктеріне байланысты жаттығулар бөлінісі
Мұрынмен тыныстауды қалыптастыру үшін жасалатын жаттығу түрлерін саралаңыз
Берілген өлең мәтінін орфоэпиялық заңдылыққа сай жазып, айтылу ерекшелігінің заңдылығын (ой екпіні, кідірістер, ерін үндестегі, дыбыс үндестігі) түсіндіріңіз.
Құлдыр-құлдыр құлыншақ, Тынымсыз бір ұрыншақ. Ұршықтай боп бұлтылдап, Жұмыр жоның жылтылдап, Желмен кеттің жарысып, Құйрығынды шанышып. Дала жазық, дала кең, Кырмен, саймен, саламен Құйындай бер шынығып, Шабыс сырын шын ұғып. Ер-тұрманың жарасып, Талай топта таласып, Ертең тұлпар боларсың, Талай дауға барарсың. Талай бәйге аларсын, Талай шабыс саларсың. Берілген өлең мәтінін орфоэпиялық заңдылыққа сай жазып, айтылу ерекшелігінің заңдылығын (ой екпіні, кідірістер, ерін үндестегі, дыбыс үндестігі) түсіндіріңіз.
Қошақаным, қоңырым, Мыңқ етпейтін момыным. Түрі неткен әдемі, Төлді бөлек айырар. О да өріске жайылар. Кешке қарай маңырар, Күн батқанда қым-қуыт Айтар әнім, сөзімсің. Бұйра-бұйра тонының. Сақман бала қайырар, Өздерінше отар боп, Енелерін сағынар. Қойға қозы шақырар. Қошақаным, қозымсың, Тезірек өс марқайып, Ел байлығы өзіңсің. Берілген өлең мәтінін орфоэпиялық заңдылыққа сай жазып, айтылу ерекшелігінің заңдылығын (ой екпіні, кідірістер, ерін үндестегі, дыбыс үндестігі) түсіндіріңіз.
Тентек лақ тынымсыз, Мінезі бар жұғымсыз. Ертелі-кешке ермегі, Қозыға маза бермеді. Басына да секірді, Бір күні қозы лақты Қозы, қозы, қозы деп, Мыңқ етпес өзі момын! - деп. Көрсетті өнер не түрлі, Жалғыз-ақ сүзіп құлатты. Тентек лақ бақ етті, Тұмсығы тасқа тақ етті.
Сахнадағы поэзия тілі мен проза тілінің ерекшеліктерін айқындап, мысалдармен нақты дәйектемелер келтіріңіз.
Қазіргі қазақ театры тіліндегі қалам иесіне (пьеса авторына) қойылатын талаптар мен актер тіліне қойылатын талаптарды зерделеңіз.
Сөйлеу мәдениетіндегі дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстардың қолданылу ерекшеліктерін саралаңыз, тіл заңдылығын дәлелдеп, нақты мысалдар келтіріңіз.
Қара сөзбен жұмыс істеудегі дағдылар. Қара сөзбен жұмыс істеуде қойылатын талаптарды баяндаңыз
Сахна кеңістігінде дыбыс пен сөздің дұрыс бөлінуі үшін жасалатын жаттығулар.
Берілген мәтіндегі автор прагматикасын анықтаңыз. Сөз қолдану ерекшеліктерін пайымдаңыз.
Көңілімнен көкжиекке Күн қашып, Неге мені бара жатыр мұң басып? Қанша қызбен жүрдім бірге сырласып. Біреуіне бола алмадым шын ғашық. Жанарымнан тамып түсіп тамшы мұң. Неге сонша өзімді-өзім жаншыдым? Қылығы да, тұнығы да бал шырын Әнші қызға айта алмадым жан сырын. "Осы болар ақ періштем" деуменен Қанша қызға жыр ұшырдым кеудеден?.. Түн ішінде түсіме енген бейнемен Қол ұстасып келе жаттым кейде мен... "Жалмауыздай жайын ауыз, кең көмей көкжиекке Күнім ерте енбегей", деп жүргенде жүрегімді желбегей жаралады қанша сұлу, емдегей?.. Төлеген боп Жайыққа да жол шектім, Жібегімнің жүрегіне жетем деп... Қанша қыздың жанарында мөлдіреп. Үміт қолын созды маған сол Жібек... Аңғал басым қаншама рет алдандым, Айдыныма аққу құсым қонды деп… И.Сапарбай “Арман—қыз”
Демнің дыбысқа әсер етуі туралы баяндаңыз. Ерін жаттығулары мен тіл жаттығуларының дикцияға әсері туралы тұжырымдаңыз.
Берілген үзіндідегі монолог пен диалогтың сахна тіліндегі рөлін айқындаңыз. Кейіпкердің монолог пен диалог арқылы ашылуын пайымдаңыз.
“– Мен осы бір нәрсеге таң қаламын, – деді сұқ саусағын шошайта. – Неге біз осы өтірік сөйлейміз, өтірік күлеміз, қысқасы – өтірік өмір сүреміз, а? Неге біз осы өзіміздің бұл әлемге артық, түкке де керегіміз жоқ бейшара мүскін екенімізді мойындамаймыз? Қазір жоқ болып кеттік делік. Сен де, ей, орыс, сен де, ей,қазақ... Жоқпыз... дүниенің қылшығы қисая ма? Қайта ұлы мәртебелі табиғат-ананың организмі тазарар еді, көк жөтелден сауығар еді... Білем-білем, «сен неге тірі жүрсің?» деп сұрағалы отырсыңдар. мен... мен... осы қарапайым ғана қағиданы сендерге түсіндіру үшін жүрмін... Осы күйкі тірлікке душар”“қылған мына мені атарға оқтары жоқ сеңдер, мен... сендерге ерегесіп, ыза болған соң амалсыз ішем… – мына философқа жатар орын тауып беріңдер, – деген Ерік орнынан шапшаң тұрып далаға шығып кетті. Таған сырадан тағы бір стақан сылқитып алды. Темекісін бықсытқан Захар Тағанның арқасына қағып: – Дегенмен, сөзіңнің жаны бар. Жүр, братан, ұйықтар орныңды көрсетейін, – деді. – Маған төсек салып әуре болмай-ақ қойыңдар. Қай тұсқа құлаймын – сол төсек... анаңда – қара жер, атаңда – қара жер... ла-лау... Тұра беріп тәлтіректеген жігіттің қолтығынан демеген Захар тысқа беттеді. «НЕГЕ БІЗ ОСЫ ҚАТЫГЕЗ ДЕ ҚАСИЕТСІЗ БОЛЫП КЕТТІК... НЕГЕ БІЗ ОСЫ… Берілген мәтіндегі диалогтың актер тілін дамытудағы рөлін зерделеңіз.
“Жігіттер Есенейдің, үйіне кіре бере етпеттерінен түсіп, бір-бір құлап құлдық ұрды да, содан кейін есік алдына ғана тізерленіп отырып қалды. — Енді кете бер, қосыңды көшір! — деді Есеней Сәдірге. Сәдір шығып кетті. — Ие, сендер кімсіңдер? — Керейің біз, аға сұлтанымыз, Керейіңізбіз өзіңіздің... Бағлан аузында отыратын. — Кеше Артықбай батырдың үйіне алдымен кіріп едің... Сен кімсің? — Түлен деген кісінің үлкен баласымын... өз атым Мырзагелді. — Е, жесір сенікі екен ғой? — Ие, тақсыр... Інім бала жасынан сырқаттау болушы еді... Қысқа қарай тіпті жүдеп бара жатқан соң көңілін көтереміз бе деп қалыңдығын әкеліп берсек деп келіп қалып едік...Жігіттің түн бойы ойлап тапқан айласы осы-ақ. Інім ауру десем, Есенейдің, көңілі жібір, аяушылық етер деген. — Ауру адамға қатын әпере ме екен? — Көңілі көтеріле ме деген үміт қой... қалың, малы түгел төленіп қойған соң жесір біздікі ғой деп ойлағандық қой. — Бергеніңді қайырып алыпсың ғой! — Өсімін ала алмай жүр едік...”. “Былжырап сөйлегенімен жігіттің арам ойын Есеней оңай түсінді. Қазақ айласының құйрығы бір-ақ тұтам. Інісі өлім алдында екен... қалыңдықты бір әкеліп алса, ол сорлы қыз «іні өлсе аға мұрасы» болады да қалады емес пе!”. (“Ұлпан” Ғ.Мүсірепов)
16. Р. Сыздықтың “Сөз сазы” еңбегі бойынша шаршы топ алдында сөйлеуді оқытудың маңызы
17.Берілген кейіпкерлер сөзіндегі авторлық поэтикалық тілдік бірліктерге талдау жасаңыз.