Қазақ тіліндегі өлеңдерде жиі кездесетіндері – қара өлең ұйқасы, кезекті ұйқас және шалыс ұйқастар. Қара өлең ұйқасы, әсіресе, халық әндерінде кеңінен қолданылады
Қазақ тіліндегі өлеңдерде жиі кездесетіндері – қара өлең ұйқасы, кезекті ұйқас және шалыс ұйқастар. Қара өлең ұйқасы, әсіресе, халық әндерінде кеңінен қолданылады. 20. Суреткер стилін танудың жолдары Стиль - өнер ерекшелігі. Әр стиль – бір-ақ суреткердің өнеріне, тән ерекшелік.Өмірдегі күллі құбылыстың «бәрі барлығымен, әрқайсысы әрбірімен» (Ленин) өз ара байланыста болатыны, демек, бәрі барлығымен тоғысып, әрқайсысы әрбіріне ауысып жататыны белгілі. Сол ретте, әр жазушының әрбір жеке шығармасында болатын мазмұн мен пішіннің бірлігі бір емес, барлық шығармасына тұтас ауысқан тұста оның стилі танылды.
21.Көркемдік әдісті айқындайтын факторлар. 1.Тақырып
2.Белгілі жанрлық түрлерді қолдану
3.Адамның бейнесін суреттеу,өзгешеліктерінен анық көруге болады.
22. Лирикалық жанр табиғаты .Лирика – (грекше – ежелгі гректер үніне қосылып, ән салған музыка аспабы) әдебиеттің Аристотель заманынан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі, шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологиялық шығармалардың түрі көбіне өлеңмен жазылады. Лирика түрлері: арнау, ой, канцонетта, романс, эклога, пастораль, элегия, эпиталама, эпитафия, эпиграмма т.б. сонымен қатар өлең түрлерінде саяси лирика, философиялық лирика, табиғат лирикасы, махаббат лирикасы деген салаларға бөлінеді .
23.Өлеңнің талданатын компоненттері және талдау принциптері Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау мысалы:
«Қыс» өлеңі
1. Авторы: А.Құнанбаев- қазақ халқының ұлы ақыны, ойшыл--- философы, композитор әрі аудармашы, реформатор.
2. Тақырыбы: қыс мезгілінің ерекшелігі, ащы аяз, долы боран кезіндегі ауыл, ел өмірі.
3. Жанр түрі: - өлең. Бұл өлең табиғат лирикасына жатады.Себебі,.ақын табиғаттың қытымыр қаталдығына қарсы тұруын өз көңілі, сезімі арқылы білдіреді.
4. Идеясы дегеніміз - ақынның айтар ойы мен мақсаты.Өлеңнің идеясы---қыс сипатын күшейтіп суреттеп, адамдарды табиғаттың долы күшіне қарсы тұра білуге шақырады.
5. Шумақ дегеніміз- аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді. Өлең 5 шумақтан тұрады.
6. Тармақ дегеніміз - өлеңнің әр жолы. 22 тармақты
7. Бунақ дегеніміз - белгілі дауыс ырғағымен бөлінуі.2-3,3-3 бунақты
8. Буын саны - дауысты дыбыс санына байланысты. Өлең 11 буынды.
9. Ұйқас түрі. Ұйқас дегеніміз-өлеңнің бітім, мазмұнымен тамырлас келіп, оған әуен, ерекше сөз беріп тұратын өлең тармақтарындағы сөздердің үндестігі екендігін айтып кетеді.Бұл өлең қара өлең (а-а-б-а) және кезекті ұйқаспен жазылған (а-б-в-б)
10. Әдеби теориялық ұғымдар:
Троп немесе құбылту түрлері
Эпитеттер: ақ киімді, денелі ақ сақалды, ақ қырау, кәрі құда, ақ орда, жас балалар,қайран жылқы, кәрі шал.
Кейіптеу: Ақ киімді денелі ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Демалысы - үскірік аяз бен қар
Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды.
Теңеу----ұшпадай, бұлттай.
11. Сөздікпен жұмыс.
Ұшпа-бұлт (жеке, шоқ бұлт), бурадай—түйенің долданып, ашулануы.
12. Өлеңнің тәрбиелік мәні. Шидем мен тондарын қабаттап кисе де, долы боранға тура қарай алмаса да, мал соңында қар жамылып, мұз жастанған жылқышылардың ерлігіне риза боласың,үлгі аласың. Суықтан, аштықтан әлі құрыған жылқыларды ауыз салмақ болған аш қасқырларға жем қылмай, сақтанып, елге сойып беруге ақыл етеді.