1. Сөз өнерінің табиғаты


XIX ғасырдың соңғы ширегінде Батыс өнерінде дүниеге келген түрлі бағыт-ағымдар



бет17/29
Дата11.04.2023
өлшемі129,39 Kb.
#81591
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29
Байланысты:
билет жауаптары (копия)

46. XIX ғасырдың соңғы ширегінде Батыс өнерінде дүниеге келген түрлі бағыт-ағымдар
Модернизм (фр. Moderne – жаңа, қазіргі заманғы) – ХХ ғасырдың 20-жылдары пайда болған адамдардың рухани дағдарысын бейнелеуге негізделген көркемдік-эстетикалық жүйе. Модернизмнің төменгі шегі реалистік мәдениет болса, жоғарғы шегі 1950 жылдары пайда болған постмодернизм болып саналады. Модернистік өнерді авангардтық өнермен шатастыруға болмайды, бірақ олардың ара-жігін ашып, ажыратып берудің өзі қиын. Модернистік өнердің түрлеріне символизм, экспрессионизм, акмеизм жатса, авангардтық өнер түрлеріне футуризм, сюрреализм, дадаизм кіреді. Модернизм мен авангар­дизмнің өнерде жаңа бір нәрсені жасауды басты мақсат етіп ұстағанымен, модернизм сол жаңаны көркемдік пішін арқылы жасауды мұрат тұтады.

Символизм - Еуропада ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың басында, одан кейін Ресейде әдебиет пен өнерде өріс алған ағым. Символизмнің шығуына буржуазиялық мәдениеттің дағдарысқа ұшырап, тарихи-әлеуметтік жағдайдың өзгеруі себеп болды. Символизм ағымында жазылған шығармалар шындықтан аулақтап мистикаға, декаденттік сарындарға бой алдырды. Адамның болмысының, қаһарманның дарашылдығын жақтады. Символизмнің негізі ХІХ ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдары Францияда қаланды. Поль Верлен (1844-1896), Артюр Рембо (1854-1891), Стефан Малларме (1842-1898) Франциядағы символизмнің негізгі ядросы болып табылады. Франциядан тараған символизм ағымы Ресейде А.Блок, В.Брюсов, Д.Мережовский, Ф.Сологуб, К.Бальмонт сынды өкілдерін тапты. Орыс символистерінің талантты өкілдері ұнамды туындылар тудырды. Осы кездегі тарихи ерекшелік – орыс өнерінде философиялық материализмнен, реалистік эстетикадан бас тартқан декаденттік, идеялық-көркемдік бағыттардың пайда болуы. Көркемдік дүниетаным ретіндегі декаденттіктің типтік белгілері-шындыққа, адам санасының объективтілігіне сенбеу; таным белгілері ретінде ішкі, рухани тәжірибе, қас-қағым сезімдер мен мистикалық ашылымдар ғана мойындалды.


Бұл ағым әдебиетке жаңа идеялар, тың тақырыптар әкелді. ХХ ғасыр басындағы қоғамдық-әлеуметтік өмірдегі сан қилы өзгерістер қазақ әдебиетіне де әсерін тигізді. Символизмнің қазақ әдебиетіндегі ӛкілдері деп Мағжан Жұмабаев пен Бернияз Күлеевті атауға болады. Әдебиет зерттеушісі А.Шәріптің «Қазақ поэзиясы және ұлттық идея» атты монографиясында қазақ символизіміне арналған тарау бар.

Натурализм (француздың naturalism; латынның naturalis-табиғи, naturaтабиғат) – өмір құбылыстарын табиғи қалпында айтып баяндауды мақсат ететін бейнелеу тәсілі [11,240]. Қазақ энциклопедиясында бағыт, әдебиеттану сөздігінде ағым деп берілген натурализм қазақ әдебиетінде әлі күнге дейін нақтыланып болмаған. Орыс әдебиетінде бағыт деп қолданса, ал бізде әдебиет сӛздігіне сүйеніп ағым деп қолданылады. Жалпы ХІХ ғасырдың аяғында Еуропа және ағылшын әдебиеті мен ӛнерінде пайда болған бағыт. Натурализм ӛмірді тексеріске, зерттеуге салмай, бар көрген-білгенді тек сол қалпында айтып беруді талап етеді. Бір затты не адамды суреттегенде оның жалпы бейнесін не қимылын жеріне жеткізе, майдашүйде, елеусіз тастауға болатын бӛлшектеріне дейін жеткізуді мақсат тұтады. Француз әдебиетінде бұл тәсілді енгізіп, дұрыс қолдана білген Анатоль Франс, Эмиль Золя болды. Ал неміс әдебиетіндегі натурализмнің тууын ең алғаш байқаған – Теодор Фонтане. Ол неміс әдебиетіндегі ХІХ ғасырдағы белгілі сыншыларының бірі болатын. 1886 жылы туып келе жатқан жаңа мектепті кӛріп, ӛздерін театр, газет пен журналдарда кеңінен танытып жатқан жас жазушыларды құшағын жая қарсы алды. Ал Ресейдегі натурализмнің жағдайы қандай екен? Орыс жазушылары Ф.Достоевский, И.Тургенев, Л.Толстой шығармаларында натурализм кӛрініс тапты. Орыс әдебиетінде «натуралдық мектептің» негізін қалаушы Н.Гоголь, идеялық дем беруші В.Белинский болған. Натуралдық мектептің орыс әдебиетінде алар орны зор. Орыс натурализмі жан-жақты зерттеліп, қомақты еңбектер жазылған. Ал қазақ әдебиетіндегі натурализм – әлі толық зерттеле қоймаған құбылыс. Сондықтан да болар бұл ағым жӛнінде осы кезге дейін бірде-бір еңбек жазылмаған. Кейде сыншы ғалымдардың монографиялары, еңбектерінде шолу түрінде берілгенімен, оны бетке ұстар зерттеу деп айта алмаймыз. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы «натурализмнің» зерттелу тарихына көз жіберсек, оларда белгілі бір жүйелілік жоқ. Бірде ағым, бірде бағыт болып қолданылады. Белгілі әдебиет зерттеушісі З.Қабдолов натурализмде бағыттық белгілерден гӛрі ағымдық ерекшеліктердің басым екенін айтады.


Футуризм – латын тілінен аударғанда «болашақ» деген мағынаны білдіреді. Футуризм – ХХ ғасырдың басында Ресейдің авангардист суретшілердің шығармаларында кӛрініс тауып, онан соң кӛркем әдебиетте әдеби ағым ретінде атала бастады. Футурист суретшілер қанды кӛтерілісті бейнелеуде қызыл күрең және қызыл түстерді таңдап алды. Белгілі суретші Гюден Теодор (1802-1880) «Мұхиттағы дауыл» деп аталатын суретін, Уолтер Краинның 1892 жылы Мюнхенге қойылған «Нептунның тұлпарлары» деп аталатын т.б. суреттерін атауға болады. Сонымен қатар ХХ ғасырдың басындағы Италия мен орыс футуристері ӛз мемлекеттерінің ішкі саяси жағдайларымен байланыстырып кӛрсетті. Оған атақты орыс суретшісі И.К.Айвазовскийдің «Теңіз» деп аталатын суретін мысалға алуға болады. Ақын Томмазо Маринетти мен суретші Дж.Баламен бірігіп 1909 жылы 22 ақпанда Францияның «Фигаро» газетінде футуризмның манифесін жариялайды.


Маринеттидің «техникалық» бағдарламасының нәтижесінде, адамның логикалық ойлауы мен психологиялық толғанысы ығыстырылып поэзия атыс пен шабысқа, белгісіз бағытқа асыққан қимылға негізделеді. Оның манифесін басшылыққа алған суретші, музыкант, мүсінші футуристер пайда болады. Оны ақын Г.Апполинер, футурист суретшілер, К.Карра, Л.Руссоло қолдайды. Дж.Северени 1910 жылдары салған картиналарында, ауыр ӛнеркәсіпті дамыту әлемді динамикалық қозғалысқа әкеле жатқандығын шеберлікпен бейнелейді. Ал Ресейде бұл ағым авангардизмнен бӛлініп шығып, ХХ ғ. басында кӛркем ӛнер мен әдебиетте, оның ішінде поэзияда кең қолданыла бастады.
Футуристер әлемде әділеттіліктің болуын талап етеді. Осы орайда қайсыбір футуристер, бірінші дүниежүзілік соғысқа сұранып барып одан поэзиямызға күш-қуат аламыз деп ойлайды. Бірақ кӛпшілігі соғыста ӛледі де, одан аман оралғандары ӛздері ойлағандай соғыс жамандықтан тазартушы күш емес, керісінше, адамзатқа қайғы-қасірет әкелетін қатер екендіктеріне кӛздері жеткенде, тұйыққа тіреліп, кӛпшілігі ӛз-ӛздеріне қол жұмсады.
Футуризмде шапшаңдық пен ұраншылдық, жылдамдық күш алады. Бұл қазақ әдебиетінде де кӛрініс берді. Оған Сәкен Сейфулиннің «Кел, жігіттер», «Жас қазақ марсельезасы», «Қызыл ерлер», «Біздің тұрмыс экспресс», «Советстан» поэмаларын жатқызамыз. С.Сейфуллиннің футуризмі авангардистік стильден шыққан деуге де болады. Кезінде ақынның бұл шығармалары сынға ұшырады.

Акмеизм – (acme – гр. жоғары деңгей, шың, гүлдену, гүлденген мезгіл) – ХХ ғасыр басында Ресейде символизмге қарсы туындаған әдеби ағым. Аталмыш ағымның негізін орыс поэзиясындағы «Цех поэтов» үйірмесінің мүшелері: Николай Гумилов (1886 - 1921), С.М. Городецкий (1884 - 1967), О. Мандельштам (1891 - 938), М. Зенкович (1891 - 1973), А. Ахматова (1889 – 1966) т.б. қалады. 1910 жылы символистердің «Весы» журналы жабылған соң, ақын Н. Гумилев «Бұл символизмнің мүлде құрып жоғалуы емес. Адамзат философиялық ойлауын доғармайынша символизм тоқырамайды. Ендеше символизм жоғалып кетпейді, керісінше ӛзінің түрін ӛзгертіп, қолданылу аясын түрлендіреді» - деген пікірін білдірді. Осылайша «акмеизм» символистер мен футуристердің шығармашылықтарына қарсылық ретінде пайда болады.


Акмеизм – (1913-1914) шамамен екі жыл ӛмір сүрген әдеби ағым. Жалпы акмеизмнің алты белсенді мүшесі аталады. Олар: Н.Гумилев, А.Ахматова, О.Мандельштам, С.Городецкий, М.Зенкевич, В.Нарбут.
Теорияны жатсынған акмеистердің (Н.Гумилев, А.Ахматова, О.Мандельштам) шығармашылықтарында дін, философия мәселелері ӛзіндік ерекшелігімен байқалды. Акмеистік кезең бұл ақындардың шығармашылықтарында аз ғана уақыт кӛрінді. Дегенмен акмеизм кӛптеген жаңа зерттеулерге жол ашты, соның ішінде әдебиеттанушы Б.Эйхенбаум символистік ақындардың дамуын жоққа шығарып, акмеизмді жаңа сатыда қарастырды. Алайда, кӛптің назарында болған символизм акмеистердің шығармашылығына бӛгет болмады. Акмеизм әдебиетке қарапайым оқырманды алып келді. Әдеби ағым ретінде акмеизмнің басты жүзеге асырғаны – әдебиетті ізгілендіру жолына қарай бағыттап, даму сатысын өзгертуі.

Сюрреализм ХХ ғасырдың бірінші жартысында Еуропа мен Американың поэзиясында пайда болды. «Әрбір әдеби ағым – әр дәуірдегі идеологиялық күрестің әдебиеттегі кӛрінісі» - деп З.Қабдолов айтпақшы осы кезеңдегі қоғамдық ӛзгерістердің нәтижесіндегі пайда болған ағымның бірі сюрреализм [12,343]. Бұл ағымда шындықты әсірелендіріп, көлемін ұлғайтып кӛрсетіуді қажет деп тапты. Кӛркем суреттерде шақшадай басының шарадай болып шешімін таба алмай қиналғандығын бір бастан екі бас жасап, шындық іздеп сандалғанын, бір аяғынан екінші аяғын үлкен етіп бейнелеп отырған. Адам тойымсыздығының шегінен асып кеткендігін, денесінен қарнын үлкен етіп салады. Сондықтан қайсыбір сюррелистік шығармаларда сатиралық күлкілі, юморлық әсерлер басым болады. Кӛркем шығармадағы сюрреалистік суреттерде кейіпкерлерді бір-біріне сӛйлестіре қаратып шошындырып та салады. Оның түп тӛркіні адамзат санасының сәби шағындағы ӛз кӛлеңкесінен ӛзі қорыққан қылығын еске түсіреді.


Қазақ әдебиетіндегі алғашқы сюрреалистік стильмен жазылған шығармаға, ХХ ғасырдың басындағы Жүсіпбек Аймауытовтың «Елес» деп аталатын әңгімесі мысал бола алады. 1937 жылдың зобалаңында қазақ әдебиетінің ӛкілдеріне қандай кінәлар қойылатындығын Жүсіпбек алдын-ала болжайды. Әңгіме ӛң мен түстің арасында болатын елестерге сенетін халық нанымына негізделген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет