1. Сөз өнерінің табиғаты


Г.В.Плеханов – орыстың классикалық сынын XIX ғ. аяғында жалғастырушы сыншы, эстет, әдебиет теоретигі



бет16/29
Дата11.04.2023
өлшемі129,39 Kb.
#81591
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29
Байланысты:
билет жауаптары (копия)

40. Г.В.Плеханов – орыстың классикалық сынын XIX ғ. аяғында жалғастырушы сыншы, эстет, әдебиет теоретигі.
Георгий Валентинович Плеханов (желтоқсанның 111856 – мамырдың 301918ескі стильқарашаның 29 1856 – мамырдың 17 1918) — Ресей революционері және марксизм теоретигі. Ол Ресейдегі социал-демократиялық қозғалыстың негізін қалап, алғашқы орыс марксисі болған.
Г.В.Плеханов көркем әдебиетті сыни талдау барысында екі бағытты ұсынады: бірі – шығарманың идеясын ашу болса, екіншісі – көркемдік қасиеттерін анықтау қажет деп атап көрсеткен еді [3,б. 51] Сыншы әдебиетті көркем шығарма ретінде жеке талдаудан оның әлеуметтік мәнін, әдеби дамуда алатын орнын анықтауға тырысады. Сыншы көркем шығарманың қадір-қасиетін анықтаудың нақтылы жолдарын іздеп, қаламгердің жазу мәнеріне, образ сомдау, характер беру тәсілі, қоғамдық ой, заман көрінісі әр қырынан қарастырылып, тұтастай алғанда, бұл шығарма арқылы рухани дүниемізге не қосылды, қандай жаңалықтар бар, несімен құнды, замандастарға, кейінгі ұрпаққа қалдырар үлгісі неде деген мәселе бойынша талдау жасалады. Сыншы әдебиетті талдап-бағалау үшін қандай әдістерге сүйенеді, көркемдік жинақтау әдісіне сүйене ме, әлеуметтік мәніне назар аудара ма, ол да ескерілетін негізгі мәселелердің бірі. Жалпы әдебиеттің негізгі үш қыры бойынша тілдік, көркемдік, әлеуметтік жағынан қарастыратынын байқаймыз. Ол сыншының алдына қойған мақсатына тікелей байланысты. Әлемдік әдебиет тұрғысынан қарастырар болсақ, шетелдерде әдебиет сынының мынандай әдістері қарастырылады: феноменологиялық, интуитивтік, импрессионистік, символды- мифологиялық, сихолингвистикалық, бихевиористік, стилистикалық, структуралистік, социологиялық әдістер қолданылады деген фактіні кездестіреміз. Көркем шығарма – тұтас бір көркемдік жинақтаудың нәтижесі. Суреткер оны жасау барысында өзінің білім, дарын, шеберлік дәрежесіне орай қаншама бейнелеу амалдарын қолданады. Сыншы да суреткермен бірдей шығармашылық жұмыс атқарады. Көркем әдебиетпен бірге оны тану-зерттеу де дамудың ұзақ жолдарынан өткен. Яғни, көркем әдебиетті сын тұрғысынан саралау әдістері де жетіліп отырады.

16 билет: Құбылту тәсілдері және оның шығармадағы қолданысы


Құбылтудың түрлері:
1. Метафора (ауыстыру) —сөз мәнін өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты айқындай, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не шұбылысқа балау.
Мысал: Гималай —көктің кіндігі,
Гималай—жердің түндігі.(І.Жансүгіров)
2.Кейіптеу. Жансыз табиғат құбылысын кәдімгі тірі кісінің қылығымен ауыстырып суреттеу.
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
3.Аллегория (пернелеп айту) Аллегорияда пікір астарлы келеді, бірақ астарлы сөйлеудің әр түрі бар. Кейде астарлау жұмбаққа айналып кетеді. Ондай жағдайда астарлы мағынаны әркім әртүрлі ұғынуы, әр басқа түсінуі мүмкін. Ал, аллегория сол астарлап, пернелеп сөйлегенде дерексіз ұғымдарды деректі, тұжырымды образға айналдырады. Мысалы: Қулық, сұмдық, айла, әділдік, жауыздық, қастық, достық – бәрі де, жеке алғанда, дерексіз жалпы ұғымдар. (Әрине, өмірде олардың тұжырымды ұғымға айналатын кездері де болады). Адамдардың араларында болатын қарымқатыс, күрес-тартыстар белгілі бір жағдайда оларды деректі заттай-ақ сезіндіреді.
Қонады бір күн жас бұлыт,
Жартастың төсін құшақтап.
Жөнелді ертең, қалды үміт, Көк жүзінде ойнақтап, –

деген үзіндіні алсақ, мұны тек жалғыздықтың символы деп қана емес, табиғат құбылысының бір алуан суреті – пейзаждық өлең деп те ұғынуға болады. Аллегорияда екі ұшты түсінуге жол жоқ. Мысалы:


Тұрды патша (арыстан) қайғырып, уайым жеп, –
«Ала қойды болады қайткенім еп?» Аю, түлкі қасында – уәзірлері, Кеңеседі оларға «Қайтемін?» – деп.
Қолбаң етіп, қорс етіп, сөйледі аю:
Батыр патшам, не керек көп ойлану.
Қойды жан деп есіркеп кім аяйды? Ақылы ала қойдың – қырып салу…
Аңдардың арасында бұл тәрізді кеңестің болмайтыны жұрттың бәріне мәлім, сондықтан арыстан да, аю да, қасқыр, түлкілер де адамдардың араларында болатын қулар мен қара жүректерді, ала қойлар – момындарды меңзейді. Айтайын дегені зұлымдық, қулық, олардың момындарға жасайтын зорлық-зомбылықтарын астарлап айтса да, тұжырымды образ арқылы түсінікті анағұрлым жеңілдетеді. Аллегориялық ұғымды әркім әртүрлі талқылауға жол қалдырмайды.
3.Символ(астарлау) бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу.
Мыс: Отырмын теңіз бойында.
Ойнайды дауыл ойнымда.
Соғады толқын шың, жарды,
Шертеді көңілім мұнлы әнді.
4.Метонимия (алмастыру)Шындық өмірдің әртүрлі құбылысы жалаң нәрсе емес, бір-бірімен байланысып, ұштасып жатады.
Мыс: Кейде қалпағы бар біреуге: «Ей, қалпақ!» – дей саламыз. Мұнда адамның орнына оның киген киімін, қалпағын, айтамыз.
5.Синекдоха (мегзеу) —Бүтіннің орнына бөлшекті, бөлшектің орнына бүтінді қолданған сықылды, көпшенің орнына жекешені, жекешенің орнына көпшені қолдану
Мыс: Біреуге: «Басың нешеу?» дегенде оның басын сұрап отырғанымыз жоқ, неше адамы бар екенін сұрап отырмыз. Сол үйдің адамдарының орнына тек қана бастарын аламыз.
6.Ирония(кекесін); тағы бір түрі —мысқыл, яки сарказм.
адамға, нәрсеге сырттай жақсы баға берсе де, ішкі мағынасы оған қарсы шығып, жақсы бағаны жоққа шығарса және сол нәрсені келекеге айналдырса, ирония дейді.М.Әуезовтің «Айман – Шолпанының» бір жерінде Теңгеге Айман былай деп жауап береді: «Менде де бар бір жаман, Не қылайын қазақтың. Жүйрігі мен жорғасын». Бұл сөзді Айман шын көңілмен айтып отырған жоқ, Көтібарды ажуаға, келекеге айналдырып отыр. Сөйлем құрылысының сыртқы түріне қарағанда, Көтібарды жүйрік, жорғаға балап, мақтап отырған сықылды.
7.Ұлғайту(гипербола) бір нәрсені баса көрсету немесе әзіл-оспақты болу үшін шамадан тыс әсірелеуді қолдану.
Мыс: Жоғары ерні көк тіреп, Төменгі ерні жер тіреп...(Қобланды батыр)
8.Кішірейту(литота) литота бір құбылысты өте кішірейтіп суреттейді. Мыс: Етектейін еріннен.Екі елісі қалыпты. Қиған қамыс құлақтан Бір тұтамы қалыпты.Жалбыраған жалынан Жалғыз қарыс қалыпты.Күлтеленгенқұйрықтан, Бір тұтамы қалыпты.
9.Табу – ескі наным-сенім, мифтік ұғым бойынша атын атауға тыйым салынған сөздер.
Мыс: Табиғаттың дүлей күшіне байланысты тұрмыс-тіршілікке қауіпті сөздердің атын атауға тыйым салынған. Мысалы, "жай түсті" десе, адамға қырсығы тиеді деген сеніммен "жай" сөзін "жасыл" сөзімен алмастырып қолданған;2) Адам өміріне қауіп-қатер төндіретін жыртқыш аңдар мен жәндіктердің атын атамай басқа сөзбен ауыстырып қолданған. Мысалы, қасқырдың атын тура атаса, малға шабады деген қорқыныштан "қасқыр" сөзін "ит-құс", "ұлыма" деген сөздермен алмастырып қолданған;
10.Эвфемизм(сыпайлап сөйлеу) Мысалы: қатын — әйел – зайып – жұбай; буаз – жүкті – екі қабат – аяғы ауыр.Бұл жердегі жұбай мен аяғы ауыр деген өз қатарларындағы басқа синонимдерінің құлаққа жұмсақтау тиетіні бірден аңғарылады. Өйткені олар – эвфемизмдер.
17билет: Стиль туралы ғылыми пікірлер.
1).Творчестволық ерекшеліктің қалыптасуында, Гетенің айтуына қарағанда, үш кезең бар: 1. өзінен бұрынғы үлгіге жалаң еліктеумен жүрген шақ; 2. өзгеден бөлегірек азын-шоғын мәнер, машық тапқан тұс; 3. өзінен басқа ешкімге ұқсамайтын өзгеше стиль белгілеген кез. Соғңы кезең яки шын мәніндегі стиль қалыптастырған кез творчестволық эволюцияның ең жоғарғы сатысы, бұған жету үшін әбден шындалған суреткерлік шеберлік керек. Әдебиетпен әуестенгеннің бәрі үшінші сатыға (стильге) жете бермейді, мықтағанда, екінші сатыға (мәнерге) жақындайды, әйтпесе, бірінші сатының (еліктеудің) өзінен аса алмай, қалып қояды. Себебі: «Стиль – шын талант, ұлы ақын-жазушылардың қаламдарына тән сипат. Кез келген ақын-жазушылардан стиль іздеу бекершілік, өйткені барлық өлең қиыстырушыларды ақын, сөз жаза білушілерді жазушы десек, қателескен болар едік. Дарын жоқта стиль жоқ. Бұл екеуі сабақтас. Оқырмандарының ойына азық, жанына сусын бермейтін можантопай шығармалар жазып, «жазушы» атану мүмкін. Бірақ ондайлардың өзіне тән стилі болады деу қате. Құбатөбел қойторыларда стиль болмайды. Олардың бірінің шығармалары егіз қозыдай екіншілеріне ұқсас келеді. Жаман шығарманы жағымпаз сыншы, жандайшап әдебиетшілер қанша мақтаса да жандандыра алмайды.
Барлық сыншылардың ішінде ең ұлы, ең данышпан, ең қателеспейтін сыншы — мезгіл деп В.Г.Белинский айтқандай, жаман шығарма, дарынсыз жазушы мезгіл сынын кетере алмақ емес. Демек, стильді нақтылы талант, ұлы жазушылардың туындыларынан іздеген жөн».
18.Көркем шығарманың поэтикалық тілі. Әдеби тілді ажарлау аз, құбылту керек.Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан қажет тәсіл – құбылту, яки троп (грекше tropos – иін, иірім) – сөздерді тура мағынасында емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту.
Құбылтудың (троптың) түрлері көп.Әдеби тілдегі ең басты құбылтулардың бірі – ауыстыру, яки метафора (грекше metaphora – көшіру) – сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не құбылысты ақындай, ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа не құбылысқа балау;сөйтіп, суреттеліп отырған заттың не құбылыстың мағынасын үстеу мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту.Мысалы:
Гималай – көктің кіндігі,
Гималай – жердің түндігі.
(І.Жансүгіров).
Кейіптеу – ертегілер мен аңыз әңгімелерде жиі қолданылатын тәсіл.Ал мысал өлеңдердегі құбылу, көбіне, пернелеу, яки аллегория (грекше allegoria – пернелеп айту) түрінде келеді.
Троптың (құбылтудың) бір түрі – астарлау, яки символ (грекше symbolan – шартты белгі) – бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру.
Троптың бір түрі – алмастыру, яки метонимия (грекше metenymia – қайтадан атау) - өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану.
Троптың бір түрі – кекесін, яки ирония (грекше eironeia - келемеждеу); тағы бір түрі – мысқыл, яки сарказм (грекше sarkasmos - масқаралау).
Троптың бір түрі – ұлғайту, яки гипербола (грекше hyperbole – үлкейтілген, қомақты); тағы бір түрі – кішірейту, яки литота (грекше litotes – қарапайым, қораш).
Әдеби тілді ажарлаумен, құбылтумен қатар, керек жағдайда айшықтай білген жөн.Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлілігі үшін де әжептәуір қажет тәсіл – айшықтау, яки фигура (латынша figura – келбет,бейне) – сөз тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша айшықпен құру.
Фигураның (айшықтаудың) бір түрі – қайталау – сөз әсерін күшейте отырып, оқырман назарын айрықша аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше мәрте қайталап, айтар ойды, ұқтырар сырды ұғымға мұқият сіңіре түсу.
Фигураның бір түрі – шендестіру, яки антитеза (грекше antithesis - қарама-қарсылық) - бір-біріне кереғар құбылыстарды, мән-мағынасы әр тарап ұғымдарды, түр-түсі әр бөлек нәрселерді өзара бетпе-бет қою арқылы бұлардан мүлде басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суретін, сыр-сипатын, кескін-кейпін анықтау, аңғару, елестету.
Фигураның бір түрі – дамыту,градация (латынша gradatio - бірден-бірге күшейе беру) – алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу.
Фигураның бір түрі – сөз орнын ауыстыру, яки инверсия (латынша – inversion – орын өзгерту, төңкеру) – прозалық, әсіресе поэзиялық шығармаларда сөздердің әдеттегі грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру.
Фигураның бір түрі – сөз тастап кету, яки эллипсис (грекше ellepsis – түсіріп тастау, аттап айту) – сөйлем ішінде немесе өлең шумағында атап айтпаса да түсінікті кейбір сөздерді әдейі жазбай тастап кету.
Фигураның тағы бір түрі – егіздеу, яки параллелизм (грекше parallelos – қатар жүру, қатынасу) – екі ұдай нәрсені, құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу.
Әр жазушының тіл байлығы мен сөз машығына қатал сынның бірі - әдеби шығармадағы адамдарды сөйлету.Осы айтылғандардың бәрі көркем әдебиеттің тілі – бір немесе бірер адам ғана емес, күллі қауымның, демек, бүкіл қоғамның тілі, яки аса күрделі синтетикалық тіл екенін аңғартса керек

19.Әдебиеттің тегі мен түрі туралы жалпы ұғым


Әдеби жанр (французша genre— тек,түр) термин ретінде шартты, екі мағында қолданылады. 1)әдебиеттің тектері —эпис, лирика, драма; 2)әдеби шығарманың түрлері—әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия. Эпостық тек, эпикалық жанрлар. Әдебиеттің үш текке бөлінуі. Әдебиетті текке бөлудің негізінде өмір шындығын бейнелеу тәсілдерінің ерекшеліктері жататындығы.
Эпостық тек – эпикалық бейнелеу ерекшелігі. Оның авторлық баяндау-әңгімелеуге құрылатындығы. Эпикалық жанрлар және олардың өзіндік ерекшеліктері.
Эпос (грекше–баяндау, әңгімелеу, тарихтап айту)- көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі, өмір шындығын мейлінше мол қамтып кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігенше терең ашып, жан-жақты танытатын, іргелі, күрделі жанр.Эпос – жан-жақты жанр: эпикалық шығармада адамның өмір жолы кеңінен баяндалады, оның басынан кешкен тағдыр мен тіршілік толық жинақталады, ол қатысқан оқиғалар молынан суреттеледі, ол жасаған іс-әрекеттер тұтас бейнеленеді, адамдар арасындағы қарым-қатынастар әр қырынан, айқын көрсетіледі.Өмір шындығын қамту, адам мінезін ашу мүмкіндіктеріне қарай эпикалық жанр үш түрге бөлінеді: шағын көлемді эпикалық түр; орта көлемді эпикалық түр; кең көлемді эпикалық түр.
Шағын көлемді эпикалық түрге жататын көркем туынды — миф, одан кейінгі әр тұстардағы үлгілері — аңыз, ертегі, мысал, новелла. Миф — табиғат құпияларын, адам не қоғам өмірінің сан алуан сырын қиял ғажайып оқиғаға айналдыра бейнелейтін фантастикалық баян. Бұл байырғы халықтардың бәрінде бар, бірақ түпкі туған төркіні Греция; кейін римдіктерге ауысқан.
Мифологиялық эпос — жалпы эпос атаулының басы.Бұл эпостың идеялық-тақырыптық негізі — адам баласының табиғат пен қоғам туралы ғылым тумай тұрғандағы, алғашқы қауымға тән идеологиялық синкретизм тұсында етек алған анқау әрі аңғырт ұғым-нанымдары. Эпостың көне түрлерінің бірі — аңыз. Бұл да миф секілді әсіресе қиял аралас фантастикалық хикая. Мифтен өзгешелігі — аңыздың негізінде шындыққа жанасымды, көбіне тәтті өмірде болған, халық жадында сақталған оқшау оқиғалар жатады.Әр халықтың тарихындағы әлдебір абзал адамдар — аса көрнекті қайраткерлер хақында да талай аңыздар туған. Қазақ ауыз әдебиетінде Асан Қайғы туралы аңыз бар. Шағын көлемді эпикаға тән жанрлық түрлердің бірі — ертегі, миф пен аңызға ұқсас, адам өмірінде, не хайуанат дуниесінде болуға лайық, ар алуан қызық, кейде тіпті ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре әңгімелейтін көркем баян, әсерлі хикая. Ертегілердің тақырыбы ғана емес, табиғаты да әр алуан.
Осы ертегілерден, оның ішінде хайуанат жайындағы ертегілерден туындап шығып, шағын эпостың өзгеше бір түріне айналған нәрсе — мысал (басня). Мысал — эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі. Әрқашан сатиралық сипатта, көбіне аң, хайуанат, кейде зат туралы жазылады да, сол арқылы адам бойындағы мін, әлеуметтік ортадағы кемшілік күлкіге, келекеге, мазаққа айналдырылып, сықақпен сыналады. Мазмұны бүкпелі болғанмен, идеясы астарсыз ашық, тура, тілі мірдің оғындай өткір, шымшыма, шымыр келеді.
Ежелгі Грециядағы аты шулы Эзоптан басталған (б. э. б. VI ғ.) мысал көне дүниеден күні бүгінге дейін көбіне өлеңмен жазылып келеді: Италияда Федр, Францияда Лафонтен, Германияда Геллерт, Англияда Мур, Россияда Крылов, қазақта Абай.
Феодализм мен капитализм тұсында шағын эпоста жаңадан туған түрдің бірі — новелла (итальянша-жаңалық, соны сөз) — «бұрын-соңды көз көріп, құлақ естімеген тамаша оқиға туралы шындыққа сыйымды әңгіме». Новелланың алғашқы белгілері грек әдебиетінде біздің дәуіріміздің басында көріне бастағанымен, ол шағын эпикалық түр ретінде Европадағы Қайта өрлеу дәуірінде туып қалыптасты. Новелла біздің дәуірімізде көркем әңгімемен ұласып, екеуінің ара жіктері жойылып бара жатыр. Әңгіме новелладан кейінірек туған, ұғым болғанымен, екеуінің табиғаты бір. Әңгіме-қиын жанр.
Алдымен, көлемі шағын. Ол — жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Содан соң оқырманды бірден үйіріп әкету үшін, сол шағын көлемдегі өмір эпизодының өзі соншалық тартымды, сюжет желісі қызғылықты болуға тиіс. Әңгіменің ең елеулі ерекшелігі — жинақылығы, ал «нағыз күшті, нағыз құдіретті проза — жинақы проза; одан басы артық, айтпауға болатын жайдың бәрі алынып тасталған да, тек айтпауға болмайтын шындық қана қалған. Жинақылық – мұқият мықтының ісі».
Шағын эпостың әңгімеге жақын тұрған бір түрі — очерк. Бұл да қысқа көлемді көркем шығарма. Мұнда да үлкен шындықтың кішкене бір бөлігі, адам өмірінің аздаған эпизоды нәрлі тілмен, әрлі суреттер арқылы шебер, тартымды бейнеленуге тиіс. Бірақ очерктің әңгімеден бірнеше өзгешілігі бар. Ең бастысы: очеркте суреттелетін шындық — ойдан шығарылған нәрсе емес, өмірде болған не бар ақиқат; очерктің қаһарманы — ойдан жасалған бейне емес, өмірде болған не бар адам.
Содан соң, очерк өткен шақтың көне шьндығынан емес, осы шақтың жаңа шындығынан ғана туады. Бұл ретте, очерк —өз кезінің үні, жаңаның жаршысы.
Эпостың шағын түріне жататын очерк секілді аралық жанрдың бірі — фелъетон (французша—парақ); бұл да әрі әдеби жанр, әрі газет жанры. Өлеңмен де, қара сөзбен де жазыла береді. Мұның әдеби қасиеті мол жақсы үлгілерінде кәдімгідей көркем бейнелер, қызық мінездер, сатиралық типтер жасалған.
Повесть — орта көлемді эпикалық түрдің үлгісі. Повестің жанрлық ерекшелігі көлемінде емес, мазмұн тереңінде жатады. Орта көлемді эпостың повестен басқа тағы бір түрі — поэма (грекше роіета — туынды) — өлеңді повесть, өмірде болған, не болуға тиіс күрделі құбылыстар мен келелі оқиғаларды, алуан-алуан адам тағдыры мен заман шындығын көлемді, желілі, эпикалық не лирикалық сипаттағы өлең мен суреттеу.
Поэмалар түрлі-түрлі: сюжетті поэмалар да, сюжетсіз поэмалар да болады. Поэмаларда жасалатын адам образдары да әр алуан: эпикалық, образ да, лирикалық образ да, романтикалық образ да, реалистік образ да болады. Поэма —қазіргі қазақ поэзиясындағы мол өркендеп, кең өріске шыққан шешуші жанрлық түрлердің бірі.
Жанрдың үшінші саласы — кең көлемді эпикалық түр. Эпостың бұл түрінде жазылған шығармалар шындықтың жекелеген эпизодтарын суреттеумен тынбайды, әдеби шығармаға арнау болған адам мен қоғам тіршілігін мейлінше кең қамтып, алуан-алуан даму кезеңдерімен тұтас жүйелеп, толассыз қимыл-қозғалыс қалпында жан-жақты жинақтайды. Эпостың осы түрін көбіне роман деп атап жүр. «Роман деген сөз — дейді Пушкин,— ойдан өрбіте баяндалған тарихи дәуір ұғымын береді»..Белинский да романды «жаңа дәуір эпопеясы» деп түсіндірген болатын. Ал дәуірлік шындықты көркем жинақтау үшін жекелеген адам тағдыры жеткіліксіз, әр алуан әлеуметтік топтардың қым-қиғаш күрделі қарым-қатьнастары, олардың мақсат-мүдделеріндегі бірліктер мен қарама-қарсылықтар, өмір тіршіліктеріндегі өзекті оқиғалар мен кезеңді құбылыстар кең қамтылып, терең тұтастырылуға, сол арқылы жалпы қоғамдық дамудың заңдылықтары танытылуға тиіс. Романның көлемі үлкен, мазмұны қат-қабат, сюжеті меп композициясы орасан күрделі болу себебі де осыған байла-нысты.
Проза — қазақ әдебиетінде кешеңдеу туған, бірақ орасан шапшаң дамыған сала. Абайдың ғақлиясы, Ыбырайдың әңгімелері, Міржақыптың «Бақытсыз Жамалы», Спандиярдың «Қалың малы», Сұлтанмахмұттың «Қамар сұлуы» жаңа туған жас жанрдың алғашқы тәжірибелері ғана болса, тарихи жағынан қысқа мерзім ішінде Б.Майлиннің, М.Әуезовтің, С.Мұқановтың, Ғ.Мүсіреповтің, Ғ.Мұстафиннің, Ә.Нұрпейісовтің күрделі де кесек шығармалары арқылы қазақ әдебиетін дамытты. Бұл — қазіргі қазақ прозасын, оның ішінде роман жанрын, сөз ете қалғанда атап айтар айрықша сипат. Біздің дәуір — үлкен эпиканың гүлдену дәуірі, роман жанрының жаңа белеске, кең өріске шыққан кезі.
20.Суреткер стилін танудың жолдары
Стиль – өнер ерекшелігі. Әр стиль – бір-ақ суреткердің өнеріне тән ерекшелік. Ал осындай өнер ерекшелігі бір емес, бір топ суреткерге тән болуы мүмкін бе? Әбден мүмкін.Әдеби ағымды дәл осы тұрғыдан пайымдау керек.
Бір жазушының бірнеше шығармасы ғана емес, бір топ жазушының бір алуан шығармасында өзара ұқсас сипаттар, сыбайлас сырлар жатады. Мұндай сыр мен сипатты әр жазушы өз шығармасына әншейін қолдан жасап, жапсыра салмайды. Мұндай өзара ұқсас сыр мен сипатты бір топ жазушының бір алуан шығармасына мезгілдің, олар өмір сүрген дәуірдің өзі дарытады.
Дәлелдейік. Ерубаев – Мұстафин – Шашкин; «Менің құрдастарым» – «Қарағанды» – «Теміртау»; Рахмет – Мейрам – Қайыр… Үш жазушы, үш роман, үш қаһарман. Сөз жоқ, үш түрлі жазушы, үш түрлі роман, үш түрлі қаһарман!.. Бірақ бұлардың әрқайсысына тән өзгешелікті көре тұра бәріне тән бірлікті де байқауға болады. Қандай бірлік?!Алдымен үш жазушыда әдіс бірлігі бар, содан соң үш романда тақырып бірлігі бар. Ақыр аяғында, үш қаһарманда идеялық бірлік бар, басқасын айтпағанда, тек осы бірліктердің өзі-ақ үш әдебиетшіге тән өзара ұқсас сыр мен сипатты аңғарта алады.
Ал осындай бірлік яки өзара ұқсас сыр мен сипат тек осы үшеуіне ғана тән бе? Жоқ, қазіргі қазақ жазушыларының бәріне тән. Қалайша?
Қазіргі қазақ жазушылары қай тақырыпқа жазбасын, бәрібір, шындыққа тек қазіргі қоғамдық таным тұрғысынан қарайды. Қандай бір күрделі шығарма (поэма, пьеса, роман) болсын, бәрібір, бас қаһарманы – халық. Суреткер шығармасын кешегі шындықтан туғыза ма, болмаса бүгінгі шын- дықтан туғыза ма, бәрібір, әйтеуір халықтың ертеңгі болашақ жолындағы күресін суреттейді. Қысқасы, осындай көп-көп сыбайлас сырлар, ұқсас сипаттар бір емес, бір топ жазушының бүкіл суреткерлік өнеріндегі белгілі бір уақыт пен кеңістікке сай идеялық- көркемдік бірлікке әкеледі. Дәл осы бірлік әдеби ағым. Байқап қарасақ, стиль – бір жазушыға тән творчестволық ерекшелік болса, ағым – бірнеше жазушыға тән творчестволық бірлік. Стиль – әр жазушының дара қасиеті болса, ағым – әр алуан жазушының ортақ сипаты; стиль – жалқыға тән ұғым болса, ағым – жалпыға тән таным; стиль бір жазушының әдеби беті болса, ағым – бір топ жазушының әдеби бағыты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет